ҮІІ. Арман терегі «Арман терегі» бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата-ана өз баласына деген жылы лебізін, арман, тілектерін стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.
Қорытынды: Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Қорытынды: отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты- өз баласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.
Қазақ халқы
Бір тал ағаш өсірсең,
Еңбегіңнің жанғаны.
Абзал адам өсірсең,
Басыңа бақ қонғаны- деп бағалаған.
Олай болса, сабағамыздың соңында Ж.Ж.Руссоның: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық дегім келеді.