Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет156/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 159.9.072.42 

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРУ 

 

Кенжебаева А.Ж. 

Ғылыми жетекші: Раушанова И.М. 

«Тұран-Астана», 

Қазақстан 

 

Аңдатпа.  Рухани  жаңғыру  –  адам  баласының  оның  ішкі  әлемінің  жаңаруы,  сана-сезімі, 

жаңа  өзгерісті  қабылдай  білуі.  Тарих  сахнасына  көз  жүгіртсек,  өскен  ұлттың  өрби  түсуіне  осы 

«рухани  жаңғыру  дәлел».  Көне  замандағы  көрікті  қалаларымыз,  сән  салтанатты  таласқан  озық 

ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. 

Түйінді  сөздер:  көшбасшылық,  бәсекелік  қабілет,  рухани  жаңғыру,  бұқаралық  сана, 

прагматизм, жасампаздық.  




320 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 



бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, 

салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге  құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту, 

ұлттық  болмыстан,  ұлттық  кодтан  айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп, 

Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. 

Онда  ел  Президенті  Қазақстан  үшін  қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси 

реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  біртұтас  Ұлт  болу  үшін  болашаққа 

қалай  қадам  басатынын  және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде  алысты  болжайтын 

көзқарастарымен бөліседі. 

Әр  халық,  әр  мемлекет  ғасырлар  бедерінде  рухани  жаңғырып,  жаңарып  отырады.  Ал 

рухани  жаңғыру  мен  жаңаруда  білім  берудің  рөлі  зор.  Біз  өзіміздің  ұлттық  ерекшеліктерімізді 

сақтай,  ескере  отырып,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды  қабылдай  білуіміз  керек.  Бірнеше 

тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. 

Адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де – жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол – жан. 

Жанды дұрыс тәрбие қыла білу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек. Бұл 

үзіндіні  алаш  қозғалысының  қайраткері,  ақын,  қазақ  әдебиетінің  жарқын  жұлдызы  Мағжан 

Жұмабаевтың  «Педагогика»  атты  еңбегінен  мысал  ретінде  қарастырып  отырмын.  Болашақ 

психолог  маманы  ретінде  мағынасы  терең,  аса  маңызды  бұл  тақырыпты  жан  ілімімен 

байланыстыра жазуды шештім.  

Толығырақ тоқталатын болсам, рухани жаңғыру аясында білім берудің өзекті мәселелерін, 

өмірді басқару бойынша маман, ұйымдастыру істері бойынша консультант және  мұғалім Стивен 

Ковидің  «Жеті  дағды»  атты  кітабымен  салыстырмалы  түрде  жазуды  өте  орынды  деп  санаймын. 

Стивен  Ковидің  бұл  кітабы  жетістікке  жетудің  әлемнің  тәжірибесін  сіңіріп,  адамдық  қарым 

қатынастың мәдениетін жандандыруға септігін тигезетін негіз болып табыла алады. 

Мұндағы  бірінші  дағды  –    кез  келген  жағдайда  аса  тиімді  адамның  бірінші  және  ең 

маңызды дағдыларының бірі — проактивтілік және реактивтілік дағдылары.  

Проактивті адамдар жігер күшін ықпал ету шеңберіне жұмсап, бар көңілін оған аударады. 

Олар қуатын ықпалына бағынышты нәрселерге ғана бағыттайды. Олардың қуатының табиғаты оң 

және позитивті, ол ықпал ету шеңберін кеңейтіп, үлкейтеді. Ал, реактивті адамдар керісінше, күш 

-  жігерін  мәселелер  шеңберінде  жоғалтады.  Олар  басқа  адамдардың  кемшіліктеріне,  сыртқы 

ортаға және олар әсер ете алмайтын жағдайларға көңіл аударады.  

Дәл  осы  дағдыға  сәйкес,  қазіргі  таңда  білім  бағдарламаларының  елімізге  ұтымды  үлес 

қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса 

назар  аударғанымыз  жөн.Екінші  дағды    жеке  көшбасшылық  қағидаларына  негізделген. 

Көшбасшылық — бұл басқару. Басқару — бұл екінші жаратылыс. 

Бұған мысал ретінде біз қарастыратын мәселе:  «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы 

Мұхтар  Әуезов.  Әрбір  білімгер  өз  жері  мен  оның  байлығының  иесі  болу  үшін  жаңа 

технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір  сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның 

даму  кілті  білімді  адамдардың  жаңаша  қызмет  атқаруын  керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл 

адамдарды,  болашақ  қоғам  мүшелеріне  білім  мен  тәрбие  беруді  жүзеге  асыратын  мамандар 

дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.  

Үшінші дағды – істің маңыздылығы. Яғни, ең маңызды істер ешқашан маңыздылығы төмен 

істерге  бағынбауы  тиіс.  Бұған  дәлел,  біз  бүгінгі  жаңа  атаулы  ертең-ақ  ескіге  айналатын,  жүрісі 

жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, 

аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет 

шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. 

Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз 

басымдық  беретін  межелердің  қатарында  білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі, 

құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. 

Төртінші  дағды  «Жеңді/жеңді»  бағытында  ойлану.  Яғни,  бұл  деп  отырғанымыз,  барлық 

келісімдер мен шешімдер бірдей пайдалы және екі жақты да қанағаттандыру болып табылады.  




321 

 

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры 



бар.  Біріншіден,  ұлттық  сана-сезімнің  көкжиегін  кеңейту.  Екіншіден,  ұлттық  болмыстың  өзегін 

сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. 

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? 

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре-

тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп 

берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. 

Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір 

сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Абайдың  даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың  жырлары  мен  Құрманғазының 

күйлері,  ғасырлар  қойнауынан  жеткен  бабалар  үні  –  бұлар  біздің  рухани  мәдениетіміздің  бір 

парасы ғана. 

Біз  жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға  сіңген,  бүгінде  тамырымызда 

бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. 

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді 

пайдаланып, 

соған  сәйкес  болашағыңды  жоспарлай  алу,  ысырапшылдық  пен  астамшылыққа,  даңғойлық  пен 

кердеңдікке  жол  бермеу  деген  сөз.  Қазіргі  қоғамда  шынайы  мәдениеттің  белгісі  –  орынсыз  сән-

салтанат  емес.  Керісінше,  ұстамдылық,  қанағатшылдық  пен  қарапайымдылық,  үнемшілдік  пен 

орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. 

Нақты  мақсатқа  жетуге,  білім  алуға,  саламатты  өмір  салтын  ұстануға,  кәсіби  тұрғыдан 

жетілуге  басымдық  бере  отырып,  осы  жолда  әр  нәрсені  ұтымды  пайдалану  –  мінез-құлықтың 

прагматизмі деген осы. 

Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге 

бет  түзеп,  соған  мақсатты  түрде  ұмтылмаса,  ертең  іске  аспақ  түгілі,  елді  құрдымға  бастайтын 

популистік идеологиялар пайда болады. 

Стивен  Кови  кітабының  бесінші  дағдысы  бұл  –  әуелі  түсінуге,  кейін  түінікті  болуға  атты 

дағдысы.  Мәселені  көтерер  алдында,  оны  бағалау  мен  кеңес  беру  алдында,  өз  идеяларымызды 

айтар алдында – түсінуге тырысуымыз қажет. Бұл өзара тәуелділіктің күшті дағдысы. 

Қазіргі  таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халық­тың  өзі  бәсекелік  қабілетін  арттырса  ғана 

табысқа жетуге мүмкіндік алады. 

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса 

сапасы  жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсы­на  алуы.  Бұл  материалдық  өнім  ғана  емес, 

соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. 

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік 

қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақ­стандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға 

лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,    компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу, 

мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті  алғышарттардың 

сана­тында. 

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық 

келісім»  сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың 

талаптарына даярлаудың қамы. 

Алтыншы  дағды  –  синергияға  жету  деп  аталады.  Синергия  –  бұл  ең  жоғары  деңгейдегі 

қызмет – шынайы сынақтан өткен барлық дағдылардың біріктірілуі.  

Синергия — бұл өзара тәуелділік шындығындағы (реальность) тиімділік. Бұл команданың 

құрылуы,  командадағы  жұмыс,  ауызбірліктің  және  басқа  адамдармен  творчестволық  өзара 

әрекеттесудің дамуы. 

«Жалғандық  жарға  жығады»  дейді  қазақ  даналығы.  Біз  –  бабалар  батасы  дарыған,  ата 

аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды білім биігіне, ғибратты 

ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және 

нақты  жаңғырудың  қамы.    Біз  ұлтымыз  бойындағы  тек  жақсы  қасиеттерді  дамытсақ,  озық  білім 

мен  үздік  жаңалықтарды  дарытсақ,  жымиып  күліп,  жылмаң  сөйлеп,  жыландай  жылжыған  жат 

идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. 

 



322 

 

Менің ойымша, руханиятты көтеру үшін тарихымызды жаңғыртар дүниежүзілік музейлер 



ашу,қызықты деректерге тола кітаптар жазу,туризм салаларын дамыту керек деп ойлаймын. 

Соңғы жетінші дағды  «араны ұштаңыз» деп аталады. Бұлай аталу себебі, рухтық дүниенің 

жаңаруы  көшбасшылыққа  жетуге  көмектеседі,  яғни  ол  екінші  дағдымен  тығыз  байланысты. 

Рухтық дүние – бұл сіздің өзегіңіз, сіздің орталығыңыз, сіздің жеке дербес құндылықтар жүйеңізге 

бейілділік. 

Рухани  жаңғырудың  негізі  -  халықтың,  жеке  адамның  тұлғаға  айналуы.  Әр  заманның  өз 

міндеті,  ұрпаққа  қояр  талабы  бар  демекші,  мемлекеттің  дамуы  -  ұрпақтың  уақыт  талабына  сай 

бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты. 

Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек: 

1. Ұлттық бірегейілікті сақтау. 

Ұлттық  жаңғыру  -  ұлттық  сананың  кемелденуі.  Бірінші,  Елбасымыз  айтқандай  "жаңа 

тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу."  Ұлттық мәдениет сақталмаса, 

ешқандай  жаңғыру  болмайды.  Екіншісі  -  ұлттық  болмыстың  өзегін  сақтау,  өткеннің  кертартпа 

тұстарынан бас тарту. 

2. Бәсекелік қабілет 

Ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықтағы  бағасы,  өзгелерден  сапасымен  ұтымды 

дүние  ұсынуға  қабілеті.  Заман  талабына  сай  тұтас  халық  қана  емес,жеке  адамның  өзі  бәсекелік 

қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады. 

3. Прагматизм 

Өзінің  ұлттық  және  жеке  байлығыңды  нақты  білу,  сол  байлықты  үнемдей  отыра  қолдана 

білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім 

алуға,  мақсатқа  жетуге,  кәсіби  тұрғыдан  жетілуге  деген  ынта  ықылас,  осы  жолда  әр  нәрсені 

ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі. 

4. Білімнің салтанат құруы 

Біздің қанымызда бар қасиет  - білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы  - 

білім.  Жыл  өткен  сайын,  біз  жүрісі  жылдам  дамыған  дәуірге  аяқ  басып  келеміз.  Сондықтан, 

құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.  

Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, 

онсыз  жаңғыру  дегеніңіз  –  құр  жаңғырық  дегені  орынды.  Мақалада  айтылған  ойлардың 

тереңдігінен Елба­сы­ның тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап 

барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес.  

Расында,  халқымыз  небір  аласапыран  замандарда  көп  қиындық  көрді.  Араб  жазуынан 

латынға,  латыннан  кириллицаға  көшіп  жүре  тұра  халқымыз  білімге  ұмтылысының  арқасында 

ешбір  халықтан  қалыс  қалған  жоқ.  Бұл  біздің  жоғары  мәдениеттілігімізді  аңғартса  керек.  Бүгін 

міне,  тәуелсіз  елде  есімізді  жинап,  өз  жазуымызды  қа­лып­тастыруымыздың  сәті  келген  сияқты. 

Себебі,  оң  мен  солы­мыз­ды  әбден  танып,  өткеннің  кемшіліктері  мен  жетістіктерін  бойымызға 

сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының 

аясында жасалған үлкен қадам. 

Кешегі  Алаш  идеясы  –  бүгінгі  Тәуелсіз  Қазақстан!  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  бұрын 

тыйым  салынған  –  Алаш  қозғалысы  тақырыбы  қазіргі  таңда  отандық  тарихымыздың  маңызды 

құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. 

Алаш  зиялыларының  өмірі  мен  ісін  мұқият  зерттеп,  олардың  жетістіктерін  бағалап, 

қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет. Елімізідің 

өткенінен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. 

Қорыта  айтқанда,  біз  тек  Қазақстанның  емес,  бүкіл  шығыстың  руханиятын  көтеруіміз 

керек. Абай тек қазаққа емес, бүкіл шығыс елдеріне тән. Астана мен Алматыда Абайдың рухани 

академиясын  ашу  керек!  Сол  жерде  тек  Қазақстан  емес,  бүкіл  шығыс  елдеріне  Абайдың  рухани 

құндылықтарын,  философиясын,  шығармаларын  бір  жағынан  ғылыми  ізденіс  жасап,  екіншіден, 

бүкіл Орта Азия мемлекеттеріне кең көлемде насихат жасауымыз керек. Міне, бұл Елбасымыздың 

рухани жаң­ғыруына нағыз, тікелей септігін беретін, тікелей жұмыс істейтін идея болады.  

Екіншіден,  Түркістанды  алайық.  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  тарихта  үлкен  орны  бар 

рухани орталық. Түркістанды рухани жаңғырту арқылы біз Қазақ елін қайта жаңғыртамыз. Менің 




323 

 

Түркістанның  рухани-технологиялық  кластерін  құру  деген  жобам  бар.  Бір  жағынан  бұл  – 



руханиятты көтеру. Дін академиясын, дүниежүзілік тарихи музей жасау, тағысын тағылар. Сосын 

технологиялық  кластер  ашу.  Туризм  мәселесі  де  –  руханият.  Логистиканы  көтеру  керек. 

Түркістанды рухани жаңғырту арқылы Елбасы айтып отырған нағыз мәселені орындаған боламыз. 

Кез-келген  ел  өзінің  келешегін  өскелең  ұрпағымен  байланыстырады.  Әр  ұрпақтың 

пешенесіне  жазылған  заман  ағымы,  кезең  тынысы  болады.  ХХІ  ғасыр  бүгінгі  ұрпаққа,  яғни 

біздерге  бұйырған  бақыт  деп  ойлаймын.  Ата-бабаларымыз  болашақ  ұрпақ  үшін  ақтық  демі 

қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Ендігі еліміздің болашағы жастардың, яғни, біздің 

қолымызда.  Елімізді  көркейту,  оны  өзімізден  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу  -  біздің  борышымыз  деп 

білемін. 

Елбасымыздың  жолдауында  ХХІ  ғасыр  білім  ғасыры  делінген.  Олай  болса,  елімізді 

өркендету үшін жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алып, үнемі  ізденіс үстінде болуымыз 

қажет.  


  Дәл  осыған  сәйкес,  жастардың  өзекті  мәселелерін  шешу  мақсатында  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев  биылғы  2019  жылды  "Жастар  жылы"  деп  жариялады.  Менің  ойымша,  бұл  ХХІ 

ғасырдың  тәуелсіздік  ұрпақтарына  қазіргі  қоғамдағы  барлық  салаға  атсалысып,  тәуелсіздіктің 

тұғырлы  болуы  жолында  аянбай  еңбек  етіп  немесе  өз  үлестерін  қосуға  беріліп  отырған  үлкен 

мүмкіндік. Сол мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып, еліміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуды 

ең  басты  міндетімізге  айналдырсақ  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Бұл  жиынға  шығармашылық, 

студенттік  және  жұмысшы  жастардың  өкілдері,  жас  спортшылар,  дарынды  балалар,  заманауи 

медиа  саласының  өкілдері,  балалар  үйінің  тәрбиеленушілері  және  жас  әскери  қызметшілер  де 

келіп, өздерінің алға қойған мақсаттары мен жоспарларын бөлісіп, көптеген ұсыныстарын айтып 

өтті.  Елбасы  жастардың  креативті  идеяларын  тыңдап,  оларға  қолдау  көрсетілетінін  мәлімдеді. 

«2019 жылды жастар жылы деп жариялап, іс - шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. 

Жастарымызды,  Қазақстанның  болашағын  әр  салада  қолдауымыз  керек»  –  деді  елбасы 

Н.Ә.Назарбаев. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Егемен Қазақстан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» № 70, 2017ж. 

2.Стивен Кови «Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы»  США: Альпина Паблишер, 

2007 жыл – 205 бет. 

3.Ә.Алдамұратов. Қызықты психология, Алматы 1992 жыл 

4.С.Бабаев «Жалпы психология» – Алматы, 2014 жыл 

5.Мағжан Жұмабаев «Педагогика»  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет