Негізгі бөлім.
Б. Сарбасов дастанның фольклорлық сипатын
аша түсу үшін ары қарай «Оғыз
-
намедегі» фольклорлық образдар
мен мотивтерге тоқталып, әрбірін талдай отырып, жан
-
жақты
түсінік береді. Атап айтқанда:
«Қалыңдық іздеу»
мотивін арнайы
сөз етеді. Оғыз қағанның екі рет үйленуінде де қазақ
ертегілерінде, батырлар жырында кездесетін дәстүрлі мотивтің
жоқ екенін, «қалыңдықты
алу жолында батырлық сынақтардан
59
өтпегенін» [39] айтады. Бірақ екі әйелінінен туған ұлдарына
есімді шешелерінің тегіне қарап қойғанын сөз етеді.
Нағашыларына тартсын деген ниет болмаса, әмірі айдай әлемге
жүріп тұрған қаған Көк қызынан туған ұлдарына
Күн, Ай,
Жұлдыз,
Жер қызынан туған ұлдарына
Көк, Тау, Теңіз
деп ат қоя
ма?! Автор бұл мәселені бекер қозғап отырған жоқ. Бұл қазақтың
«баланың жақсы болмағы нағашыдан» дейтін байырғы
ұстанымына
сәйкес келіп тұр. Өзі айтпаса да, осы ұйғарымның
өзінен
автордың
Оғыз қағанды қазаққа қарай тартып отырғанын
байқау қиын емес дегім келеді.
«Оғыз қаған» жырында
«Түс көру»
мотиві маңызды рөл
атқарады. Қазақ фольклорында да «түс көру» мотиві
кездеспейтін ертегі немесе жыр некен
-
саяқ. Кейіпкерлердің бәрі
де көрген түсіне немқұрайлы қарамай, айналасындағы көпті
көрген қария, немесе уәзірлеріне т.б. көрген түстерін жорытып,
соған лайық әрекеттер жасайды. Б. Сарбасов жырлардағы, тарихи
аңыздардағы, қағазға ертерек түскен кітаби эпостардағы «түс
көру» мотивтерінің бір
-
біріне ұқсамайтынын ғалымдар пікірі
арқылы дәлелдеп, түсіндіріп өтеді. «Оғыз
-
наме» дастанында
түсті қағанның өзі емес, жырауы көреді. Жыраудың өзі жориды.
Соның нәтижесінде қаған қол астындағы жерлерін алты ұлына
бөліп беріп, өзінің билік дәуірімен қоштасады. Сондағы ат
шаптырып, той жасауында да фольклордың ізі жатқанын
байқаймыз. Сонымен қатар, мұра мәселесінің теңдей бөлінуіне
қарап, даналық, парасаттылық деген ұғымның қаншалық терең
екеніне, дүниеде ештеңенің мәңгілік емесіне тағы да көз
жеткізесің.
«
Зерттеліп отырған кітаби эпостың көнелігін, сондай
-
ақ
фольклорлық негіздерін айқындайтын тағы бір фактор
–
эпос
сюжетінің дамуында маңызды рөл атқаратын Көк Бөрі бейнесі
[2], -
дей келе автор оның төрт эпизодта көрініс беретінін айтып,
мысал келтіреді. Ол жерден ұққанымыз, көк бөрінің соңынан
ерген әскер әрдайым жеңіске жетеді. Неге?! Мұнда бір тылсым
сыр бар. Ол анық. Соның құпиясын әлі ешкім таппаған сияқты.
Осы бөрі тотемі әлі талай зерттеуді қажет етеді
-
ау. Б. Сарбасов
бөрі тотеміне қатысты мына тиымды тағы бір есімізге салады:
1. Қасқырды өлтірмеу. Алайда өлтіруге мәжбүр болған
жағдайда міндетті түрде күнәсін жуып
-
шаятын түрлі жоралғылар
60
жасалады.
2. Қасқырдың атын атамау. Аты мен қасқырдың арасында тін
бар деп есептеген халқымыз оның атын атаса, малға шабады деп
сенген. Сондықтан қасқыр сөзін табу тұтып «бөрі», «көкжал»,
«ұлыма», «ит
-
құс»
–
деген эвфемизмдермен алмастырады [56].
Осылайша «Оғыз
-
наменің» фольклорлық сипатын аша келіп,
ары қарай ғалым оның кітаби эпос екенін дәлелдеуге көшеді.
Кітаби эпостың кейіпкерлер жүйесіне тоқталып, ондағы өзіндік
ерекшелікті былай атап өтеді: «Оғыз
-
намеде» кейіпкерлер
санатын
тек Оғыздың жақтастары құрайды, ал оған қарсы
дұшпандар айтарлықтай бой көрсетпейді, шығарма оқиғасына
тікелей араласпайды, белсенді іс
-
әрекетке бармайды [3]. Ары
қарай, эпостың персонаждарына тоқталады. Олар:
Оғыз қаған
,
оның жырауы
Ұлық Түрк
, Оғыздың бектері
Ұлық Орда бек,
Қағарлық, Темірді бек Қалаш, Бармақлық Жосын Білік,
және
Оғыз қағанның алты ұлы
Көк, Тау, Теңіз, Ай, Күн, Жұлдыз
,
Оғызға өз еркімен бағынып бас иген
Урусбектің ұлы Сақлап.
Автор Оғыздың эпос қаһармандарына ұқсамайтынын айтады.
Оны Алпамыс пен Қобыландыға емес, қан шеңгелдеп туған
Шыңғысхан мен Абылайдың Қасымханына ұқсатады. Оғыз
қағанның
төрт бегіне де әдемі баға береді. «Ерлігі, тапқырлығы,
шеберлігі, өнерлілігі, ақылдылығы арқылы олар соғыстан тыс іс
-
қимылдарымен
Оғыз қағанның ақылына ақыл қосып,
іс
-
әрекетіне
демеуші болады [4]. Осы арқылы дастанның күштіліктің бәрін бір
адамның бойына үйіп төгетін фольклордан айырмасын көрсетеді.
Асыра суреттеуден гөрі реали суреттеудің басым екенін, бас
кейіпкердің аспаннан салбырап түспегенін, айналасындағы
адамдармен пікір алмасып, ақылдасып отыратын өзіміз сияқты
адам болғанын байқатады. Басқа кейіпкерлердің де шынай
суреттелгенін қайта
-
қайта алға тартып, шығарманың кітаби эпос
екенін дәлелдей түседі.
«Оғыз
-
наме»
-
кітаби эпосының көркемдік ерекшелігін
арнайы сөз етеді. Оны батырлар жырымен, қырғыз эпосы
Манаспен, Шәді Жәңгірұлының шығармалары, Қисса
-
Наурызбай
дастаны, т.б. жырлармен қатар салыстыра отырып дәлелдеуге
тырысады. Автордың эпитет, теңеу, метафора, гиперболаны
асқан шеберлікпен қолданғанын айтып, мысалдар арқылы
дәлелдейді.
61
Аспаннан бір көк нұр түсті.
Күннен де шұғылалы, айдан да сәулелі екен.
Оғыз қаған (оған) жақын барып көрді:
Сол жарық сәуленің ішінде
Бір қыз отыр (екен).
Жүзінде оттай алаулаған,
Бейне бір Алтын (Темір) қазық шоқ
жұлдызындай
Жарқырап тұрған нұрлы меңі бар екен
Достарыңызбен бөлісу: |