«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет132/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Кіріспе. 
Ұлы
Абайдың шығармашылық мұрасы 
– 
халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан
-
ұрпаққа жалғасатын, 
уақыт өткен сайын маңызын жоймайтың рухани қазынасы
зерттеудің көзі болып табылады. Абайды тану, бағалау, 
насихаттау, оқыту 
– 
қоғамдық ой
-
санада тың серпілістер 
туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, 
уақыт
талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми 
тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат
-
мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы 
борышымыз болмақ.
Адам мұраты мен халық мүддесін ұштастырудың негізгі 
бағыты ретінде ақын «толық адам» ілімін ұсынады. Абай
мұраларындағы «толық адам», «жетілген адам» жайлы ой
-
пікірлер терең философияға, педагогикалық тағылымға 
құрылған. Ең алдымен осы «толық адам» дегеніміз қандай адам?


267 
Абай айтып отырған «толық адам» тәрбиелі, адамгершілігі мол, 
имандылық қасиеттерді бойына жиған, «бес асыл істі» жолдас 
қылып, «бес дұшпаннан» безген жан. «Ақыл, қайрат, жүректі 
бірдей ұстайтын» жаны сұлу адам.
«Үш
-
ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 
жылы жүрек»

деген ақын адамгершіліктің биік өлшемі туралы 
тәлімгерлік ойын он сегізінші қара сөзінде «Тегінде, адам 
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 
озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де 
– 
ақымақшылдық» [1] деп толықтырып, тереңдете түседі.
Ал он жетінші қара сөзінде таласқан қайрат, ақыл, жүректі 
ғылымға
әкеліп жүгіндірген ұлы ойшыл ғылымға «...үшеуің 
басыңды қос, бәрін жүрекке билет» деген шешім айтқызып, «Осы 
үшеуің
бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының 
топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам 
– 
сол» деген ой түйеді. 
Жан
-
жақты жетілген адам туралы жоғарыда айтылған Абай 
ойларының түйіні осы сөзде жатқан сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет