Травматология



Pdf көрінісі
бет168/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Буынішілік сынықтарға:  

 жілік басының сынуы; 

 жілік басы алқымынан(основание) сынуы; 

 мойны ортасынан (трансцервикальды) сынуы; 

 Каплан бойынша алқымынан (базальный) сынуы; 
Буынсыртылық сынықтарға: 

 Төмпешіктер арқылы(чрезвертельный) 

 Төмпешікаралық (межвертельный) 

 Кіші төмпешіктің астынан сынуы (высокий подвертельный) 
 
126 сурет. Капланның жіктеуі бойынша сынықтың орналасу орындары. 
Буынішілік сынықтар:а — жілік басы алқымынан сынуы (субкапитальный), 
б — мойын ортасынан сыну (трансцервикальный). Буынсыртылық 
сынықтар:в-төмпешіктераралық (межвертельный),  
г - төмпешіктер арқылы(чрезвертельный). 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Клиникасы: буынішілік және буынсыртылық сынықта да абдукциялық 
түрінде  сынғанда  екі  сүйек  бір  біріне  шаншылып  кіргенде  кейде  аурулар 
аяғын баса алады, бірақ жамбас буынында ауырсынуды сезеді. Кейде бір күн 
өзі жүруі мүмкін.  


164 
 
Буынішілік  сынықта  шап  маңы,  шап  ішкі  жағында  ісік  пайда  болады, 
буын  ішіне  қан  жиналады.  Сөйтіп  шап  байламының  үстінде,  астындағы 
тайқы  ойықша  тегістеліп  кетеді.  Шабына  қарағанда  шап  байламы  астыңғы 
жағында  шап  артериясының  соғып  тұрғанын  көруге  болады.  Бұл  Гербалаб 
белгісі деп аталады. 
Жабысқақ  өкше  белгісі  адам  тізесін  жазулы  қалыпта  өкшесін  төсектен 
жоғары көтере алмайды.  
Аяқ  басы  табаны  сыртқа  қарай  сәл  қайырылулы  тұрады.  Аяғы 
қысқарады.  Розер  Нелатон  сызығынан  үлкен  төмпешік  жоғары  тұрады.  Ол 
сызықты отырықшы сүйектен жамбастың алдыңғы үстіңгі өсіндісінен лента 
тартамыз.  Қалыпты  жағдайда  кіндіктің  үстіңгі  жиегінен  өтеді.  Сынып 
ығысқан жағдайда бұл сызық кіндіктен төмен, ерікті қозғалыс болмайды.  
Буынсыртылық сынықтар ісік жамбас буынының сыртқы жағында және 
артқы  жағына  қарай  орналасады.  Аққан  қан  арқылы  көлемі  үлкейеді.  Аяғы 
қысқарады,  ерікті  қозғалыс  болмайды. Табанның басы  үстіне,  сыртқы  жағы 
тізе  тобығы  толығымен  көлденең  төсек  бетінде  жатады.  Осылай  жатуына 
негізгі  себепші  ортан  жілікті  сыртқа  қарай  бұрайтын  бұлшықет  жиырылуы 
себебінен  (m.piriformis)  ол  бұлшықет  отырықшы  сүйек  бұрышымен  ортан 
жіліктің сыртқы үстіңгі жағына бекиді. 
Мықын  бұлшықеттері  жиырылуы  салдарынан  аяғы  үлкен  деңгейде 
қысқарады.  Мұнда  да  үлкен  төмпешік  Розер  Нелатон  сызығынан  жоғары 
тұрады. Шумахер сызығы мұнда да кіндіктен төмен тұрады.  
Тасымалдауы:  Дитерихс  шинасын  салып,  үш  буынды  жамбас  сн 
буынын, тізе, толарсақ буындарын бекітеміз. 
Бұл шина үш бөліктен тұрады: табақша және екі жақтаушадан. 
Ең бірінші табақшаны аяқ киім сыртынан мықтап бекітеді. Сегіз тәрізді 
дәкемен бекітіледі. Ішкі  жағы шаптан бастап табан астынан  15-20см төмен 
шығып  тұруы  керек.  Оларды  мықтап  денеге  таңады.  Табанша  астына  жіпті 
бұрау арқылы сүйек сынығын ұзына бойына кереді. Тартып керіп болған соң 
жіпті  табан  астына  мықтап  бекітеді.  Бұл  шына  үш  буынды  мықтап  бекітіп 
бірмезетте  ұзына  бойына  керу  қызметін  атқарады.  Сөйтіп  тасымалдағанда 
асқыныс болу алдын алады(шок, қан кету).  
 
 
127 сурет. Дитерихс шинасын салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 


165 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет