«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет48/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152
Негізгі бөлім.
Бірінші саласына ақынның жиырма шақты
толғау 
– 
жырлары жатады. Оның мазмұны шет жұрттық 
басқыншыларға қарсы қол бастаған қазақ батырларының 
ерліктерін жырлау, өмір сырларын ақтарып, дүние 

әлем, бақ 
– 


105 
дәулет, талап 
– 
талғам, өзгерістерін толғау. Өмір 
– 
қоғам 
құбылыстарын байқаған, дүние, әлем, адам, оның орны туралы 
толғанысы терең:
Дүние 
– 
ескі сарай 
– 
ды,
Жолаушы жүрген азамат
Көркіне оның қарайды,
Сондадағы тауарих
Көшіп өткен керуендей,
Аттандырған талайды.
Өміріңнің орағы
Қуанба көріп жаңа айды [3,307б.].
Екінші бір шығармасында әрбір тіршілік иелерінің өз орны, 
барар жер, шығар тауы, өсіп 

өнер ұясы, ұшып 
– 
қонары 
болатынын ескертеді. Үлкен өмірден адам өз орнын тауып, әлі 
келгенінше, халық үшін қызмет етуге тиіс деп біледі.
Аққу ұшса, көлге кетеді,
Көпір бұзылса, селге кетеді.
Мал 
– 
жан біткен бәрі де,
Өсіп 

өнген жерге кетеді…
Халқыңның күні саған түсті,
Әділетті жан болып,
Басқара бер,
Басыңа салған істі.
Ақын шығармаларының бұқарашылық беті, әлеуметтік сыры 
айқын. Оның жүрегі елім, халқым деп дүрсіл қағып, тыным 
таппайды.
Халықты тілмен қорғадым,
Сөз шындыққа келгенде,
Бас кессе де болмадым.
Құтылып жарлы кеткенше,
Зорларды сөзбен торладым.


106 
Ел еңсесін көтерер ерлік, батырлық екенін айта келіп, сол 
батырды тудырып, баптап өсіретін ел керек, ерге сай елі, еліне 
сай ері болса ғана
іргесі тегеурінді, мықты деген ойын ақын 
былайша береді:
Ер қадірін ел баққан
Ерлер білер деген сөз.
Зер қадірін зер баққан
Зергер білер деген сөз.
Ақын ерлікті, жауға мейірімсіздікті әр тұста жырлап, 
жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді.
Самғай жүйрік жүгірер,
Аяқтан біреу шалмаса.
Жау десе батыр киінер,
Тоқталмас кегін алмаса.
Ел елдігі болмаса,
Ерменен жауға бармаса,
Елшілігі бұзылмас,
Өз жерін жаудан қорғаса [3,306б.].
Сүйінбай шығармалары 
– 
образды, сұлу суретті жырлар. 
Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланып, 
көркемдік шыңға көтеріледі. Әсіресе, үстемдер бейнесін жасауда 
олардың типтік мінездерін танытарлық суреттер қонымды 
бояулар арқылы реалистік
өнер дәрежесінде тұлғаланады. Ал 
датқа, ұлық, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай 
Абайдың “Болыс болдым, мінекей!” сияқты классикалық 
шығармасы дәстүріне лайық, соған пікірлес стильде тамаша 
сатиралық туынды жасайды. 
Адам мінезін жасауда Сүйінбай өзі тұcтас көркем сөз 
шеберлерімен бәсекеге түскендей. Махамбеттің Жәңгірге, 
Шернияздың Баймағамбетке, Жанақтың Рүстем төреге, Шөженің 
Бәйтікке айтқандары сияқты Сүйінбайдың төре
-
сұлтандар 
алдында айтқан тебіреністері 
– 
үндес те мұңдас, түрі
-
тілі, стилі 
де бір қалыптас шығармалар.
Хан емессің, қиықсың,


107 
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сыйыпсың,
Ұры 
– 
қары, залымның,
Жаныңа бәрін жиыпсың [3,301б.],

деп басталатын Сүйінбай тебіреністері “Хан емессің 
қасқырсың”, “Мен едім” сияқты Махамбеттің жалынды 
жолдарына пара 
– 
пар өжеттік пен өткірлікке толы шығарма.
Халқына қызмет еткендей ақылды адам басшы болса игі 
деген армандарын да білдіреді:
Халыққа жайлы хан болсаң,
Өкпе, жүрек қолқамсың,
Көп жұлдыздың ішінде 
Жеке туған шолпансың.
Әділеттен тайсаңыз 
– 
Екі көзі қанданып,
Жегеннен басқа білмеген
Тоғайда жүрген қорқаусың [3,306б.].
Халыққа төремін деп көкірексіп жүргендердің бірі хан емес, 
момын елге шапқан қасқыр, енді бірі төре емес, төбеде ұлыған 
төбет бейнесінде екенін Махамбет пен Шернияз поэзиясы 
анықтап берген
-
ді. Ал, Сүйінбай осы алып ақындар дәстүрін 
білгірлікпен жалғастырды. 
Сүйінбайдың әрбір арнау өлеңдері 

өзінің осы бір өжет, өткір 
қасиеттерімен мәнді, дәуірлік шынайы шығармалар. Ақынның 
бұл саладағы өлеңдерінде қазақтың әлеуметтік қоғам өкілдері 
бірінен соң бірі топ
-
тобымен бой көрсетеді. Әсіресе, пейілсіз 
сараң, адамгершілігі төмен жандар тізбектеліп, көз алдыңнан 
топ
-
тобымен өтіп жатады.
Ақынның «Жақсы менен жаманның айырмасы» мен 
«Нақылдары» 

көтерген мәселелері жағынан тікелей тәрбиелік 
мәні бар шығармалар. «Жақсы мен жаман адамның айырмасы» 
деген өлеңінде ол адам бойындағы мінез
-
құлықтар туралы, 
адамгершілік қасиеттер жайында ой толғайды.
Жақсы адам елдің ерке серкесіндей,


108 
Халқының қалың жүнді көрпесіндей
Жақсының айтқан сөзі тиянақты,
Түйенің аумайтұғын көрпесіндей.
Жамандар өтірікші, өсегі көп,
Ел
-
жұрттың іріткі салар арасына
-
ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай [4],

деп ақын адамға тән жақсы
-
жаман қасиеттерді салыстыра 
суреттеп, оқырманына анық та айқын таңдау жасатады. Сөйте 
отырып, соқырға таяқ ұстатқандай етіп санаңа сіңіруді мақсат 
етеді. 
Философиялық сарын өз кезеңіндегі басқа да ақындар сияқты 
Сүйінбайға да тән. ХІХ ғасыр поэзиясындағы жиі көтерілген 
мәселенің бірі 
– 
ғұмыр диалектикасы болса, бұл турасындағы 
ақынның көрнекті туындысының бірі 
– 
«Ақын боп жиырмамда» 
атты өлеңі. Адам өмірін кезең
-
кезеңге бөліп, әр онжылдықтың 
өзіндік ерекшелігін суреттеген ақын былай деп жырлайды:
Ақын боп жиырмамда желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.
Қырық асып елуге келгеннен соң,
Түбім терең құрақты,
Сұқсыр үйрек жатқан көлдей болдым [4,15б.].
Ойшыл ақын жиырма мен елу жастың арасын адам 
ғұмырының ең жемісті кезі деп лайықты бағалайды. Сөйтіп жас 
шақтағы табандылық пен алғырлықтың адам өміріндегі алар 
орнын жоғары қойды. Ақын шығармасының негізгі идеялық 
түйіні 

адам ғұмыры түгелдей ел игілігіне жаратылуы керек 
деген азаматтық тұжырымға келу.
Асылында, Сүйінбай ақынның философиялық өлеңдері 
әрқашан гуманистік оймен астасып жатады. Ол ылғи адам 
тағдыры, заман жайлы терең толғанып, өзінің ерекше 
пайымдауларын ұсынып отырады. «Дүние ойлап тұрсам баяны 
жоқ» деп аталатын өлеңінде адам өзінің өлшеулі өмірін ізгілік 


109 
пен жақсылық жолына сарп етіп, жаман қасиеттен бойын аулақ 
салса ғана оның әр күнінің мәнді де сәнді болатындығы туралы 
мағыналы ой түйген ақын:
Ажалдан құтылмайсың қашқанменен,
Кетпейсің бір тосусыз тасқанменен.
Өлшеусіз жерден ұзап кете алмайсың,
Аспанға қанат байлап ұшқанменен.
Еңкейіп басың жерге бір тиеді,
Қаншама
талассаң да аспанменен [4],

дей отырып, «Көп асқанға бір тосқан» деген халық нақылына 
орай адамгершіліктің ең бастысы кішіпейілділік, ізеттілік деп 
таниды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет