Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет57/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   218
ӘОЖ: 323(574) 

 

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫНА ҚОСҚАН 

ҮЛЕСІ 

 

Танзенов Д.Ж. 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,Қазақстан 

 

Аңдатпа.  Мақалада  Қазақстан  Республикасы  өзінің  ұлттық  тәуелсіздікке  қол  жеткізген 

уақыттан  бері  қазақ  халқының  тарихы  мен  этнографиясын,  мәдени  әдеби  тұстарын  ұлттық 

тұрғыда  қайта  жаңғырту  бағытында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  атқарған  қызметтері  мен 

қабылдаған мемлекеттік бағдарламалары, елдіктің дамуына қосқан елеулі үлесі жайлы айтылады. 

Түйінді сөздер: Н.Ә.Назарбаеав, Қазақстан, ұлт, рухани жаңғыру, тарих. 

 

Халқымыздың  1991  жылы  тәуелсіз  Қазақстан  атты  мемлекет  құрып, ұлттың 



азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды 

тарихын жазып, рухани құндылығын сақтап, келер ұрпаққа жеткізе білу де соншалықты маңызды. 

Өйткені,  руханият  -  ұлттың  жады.  Танымды  тарихы  мен  рухани  құндылығы  жадында 

жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Өткенін 

қастерлеген ұлт қана өткенінен тағылым алып, келешегіне зор сеніммен қарайды. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  еліміз  үшін  оңай  болмағаны  сөзсіз,  алайда  еліміз  өзінің 

ұлттық  тәуелсіздігіне  қол  жеткізе  алды.  Осынау  қиын  кезеңде  Қазақстан  енді  өз  аяғына  жас 

мемлекет  ретінде  тұрғандағы  –  тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  тұлғасы  маңызды  рөл 

атқарды. Қазіргі таңда тұлғатану ғылыми бағыты кең өріс алды, оның ең басты міндеті - тұлғаның 

өмірі мен қызметін жан-жақты бағалау. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды 

мекендейтін  барлық  халықтардың  рухани,  мәдени  құндылықтарын  сақтауына  ерекше  назар 

аударылды. Әр ұлт - әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосады.  

Бүгінде  тәуелсіз  қазақ  елінің  тарихы  жасалды  десек  те  болады.  Бірақ  оны  қазақ  елінің 

басшысы,  тұңғыш  Президент  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ел  басқарған  қызметінсіз, 

тәуелсіз  ел  тарихының  парақтарын  жазып  шығу  мүмкін  де  емес.  Себебі,  тарихтану  процесінде 

ғылыми ұстанымдар мен көзқарастарды қайта қарау мен өркениеттілік пен жүйелілік тұрғысынан 

зерттеу  мәселесі  кәсіби  тарихшылар  арасында  кеңінен  талқылануда.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

халқымыздың  рухани  мұрасының  жинақталуына  деген  қамқорлығы,  ұлттық  егемендігіміздің 

алғашқы  жылдарынан-ақ  сезініп  келеміз.  Төмендегі  қолға  алынған  шаралар  соның  айқын  дәлелі 

бола алады 1. 




131 

 

1) 1997 жылы «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 



2) 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»; 

3)  1999 жылы  «Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы жылы»  деп  аталынды.  Бұл  жылдар 

аралығында  ұлттық  тарихымыз  бен  рухани  мұрамызды  түгендеуге  зор  мән  берілді  және  ол  әр 

жылдарда жалғасын тапты.  

 

2003  жылы  Қазақстан  халқына  кезекті  Жолдауында  Елбасымыз  бұрын-соңды болып 



көрмеген  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын  қабылдау  керектігін  жариялады.  Бағдарлама жүзеге 

асырылған 2004-2011  жылдар  аралығында  жақын  және  алыс  шетелдерге  ғылыми-зерттеу 

экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның төл 

тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген мұралар табылды.  

Тәуелсіздік  арқасында  ұлттық  сананың  оянып,  ұлттың  өз  тілін,  өз  тарихын  іздей 

бастағандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылысы, яғни шынайы 

рухани мұрасына деген ұлттық сұраныстың пайда болуы тарихи деректерді іздестіру, табу, жинау, 

жүйелеу және жариялау қажеттілігін тудырды. 

Елбасы  мақаласы  аясында  шетел  мұрағат  қорлары  мен  ғылыми  кітапханаларынан  ел 

тарихына  қатысты  құжаттарды  елге  алып  келудің  мол  мүмкіндік  туды.  Атап  айтсақ,  Европаның 

Ватиканның  құпия  мұрағаты  қорларынан  қазақ  даласындғы  көшпелілер  тарихына,  ғұндар 

тарихына «Атилла» патша жайлы деректер  т.б. 

XVIII-XIX  ғасырларға  қатысты  орыс,  қытай  деректері  көршілес    Ресей,  Қытай 

мемлекеттердің мұрағат қорларынан алынды. 

Тарихи тұлғалар қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректер: 

Мысалы,  М.Шоқайдың  бай  мұрасы  туралы  көптеген  құжаттар  Францияның  Француз 

ұлттық  кітапханасы,  Шетел  тілдері  және  шет  ел  өркениеті  институты  кітапханасы  қорынан 

(INALCO  BULAK)  табуға  болады.    Сонымен  қатар,  өткен  ғасырларда  біздің  даламызғаарнайы 

тапсырма  бойынша  саяхаттап  келген  европалық  саяхатшылардың  жеке  қорларын  зерттеу 

барысында  біздің  өлкемізге  қатысты  көптеген  мұраларды  кездестіруге  болады.  Мысалы,  Генри 

Мозер,  Армений  Вамбери,  Джон  Кэстл  т.б.  жеке  қорларын  әлі  де  болса  қарап,  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу талап етіледі. 

Елбасымыздың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясында:  «Біз ұлттың  тарихи  санасын 

қалыптастыру жұмысын  жалғастыруымыз  керек»  -  деген  тұжырым  жасады.  Міне,  осыған  орай, 

Президенттің  тапсырмасы  мен ұлттық  болмысымызға  қамқорлығы  арқасында  айтарлықтай 

мемлекет тарапынан  бағдарламалар қабылданып іске асырылды. 

Әрбір  мемлекет  алдымен  өзінің  ұлттық  мүддесін  қорғайды  десек,  демек  рухани 

құндылықтарымызды  қайта  жаңғыртуға,  түлетуге  кез  жетті.  Осылар  арқылы  ғана  жаһандану 

кезеңінде тәуелсіздікті баянды ете аламыз.  

Осы  орайда  Елбасының  көрегенділігі  арқасында  рухани  мәдениетімізді,  ұлттық 

тарихымызды жаңғыртуға көптеген бағдарламалар қабылданды 2. 

2017  жылдың  12  сәуірінде  Қазақстан  халқына  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 

Бағдарламалық  мақаласында  айтылған  ойлар  мен  іске  асыруы  керек  жобалардың  өздерінен 

халқымыздың қайта жаңғыруына қосқан үлесі екенін айтуымыз қажет.  

Бұл бағдарламаның да  негізі  -  Қазақстанның  рухани  саласын  қайта  сапалы 

жаңаруды жүзеге  асыруға  жағдай жасауды,  ұлттық  тарихымыздың  көкжиегін  нығайту,  ұлттық 

жаңа дүниетанымын  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  бағдарлама  Қазақстанның  тарих 

ғылымына сапалық жаңару әкелетіні сөзсіз. 

Қай заманды  алсаңыз да,  тарих  -  халықтың  ұлттық санасын  қалыптастыру,  мемлекеттік 

идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу қызметін атқарған 3. 

Бәріңізге  мәлім  кешегі  2018  жылдың  21  қараша  күні  Елбасының  «Рухани  жаңғыру» 

мақаласының  жалғасы  ретінде  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  атты  Бағдарламалық  мақаласыда 

келтірілген  ойлар  мен  жобаларды  жүзеге  асыру  арқылы  халқымыздың  рухани  мұрасы  толығады 

деп есептейміз. 

Қазақстанды қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өркендеу жолындағы, жыл сайынғы өрлеу 

бағытындағы  мемлекетке  айналдыруда  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  тек  тарихи  танымды  көтеруі 

ғана  емес,  әлемдегі  татулық  пен  келісімді  сақтау,  жаһандану  кезіндегі  эконмика  саласында  да 



132 

 

атқарған істері жетерлік. Бұның өзі де еліміздегі мемлекет тізгінінің сенімді қолда екендігін еліміз 



ғана  емес  басқа  елдерге  де  мойындатуды  білдірді.  Осылайша,  Қазақстан  егеменді  және  тәуелсіз 

мемлекет болып құрылды, оның халықаралық аренада, әлемдік саясаттың ықпалды және беделді 

қатысушысы ретінде, жаһандық әлемдік шаруашылық байланыстарда маңызды рөл атқаратын ел 

ретінде өз келбеті мен тәртіп стилі бар.  

Елбасының  «Қазақтың  бүкіл  тарихы  –  бірігу  тарихы,  тұтастану  тарихы.  Қазақ  тек  бірігу, 

бірлесу  жолында  келе  жатқан  халық»  деуінде  үлкен  мән  жатыр.  Өйткені,  татулық  пен  бірлікті 

насихаттап  қана  қоймай,  соның  үлгісі  болып  келе  жатқан  Қазақстан  –  әлем  тыныштығының 

тілекшісі.  Тәуелсіз  еліміздің  өркениетті  даму  жолындағы  ұлан-ғайыр  ізденістері  мен  ұлы  істері 

іргемізді  бекітіп,  керегемізді  кеңейте  түсуде.  Табалдырығымыз  тастай  берік,  маңдайшамыз 

көтеріңкі. Осының арқасында әр күнімізді бағалайтын салауатты өмірге жеттік. Қалың елі барын 

базарлап,  бағы  мен  бақытын  бөлісіп  жататын  Қазақстанның  тіккен  байрағы  мен  көтерген 

шаңырағы  әлем  елдері  арасында  жамандықтан  аман-есен  келе  жатыр.  Неге  десеңіз,  қазақтың 

бағына туған Елбасымыздай нар тұлға өмірдің небір жауапты кезеңдерінен елімізді биік дәрежеде 

алып өтіп келеді 4.  

ХХ ғасыр басындағы саяси элитаның арманына айналған тәуелсіз Қазақстанның көпжақты 

саясатын Елбасымыз 28 жылдан астам шебер атқарып келеді.  Тәуелсіз Қазақстанның саяси және 

экономикалық,  мәдени  даму  үрдістерінің  қарыштап  қадам  басуының  қарқындылығын  әлем 

мойындап  отырғаны  белгілі,  Елбасының  қазіргі  таңдағы  басты  міндеттердің  бірі  ретінде  рухани 

жаңғырудың  бағдарламасын  ұсынуы  уақыт  талабы  болып  отыр.  Ендігі  міндет  –  Ел  болып,  Ұлт 

болып  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

мақаласында  белгіленген  бағдарламалық  ұстанымдарды  жүзеге  асыруда  ірілік  танытқанымыз 

дұрыс. 


 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007. 375 б.  



2.  Назарбаев  Н.  Ә.  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам // Егемен Қазақстан газеті 2012 жыл 10 шілде.  

3.  Н.  Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы, 

Егемен Қазақстан №70(29051) 12 сәуір, 2017 жыл.  

4.  Н.  Ә.Назарбаевтың  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  бағдарламалық  мақаласы,  Егемен 

Қазақстан 21 қараша, 2018 жыл. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет