251
Басқа авторлар Ф. Р. Богданов, Н. А. Тимофеева, М. О. Фридландортан
жілікбасының іштен шығып туа пайда болуының бірінші себебін іште
жатқан баланың жамбас-сан буыны дамуының кешеуілдеуінде деп есептейді.
Жамбас-сан буынының кешеуілдеп дамуы витаминдердің жетіспеушілігі,
гормондар қызметінің бұзылуы және тағы басқа жағдайлардың әсерінен
болады.
М. В. Волков, Р. Л. Горбунова және И. П. Елизаровалардың тексеруі
бойынша балаларын іштен ұршық басының шығып, не дисплазия болып
тапқан аналар жүрек пен қан тамыры ауруларымен және нефропатия мен
жүктілік токсикозбен ауырып, олардың денесінде белокты және тұзды
заттардың алмауысының өзгеруінен болады. Мұндай өзгерістер іштегі
баланың денесінде де болады.
Жүкті әйелдер босанғанда, бала басымен тумай бөксесімен туған
балалардың 50% даортан жілік басы іштен шығып, не дисплазия болып
туған. Егер бала бөксесімен туса ол баланы өте мүқияттап тексеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: