200
баяндалады: Бір күндері Оғыз қаған тағы да аңға кетті. (Аңда
жүрсе) бір көлдің ортасынан бір ағаш көрді. Бұл ағаштың
қуысында
бір қыз жалғыз отыр екен. Артықша көрікті бір қыз
екен. Ол қыздың көзі көктен де көгірек, шашы теңіз
толқынындай, тісі інжудей екен. Осы қыз сондай көрікті еді: жер
басқан ел
-
жұрт оны көрсе:
–
Ай, ай! Ах, ах! Өлерміз!
–
деп сүттен
қымыз
болатындай еді. Оғыз қағанның оны көргенде ынтығы
кетті, жүрегіне от түсті.Оны сүйді, алды. Бірге жатты. Тілегі
қабыл
болды. Сол қыз жүкті болды. Күннен күн өтіп, түннен түн
өтіп
үш ер бала туды. Біріншісіне «Көк» деп ат қойды, екіншісіне
«Тау» деп ат қойды, үшіншісіне «Теңіз» деп ат қойды [5,56].
Оғыз қағанның аң аулап жүріп тапқан теңдесі жоқ сұлуды
көргені, қызға ғашық болып, оған да үйленгені, одан үш ұл бала
туылғаны, есімдерін «Көк» (Аспан), «Тау» және «Теңіз» деп
қойғаны
тартымды етіп баяндалады. Осындағы Көк
–
Тәңірлік
сенімнің негізі. Шаманизмнің негізін құрайтын тотемдік жҽне
анимистік түсініктердің көк түріктерге дейін жан
-
жақты
таралғанын ешкім де жоққа шығармайды. Ал тәңірліктің көне
түрік дәуірінде тұтас жүйеге түсіп, дін дәрежесіне көтерілгенін
дәлелдеуші ғылымдардың бірі Л.П. Потапов. Бұл дәуір біздің
заманымыздың VІ
-
ХІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Түрік
қағанаты
(551-
744 жылдар) мен ұйғыр қағанатының (745
-840
жылдар) этникалық ядросын құраған түрік тайпаларының Тәңірі,
Ұмай, Жер, Су аталатын құдайлары қазіргі көптеген түркі
халықтарында сақталуы кездейсоқ емес.
Достарыңызбен бөлісу: