62
«Ы.Алтынсарин медалінің иегері», «Жоғары оқу орнының
үздік
оқытушысы», «Қазақстан Республикасының Еңбек Озаты»
төсбелгісінің иегері Сарбасов Болатхан Серғазыұлы
–
тәжірибелі
ұстаз, көне түркі әдеби ескерткіштерін зерттеуші, әдебиеттанушы
ғалым. Білім беру беру жүйесіндегі заманауи жаңа инновациялық
технологияларды игеру және жас педагог мамандардың бойында
рухани ұлттық адамгершілік құндылықтарды дамыту ұстаздың
басты қағидасы.
Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, жас ұрпақты
ата
-
бабамыздан қалған салт
-
дәстүр мен әдет
-
ғұрыпты
сақтауға,
ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл мәдениетті азамат етіп
тәрбиелеуде атқарған еңбектеріңіздің куәсі болып жүрміз.
Ғалым
-
ұстаздың өмір
деректеріне қысқаша тоқталғанды жөн
көріп отырмыз. Сарбасов Болатхан Серғазыұлы 1973 жылы 24
тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Көкжота
ауылында дүниеге келген.
Әл
-
Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің
филология факультетін (1998),
Әл
-
Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық
университетінің магистратурасын (2000), М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын
(2004) бітірген.
Филология
ғылымдарының
кандидаты
(2011),
қауымдастырылған
профессор (2018), профессор міндетін
атқарушы
(2019), ҚР ҒЖЖБМ «Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы»
атағының
иегері
(2022),
«Қазақстан
Республикасының Еңбек озаты» төсбелгісінің иегері (2023).
2003-
2020 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті,
Қазақ филологиясы және әлем
тілдері
факультеті,
Қазақ
әдебиеті
кафедрасында
қауымдастырылған
профессор қызметін атқарды.
2019-
2020 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті,
Филология
институты,
Қазақ
әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.
Ғылыми еңбектері: ҚР БҒМ Республикалық Оқу
-
әдістемелік
кеңесінің ұсынуымен «Махамбет Өтемісұлы шығармаларының
көркемдік сипаты» (Оқу құралы) (2011), «Оғыз
-
наме» кітаби эпос
ескерткіші» (Монография
)
(2013), «Рухани тәрбие әлемі»
(Әдістемелік тәрбие құралы) (2014), «Ежелгі дәуір әдебиеті»
63
(Оқу құралы) (2016), «Қытайдағы қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі» (2017), «Ежелгі дәуір және түркі халықтары
әдебиеті» (Электронды оқулық) (2017), Бағдарлама.
Қазақ тілі
мен әдебиеті курсы бойынша бейіндік бағдарламалары (2017),
ҚР БҒМ Республикалық Оқу
-
әдістемелік кеңесінің ұсынуымен
«Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебиеті» (Оқу құралы)
(2018), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (Оқу құралы) (2019), «Абайтану»
Бағдаралама 9
-
сынып (2021), «Жамбылтану» Бағдаралама 9
-
сынып (2021), ҚР БҒМ Республикалық Оқу
-
әдістемелік
кеңесінің ұсынуымен «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті (Оқулық)
(2022), Қазақ әдебиеті (Оқу
-
әдістемелік құрал) (2023),
Махамбеттану әлемі (Оқу
-
әдістемелік құрал) (2023) және 170
-
тен аса ғылыми зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалардың
авторы.
Бар өмірін білім саласына
арнаған Сарбасов Болатхан
Серғазыұлының ұстаздық қызметі, қарапайым қажырлы еңбек
жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің шынайы үлгісі болып
табылады. Ғалым
-
ұстаздың білім саласында жасаған ұзақ
жылдардағы
еңбегін жас ұрпақтың өсіп
-
өркендеуіне, саналы
азамат, парасатты тұлға болып қалыптасуына қосқан зор үлес деп
білемін.
Қорыта
айтқанда, ғалым, ұлағатты ұстаз Болатхан
Серғазыұлының өмір
белестерінде қажырлы еңбекпен жеткен
жетістіктерін мақтанышпен жастарға үлгі
-
өнеге ретінде
насихаттау, бүгінгі
жас ұрпақтың ой
-
санасына сіңіру
баршамыздың міндетіміз деп білемін.
Әріптес
досым! Болатхан Серғазыұлын мерейлі 50 жасымен
құттықтай
отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, мол
қуаныш, шығармашылық
табыс тілейміз!
Әрқашан еңбегіңіз
еленіп, үлкен биіктерді бағындыра беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: