4. Жұлынның зақымданған ауруының кеш кезеңі (4 айдан аса). Зақымдану ошағында алдымен глиальді, содан кейін дөрекі дәнекер, оның
артынан тыртық тін пайда болады. Тыртық жұлынның қызметін бұзатын ми
тінінің құрам өзгерістерін кері дамытатын, қолайсыз жағдайға әкелетін
сарысудың пайда болуымен сипатталады. Ми кабықшаларында, эпидуральді
клетчаткадан дамитын тыртықтық өзгерістер, сондай-ак омыртқа
зақымындағы - сүйек сүйелі кейіннен, қан және ликвор айналымының
өзгерістеріне ми затының енуіне, жұлынның қысылуына әкеледі. Бұл
жағдайда екінші некроз ошағы және қан құйылуы мүмкін.