Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет179/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   218
Түйінді сөздер: инклюзив, әлеуметтік – психология, брайл жүйесі. 

 

Қазақстан 



Республикасы 

Президенті 

Н.Ә. 

Назарбаев: 



«Мүмкіндігі 

шектеулі 

азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. 

Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы 

парызымыз.  Білім  беру  мекемесінің  ортасы  денсаулығының  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 

қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды 

кірігуін  қамтамасыз  етуі  қажет»,  –  деп  атап  өткен.  Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының 

назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның, 

отбасының  қатысуымен  білім  беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  инклюзивті  білім  беру. 

[3]   


Көруінде    әртүрлі    бұзылыстары    бар    адамдарды    оқыту    мен    тәрбиелеу    әдістерін  

қарастыратын  дефектология  саласы. 

Көзі    көрмейтіндерге    арналған    ең    алғашқы    оқу-орнын      тифлопедагогикалық    негізін   

қалаушы    Француз    педагогы    Гаюи    Парижде    ашты.      Шетелдерде  XVIII  –  XIXғғ    Көзі  

көрмейтіндерге    арналған    мектептер      Ұлыбританияда,  Австрияда,  Германияда,  АҚШ-та  

құрылды.    Бұл    оқу    орындарында  көзі    көрмейтіндер    жазуға,  оқуға,  есептеуге    және  музыкаға  

оқытылды. 

XIX  ғасырдың  ортасынан    бастап    көзі    көрмейтіндерді    жазуға,  оқытуға  үйретуде,    Луи  

Брайльдің  (1829ж)   жасаған  рельфті   шрифті  кең   қолданыла  бастады. Көзі  көрмейтіндерге  

арналған   көптеген  рельфті   алфавиттердің  ішінде  (Галь, Лукас,Барбе)  және т.б  Брайль  шрифті  

жазуға  оқытуға   үйретуде  тиімдірек  болды.  [1]   

Көруі  нашарлардың  тұлғалық  қалыптасуы  мәселелері  көру  бойынша  мүгедектердің 

әлеуметтік  және  әлеуметтік-психологиялық  реабилитациясының    тәжірибесінің  мәселелерімен 

ажырамайды.  Әлеуметтік  реабилитацияның  теориясы  мен  тәжірибесінде  келесі  принцип 

қалыптасқан: зағиптың реаблитациясы -  бұл ең алдымен оның тұлға ретіндегі реабилитациясы. 

Алайда Д.Э.Урлакис атап өткендей, зағиптар мен әлсіз көретіндердің тұлғалық қалыптасуы 

мен  әлеуметтігін  тікелей  зерттейтін  зерттеулер  аз.  Авторлар  көбінесе  көру  бойынша  ересек 

мүгедектердің реабилитациясының түрлі аспектілеріне талдау жасайды. 

Осыған  байланысты,  А.Н.Силкиннің  еңбегі  қызығушылық  тудырады.(1983),  онда  жалпы 

және  әлеуметтік  психологияның    позициясынан  әлеуметтік  –  психологиялық  реабилитацияның 

бағдарламасын ғылыми негіз беріледі. 

Әлеуметтік – психологиялық  реабилитация туа зағип және көрудің жоғалуы нәтижесінде 

бұзылған  есейе  келе  көрмей  қалған  адамның  тұлғалық  және  тұтастай  адекваттық  жүріс-тұрысы 



355 

 

процестерінің    психикалық  функцияларының  қалпына  келуі  ретінде  қарастырылады,  ол 



психологиялық құрамдар және әдістермен жүзеге асады. 

Негізінен  үш  аспектінің  бөлуге  болады:  1)  тұлғаның  заттық    әлемге  бейімделеді;  2) 

тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделеді; 3) тұлғаның жеке «менге» бейімделуі. 

Бірінші  жағдайда  мобильділік,  жекелік,  сенімділікке  жету  туралы  сөз  қозғалуға,  көзі 

көрмейтін  адамға  жеке  өміріне  қажетті  ұстанымдардың  қалыптасуымен  және  қайта  қалпына 

келуімен байланысқан реабилитацияның операциясы іскерлік жағы білінеді. 

Екінші  аспект  көруі  нашар  адамның  өзінің  әлеуметтік  айналасына  әсерімен  байланысты. 

Адаптацияның  үшінші  аспекті  өзінің  қоғамдағы  күйін  бағалаумен,  өз  дефектісіне  қатынасымен, 

өзінің  «менін»  уайымдауымен  тікелей  байланысты.  Тұтастай  алғанда  көру  жағынан  мүгедектің 

реаблитациясы тұлғалық жоспары тұлғаның ішкі өзін-өзі реттеуінің құрылуының мәселесі ретінде 

шығады. [2] 

Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері негізінен көретін 

балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді. 

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.  

Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;  

2-топ көру деңгейі төмен балалар; 

3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия) 

1-топтағы 

балаларға 

брайль 


жүйесінде 

оқытылу 


ұсынылады.  

Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы 

құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.  

1-топтағы  балаларға  брайл  жүйесін  үйретпес  бұрын  ет  сезім  қабілеттерін  дамытумен 

жұмыстану  керек.  Баланың  ет  сезім  мүшелері  дамыса,  қалыптасса  бедерлі  нүктелерді  сезуіне, 

әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.  

Ет  сезім  мүшелерін  дамытуға  түрлі  әдістерді  пайдалануға  болады.  Үлкен  заттан  бастап, 

ұсақ  затқа  дейін  ауысу.  Мысалы:  жіпке  тізілген  үлкен  моншақтан  бастап,  ұсақ  моншаққа  дейін 

төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен 

бастыру,  құрастырмалы,  бұрандалы  заттармен,  жіптің  түрлерімен,  өсімдік  дәндері  мен 

дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.  

Әр  15  минут  сайын  көз  бұлшықеттері  шаршамауға,  көру  деңгейі  төмендемеуі  үшін  көзге 

арналған  жаттығулар  жасап  тұру  керек.  Мысалы  мынадай  жаттығуларды  қолдануға  болады. 

Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, 

алға,  артқа  айналдыру.  Қолды  алға  созып  алақандарымызды  ашып-жұму.  (15-20  рет).  Орнынан 

тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын 

түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, 

басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж 

жасау. 

Көру    қызметі    бұзылған    балаларды    ПМПК    жағдайында    тексерту    тәжірибесі  

диагностикалық    кеңесті  тездетуге,  нәтижесін    жүйелеуге,    жағдайды    толық    түсінуге,    көру  

қабілеті  бұзылған  баланың  өзіндік  ерекшеліктерін ескере  отырып  «Баланың даму  картасына»  

төмендегі  толықтырулардың  қажеттілігін  көрсетті. 

«Психикалық  даму»  бөліміне  төмендегі  берілген  бөлімшелер  қосылады: 

 

Ашық  түсті  ойыншық  пен  заттарға  реакция; 



 

Балаға  қараған  көзқарасқа  реакция

 

Иіске  реакция, 



 

Естігенін жинақтауға  реакция; 

 

Дыбысқа реакция; 



 

Сөйлеу  екпініне  реакция; 

 

Дыбыс ойыншықтарға  реакция; 



 

Бала  мен  ана  арасындағы  қатынас  жағдайы

 

Жанасуға  реакция; 



 

Тыныс  дыбысқа  реакцияның  барлығы; 




356 

 

 



Заттармен  қатысы  (берекесіз  қозғалыс, мазасыздық,қимылындағы  тоқталыс, итеру  

реакциясы); 

 

Затты  қағып  алу әдісі



 

Бес айлығына  затты  ет  сезіммен  тексертудің  болуы (затты  сипау  әдістері). 

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және 

ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту  арқылы  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп, 

ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісін 

дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан 

және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Обучение    детей    с  нарушениями    интелектуального    развития׃  [олигофренопедагогик]׃  

учеб  пособие Б.П:  Пузанов,  Н.П Коняева,  Б.Б:Горский  и др−М  2000.- 55 с. 

2.Ульенкова  У.В:  Шестилетние  дети  с  задержкой  психического  развития. − М. 1990.- 

125 с. 

3.Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  нации  Нурсултана  Назарбаева 

народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан  2050»:  новый  политический  курс  состоявшегося 

государства.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет