Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет132/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   139
 Өмір дәмі үш нәрседен құралар...
Осы
 үш нәрсені 
таратып 
беретін жолдар (2 бәйіт – 4 жол) Наманган нұсқасында түсіп 
қалған, оны С.Н.Иванов баспасы бойынша қосып беріп отырмыз 
[3574-3575-бәйіттер].
3639.
 Бір мейірбан кісі айтыпты ең текті, Қызметқор, сүйіп 
өскен еңбекті.
Ең текті, мейірбан кісінің айтқан өлеңі
 
Наманган 
нұсқасында екі бәйіт (4 жол) [3640-3641-бәйіттер], орысша 
басылымда үш бәйіт (6 жол) [3701-3703]. Біз бір бәйітті [3701] 
осы басылымнан алып, қосып беріп отырмыз [3639-бәйіттен 
кейін].
3707.
...Рахымың – көп қой, күнәм – аз ғой бұл.
Бұл жерде 
«Құдайдың рахымы мол, шексіз ғой!» деген пікір айтылып тұр: 
«Мен қанша жазық (күнә) қылсам да, сенің рахымың одан да 
көп» деген ойды білдіреді.
3764.
Тура сөзбен ірі жауап борапты. Торқамды алып, сөз 
тікенін орыпты.
Түпнұсқада
тура сөз ірі болады
деген тіркес 
бар. Патшаның сөзі бұл жерде «Мен оған торқа (тәтті сөздер 
жазып) жіберіп едім, ол (өзінің хатына) тікен (ірі сөз, демек, тура 
сөз) жазып жіберіпті ғой!» деген ойды білдіріп тұр. Ол туралы 
өзінің екінші хатында былай деп жазады: «Сөз жазып ем тәттірек 
қып шекерден, Удан ащы жауап алдым бекер мен!» [3829-бэйіт].
3840.
Тыңдашы өзің, маған келмей жүр едің, Дана сөзін 
пәк ұстаған жүрегін.
Осы дана кісінің айтқан сөзі Наманган 
нұсқасында түсіп қалыпты. Оны біз келесі жолдарда 
С.Н.Ивановтың аудармасы (3926-3927) бойынша беріп отырмыз.
3854.
Орап, байлап, ол бітірді бір хатты, Қалам жуды, 


560
хатты әуелі құрғатты.
Бұл бәйіттің екі жолы өзара ауысып 
кеткен сияқты, өйткені әуелі хатты құрғатып алып, сонан соң 
орап, байлау керек шығар! (Қ.Каримовтың ескертпесі).
3875.
...Бақыр, алтын ажырата білмесе, Сыр тасымен бір 
сүйкесе, жетеді.
Осы төрт таған өлеңнің ұйқастары түпнұсқа 
бойынша беріліп отыр (онда үш рет қайталанып келетін «таб» 
деген сөз қазақша «жетеді» деген мағына береді (орысша: 
«достаточно» – ДТС», 533-б.). Орысша рубаят болып аударылған 
(төрт жол, 3963-3964). Қазақша аудармасында (А.Егеубаев) – 
бәйіт ретінде берілген (екі жолдан – 6 бәйіт, 12 жол, 3963-3964). 
Мұндағы
 сыр тас
сөзін С.Н.Иванов
 тас
(камень) деп аударған, 
А.Егеубаев
 сыр тас 
деп берген. Біз оның дәл қандай тас екендігін 
дәл айқындап беретіндей материалды кездестіре алмадық. 
М.Қашқари еңбегіндегі
сыр
сөзі орыс тіліне «краска, которой 
китайцы разрисовывают чаши; глазурь» деп аударылған. «ҚБ-
те» айтылып отырған сырдың
(сыр тастың)
мағынасы бұған 
ұқсамайтын сияқты. Бояудың түрі көп (мысалы, киноварь, сурик, 
амальгама, т.т.), бірақ
 сыр тас
олардан бөлек болса керек-ті деп 
ойлаймыз.
3888.
Жақсы айтыпты сақылардың бас ері... Сақы 
(мырза) 
адамдардың басшысы айтқан бәйіттер Наманган нұсқасында – 
төртеу [3889-3892], орысша аудармасында бесеу [3979–3983]. 
А.Егеубаев аудармасында – жетеу [3979-3983]. Біз бесінші бәйітті 
С.Н.Иванов аудармасынан алып [3979], қосып беріп отырмыз.
3896.. Талай жылдар неше мың жұрт табынып, Ұмытты оны 
жан шығарда қабынып.
Осы бәйіттің мазмұнына енді керісінше 
келетін тағы бір бәйітті Наманган нұсқасында жоқ болғандықтан, 
«ҚБ-тің» орысша басылымы бойынша келесі бәйіт есебінде 
беріп отырмыз [39881]. Осындағы мойынсұнды деген тіркесті 
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1978 ж.) мойын ұсыну 
деп көрсеткен (282-б ) («ДТС-да»,514-б.) бұл сөздің түбірі сұн 
былай аударылған: «протягивать; ощупывать; протягиваться, 
растягиваться». Оның негізгі түбірі – су («тянуть, протягивать»), 
оған жалғанып тұрған қосымша -н (өздік етістің көрсеткіші).
3959.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет