553
Біреуді біреу сүйесе – сүйеп, қолдаса –
қолдайтын шығар,
бірақ «сөз ұққан» адамды «білік сүйеп қолдапты» деген тіркес
өзінің беретін ішкі мағынасы жағынан соншалықты түсінікті
нәрсе
емес сияқты, өйткені «сүйеу» мен «қолдау» адамға ғана
байланысты айтылатын болса керек (Құдай сүйеп, қолдаса – бір
жөн!). Айтпақшы, осы рубаятты да автор жеке-жеке екі бәйіт етіп
беріпті.
1856.
Жеті мүше бар денеде – білесің... Жеті мүшені
С.Н.Ивановтың түсіндіруі бойынша,
әдетте екі топқа бөліп
атайтын көрінеді: 1) бас, кеуде, қарын, екі қол, екі аяқ; 2) бас, екі
қол, екі аяқ, дененің төрт жағы – алдыңғы, артқы және оң жақ
пен сол жақ. Жалпы Шығыс елдерінде «жеті» деген сан киелі сөз
есептеледі, ол, көбінесе, «көп» деген жалпылық (абетракциялық)
мағына береді. Әдетте қазақ «он екі мүшең сау болсын» деп
айтады.
1928.
Өтүкен бегі айтыпты – ұнап еді... Өтүкен –
топоним,
Орхон өзенінің аймағындағы тау жоталарының ішінде қоныстанған
ежелгі түркі жұрттарының белгілі мекені (Монғолияда). Қытай
деректері бойынша, Хангай жоталары.
2193.
Тұрғанда жаратылмай осы ғалам, Беріпті Алла жасап
Лаух Қалам.
Он сегіз мың ғаламның тағдыры Құдайдың құдіреті
арқасында ғарыштағы қасиетті
Қаламмен Лаух-ул-Махфузға
жазылады екен (Б.Сағындықұлы). «Әр кісінің маңдайына
анасының қарнында жатқанда жазылады.
Одан асып жаман
да, жақсы да болмайды» (Рабғузи, ХІVғ.). Біздің «Жазмыштан
озмыш жоқ» деп жүргендегі жазмышымыз – осы жазу. Ол
пешенеге (маңдайға) жазылады. Осыдан барып біз «бесенеден
(яғни пешенеден) белгілі» деп айтамыз. А.Егеубаев «Дүниені
жаратпастан бір Аллаң, жазу менен қаламды ойлап шығарған»
деп аударыпты, бірақ оған тиісті түсініктеме берілмегендіктен, ол
әншейін жазу түрінде қалып қойған [2227-бәйіт]. Қ.А.Ясауидің
«Хикметтерін» қазақ тіліне аударып жүрген авторлар
(М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы) «
Лаух (а.)
– тақта,
жазу жазатын тақта» деп аударған.
Мұндай жағдайда
Лаух
әдеттегі мектеп оқушыларының жазу жазатын тақтасы екен ғой
деп ойлауға да болатын сияқты. Егер біз солай ойласақ, әрине,
бұл – қате түсінік. Араб тілінде
қалам-ун
– қамыс қалам (жазуға
554
арналған).
Лаух-л-махфузи –
тағдыр, жазмыш кітабы (сақталған
скрижаль).
Лаух – тақта,
скрижаль, діни мазмұнды текст
жазылған тақта (Н.Ондасынов).
2194.
Құл ісін періште бар жазып тұрар, Зауалын ертең Алла
өзі сұрар.
Әрбір адам – Құдайдың құлы. Періштелер – «Алла
тағаланың тікелей көмекшілері». «Олар жер бетінде өмір сүріп
жатқан адамдардың істерін үнемі бақылап отырады, назарларынан
еш нәрсе тыс қалмайды, әрбір сәтті қалт жібермейді». Мысалы,
адамның екі иығында екі періште мініп отырады. Оң иықтағы
періште кісінің ылғи жақсы (позитив)
қылықтары мен істерін
жазып отырады. Сол иықтағы періште ылғи теріс (жаман, негатив)
қылықтары мен істерін жазып отырады. «Періштелер кез келген
тілде сөйлесе алады» [ Б. Сағындықұлы]. Бұл бәйіттегі
ертең
деп
отырғанымыз ол – «о дүниеде» деген сөз.
2242.
...Күміс жинап, қызықпаса қызылға.
Бұл жерде
қызықпаса
қызылға
сөзі ауыспалы мағынада қолданылып отыр. Автор оны
«жер, су, бақ сатып алу үшін күміс жинамаса екен» деп жазған.
2277.
...Қырандай боп қырымға көз салатын.
Түпнұсқада
тау
құзғынындай
деп жазылған.
2283.
Достарыңызбен бөлісу: