Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет93/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218
Түйінді сөздер: жаһандану, зиялы ұлт, әлем, тіл, қазақтану. 

 

Қазіргі  әлемнің  табиғаты  мен  әлем  дамуының  болашақ  бағдарлары  туралы  мәселе 



көтерілгенде    көптеген  белгілі  де  беделді    саясаттанушылар  ең  алдымен  жаһандануды  ауызға 

алады,  соны  талдайды.  Бұл  ғасырлар  тоғысындағы  ең  бір  көп  талқыланған,  сонымен  бірге  әліде 

болса  ең  жеткіліксіз,  зерттелген,  барлық  құпия  қырлары  ашылмаған  беймәлімдеу,  күрделі 

құбылыс.  

Әзірге  ең  бір  басты  қорытынды    –  түптеп  келгенде,    қазіргі  әлемдегі  оқиғалар  үрдісі  мен 

дамуы  бүкіл  Жер  шарын  қамтитын  жаһандану  процесімен  сипатталады.  Жаһандану  процесін, 

табиғаты  мен  барысын  түсіну  әлем  елдеріне  оның  табиғаты  мен  объективті  даму  үрдістеріне 



199 

 

сәйкес  даму  стратегияларын  белгілеуге  мүмкіндік  береді.  Ал  бұны  анықтау  оңай  іс  емес.  Бұл 



жердегі ең басты және күрделі мәселе – жаһанданудан туатын байланыстар мен басымдықтармен 

қатар  олардың қызметі нәтижесінде түзілетін барлық салдар мен себептерді көру, анықтау және 

тану жөнінен қиында күрделі санаткерлік істерді жүзеге асыру жауапкершілігі [1]. 

Жаһандану  деп  аталатын    әлемдік    саяси-әлеуметтік,  экономикалық-қаржылық, 

экологиялық,  миграциялық-демографиялық  сан-салалы    құбылыс  бүкіл  адамзат  үшін  үлкен  сын. 

Оның  біліктілігі  мен  біліміне,  қоғам  дамуының    табиғатын,  заңдылықтарын  білуіне,  талап-

таңдауына  төтенше  жауапкершілік  қойып  тұр.    Жаһандану  үдерісінің  әлемдік  алпауыт  –  «үлкен 

сегіздік»,  «ірі  20» деп сұрыпталған, әлемдік саясат пен экономиканың ерекше әлуетті елдерінен  

гөрі      Қазақстан  тұрпаттас  жас  мемлекеттер  үшін  экономикалық-саяси  қатері  бар  екенін  бір  сәт 

естен  шығаруға  болмайды.  Ол,  ең  алдымен  жаһандану,  экономикалық  интернационализация 

процестерінің  ұлттық  мемлекеттердің  бүкіл  болмыс-тіршілігіне  түсірер  салмағының  күрделеніп, 

ұлттық терең мүдделер, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бұрын соңды болмаған жаңа  міндеттерді 

қоюына байланысты.  

Руханият  саласындағы  проблемалар  туралы  айтқанда  ең  алдымен  ел  азаматтарының, 

әсіресе,  жастардың    бүкіл  рухани  дамуымыздың  экономикалық-қаржылық,  ұйымдық-құқықтық 

тұрғыдан  басты  тірегі һәм кепілі ұлттық мемлекетті нығайту, оның тәуелсіздігін бекемдеу екенін 

түсінуі [2]. 

Бұл  реттегі  мәселенің  күрделілігі  мен  маңыздылығы    халықаралық  аренадағы  мына  бір 

жағдайғалардан туатындығына назар аударуды қажет деп есептейміз.  Қазіргі жаһандану, жаңару  

және мүдделер тайталасы мен қайшылығы жағдайындағы әр ұлттық мемлекеттің алдында тұрған 

күрделі міндет –  өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін, тұтастығын, экономикалық дербестігін, ұлттық 

өзіне-өзі  сәйкестігін    сақтап  қалу.  Әлемдік  алпауыт,  дүние  елдерінің  экономикалық  қуатын,    

адамдық,  интеллектуалдық    ресурстарын    өз  мүдде-мақсатына  еркін  билеп-төстеген 

транснационалдық  компаниялардың,  көптеген  әлеуетті  халықаралық  ұйымдардың  саясаты  мен 

нақты  іс-әрекеттері  көп  ретте  жеке  мемлекеттердің  ұлттық  мүделеріне  қайшы  келетіні  –  

әлмасақтан  белгілі  саясат.  Бұл  құбылыс  кейінгі  кезеңде  тіпті  ерекше  бой  көрсете  бастады. 

Жаһандану тереңдеген,  әлемдік саяси кеңістікті жайлаған сайын осы уақытқа дейін халықаралық 

мемлекетаралық  қатынастарда  сонау  17  ғасырда  Вестфаль  шартынан  кейін  мойындалған, 

танылған  құндылықтар  тарих  сахнасына  енді  ғана  шыққан  көптеген  жас  мемлекеттер  табиғаты 

мен  ауқымын  енді  танып-түсініп,  өздеріне  мұрат  етіп  ұмтылып  оырған  мемлекеттік-ұлттық 

егемендік  мәселесінің  өзі  терең  дағдарысқа  түсіп,    оған  үлкен  қатер  төніп  отырғандығына  әлем 

ғалымдары,  ұлттық  интеллигенция,  саясаткерлер,  дипломаттар  алаңдаушылық  білдіруде.  Олар 

жаһандану  процесін  әлемдік  игілік,  жатымды  құндылық  деп  бір  жақты  бағалаудан  бас  тарта 

бастады.  Өйткені,  жаһандану  мен  халықаралық  байланыстардың  дамуы  әлеуметтік  және  билік 

институттарын  уақыттық-кеңістік тұрғыдан  трансформациялануына  түбегейлі  әсер  етіп,  биліктің 

құрлықаралық  және  аймақаралық  жаңа  нысандарын  қалыптастыруда.  Дәл  осы  үрдіс  ұлттық 

мемлекеттер  болашағына  қауіп  төндіруде.  Осылайша,  формальді  түрде  халықаралық 

қатынастардың базалық бірлігі болып табылатын ұлт-мемлекет институты жаһандану қысымынан 

трансформацияға  түсіп,  мемлекеттердің  ішкі  істеріне  араласпауға  болмайтындығы,  оның  ұлттық 

егемендік деп аталатын мойындалған, танылған қағидатты бұзатындығы туралы дәстүрлі көзқарас 

уақыт өткен сайын көмескеленіп, ал іс жүзінде едәуір ыдырауға түсуде. Және мұндай құбылыстар 

мен  көзқарастардың    институционалдық  факторы,  дем  берушісі  болып  әмбебап  халықаралық 

ұйымдар,  мемлекеттен  үстем  юрисдикциялар,  әртүрлі  халықаралық  режимдер,  болып  табылады 

[1]. 


Жаһандану  үдерісінің  басты  теоретиктерінің  әрі  дем  берушілерінің  бірі  –  АҚШ-ның 

Гарвард  университетінің  профессоры  К.Омае  бастаған  бір  топ  ғалымдар  ұлттық  мемлекеттің 

адамзат  қауымдастығының  бастауыш  экономикалық  және  саяси  бірлігі,  негізі  ретіндегі 

ұстанымдардың күні өткендігі, тіпті олардың саяси тарихының ақыры таянғандығы туралы пікірді 

ашық  айта  бастады.  Олар  өз  ұстанымдарын  дәлелдеу  үшін  ұлттық  мемлекеттердің  қазіргі 

заманның  сындарына  жауап  беруде  бой  көрсетіп  отырған  әлсіздігін  баса  көрсетіп,  ұлттық 

мемлекеттер  келешекте  өзінің  мәртебелік  құқықтарынан  кейбір  әлеуетті  халықаралық 

ұйымдардың  пайдасына  бас  тартады  дегенді  айтады.  Қысқасы  бұның  барлығы,  түптеп  келгенде 




200 

 

ұлттық  мемлкеттер  эволюцияға  түсіп,  жаһандану  жағдайындағы  саяси  тәртіпке  сай  келетін, 



егемендік  құқықтары  тежелген,  сыртқы  күштер  бүкіл  тіршілігін  бағыттайтын  ұйым  болады, 

олардың  «мемлекет-ұлт»  деген  табиғаты,  сапалық  белгісі  көмескіленіп,  жойыла  бастайды  деген 

болжамды негіздеуге ұмтылған.  

 Мұның  бәрі,  Қазақстан  мемлекетінің,  қазақ  халқының  ұлттық  мүдделеріне  де  қайшы 

келетін ұғымдар.  

Осындай халықаралық идеологиялық, танымдық  ахуалда не істемек керек? Қандай әрекет 

қажет?  Халықаралық  деңгейдегі  позицияны  нығайтудың  негізі    –  елдің  ішкі  саясатында,  оның 

бірлігі  мен  тұтастығында,  елдің  экономикалық-әлеуметтік,  рухани-мәдени  салаларындағы 

кадрлардың  сапасында.    Жаһандану  кезеңдегі  бәсеке,  жаңа  технологиялар  мен  өнім  өткізу  үшін 

күрес  –  кадрлардың  мүлде  жаңа  тұрпатты  ұрпағын  қажет  ететінін  түсіну  керек.  Президент 

Н.Назарбаев жастармен кездесуінде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру міндетін қойды [1]. 

Қазақстанның  қазіргі  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  елдер  қатарында  сап  түзеуінің,  жаңару 

үдерісіндегі    ең  бір  күрделі  міндеттерді  шешудің  сапасы  мен  қарқыны    еліміздің  рухани 

саласындағы  ахуалға,  оның  жалпы  қоғам  дамуындағы  күрделі  проблемаларды  шешуімен  бір 

арнада,  бір  мақсатта  дамуына  байланысты.  Рухани  саланың  нығайтудың,  оның  сапасы  мен 

беріктігінің іргетасы  –  адам, адамның әлеуеті. Өйткені адам, оның білімі, мәдениеті, көзқарасы 

мен дүниетанымының  өзі өмір сүрген қоғаммен етене бітісіп, соған сәйкес, барабар, тахылеттес 

болуы,  сол  қоғамның  мазмұн-мәнін  құраушы,  жасампаз  күшке  айналуы  –    әр  қоғамның  биік 

мұраты, ал қолы жетсе басты игілігі. 

 

Жаһандану  заманындағы  қоғамдық  қатынастардың  күрделеніп,  ақпараттық  тасқындардың 



алапат  сипат  алып,  адамның  осынау  күрделі  уақыттың  қатері  мен  сынында  сол  дүниенің  бір 

кішкентай  тетік-қиыршығына  айналып  кетпей,  өз  орнын  табуы  –  күрделі  мәселе.  Және  дәл  осы 

мәселе қашаннан да  ойшылдарды ғасырлар бойы толғантқан, жанын күйзелткен. 

Басқаларды  -  әлемдік    ойшылдырды  былай  қойғанда,  ұлттық  қасиеттіміз,  болашақ 

заманның күрделілігін, қайшылықтылығын, ауыртпалығын әлемдік деңгейдегі  бір ақыл иесіндей 

сезіп, қабырғасы қайысқан Абай данышпан:  «Заман қалыбында тұрмайды, Біреу малды ұрлайды, 

Біреу  басты  қорлайды,…  Болмаған  зоң  Жылауына  зорлайды»  дей  келе,        ойшылдың    ХХ 

ғасырдың  басында-ақ  (1902  ж.)  «Заман,  шаруа,  мінез  күнде  өзгереді»  деген  болжам-тұжырымы 

бүгінде жаңа дәуірдің басты шындығына айналып отыр [3]. 

Адам қай қоғамда да негізгі  жасампаздық күш. Ал Қазақстан тұрпаттас  жас мемлекеттер 

үшін бұл төтенше маңызды категория. Қазақстан өзін-өзі  тәуелсіз мемлекет деп жариялаған соң 

біз қоғам мен адам дамуын  өзі дербес анықтайтын  – яғни өз тағдырын өз шекарасы  шеңберінде 

өзі  шешетін іргелі ел  дәрежесіне жеттік. Бұның барлығы тәуелсіз Қазақстандағы адам факторына,  

адамның  ел  дамуындағы  орны  мен  рөліне,  олардың  мазмұны  мен  даму  үрдістерін  анықтайтын 

құндылықтарды  мүлдем  жаңаша  бағалап,  пайымдауды  қажет  етеді.  Бұл  жердегі  ең  бір  назарда 

болатын мәселе –  адам факторы, адам капиталы деген сөздердің тағыда насихаттық қызыл сөзге 

айналмай,  қоғам  дамуының  терең  қажеттері  және  ел,  ұлт  мүддесі  тұрғысынан  пайымдалып, 

танылуында  жатыр.  Адам  –  тәуелсіз  Қазақстан  дамуының,  толысуының  сенімді  факторына 

айналуы үшін алдымен  оның төл проблемаларын шешуді пайымдап, саралап, түсініп, содан кейін  

мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қуатының бүкіл әлеует- мүмкіндігімен шешу керек.  Адам 

факторының  мазмұнын  құрап,  оның  қоғам  игілігіне  қажетті  әлеуетін    ашар  құндылықтар,  біздің 

пайымдауымызша,    оның  білімі,  дүниетанымы,  өмірлік  ұстанымдары,  ең  алдымен  өзін  сол 

қоғамның иесі, жасампаз күші ретінде сезініп, алдыңғы ұрпақтан мұра болып жеткен дәстүрлерді, 

тәрбиелік, рухани құндылықтарды бойына сіңіре отырып, өз бойындағы жасампаздық қуатты ұлт, 

ел игілігіне жұмсауының сапасы деп түсінген жөн.         

Еліміздегі қазіргі кезеңдегі   адам, оның білімі мен мәдениеті   проблемалары  төңірегіндеі  

ойланған кезде  кезде біз ең алдымен адамның қазіргі  бүкіл  болмыс-табиғатын, сипатын  ашатын, 

оған  әсер  ететін  өзекті  құбылыстарды,    тенденцияларды,  жинақтаушы,  басым  бағыттарды  ғана 

емес, сонымен бірге  басты қатерлерді ашуға ұмтылуға тиіспіз. Өйткені, қазіргі жаңарған әлем тек 

ғылым  мен  техниканың  жетістіктері  әкелген  игілікті,  гуманистік  қазына-құндылықтардан    ғана 

тұрмайды.  Ол,  сонымен  бірге,    әлемге  сол  ғылым  мен  техниканың  табысы  әкелген  және  жеке  



201 

 

пенде    мен  саясаткерлердің,  тіпті  қайсібір  мәселелерде    бүкіл  мемлекеттің  эгоистік  пиғылы  мен 



мүддесінен туған ондаған қатерлер мен қауіптердің де нақтылы бой көрсетуімен сипатталады [4].        

Біз  бәсекеге  қабілетті  отыз  елдің  қатарында  сап  түзегіміз  келеді.  Ол  мәртебелі  мақсат. 

Мақтануға, бағалауаға тұрарлық ұмтылыс. Бірақ оның үлкен еңбекпен, әсіресе, білім саласындағы 

үлкен серпін, сапалық түлеумен келетінін пайымдай бермейміз. Белгілі саясаткердің сөзін өзгертіп 

айтқанда,  қазіргі  заманғы  индустриалды-технологиялық  және  ақпараттық  капитализмнің  ішіп-

жемге  толы  нарық  дастарханындағы  табысты,    жайлы  де  мәртебелі  орынан  бізге  ешкімде 

мүсіркеп,  ығысып  төр  бермесі  анық.  Оны  тек  бәсекемен,  интелектуалдық  жанталаспен,  кемел 

біліммен,  технологиялық  шеберлікпен,  дәл  экономикалық  есеппен    ғана  алуға  болады.  Және 

бәрінің кілті – білі мен ғылымда жатыр. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан дамуындағы  білім саласының 

рөлі елдің алдындағы күрделі міндеттерден туындайды. Бүгінгі әлемдегі білімнің экономика мен 

қоғамның  жаңа  сапасын  қалыптасырудың  маңызды  факторы  ретіндегі  маңызының  артуы  адам 

капиталының артуына байланысты  екендігі белгілі.  

Ал  адам  капиталын  нығайтудың  басты    тетігі    білім  парадигмасын  өзгертудің  негізінде 

жатыр. Жаңа парадигмаларды қалыптастырудан  туатын проблемалар жеткілікті.  

Еліміздегі  білім  сапасының  нашарлығынан  жастар  шет  елдерде  оқуға  ұмтылуда.  Бүгінде 

еліміз бойынша көптеген жастарымыз шетелдерде оқуда.  

Бұл  айтылған мәселер келешекте еліміздегі білім беру жүйесіндегі қазіргі ахуалды,  ондағы 

педагогикалық  кадрлардың  сапасы  мәселесін    еліміздегі  инновациялық-индустриялдық  дамудың 

стратегиясына сәйкес қайта сын көзімен қарап, оның даму бағыттарын  нақтылауды қажет етеді.  

 Еліміздің  рухани  саласын  нығайтудағы  мемлекетттік  тілдің  мол  мүмкіндгі  туралы  айту 

қажет.  Бұл  күндері  елімізде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  негізгі  нысанасы  елімізде 

этносаралық,  жалпы  қоғамдық  татулық  пен  келісімді  нығайтудың  институттарын  нығайту.  Сол 

институттардың    ішіндегі  ең  бір  әлеуеті  мен  мүмкіндігі    молы  әрі  рухани-мәдени,  әлеуметттік-

саяси  кеңістіктегі  ауқым  –мазмұндылығы  жағынан  ең  бір  әлеуеттісі  мемлекеттік  тіл.  

Мемлекетттік  тіл  –  Қазақстандағы    барлық  этностарды  топтастырудың  факторы,  ұлтаралық 

қатынастың аса маңызды құралы. 

Мемлекеттік  тілдің    Қазақстандағы  біріктірушілік,    топтастырушылық,  ықпалдылық, 

жасампаздық,  ұлтаралық  қатынастың  құралы  рөлін  нығайту  -  өміршең,  маңызды,  әрі  көпсалалы, 

көпқырлы  проблема.    Ол  Қазақстан  мемлекеттігін  нығайтудың,  оның  бәсекеге  қабілеттілігінің, 

қала  берді  ұлттық  қауіпсіздігінің  де  аса  маңызды  құрамдас  бөлімі.  Мемлекеттік  тіл  Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік сәйкестігінің (идентичность) де аса маңызды талабы екендігіне біз 

кейде тиісті мән бермейміз. Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 

мамырдағы өкімімен бекіген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру 

тұжырымдамасында»  -  «мемлекеттік  сәйкестіктің  аса  маңызды  белгісі    -–  мемлекеттің  тілдің 

болуы және тіл саясатында белгілі бір басымдықтарға еру» деп атап  көрсетілген болатын [3].          

Егер «Тіл туралы» Заңда және басқа да заңнамалық актілерде жинақталған принциптер мен 

нормаларды,  бүгінгі  қоғамдық  қатынастардағы    үдерістерді,  білім  мен  мәдениет  саласындағы  

ахуалды саралай келе мынадай нақты қорытынды жасауға болады –  қазіргі кезеңде  мемлекеттік 

тіл  этносаралық  (ұлтаралық)  қатынастың  аса  маңызды  құралы.    Бұл  қорытындыны  былайша  

дәлелдейміз.     

Біріншіден, 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясының 

7-бабында 

нақты  


көрсетілгендей – Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ол Қазақстан мемлекеті 

мен  қоғамының,  этностардың  тіршілігін  анықтап,  елдің  бүкіл  аумағында,  қоғамдық 

қатынастардың  барлық  саласында:  экономикада,  әлеуметтік-рухани  салада,  қорғаныс  ісінде, 

мемлекеттік басқаруда, бұқаралық басқару құралдарында қызмет істейді. 

Екіншіден,    мемлекеттік  тіл  Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  болып  табылатын 

мемлекет құраушы ұлттың тілі. 2009 жылғы Жалпы ұлттық халық санағының аладын ала белгілі 

болған,  толық  емес  деректері  бойынша  қазақтар  қазірдің  өзінде  еліміз  халқының  67  пайыздан 

астамын құрайды.     

Үшіншіден, мемлекеттік тіл  бүгінде Қазақстан халқы санында   едәуір үлесі бар, яғни   бір 

жарым  миллионнан  астам  ел  азаматтарын  құрайтын,    түркі-қыпшақ  тілдері  тобына      жататын 

өзбек,  татар,  ұйғыр,  әзірбайжан,  түрік,  қарашай,  башқұрт  этностарының  тілімен  туыстас,  етене  



202 

 

жақын,  ортақ  заңдылықтары    мен  ережелері  бар,  олардың  толық  игеріп,  меңгеріп,  білуіне 



ыңғайлы, олардың көбі қазірдің өзінде жақсы білетін, тіл. Елімізде 360 мыңдай өзбек, 270 мыңдай  

татар мен ұйғыр, 80 мыңға жуық әзірбайжан, ондаған мың башқұрт, түрік, қырғыз, қарашай, ноғай 

этностарының  өкілдері  тұрады.  Олар  үшін  қазақ  тілі  баяғыдан-ақ  мемлекетқұраушы,  байырғы 

қазақ жерінің иесі қазақтармен де, сондай-ақ  өздері де бір-бірімен, күнделікті тіршілік пен адами 

өзара  сөйлесу-араласудың,  ондаған  жылдар  бойы  сыннан  өткен  шынайы  туысқандықтың, 

тамырластықтың, достықтың тілі  болғандығы - өмір шындығы, олардың ортақ игілігі.  

 Төртіншіден, қазақ тілінде сөздердің  айтылуы мен жазылуының арасында айырмашылық 

жоқтың қасы. Біз қалай сөйлесек солай жасамыз. Бұл мемлекеттік тілді өзге этностар өкілдерінің 

үшін игеруіне қолайлы болып табылады.  Қазақ тілінде диалектінің болымсыздығы, ұлан байтақ 

еліміздегі  -  батыс  пен  шығыстың,  оңтүстік  пен  солтүстіктегі,  тіпті  әлем  қазақтарының  ортақ  бір 

әдеби  тілде  сөйлеуі  –  мемлекетің  тілді  игеруді  жеңілдететін    тағы  бір  фактор.  Қазақ  әліпбиінде 

басқа  халықтарға  ортақ  киррилицаның  пайдаланылуыда  оны  оқып-үйренуге  қолайлы  жағдай 

жасаайды             

Бесіншіден, этносаралық қатынастаң аса  маңызды құралы  тіл ретінде мемлекеттік игеруге 

мол  мүмкіндіктер  бар,  оны  барлық  жірде  бірдей  және  жан-жақты  қолдануға  нақты  жағдайлар 

жасалынған.  Мемлекеттік  тілдің  қоғамдық  функциясы  әбден  нығайып,  ол  қоғамдық  өмірдің 

барлық  саласында  өзінің  лайықты  орнын  үнемі  бекіту  үстінде.  Кезінде  тілші–теоретиктер 

негіздеген  тілдің  негізгі  алты–жеті  функциясының  барлығы  да  мемлекеттік  тілдің  қызметінде 

еркін көрініп, барған сайын бекуде. Соның нақты дәлелі - елімізде мемлкеттік тілде сан-салалы, не 

бір күрделі қоғамдық қатынасатарды реттейтін  мыңнан  астам заң қызмет істеп тұр [4]. 

Мемлекеттік  тілдің  жоғарыда  көрсетілген  аса  маңызды  мемлекеттік-  қоғамдық,  рухани-

әлеуеметтік  әлеуетінің  негізі  мен  мәртебесінің  терең  конституциялық-заңнамалық,  ұйымдық-

құқықтық, басқарушылық берік  негізі бар.  

Дәл  осындай  ұйымдық-құқықтық  алғышарттар,  бүкіл  мемлекеттік  басқарудың  барлық 

тетіктерінің мемлекеттік тілде қызмет жасауы оның бойындағы мол әлеует пен мүмкіндікті жүзеге 

асырудың  негізі болады.  

Қазақ  тілінің  білім,  мәдениет,  халықаралық  қатынастар,  мемлекеттік  істерді  басқарудың 

барлық деңгейлеріне етене, молынан енуі оның елімздегі жүйеқұраушы, жүйежасаушы, біріктіуші  

фактор екендігіде көрсетеді . 

Мемлекеттік  тілдің  топтастырушылық  рөлінің  рухани-мәдени  әлеуетінің  қайнар  көзі, 

сарқылмас мол қуаты сол тілдің негізгі  иесі, сол тілді түзуші де қолданушысы да , ғасырлар бойы 

сақтап, әуездеп, әспеттеп,  дамытып келе жатқан  қазақ ұлтының бойындағы біртума ұлттық мінез-

қасиеттер мен үздік адамдық, азаматтық қасиеттерден туады.  

Қоғамтанушы  ғалымдарда,  өзге  елдер  мемелекет  қайраткерлері  де,  байырғы  қазақ  жерін 

мекендеген  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстанда  тұратын  этнос  өкілдері  қазақ  ұлтының  бойындағы 

гуманизм,  толеранттылық,  қонақжайлылық,  кеңпейілділік,  кешірімпаздық  тәрізді  қасиеттерін 

жоғары    бағалайды.  Танып,  мойындайды,  осы  қасиеттерін  көбіне  баса  айтады.  Онда,  біздің 

пайымдуаымызша    белгілі  бір  саяси  астарда  жоқ  емес.  Тіпті  кейде  арқадан  қағып  алдаусырату, 

көпе-көрінеу мақтауда айқын көрініп тұрады.. 

Біздің  осы  жерде  назар  аударайық  деп  тұрғанымыз  осы  құбылыстағы  біржақтылық  немес 

ұлтымыздың  түпкі  мүддесі,  болашақ  тәрбиесі  үшін  зияны  тиюі  мүмкін    кейбір  реңктері,  астары  

туралы мәселе.  

Ұлтымызды шыдамды, төзімді, толерантты деп, бір жақты ғана айта  айта беру қаншалықты 

объективті?  Қаншалықты  оның  басқа  да    адамдық,  азаматтық,  төлтума  ұлттық  ерекше  қадір 

қасиетін толық береді?  

Бүгінгі  кезеңде  ұлтымыздың  бойындағы,  туа  біткен,  ғасырлар  бой  қалыптасып,  сақталып 

келген  өр,  намысшыл,  батырлық  қасиеттерін,  отан  сүйгіштігі  мен  Қазақ  жерінің  біртұтастығы 

жолындағы   ғасырлар бойғы күрескерлік, жанкештілік  қасиетін де баса айтуымыз керек.  

Осы  қасиеттердің  барлығы  оның  тілінде,  фольклоры  мен  жазба  әдебиеттінде  тұнып 

тұрғанын айту керек. Соларды пайдалану керек.  Мемлекеттік тілдің  мол мүмкіндіктері арқылы 

халқымыздың  жоғарыдағы  үздік  қасиеттерінде  насихаттап,  еліміздің  барлық  этностарының  да 



203 

 

ұрпағына  жеткізу  барлық  деңгейдегі  оқу  орындары  мен  біздің,    аға  ұрпақтың  парызы  деп 



есептеуіміз керек. 

Қазақты  тек  көмпіс,  шыдамды,  төзгіш,  кеңқолтық,  момын,  деп  «жалпақшешейлік» 

тұрпатында  наихаттай  беру  -  біржақты,  абырой  әпермес  әрекет.    Әсіресе,  бүгінгі  жаһандану,  

ұлттық межелер мен тұрпаттардың жаппай көмескеленуі жағдайында ұлттық менталитетке зияны 

тиер әрекет.  

Ұлтымыздың  бойындағы  жоғарыда  аталған  намысқойлық,  өршілдік,  өзінің  ұлтының 

қасиеттеріне  адалдық,  отаншылдық  қсиеттерін  наихаттау  ел  ішіндегі  қоғамдық  татулық  пен 

келісімге  сызат  түсірмесі  хақ.    Қайта  мемлекет  құраушы  ұлтқа,  оның  тіліне  құрметтеуге  бастар 

үрдіс.  

Болмаса, кейде біздің тіліміздің өршіл, намысшыл, дауылпаз рухы басылып қалғандай. 

Жылауық, нәрсіз, ұлттық намысы мен өршілдігінен айрылған, бюрократияның қасаң тілінің 

аясында ғана насихатталатын тілді  басқаларда силамайтындығы  түсінікті.       

Ендеше мемлекеттік тіл оның рөлі насихаттағанда оның бойындағы оны жасаушы ұлттың 

үздік қасиеттері мен  дүние танымын толық, тіл құралы арқылы жан –жақты  жеткізген абзал [3]. 

Тілді Бұхар жыраудың, Қаз дауысты Қазбектің шешендік сөздері, Махамбеттің, одан беріде 

Жұбан  мен  Олжастың,  Темірбек  пен  Тыныштықбектердің,  бүгінгі  жас  буын  ақындардың  өршіл 

поэзиясы,  олардың  орыс  тіліне  және    дұрыс,  мәнді  аударылған  үлгілері  арқылы  ұлт  қадірі  мен 

қасиетін насихаттау  тек  қазақ  ұлты  мен  оның  тілі  төңірегінде  топтасуға  қызмет  етеді.  Мемлекет 

құраушы ұлт пен оның тілін құрметтеуге бастайды.   

Мемлекеттік тіл  - әлемдегі  басқа ұлттар мен ұлыстармен тең құқықты қазақ ұлтының тіл, 

қазақ ұлттық мәдениетінің формасы.  

Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен кейін  қазақ  тілі халықаралық  аренаға  еркін  шығып, 

мәртебесі артып, халықаралық қатынастардың субъектісіне айналды [1] 

Мемлекеттік  тіл  –  мемлекеттік  тәуелсіздігіміздің,  дербестізіміздің  теориясы  мен  нақты 

практикасының тіліне, алдыңғы қатарлы стратегия мен идеялардың тіліне, ғылым мен техниканың 

тіліне  айналды.  Тәуелсіздігіміздің  рухани  шайқалмас  тірегі.  Оның  осы  тамаша  мүмкіндіктерін 

жарқырата ашып, Қазақстан халқын топтастырудың пәрменді тетігіне айналдыру жоғарғы мектеп 

өкілдерінің, бүкіл ұлттық интеллигенцияның абыройлы міндетідеп есептейміз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Қазақстан  жолы:  тұрақтылық,  жаңару  және  өркенду.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы 

http://www.akorda.kz/kz

 

2. 



Мырзахметұлы М. Тарих тереңінен – болашақ биігіне// Әдебиет айдыны. 01.03.2017 

№08 (105). 

3. 

Смайыл А. Жаһандану: теория мен әрекет// Егемен Қазақстан, 2015 жыл, 28 қазан. 



4. 

Садыков  Т.С.  Проблемы  устойчивого  развития  высшей  школы  в  условиях 

глобализации. – Алматы:Ғылым, 2015-208с.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет