қоршаған ортаны сол арқылы тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға
Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып
отырғанын, немесе қоршаған ортаның аса әсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі.
Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге
асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады.
319
–
гамакта тербелу (кеңістікте бағдарлану);
–
музыкаға билеу (есту жүйесі)
–
бұршақ толтырылған қораптармен ойын (тактильді сезімдерін дамыту);
–
тунельде жорғалау (кеңістікте бағдарлану және жанасу);
–
қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі мен тактильді бағдарлануы);
–
орындықта айналу (тепе-теңдік және көру қабілетіне әсер);
–
бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау)[7].
Аутизмi бар баланың әлеуметтік табыстылығы көп жағдайда, оның отбасының
психологиялық қолдауына байланысты. Сонымен бiрге баланың проблемаларын дер кезiнде
анықтап, оған дәрiгерлер, психологтар, педагог-дефектологтар, әлеуметтiк қызметкерлер,
тәрбиешілер тарапынан көрсетiлетiн көмектер және қолдауды ерте жастан қажет болған уақытта
көрсету және ата аналардың қолдауы, келісімі, үйден қайталауы маңызды.
Аутизмi бар балалар өздерiнiң мүмкiндiктерiне және мiнез-құлықтарының ерекшелiктерiне
қарай, жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен бiрге арнайы(түзеу) бiлiм беру ұйымдарының
бағдарламалары бойынша тәрбиелене алады. Бірақ медициналық көмектер қатар орындалуы
керек.
Аутизмі бар балаға өзiнiң басты проблемаларын, яғни қарым-қатынастағы және өзара
әрекеттiк жағдайдағы қиындықтарды жеңу үшiн қатарларының, құрбыларынын, құрдастарының,
сыныптастарының, достарының әдеттегi ортасы ауадай қажет екенін ескерген жөн. Балабақша
мен мектеп оған тек тәрбие мен бiлiмді ғана берiп қоймайды, сонымен бiрге ең алдымен, басқа
адамдармен бiрге өмiр сүру мүмкiндiгiн де үйретеді. Сондықтан, мұндай балаларды үйде оқу
түрiне көшiрмей, мектепте қалдыру, яғни инклюзивті оқыту өте маңызды. Аутизмі бар баланы
ауру немесе ауырады деп санаудың орнына, оның дамуы мен оқуына белгiлi бiр жайлы жағдай
мен тәсiл қажеттiктен «өзгеше бала» деп санаған дұрыс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Каган В.Е. Аутизм у детей –М.:
Медицина, 1981
2.
Башина В.М.Аутизм в детстве.-М.:Медицина-1999.
3.
Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М. Аутичный ребенок. Пути помощи.-
М.: Терефинф-1997.
4.
Левченко И.Ю., Забрамная С.Д., Добровольская Т.А. Специальная психолого-
педагогическая диагностика – М.:
Академия, 2003. – 320 с.
5.
Никуленко Т.Г. Коррекционная педагогика: Учебное пособие / Т.Г.Никуленко. –
Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 381с.
6.
Истратова О.Н. Практикум по детской психокоррекции: игры, упражнения, техники /
О.Н.истратова. – Ростов н/Д: Феникс, 2007.– 349с.
Достарыңызбен бөлісу: