Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет44/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   218
ӘОЖ 008(091) 

 

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ – ҚАШАҒАН ЖЫРАУ МҰРАСЫ 

 

Мұхаммет А. 



Ғылыми жетекшісі: Тоқбаева Л. 

Ш. Есенова атындағы КМТИУ, Қазақстан 

 

Андатпа. Қазақ әдебиетінің біртуар тұлғасы – Қашаған Күржіманұлының жыраулық өнері 

баяндалып,  оның  жырларындағы  халықтың  мұң-мұқтажын  жырлауы,  сондай-ақ  байлар  мен  сұм-

сұрқия  адамдардың  жаман  қасиеттерін  сынауы  қарастырылған.  Қашағанның  қазақ  әдебиетіндегі 

алар орны, артына қалдырған мол мәдени мұрасы бейнеленген. 



Түйінді сөздер: жырау, рухани мұра, Маңғыстау, ақын, туынды. 

 

Жыр дегенде жаны бөлек қазақпыз ғой!  Жырау- өз жанынан жыр шығарып айтатын және 



эпикалық  дастандармен  тоғауларды  орындайтын  халық  поэзиясының  өкілі.  Дәстүрлі  қазақ 

қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі,қоғамдық пікір  қалыптастыратын қайраткер рөлін 

атқарады. Хандар мен ел билеуші тұлғалар, тіптен бай шонжарлар олардың пікірлерімен санасып 

дау-жанжалдарын  төреліктеріне  салатын  болған.  Жыраулар  жаугершілік  заманда  жорықтарға 

қатысып,ел  қорғау  азаматтық  тақырыптарға  арналған  өлең-жырларын  жеткізіп  отырған. 

Туындылары  адам  көңілін  дөп  басар  әсерлілігімен,  жаудың  оғындай  өткірлігімен,  аз  сөзге  көп 

мағына  сыйғызған  нақтылығымен,  қыйынан  қыйыстырған  көркемділігімен  қуатты  семсердей 

сөздерімен  ерекшеленеді.  Жыраулық  қызмет  көшпелілер  арасында  ежелгі    сақ,ғұн  дәуірлерінен 

бастап жоғары бағаланған. Қазақ әдебиетінде де алатын орны ерекше жыраулар кезеңі қазірде өте 

үлкен аумақты алып жатыр.  

Жыраулардың  бір-бірінен  айырмашылығы  киде  олардың  шығармашылғындағы  көркемдік 

болса,кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады.Ал көркемдік 

пен  ойды  ұшытастыра  білген  адамға  халқымыз  жырау  деген  мәртебені  берген.  Халықтың 

жүрегімен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын мен жыраулардың ой-өрісінде жататыныда 

мәләм. Оған шеттен мысал іздемей ақ қазақ әдебиетінің бір туар тұлғасы Қашаған Күржіманұлын 

тілге  тиек  ете  аламыз.  Қашаған  жырауда  ойшыл  қасиетімен  халқынының  санасында  ұзақ  өмір 

сүріп келе жатыр. Осылайша қазақтың рухани кеңістігін байытып келеді.  

Қашаған  Күржіманұлы  (1841жылы  Түрікменстан  Республикасы  Ташховуз  облысы 

Мырзабасы ауылында қаңтардың  7-ші жұлдызында) дүнеге келеді. 

Атам бір қайтты дүниеден, Бес жаста жетім қалдырды,Басыма қайғы салдырды. Анам көрді 

жесірлік,  Өзім  көрдім  жетімдік.  Сүйтіп  басым  қаңғырды-  деп  жырлаған  ақынның  жастайынан 

тағдырдың соқпақ жолы сергелдеңге салғандығын аңғартады. 

Өмір  өгейсіткенімен,өлеңі  тыңдаған  құлақтың  құрышын  қандырған  ақынның  әдемі 

жырлары  жүре  келе  көпшілік  жиналған  жерде  елдің  қуанышына  айналып,  халықтың  құрметіне 

бөленді. 



88 

 

Он төрт жасқа келгенде.Балалықты тастадым. Он бес жасқа келгенде , Таяқ алып қолыма, 



Қойымның  түстім  жолына,  Табанға  шырақ  байладым,Жұмысқа  басты  сайладым.  Орынбор  деген 

қалаға, Сергей деген көпестің Серкелі қойын айдадым.  

Қашаған  ақын  өз  өмірінен  жырлаған  екен.  15-16    жасында  ағасы  Сәрсенбай  үйімен 

Атырауға келеді. Бала қиялдың жастығына қарамастан 16-17 жасынан ақын атанады. Ол қазақтың 

ұшқан құстың қанаты талып,  жүгірген  аңның тұяғы талатын кең байтақ  жерлерлін аралап ақын-

жаушылармен  кездесудіде  тым  ерте  бастап  кеткен  болатын.      Абыл  мен  Махамбеттер 

қалыптастырған дәстүрлі нәрлі өнегесіне қаныға, оны іргелі дамытқан әйгілі ақын. Оның жырлары 

Қазақстанға  ғана  емес,  Орта  Азия  республикаларына  Иран,    Ауғанстан,    Түркиядағы  қазақтар 

арасында  кең  тараған.    Қазақ  әдебиетінің  трихында  асқан  талантымен  аты  қалған  Қашаған 

Күржіманұлының  өмір-мектебі    тереңінен  толғап,  алыстан  барлап,оқылып  жазылатын  тарих. 

Табиғат берген дарынның арқасында жыр дүлділі атанған дарабоз ақынның соңында қалған асыл 

дүниелері  жақсылармен  жайсаңдар,  зерделілер  мен  зейінділілер,    білгірлер  мен  білімділер  бас 

қосқан жерлерде талдануға түсіп мақтауға тұратын салмақты, мұхит астындағы асыл тастар сынды 

өтте құнды шығармалар. 

Айтулы жыраудың басына қонған бағы-өнерімен қалай серік болғандығы туралы жыршы, 

немере інісі Шәдімен  Үсенбаев   өз     естелігінен  былай    деді:  «Жаз. Шілде. Өкшесі  ойылып, 

табаны  сойылып,  мал  соңында  азап  шегіп,  арып-ашқан  Қашаған  бала  таяғын  жерге  шаншып, 

шапанын күрке етіп жата қалса, көзі ілініп кетеді. Түс көреді . Түсінде бір қара кісі келіп, баланың 

қолынан  тартып  тұрғызып:  «Дорбалап  аласың  ба,  қапшықтап  аласың    ба?»  деп  сұрайды. 

«Бергеніңді  аламын»    дейді.  Қашағанға  жырдың  бағы  осылай  қонған  екен.  Осылайша  атақты 

жырау өз жырларын кезегінше жалғасытырып, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алды.   

Менің  атым  Қашаған,  Тәңірім  артық  жасаған.  Адай  түгіл  Алшынның,Алшын  түгіл 

Алаштың,Айтқышы едім қашанан.  

Ақын-жырауларымыз  халық  қазынасы  болғандықтан,  оның    ерекшелігі  де  сол,  халықпен 

бірге  қайнаған  өмірдің  ортасында  жүреді,  сол  арқылы  халықтың  мұң-мұқтажын  жырлайды.  

Қашаған  ақынның  сын  семсеріне  ілінгендер  тек  байлар  ғана  емес,  қулықпен  сұмдық  ойлап 

тұратын  дүмше  молдалар  мен  даңғой  атқамінерлер,  саудагерлер,  әділетсіз  билер.  Ақынның 

негізінен   «Қуңданған қу бисен»,  « Мұстахқа»,   «Домбыраның қақпағы»,  «Сараң сұпыға»  дейтін 

өлеңдері  де  сараңдықпен  суайттық  сияқты  адам  бойындағы  сыйықсыз  мінездерді  сынауға 

арналған әзіл аралас, шындығы бар өлеңнің астарында өте үлкен мән бар.   

Қашағанның  Есқали  сұпыға  айтқаны:  Қашаған  ақынмен  Құрманғазы  күйші  қыстың  бір 

суық  күнінде  Каспий  теңізінің  терістік  шығысындағы  Елпілдекті  деген  аралда  отырған  ауылға 

келді. Күн кешкіріп қалған соң, осы ауылға қонбақ болды. Әуелі малшы жігіттерге кезікті. Олар: 

«Осы бір қонақжай үй»,- деп Есқали сұпынікін сілтейді. Сұпы үйінің шық берместігін білетін олар 

қонақтардың  бірі  Қашаған екендігін сезіп, Есқалиді  бір жерлеттіруді  ойласа керек. Атын байлап 

үйге беттеген Қашағандарды Есқалидің мал қоралап жүрген келіні мен баласы: 

Қонаққа  тіккен  үйіміз  жоқ,  өзіміз  малымызды  күте  алмай  жатырмыз,-  деп  кез-кезтеп 

кіргізбейді. Қашаған сүрініп кетіп, қарға жығылып құлайды. 

Сонда: 

Жаз болса, мен осы үйге қонбас едім, 

Өлеңім, он төрт жастан жолдас едің. 

Бай, сұпы, хан – кәкімнен ығар болсаң, 

Сен өлең мен Қашаған болмас едім. 

Осы үйге қона алмасам маған сын, 

Сұпыны күте алмасаң саған сын. - деп далада омбы қардың үстінде домбырасын алып, сұпы 

келіннің әлсіздігін жерлей жөнелді.  

Бәйге алдым талай жерде шабыспенен, 

Қашаннан күнім кешті жарыспенен. 

Несібе осылайша жаралған соң

Жақынды араладым алыспенен. 

Құдайдан қорыққан пенде қондырар деп, 

Мен келдім сұпы деген дыбыспенен.  

 



89 

 

Келіншегін  бет  каратпастай  еткенінен  сескенген  Сұпының  баласы  артық  тұрақ  мал 



жемдейтін  тұрақ  үйге  кіргізді.  Олар  оған  отырмай  Есқалидің  өз  үйіне  кірді.  Есқали  қонаққа 

амандаспастан  намазға  кірісе  береді.  Осы  кезде  Сұпының  кішкене  немересі  Қашағанның 

домбырасын даңғылдатып жібереді. Сол сәттте Есқали Қашағанға меңзеп: 

Бейқасиет көргенсіз, бұл үй домбыра тартып,өлең айтуға тігілген жын шайтанның  үйі ме 

еді. Құдайдың үйі еді ғой. «Ит еріткен қонақ жараспайды» дегендей шайтанның қу ағашы бұл үйге 

қайдан  келді?-деп  жекіреді  .  Осы  кезде  Есқалидікіне  бағанағы  малшы  жігіттер  мен  олардан  

«Қашағандар келді» дегенді естіген ауыл адамдары жиналып қалады. 

Надан  ,  сараң  сұпының  қылығы  кектендірген  Қашаған  домбыраны  қолына  алып  бар 

жауһарын  төге  жөнеледі:  Жақсылар  келдің  жиналып,  Қашаған  ақын  келді  деп,кеудесі  мұң  кеңді 

деп, Кеңес берер енді деп. Сендерге кеңес беруге, Отырған жоқпын сыйланып. Нәресте-сәби бала 

емен,Жасы  жеткен  шал  емен,  Шығып  жүре  беруге.  Отырмын  өзім  иба  ғып.  Сұпыекең  мені  жек 

көрді,  Сұпының  сөзін  тік  көрдім.Ел  аралап  жүргенде.Сендей-сендей  монтаны  Сұпыларды  көп 

көрдім.-деп жырлап өзнің сурып салма өлең  жолдарымен халықтың алдында әділетсіз сұпыға өз 

жауабын берді. 

Жаңаға  жанашыр,  жаңашырлықта  жасмпаздық  таныта  алатын  адам  шеберлікке  өнерге 

бейім  болады.  Жаңа  көзқарасқа  деген  сезімталдық-ойдың  өтімділігімен  жауапкершіліктің, 

нәтижелі  іс  әрекеттің  үйлесуі,  ал  оны  үйлестіре  білген  ойларды  ұштастырып  адам  жанын  түсіне 

білген адам ғана ел үшін еңкие алады. Жалшы отбасынба дүниеге келген Қашаған заман сырын 

сезіне  алды,  халық  келешегіне  сенді,  әйел  ананың  қоғамдағы  рөлін  түсінді,  заманның  мәңгі  

дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін тісіне білді. Ол сонымен қоса шариғат ережелерін мол білді. 

Ақынның аты бүгінде бүкіл әлемде, себебі оның есімі мұнай мен газ алып кен орынына берілді. 

Қашаған  мұнай  газ  кен  орыны  әлемде  соңғы  40  жыл  ішінде  ашылған  ең  ірі  кен  орын  болып 

табылады. 

Ілияс  ақын  «Қашаған  –жүйрік  жырау  елдің  тілі»  деп  бекер  айтпаған.  Қашаған 

Күржіманұлы-өз кезіңінің белді, заманының әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты 

өткір  сөзді  ақын.  Ол  1929  жылы  Мңғыстау  түбегіндегі  Қырықкез  деген  жерде  қаза  тапты.  2011 

жылы Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толды. Осыған орай Маңғыстау  облысында 

Қазақстан  Респбликасын  толықтай  қамтитын  іс-шара  ұйымдастырды.    1991  жылы  ақының 

туғанына  150  жыл  толуына  орай  Маңғыстау  халқы  айқын  бейнетіне  сәулетті  күмбез-кесене 

орнатылды.  Өзі өмірден өткенімен есімі мен жырлары мәңгі тарихтын сахнасында өз құдыретін 

жоймақ емес. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы 1997 ж.  

2. Қазақтың шешендік өнері, Жыраулар таририхы. 2018 жыл. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет