Алақан сүйектерінің сынуы Көбінесе бірінші алақан сүйегінің негізінен сынуы жиі кездеседі. Ол
Бенетта сынығы деп аталады. Ол сынық бірінші саусақты алақанға қарай
иіліп барып бірінші саусақты тіреп құлағанда болады. Бұл жағдайда шеткі
бөлігі сырт жағына қарай ығысады.
Клиникасы: бірінші саусақ алақанға иілулі қалыпта, сырт жағында
сүйек ұшы тері астында шығып тұрады. Бірінші саусақ ось бойымен артқа
қарай итергенде сықыр естіледі, бірінші саусақты үстіне қарай көтере
алмайды.
Орнына салу: 1% 15-20 мл новокаин ерітіндісін енгіземіз. Бірінші
саусақты ось бойымен тартып сыртқа үстіне қарай қайырамыз. Осы кезде
негізінен орнына басамыз. Сөйтіп гипстік лонгетті алақан жағынан білек
ортасына дейін гипстік лонгет саламыз. Орнына түспесе операциялық
жолмен сыммен бекітеміз. 2, 3, 4, 5 алақан сүйектерінің сынуы көбіне
тікелей соққы әсерінен сынады. Жанама себебі: саусақ бүгулі қалыпта тіреп
құлағанда.
Сынық түрлері: жиі көлденең, қиғаш, сирек бұралып сыну кездеседі.
Бұл сынықтар кезінде сынықаралық бұрыш алақанға қарай ашылады.
Клиникасы: алақан сыртында ісік, сықыр естіледі. Осьтік бойымен
салмақ бергенде қатты ауырады. Рентген арқылы нақты диагноз қойылады.
Алақан сүйегінің дара сынуын ығыспаған жағдайда гипсті алақан
жағынан білектің ортасына дейін 1 айға салады. Бірнеше сүйек сынса 2-2,5
ай гипс салынады, егер ығысып сынған жағдайда саусақтан тартып орнына
салады, 2-2,5 ай гипста болады.