Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет195/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   218
Түйінді  сөздер:  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер,  e-Gov,  цифрландыру,  электронды 

қызметтер, мемлекеттік саясат. 

 

Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 



Жолдауында:  Жалпы,  2019  жылы  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің  80  пайызы,  ал  2020 

жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.  

Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек. [1] 

«Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» 

Жолдауында:  «Бір  терезе»  қағидаты  бойынша  бизнеске  мемлекеттік  қолдау  көрсету  үдерістерін 

цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. 

Мемлекеттік  органдардың  ақпараттық  жүйелерінің  интеграциясы  «бір  өтініш»  қағидаты 

бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік 

береді. [2] 

Ал,  «Үшінші  жаңғыру:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  Жолдауында:  Мемлекеттік 

қызметтер  көрсету  үдерісі  мейлінше  оңтайландырылуға  тиіс.  Құжаттардың  мерзімі  мен  тізбесін 

қысқартып,  қайталанатын  рәсімдерді  жою  керек.  Бұл  орайда  адамның  өзінің  баруын 

қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек, деп тапсырма берген болатын. [3] 

Қазіргі  таңда,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерге  аса  мән  берілген.  Оны 

Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларынан байқауға болады. 

Жалпы,  адам  баласы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтермен  өмірінің  барлық  сатысында 

кездеседі.  Туылған  кезінен  бастап,  туу  туралы  куәлігін  алады,  отбасылы  болғанда  неке  қию 

туралы құжатын алса, дүниеден өткен кезде қайтыс болуды тіркеу туралы куәлігі беріледі. 

Осыған  байланысты,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  қазіргі  кездегі  өзектілігін 

ескеріп,  біз  магистрлік  жобамызға  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  қызметтердің 

көрсетілу  процесстерін  жетілдіру»  атты  тақырыпты  таңдағалы  отырмыз.  Жобаның  мақсаты 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін зерделеу және қызметті алушылардың игілігі үшін 

қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады. 

Бүгінгі  күні  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  тізілімінде  741  қызмет  түрі  бар,  оның 

ішінде  454  немесе  61%  электронды  түрде  алуға  қолжетімді.  Сонымен  қатар,  165  қызметті 

электронды  нысанда  ғана  алуға  болады,  олардың  ішінде  рұқсат  құжаттары,  лицензиялар  және 

кәсіпкерлікті субсидиялау бойынша қызметтер бар. 

Алайда, басты кедергілердің бірі қызметті алушылар электронды мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтерді  алуға  қызығушылық  танытпайтындығы  болып  табылады.  Мұның  бірден  бір  себебі, 

халықтың  цифрлық  сауаттылығының  деңгейі  төмен  болуы  және  электронды  қызметтер 

тартымдылығының дұрыс жеткізілмеуі десек қателеспейміз. 

Екіншісі,  741  мемлекеттік  қызметтің  289-ы  баламалы  түрде  көрсетілуінен  деп 

пайымдаймыз. Атап айтқанда, баламалы 289 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, 

қызмет алушы аталған қызметтерді баламалы түрде e-Gov веб-порталы арқылы және мемлекеттік 

корпорация  арқылы  да  алуға  құқылы.  Бұл,  электронды  нысанда  көрсетілетін  қызметтердің 



384 

 

ұлғаюына  кедергі  келтіретіндігі  анық.  Өткен  жылы  ХҚКО  арқылы  10  млн-дай  мекенжай 



анықтамасы  берілгендігі  бұған  дәлел.  Бірақ,  бұл  анықтамаларды  қазіргі  кезде  электронды 

цифрлық  қолтаңбасыз  бір  реттік  құпиясөз  арқылы  e-Gov  порталында  немесе  мобильдік 

смартфондағы телеграм-бот арқылы алуға болады. 

Иә,  электронды  үкімет  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  басты  құралы  екендігі 

күмәнсіз. Қазіргі таңда, e-Gov веб-порталына  8,5 млн-нан астам қолданушы тіркеліп, 2018 жылы 

30 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Электронды  жүйелердің  дамуы  қарқынды  жалғасуда.  Мысалы,  осы  уақытта 

қазақстандықтардың 64% интернет  желісіне шыға алатын смартфондар қолданады. Бірақ,  m-Gov 

мобильдік  қосымшасында  87  қызметтер  мен  сервистер  ғана  қолжетімді.  Осыған  байланысты, 

тиісті  құзыретті  органдармен  мобильдік  қосымшамен  веб  нұсқаны  синхрондау  жұмыстары 

жүргізіліп  жатыр.  Осымен  бірге,  1,3  млн  азамат  мобильдік  қосымшаның  қолданушысы  болып 

тіркелсе, 2018 жылы m-Gov қосымшасы арқылы 3,6 млн қызмет көрсетілген.  

Мысалы,  біздің  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  Мемлекеттік  корпорациясы»  КЕ  АҚ 

филиалдарында  өткен  өндірістік  тәжірибе  кезінде  алынған  мәліметтерге  сүйенсек,  2018  жылғы 

есептік  кезеңнің  қорытындысы  бойынша  Маңғыстау  облысы  бойынша  филиалдың  бөлімдері 

арқылы  1  377  536  мемлекеттік  қызмет  көрсетіліп,  соның  ішінде  электронды  нысанда  –  798  025 

құжат қолға берілді, бұл дегеніміз барлық көрсетілген қызметтің 58% құрап отыр.  

Ал,  аталмыш  есептік  кезеңде  Мемлекеттік  корпорацияның  Астана  қаласы  бойынша 

филиалына  қарасты  бөлімдері  арқылы  барлығы  2 949 029  мемлекеттік  қызмет  көрсетіліп,  оның 

ішінде  электронды  түрде  1 508 908  қызмет  көрсетілген,  ол  барлық  көрсетілген  қызметтің  51% 

құрайды. 

Қазақстандықтардың  64%  немесе  11,5  млн  азамат  интернет  желісіне  қолжетімді 

смартфондар қолданса, жоғарыда m-Gov қосымшасы арқылы көрсетілген қызметтер саны тым аз. 

Осы  мәселені  2019  жылдың  15  қаңтарындағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік 

корпорациясы»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының  төрағасы  Аблайхан  Оспановқа 

көтерген  болатын.  Қызметтерді  электронды  түрде  алуға  барлық  жағдайларды  жасап  жатырмыз. 

Алайда  сауалнама  жүргізгенде  азаматтар  өздерінің  ХҚКО-на  келіп  қызметтерді  алуы  ыңғайлы 

және түсінікті деп айтады. Олар осындай шешімге келіп отыр, - деп Оспанов жауап берді. 

Артынша,  Премьер-министр  осы  кедергілер  ақпараттық  түсіндірме  жұмыстарына  тікелей 

қатысты, олар e-Gov порталына кірген кезде көп мәселелер түсініксіз және азаматтардың ХҚКО-

тарына баруға мәжбүр болатындығын айтты. [4] 

Бұдан  бөлек,  «Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

2013 жылғы 15 сәуірдегі  № 88-V Заңы (бұдан  әрі  – Заң) 5 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына 

сәйкес,  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  алуы  кезінде 

оларға қажетті жағдайлар жасалынуы тиіс, делінген. [5] 

 

Ал, қазіргі таңда Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдерінде мүмкіндігі 



шектеулі  адамдар  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасалғанмен,  шартты  белгілер  арқылы  құлағы 

естімейтін 

адамдарға 

мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызметтер 

туралы 

түсіндіретін 

сурдоаудармашылар жоқтың қасы. Мұндай сурдоаудармашы мамандар тіпті штат санында мүлдем 

көзделмеген.  

 

Қазіргі таңда, саңырау немесе мылқау секілді мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар 



халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарына  жүгінген  жағдайда,  оларға  келесідей  жолдармен 

қызметтер көрсетіліп жатыр. 

 

Нақтырақ айтқанда, тиісті рұқсаты бар ХҚКО қызметкері арнайы компьютер арқылы 



Мемлекеттік  корпорациямен  келісімге  отырған  жеке  сурдоаударма  орталығының  маманымен 

онлайн  режимде  тілдеседі.  ХҚКО  қызметкерімен  айтылған  түсіндірмелер,  қызметті  алушыға 

арнайы маманмен монитор арқылы онлайн түсіндіріледі. 

Егер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету 

уақыты  –  20  (жиырма)  минут  екендігін  ескеретін  болсақ,  жоғарыда  көрсетілген  мүгедек  қызмет 

алушылармен  тілдесу  әдісінің  ұзақтығы,  стандарт  талаптарының  бұзылуына  жол  берілуі  әбден 

ықтимал. 



385 

 

Заңның  30-бабына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 



саласындағы  заңнамасын  бұзу  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген 

жауаптылыққа  әкеп  соғады,  делінген.  Осымен  бірге,  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы  5  шілдедегі  №  235-V  Кодексінің  465  бабына  сәйкес, 

рұқсат  құжаттарына  жатқызылған  мемлекеттік  қызметтердің  көрсетілу  мерзімін  бұзғаны  үшін 

20АЕК, тәртібі бұзылған үшін 30АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. [6] 

Дей  тұрғанмен,  кей  жағдайда  мемлекеттік  қызметтерді  көрсететін  уәкілетті  органдармен, 

яғни қызметті берушілермен мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері, тәртіптері бұзылып, 

негізсіз бас тартылу секілді заңбұзушылықтар орын алатындығы сөзсіз. 

Демек,  Мемлекеттік  корпорация  филиалдарының  бөлімдерінде  уәкілетті  мемлекеттік 

органдармен  заңбұзушылықтар  жасалған  жағдайда,  олардың  жауапкершіліктен  жалтаруына  жол 

беріліп қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін. 

Мұнымен  бірге,  өзекті  мәселе  ретінде  ХҚКО  қызметкерлерінің  жалақысының  аздығын 

(шамамен 60 мың теңге) айтуға болады. Осының салдарынан, ХҚКО-тарында қызмет  көрсететін 

операторлар  тұрақтамайды  және  қызмет  көрсету  сапасы  төмендейді.  Өйткені,  енді  жұмысына 

үйреніп келе жатырған маман жалақысының аздығынан оңай жұмысын ауыстырады және жаңадан 

қабылданған  қызметкерлер  қайтадан  қызмет  көрсету  мәселелерін  үйрену  керек  болады.  Бұл 

жағдайлар мемлекеттік қызметтердің көрсетілу үрдісіне тікелей әсерін тигізеді. 

Тұтастай  алғанда,  орын  алып  жатырған  кедергілерді  жоюға  бағытталған  шаралар 

қабылдануы тиіс және келесідей ұсыныстар қаралуы керек деп ойлаймыз. 

Баламалы  мемлекеттік  қызметтердің  веб-портал  арқылы  ғана  көрсетілуіне  бағытталған 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Халықтың  қызығушылығын  танытатын  және  электронды  қызметтердің  тартымдылығын 

көрсететін жаппай ақпараттық түсіндірме жұмыстарды жүргізу. Оның ішінде әлеуметтік желілер 

арқылы  (what’s  app,  Instagram,  Facebook)  электронды  қызметтерді  алудың  тиімділігін 

насихаттайтын видео, аудио және суреттерді кеңінен тарату

ХҚҚО-тарында интернет желісі арқылы құлағы естімейтін адамдарға онлайн сурдоаударма 

сайттарын қолдану мүмкіндіктерін қарастыру; 

Мемлекеттік  корпорация  және  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері    және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан  әрі  – Агенттік) арасында келісім немесе 

меморандумға  отыру  арқылы,  Мемлекеттік  корпорация  бөлімдері  қызмет  көрсететін  уәкілетті 

органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызмет  саласы бойынша заңбұзушылық анықтаған 

жағдайда,  дереу  түрде  Агенттіктің  аумақтық  департаменттеріне  жазбаша  жүгіну  және  тиісті 

шаралардың қабылдануы бойынша жұмыстарды атқару

Факторлық  баллдық  шкала  тәжірибесінің  негізінде,  Мемлекеттік  корпорацияның  қызмет 

көрсететін мамандарының жалақысын көтеру мәселесін қарау. 

Ендеше,  көріп  отырғанымыздай  мемлекеттік  қызметтердің  көрсетілу  үдерісінде  және 

сапасына  қатысты  бірқатар  шешілмеген  мәселелер  мен  кедергілер  орын  алған.  Қазіргі  таңда,  біз 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  мейлінше  электронды  форматқа  көшіру  сатысындамыз. 

Әлбетте,  мұның  бәрі  халықтың  игілігі  үшін  жасалынып  жатырған  мемлекеттік  саясат. 

Цифрландыру  нәтижелерінен  бәлкім  болашақта  ХҚКО  қызметі  мүлдем  қажет  болмауы  мүмкін, 

біздің ел сол цифрландыру бағытында жүріп келе жатыр. Осыған орай, әрбір азамат, оның ішінде 

қызмет  көрсететін  қызметшілер  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  маңыздылығын 

толыққанды  түсінуі  тиіс.  Өйткені,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  сапасы  –  мемлекеттің 

даму деңгейінің айнасы ретінде, қызметтердің көрсетілу сапасына қарай мемлекеттің даму деңгейі 

бағаланады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Мемлекет  басшысының  2018  жылғы  5  қазандағы  «Қазақстандықтардың  әл-

ауқатының  өсуі:  табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру»,  2018  жылғы  10  қаңтардағы  «Төртінші 

өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  және  2017  жылғы  31 

қаңтардағы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаулары; 




386 

 

2. 



«Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы  5 

шілдедегі № 235-V Кодексі; 

3. 

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2013 



жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы; 

4. 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы отырысы жөніндегі 

жарияланым/ 

https://forbes.kz/process/internet/90_gosuslug_v_kazahstane_v_blijayshie_2_goda_stanut_dostupnyi_onl

ayn/ 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет