Тыңда, айтыпшы Ыла жұрттан шыққан ер...
қараңыз:
1748-түсініктеме.
2326.
...Елші жібер, келісім қыл, ел де бол!.
Қазақ тілінде
ел
болу
деген
тіркес келісімге келуді білдіреді.
2472. Тағы да бір үш түрлі адам болар-ды...
Келесі бәйіттерде
осы үш түрлі адамдар туралы айтылады. Біз аударып отырған
Наманган нұсқасында осылардың екі түрі туралы сөз болады
[2473-бәйіт], ал үшінші түрі жайында айтылатын бәйіт түсіп
қалған (мәтінде жоқ). Біз оны С. Н. Ивановтың орысша аудармасы
бойынша келтірдік [2512-бәйіт).
2542.
Чөген ойнап, құс салуға, еруге. Чөген
–
топ
ойнайтын
имек (ілмек) бос таяқ («клюшка, чавган, човган, чоған ),
чөген
ойнау –
осы таяқпен ат үстінде топ (поло) ойнау. Екі топ атты
адамдар имек бас топ таяқпен топ қуып, бір топ екінші топтан
оны тартып алып, тік тұрған бағананың арасына апарып салады.
«Еруге» деген сөз
ерулікке бару
деген мағына береді.
2589.
Адам түрлі жазу білсе зейінмен, Ол өседі зерделі боп
кейіннен.
Бұл жердегі
жазу
сөзі, Қ.Каримовтың ойы бойынша,
555
әңгіме жазылып қалған кітаптар (және соларды оқып білу)
туралы айтылып отырған болу керек. Ол «езув» деген сөзбен
бірге жақшаның ішіне алып «китаб» деген сөзді қосып жазған.
Жазу сөзі көне және ескі түркі тілдерінде
бітіг
деп беріледі. Ол
кітап, жазу (надпись), жазу процесі (процесс письма), қолтаңба
(почерк) деген ұғымдарды білдіреді. Сөз түбірі –
біті
(қытайша
– пиет) жазу жазу үшін оңтайланған, ұшы сүйір, яғни ұшталған
құрал. Бұл сөз
жазу
деген мағынаны да береді.
2593.
Емдей білсе, көк жұлдызын санаса...
Бұл жерде автор
«елші астрология (
нужум)
және медицина
(тибб)
ғылымдарын
білетін болса» деген ойды айтып отыр.
2594.
Есеп білсе, өлшей алса әлемді, Сан түбірін, есептесе
көлемді
. Бұл жерде сөз есеп-қисап, сан, мөлшер, есептеп шығару
(
сақыш),
яғни математика, геометрия
(хендесе)
және сан түбірін
есептеп шығару («
адад жазри»)
туралы болып отыр.
2595. Шахмат пен дойбыны жөн тұтатын, Ойнағанын
өлердей
қып ұтатын
. Түпнұсқада:
нарду –
дойбы,
шатранж –
шахмат.
2632.
Қандай болу керек хатшы көрнекті...
Бұл жерде хатшы
деген сөз түпнұсқада
бітігчі
деп берілген. «ДТС-да» ол орыс
тіліне «писец» (жазу жазушы, жазғыш, көшірмеші, нәрсені жазып
отыратын адам) деп аударылған. С.Н.Иванов оны «письмоводец
– писец» [2671-бәйіт] деп береді. «Письмоводитель»’ – «хатшы,
іс жүргізуші» деген сөз. А.Егеубаев «шежіреші, хатшылық» деп
тәржімалайды [2671-бәйіт]. Әрине,
бітігчі
шежіреші (шежіре
жазып отыратын адам) емес, хатшы (хатшылық емес). Келесі
тақырыпта бұл сөз
бітігчі ылымға
(«писать ханской канцелярии»)
деп келтірілген. Сонда бұл сөз тіркесі «патша сарайының
кеңесіндегі хатшы» деген ұғым беретін болып шыгады.
2642.
Өтүкеннің бегі айтқан сөз нұсқасын...
Мұндағы
Өтүкен
–
бір жердің географиялық атауы (ДТС, 393 б.). Қытай еліндегі
дереккөздердің мәліметтері бойынша, Солтүстік Моңғолиядағы
Ту-Кин тауы, қазіргі Хангай жотасы. Моңғолша бұл аймақты
«Құдай жарылқаған жер – Жер-Ие («Земля–Владычица») деп
атайды (С.Е.Малов. Памятники древнетюркской письменности.
1954, 408-6.). А.Егеубаевтың «Түркі халықтарының бір тайпа
не руының аты болу керек» деген сөзінің де иіні болуы мүмкін
(2686-бәйіт, 611-6.). Бұл жерде Өтүкен өлкесін жайлайтын елдің
556
бегі айтқан бір ауыз өсиет сөзі туралы әңгіме болып отыр. Оны біз
Достарыңызбен бөлісу: |