Анатомиялық орналасуы Анатомиялық орналасуы орнын екі цифрмен белгілейді. (біріншісі - ол
сүйек, екіншісі-оның бөлігі (сегменті)).
Әрбір сүйекті немесе сүйектер тобын 1-8-ге дейінгі цифрмен белгілейді
(57 сурет).
57 сурет. 1-тоқпан жілік; 2-кәрі жілік және шынтақ жілік сүйегі;
3-ортан жілік; 4-асықты жілік және кіші жіліншік; 5-омыртқа бағанасы;
6-жамбас сүйегі; 7-алақан сүйектері; 8-табан сүйектері;
Барлық қалған сүйектер 9-цифрымен белгіленеді. 91.1-тәж сүйегі; 91.
2-бұғана; 91,3- жауырын; 92-төменгі жақ сүйегі;93-бет сүйектері
мен бас сүйегі;Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Ұзын сүйектердің бөліктері (58сурет).
58 сурет. Сүйек бөліктері
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Әрбір ұзын сүйек үш бөліктен тұрады. Жоғарғы, диафизі және
дистальды, ал тобықтарды 4 бөлікке бөледі. Асықты жілік және кіші
жіліншік (58сурет).
Квадраттар ережесі. Сүйектердің жоғары және төменгі бөліктері
квадраттармен белгіленген оның қабырғалары сүйектің эпифиздерінің ең
жалпақ бөлігінің диаметріне тең. 31-ортан жіліктің жоғарғы бөлігі оның кіші
төмпешігінің төменгі жиегінен көлденең жүргізілген.