Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет6/20
Дата24.09.2024
өлшемі1,41 Mb.
#145448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

Албасты-қыз әсіресе, тұманды күндері теңіз жағалап серуендегенді жақсы көреді екен...

  • Күн түстес, ақсары, ұзын шашын екі иығынан асыра жайып жіберіп, сыздаған емшегін өзі сауып, ыңылдап ән айтады екен... Ертеректе, сонау бағзы заманда адамдар оған зорлық жасап, баласын тартып әкеткен көрінеді. Содан бері аласуан атын ойнақтатып, күллі әлемді кезіп нәрестесін іздейді екен, кейуана!... (Е. Аманшаев.Албасты туралы аңыз).

    Бұл аңызда айтылғанның негізі бар екенін С. Қондыбай келтірілген дәйектер де дәлелдей түседі: «Албастының құрал-сайманы сиқыр кітабы мен теңгенің болуы және оның бағындырған адамға жақсылық жасап, адал қызмет етуі бастапқыда албасты мейірімді әйел-құдай, өсіп-өнудің, отбасы ошағының, әйелдер мен аңшылардың жебеушісі болған деге жорамал жасауға негіз болады. Барынша дамыған мифтік жүйенің әсерінен албасты кейін зұлым ниетті рух иесіне дейін төмендеген [113, c. 59].
    Ел арасында бұрыннан келе жатқан кең тараған әңгімелердің бірі - албасты мен адамның кездесуі.
    Бұл хикаялар, негізінен, үш сюжет құрайды, -дейді ғалым С.Қасқабасов. «Бірінші сюжет мынадай: бір адам жолда келе жатып аузында адамның өкпесі бар итті (немесе ешкіні, т.б. хайуанды) көреді.Оның албасты екенін біліп, әлгі адам албастыны сабап, өкпені алған жерге қайта қуып келеді. Келсе, жаңа босанып жатқан әйел не талып, не өліп жатады. Үйге келген адам албастыны ұрып, өкпені орнына қойдырады.Сол кезде әйелге жан бітіп, көзін ашады56.
    Екінші сюжет бойынша, албасты түнде ешкімге көрінбей келіп, үйдегі әйелді, немесе қызды тұншықтырып жүреді. Осы үйге қонаққа келген "киелі" біреу албастыны көріп, оны сабап, үйден қуып жібереді, сөйтіп ауру адам науқасынан мүлде айығады57.
    Хикаялардың үшінші сюжеті былай деп баяндалады: бір адам албастыға жолығып, соған үйленеді де, біраз уақыт бірге тұрады. Соңында әр түрлі себептерге байланысты адам одан қол үзеді, бірақ албасты оған зияндық істейді. Адам оны ұрып қуады, немесе атып өлтіреді58.
    Әрине, албасты туралы мұндай хикаялар қазіргі кезде ел арасында айтылмайды, себебі ол әңгімелерді тудырған ескі діни нанымдардың өзі өмірден ғайып болды. Ал, жоғарыда келтірілген сюжеттерге келетін болсақ, олар Совет өкіметі орнағанға дейінгі қазақ ауылында мұндай әңгімелер кең тарағанын көрсетеді» (СҚ).
    Сонымен, албасты туралы хикаялар үш сюжеттен тұрады дедік. Осының үшеуінде де албасты адамға зиянкес кейіпкер болып көрсетіледі және оның қандай жағдайда адамға ұшырасатыны жайында да айтылады: ол көбінесе адамға йен далада, ала көлеңкеде кездеседі: " Үш жолаушы келе жатса, жолдың үстінде, бір ешкі суретті нәрсе аузында өкпесі бар жүгіріп барады"59, – деп бір хикая басталса, енді бірі: "Бір Молжігіт деген атағы шыққан бақсы көп адамдармен астан келе жатыр еді. Сол уақытта бір ақ итті көреді, аузын­да өкпесі бар"60,– деп басталады.
    "Біздің елде бір мерген жігіт бар еді. Ол мылтықпен дала аралап, аң-құс атып жүретін. Бірде ол албастыға кездесіп, соны әйел қылып алыпты. Үйіне келіп, өз қатынының қойынына жатқанда, әлгі албасты түнде көрінбей келіп, жігіттің екінші жағына жатады екен де, таң ата бере ешкімге көрінбей кетіп қалады екен"61. Міне, бұл – басқа хикаяның басталуы.
    Албасты туралы хикаялар көркем емес, сондықтан әңгімеде оның да, адамның да сырт пішіні, келбеті анық суреттелмейді. Біздің қолымыздағы хикаяларда албасты көбінесе хайуан кейпінде көрсетіледі. Рас, кейбір хикаялар­да ол адам бейнесінде: тек әйел, немесе қыз түрінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда, албастының бейнесі айқын емес. Бұл, біріншіден, оның көне заманғы мифтік элементтерін жоғалтпағанын көрсетеді де, екіншіден, синкретті образ екенін дәлелдейді. Бұрынғы адамдардың албасты өмірде бар деп ойлап, оған сенуінің өзі осы образдың мифтік сипатын танытады. Албасты туралы шығармаларды жариялаған кісілердің бәрі де елдің бұл әңгімелерге кәміл сенетінін, тіпті сонда бейнеленетін албасты, жын, жезтырнақ тәрізді кейіпкерлерден қорқатынын айтады. Мысалы, Ә. Диваев: "Шымкент уезінің Қошқарата болысында тұратын Бексейіт Манкишев дейтін бақсы маған өзінің албастымен кездескені жайында айтып берді"62, – деп жазады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет