«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет24/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152
 
 
 
 
 
 
 


57 
«
ОҒЫЗ
-
НАМЕ» ДАСТАНЫНЫҢ 
 
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЖӘНЕ КІТАБИ СИПАТЫ 
 
(Б.Сарбасовтың ғылыми зерттеу еңбегі негізінде)
 
Мухтаров Аманғали Хамидоллаулы 
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық 
 
институтының жетекші ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының кандидаты 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
«Оғызнама» 

түркі тарихының маңызды дерегі 
болуымен бірге, түркі халқының ақыл
-
ой қабілетін бейнелеген 
тамаша әдеби туынды. Бұл шығарма 
– 
ХІІІ ғасырдағы жеке дара 
әдеби
шығарма емес, оны сонау замандардағы көптеген ғажайып 
ескерткіштердің бірі деу орынды. «Манас», «Шыңғыснама», 
«Қорқыт ата» сияқты таза түркілік пайымдау нәтижесінде 
дүниеге келген туындылардағы ұқсас желілерді аталмыш 
шығармалардың тікелей ықпал
-
әсерімен емес, түркі 
халықтарының өміртану көзқарастарындағы,
таным
-
түсінігіндегі 
ортақтастықпен
түсіндіреміз.
Кіріспе.
Әдебиетіміздің
шымырлап өнген қайнары, 
көркемдік құндылығы көнермейтін, баға жетпес байлығы 
– 
ауыз 
әдебиеті
екені бәрімізге белгілі. Сол ауыз әдебиеті үлгілерінен 
бастау алып, кітаби эпосқа айналған тек қазақтың ғана емес, күллі 
түркі
дүниесінің асыл мұрасы саналатын «Оғыз
-
қаған» дастанын 
зерттеп, көне түркі әдебиетінің бастауына үңіліп, оны ел 
игілігіне жаратып жүрген ғалымдардың бірі Сарбасов Болатқан 
Серғазыұлы. 
«Оғыз
-
нама» біраз уақыттан бері зерттеушілердің назарын 
аударып жүрген
көне жәдігер. Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, Н. 
Келімбетов, Қ. Өміралиев, М. Жолдасбеков, А. Қыраубаевалар 
сияқты қазақтың қабырғалы, мықты ғалымдары қалам тербеген 
ауқымды тақырып. Олардың қай
-
қайсысы да бір беті 9 жолдан 
тұратын 42 беттік дастанның өн бойында қазақ халқының күні 
бүгінге дейін сақталып келе жатқан біраз дәстүрлерінің көрініс 
тапқанын айтып кеткен. Ал Болатхан Сарбасов болса «Оғыз
-
наме» кітаби эпосының фольклорлық сипатын жан
-
жақты талдай 
келіп, ауыз әдебиеті мен кітаби эпостың аралығындағы көзге 


58 
көрінетін, көрінбейтін тылсым сырлардың құпиясын ашады. 
«
Алдымен аң
-
құс аулап ру
-
тайпасын асыраушы, онан кейін 
жыртқыш аңмен бетпе
-
бет келіп жұртын құтқарушы, аң аулап 
жүріп қалыңдығын кездестіруі, тіпті қаған болып ел билеген 
тұста аңшылық
-
саятшылықты аңсауы осының мысалы», 

деп 
көптің көңілінде жүрген дүниені
дөп басады. Сонымен қатар 
Оғыз қағанның прототипі туралы пікірлерді жүйелі келтірген. 
Н.Я. Бичурин, А.Н. Бернштам б.д.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген 
ғұндардың
алғашқы әміршісі Мөдемен байланыстырса, неміс 
ғалымы
И. Маркварт оны Шыңғыс хан дейді, В. Радлов Бұқа 
ханмен, түрік зерттеушісі Риза Нур Александр Македонскиймен, 
Г.Н. Потанин Жәнібек хан бейнесіне ұқсататынын айтады. 
Сондай
-
ақ кейбір ғалымдардың Оғыз қаған образын Тұранның 
Афрасиабына, Алып Ер Тоңғаға, Жерұйық іздеген Асан қайғы 
бейнесіне ұқсататын пікірлердің де бар екенін айтады. Осыған 
қарап
отырып
-
ақ, Оғыз қағанның кім болса да, осал адам 
болмағанын бірден байқайсың. «Оғыз» атауын иеленген елдің өзі 
іштей бірігу бөліну, қайта бірігу, өзге түркі тектес жұрттармен 
тоғысу секілді тарихи жолдардан өткен.
Ал «Оғыз
-
наме» 
эпосында бұл құбылыстардың бәрінің де ізі сақталған. 
Ескерткіште әрқайсы әр түрлі кезеңді қамтитын Оғыз 
тарихындағы бұл өзгерістер тарихи тұтастану арқылы бір 
кезеңнің уақиғасы іспетті суреттелген [1
], - 
деп, дастанның 
фольклорлық сипаты мен тарихи құндылығын одан ары аша 
түседі. Демек, «Оғыз
-
наме» VІІІ ғасырдың ортасынан ХІ 
ғасырдың
жартысына дейін біртұтас ел болған Оғыз 
мемлекетінің тарихы да екенін айтпай
-
ақ түсіндіріп кетеді. Бұл да 
болса Оғыз қағанды жырлаған адамның сол елдің тарихына, тіпті 
бүкіл түркі тайпаларының тарихына салғырт қарамағанын, 
кейінгілер ұмытпасын, үлгі етіп жүрсін деп жазып кеткенінің 
айқын дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет