Сынған сүйекті үздіксіз тартып емдеуді үш түрлі фазаға бөлуге болады. Бірінші фазасы- репозициялық (репозиция - сүйек сынықтарын орнына
салу). Әдетте бұл фаза 1-3 күнге созылады. Бұл мезгілде үздіксіз тарту үшін
біртіндеп жүктің салмағын көбейтіп, дәрігер сынған сүйектің сынықтарын
орындарына түсіреді.
Екінші фазасы - ретенциалдық (ретенция - сүйек сынықтарын орнына
түскен бойынша ұстап тұру). Бұл фазасүйек сынықтарының орнына
түскенінен бастап сүйек сынықтарының бір-бірімен жабысып өсуіне кететін
уақыт. Аурудың жасына, сынықтың түріне, сынған жеріне қарай бұл фаза
әжептәуір уақыт алуы мүмкін.
Үшінші фазасы - репарациялық (сүйектің сынғаннан кейінгі қалпына
келуі). Бұл фаза сүйектің сынықтарының аралары өсуінен бастап, толық
өзінің бұрынғы қалпына келуге дейін болады. Бұл фазаның ұзақтығы әртүрлі
болады, орташа 4-8 жұмадай уақыт алады. Осы мерзім біріншілік сүйек
мүйізгегінің пайда болуы.
Қазіргі уақытта экологиялық жағдайды еске ала отырып сүйектің
толықтай біту мерзімі орта есеппен 4-6 айға дейін созылатынын есте
сақтауға тиістіміз.