СҮЙЕКТЕРДІҢ СЫНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫЕМДЕУ Сынық дегеніміз түскен дөрекі күштің әсерінен сүйектің бүтіндігі
бұзылып, сүйектің жан-жағындағы жұмсақ тіндердің бұзылуы.
Егерде сүйек сынғанда толығымен ажырасып кетпей, бір-бірімен
байланысты болса оны жарық (жарылып сыну) деп атайды.
Сүйектің сынығы сыртқы ауамен қатынасының бар-жоғына қарай екі
түрге бөлінеді:
Ашық;
Жабық.
Ашық сынық дегеніміз сүйек сынған тұста тері зақымданып жара
болады, ал жабық сынықта тері зақымданбайды. Ашық сынық болғанда
жара арқылы денеге микробтардың кіріп өніп-өсуіне мүмкіндік қаупі туады
да жара іріңдеуі мүмкін. Сондықтан бірінші дәрігерлік көмектен бастап
келешектегі сүйекті емдеу мақсаты жараға түскен микробтардың өсіп-өнуіне
жол бермеу болып есептеледі.
Бұл үшін уақытында және дұрыс ғылыми түрде жасалған бірінші
хирургиялық жараны тазартудың мәні зор болады.
Ашық сынықтарды емдеудің жалпы мақсаты жабық сыныққа
айналдырып, қосымша сүйек өсуге бар мүмкіндікті жасау болып есептеледі.