Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет54/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   218
ӘОЖ: 378:37.01(045) 

 

МҰХТАР ШАХАНОВ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ 

 

Оразымбетова С.И., Оскинбаева А.Н. 

Ш.Есенов атындағы Каспий  мемлекеттік  технологиялар және инжиниринг университеті, 

Қазақстан  

 

Аңдатпа.  Бұл  баяндамада  М.Шахановтың  қазақ  елі  үшін,қоғам  үшін  жасаған  еңбектері 

айтылады.  Жалпы  түркі    халықтары  үшін  ортақ  мұраларын  талқылаймыз  және  М.Шаханов 

атамыздың өмірінен сыр шертіп, шығармашылығына шолу жасап, еңбектеріне талдау жасаймыз. 



Түйінді  сөздер:  Көрнекті  қайраткер,  отаншыл,  ұлтшыл  тұлға,  Түркі  әлемі,  Мұхтар 

Шаханов. 

 

Қазақ  ақыны  драматург Мұхтар  Шаханов 1942  жылы  2  шілдеде Оңтүстік  Қазақстан 



облысы,  Отырар  ауданы,  Шілік  ауылында  дүниеге  келген.  Жеті  жылдық  мектепті  бітірген  соң, 

трактордың  тіркеушісі,  облыстық  «Оңтүстік  Қазақстан»  газетінде  корректор,  әдеби  қызметкер, 

«Лениншіл  жас»  газетінде  оңтүстік  облыстар  бойынша  меншікті  тілші,  Қазақстан  Жазушылар 

одағы  басқармасының  хатшысы,  республикалық  «Жалын»  журналының  бас  редакторы,  т.б. 

қызметтер атқарды. Аса көрнекті қазақ ақыны, мемлекет, қоғам қайраткері. Шығармалары дүние 

жүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылған. Әкеден 9 жасында жетім қалған ол 7 сыныпты бітіре 

салысымен  колхозда  тракторшы,  Шымкент  цемент  зауытында  бетоншы,  "Оңтүстік  Қазақстан" 

газетінде корректор, әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінің Жамбыл, Шымкент, Қызылорда 

облыстары бойынша меншікті тілшісі және т.б. қызметтер атқарды. 1993-2003 жылдар аралығында 

он  жыл  қатарынан  Қазақстан  Республикасының  Қырғыз  Республикасындағы  Төтенше  және 

Өкілетті Елшісі болды. 2003-2004 жылдарда республикалық "Жалын" журналының Бас редакторы, 

"XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының президенті, қазір ҚР Парламенті 

Мәжілісінің депутаты [1]. 

М.Шаханов  1986  жылы  Кеңес  Одағындағы  тоталитарлық  жүйеге  ашық  қарсы  шыққаны 

үшін түрмеге қамалған, қуғын-сүргін көрген қазақ жастарын ақтап алуда өз басына төнген қауіпке 

қарамай, ерлікке барабар іс етті. Апат аймағы - Арал теңізі маңындағы адамдарды қорғау туралы 

әлемдік деңгейде дабыл қақты. 

Тіліміз  бен  тарихымыздың  және  сан  салалы  мәдениетіміздің  көкейтесті  мәселелеріне 

белсене ат салысты. 1988 жылы 62 жылғы үзілістен соң Қазақстанда, күллі Орта Азияда "Наурыз" 

мерекесінің қайта тойлануына мұрындық болды. 

1989  жылы  КСРО  халық  депутаты,  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  мүшесі,  1990  жылы 

Қызылорда  облысының  Сырдария,  Жалағаш,  Тереңөзек  аудандары  бойынша  Қазақ  КСР  халық 

депутаты болып сайланды [2]. 

Ф.Хитцер  "Еуропа  үстіндегі  найзағай"  деп  атаған  М.Шахановтың  "Өркениеттің  адасуы" 

атты романы әлемдік поэзиядағы жаңа құбылыс ретінде бағаланды. 1999 жылы ЮНЕСКО өзінің 

арнайы  шешімімен  Париждегі  өз  штаб-үйінде  шығарманың  тұсаукесерін  өткізіп,  оны  әлемнің 

барлық  басты  тілдеріне  аударуға  ұсыныс  жасады.  Ал  2002  жылы  ақынның  "Жазагер  жады 

космоформуласы"  (Шыңғыс  ханның  пенделік  құпиясы)  атты  екінші  романы  бойынша  да 

ЮНЕСКО  "Жібек  жолындағы  ғылым  мен  руханият"  халықаралық  конференциясы  шеңберінде 

"Тарихи-адамгершілік  жадыны  жоғалту  қаупі  және  рухани  тазару  проблемасы"  деген  тақырыпта 

дөңгелек үстел өткізді. М.Шахановтың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының 

зары"  атты  эссе  кітабы  мен  "Сократты  ескеру  түні"  атты  драмасы  да  көп  тілдерге  аударылды.. 

М.Шаханов  -  "Қырғыз  Республикасының  халық  ақыны"  (1994),  "Қазақстан  Республикасының 

халық  жазушысы"  (1996),  ондаған  шет  елдік  академиялардың,  университеттердің  құрметті 

докторы,  профессоры.  ",  Шығармалары:  Бақыт.  Өлеңдер.  А.,  «Жазушы»,  1968;  Ай  туып  келеді. 

Балладалар  мен  өлеңдер.  А.,  «Жазушы»,  1970;  Қырандар  төбеге  қонбайды.  Балладалар,  өлеңдер, 

поэмалар. А.,  «Жазушы», 1974;  Сенім патшалығы. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А.,  «Жалын», 

1979;  Махаббатты  қорғау.  Балладалар,  өлеңдер,  поэмалар.  А.,  «Жалын»,  1982;  Уақыт  бедерлері. 




120 

 

Балладалар,  өлеңдер,  поэмалар  (орыс  тілінде).  А.,  «Жазушы»,  1982;  Зерде  кітабы.  Өлеңдер, 



балладалар, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Өркениеттің адасуы. А., Жаңа қазақтар. 

Өлеңдер. А., «Білім», 2001.Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969) [3]. 

Оңтүстік  Қазақстан  (1960-65),  Лениншіл  жас  (1965-70)  газеттерінде,  республикалық 

телевизия,  радио  редакцияларында  (1971-75)  істеді.  Алғашқы  өлеңі  (Сырдария)  1959  жылы 

жарияланды.  Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  (Бақыт)  1966  жылы  жарық  көрді.  М.Шахановтың 

Балладалар  (1968),  Ай  туып  келеді  (1970),  Қырандар  төбеге  қонбайды  (1974),  Сенім  патшалығы 

(1976) атты кітаптары шықты [3]. 

Өлеңдерінде  философиялық  ой  басым.  Махаббат  заңы  атты  поэзиялық  спектаклі 

республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. 

Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған Жұбайлар жыры, Туған күн кешінде, Гүл дәурен, Мен саған 

ғашық едім атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы 

сыйлығының  лауреаты.М.Шахановқа  «Жазагер  жады  космоформуласы»  атты  шығармасы  үшін 

Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын 

медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» 

атағы берілді.  

«Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы 

лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» 

қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» 

марапатталды.  Сахарада  сайран  салып,  ұшқан  құстай  еркіндікте  бұла  өскен,  ерлікті  тірлігіне  ту 

еткен  намысқой  жырауларға  ел  үшін  өлу  бір  тамаша  бақыт,  мұрат  секілді.  Елдің  бірлігін  ойлап 

күңіренген де, азаттықты аңсап айқасқа шақырған да ақындар, хандарға ақыл берген де ақындар. 

Уақыт,  заман  өзгерді.  Абайдан  бастау  алып,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан 

Жұмабаев  секілді  жанкешті  ұлтжанды  ақындар  тұтас  бір  дәуірдің  қоғамдық  ой-санасын 

қалыптастырды. Мең-зең ұйқыда жатқан халықты оятып, азаттыққа шақырды. Рас, бұл өте қатерлі 

жол еді. Гомердің «Иллиадасындағы» біркелкі ұзақ ғұмырдан бас тартып, қатерлі де даңқты қысқа 

ғұмырды  таңдап  алған  Ахилес  секілді,  олар  да  осы  бір  тар  жол  тайғақ  кешуді  өз  еріктерімен 

таңдап  алды.  Алайда,  1937  жылғы  қанды  репрессия  өзінің  қаскүнем  рақымсыздығымен  ет  пен 

сүйектен  жаралған  өзекті  жанның  иманына  қысым  қылған,  тарихта  теңдесі  жоқ  нәубет  еді.  Осы 

кезден бастап бір халықтың жүрегін ұшырған ұлттық үрей басталды. Ол санаға, қанға сіңіп, өзіңді 

ешқашан  тастамайтын  ғашық  жарыңдай  күндіз  қасыңда,  түнде  құшағында  болды.  «Ұлтшыл» 

деген ат жер бетіндегі ең үлкен қарғыс болып қалыптасты [3]. 

Содан  кейінгі  жағдай  баршамызға  белгілі.  Жалаң  қылыш  идеалогиясының  тұсында  поэия 

өзінің ұлттық нәрінен айырылып, жағымпаз жарапазаншы кейпіне түсті. 

Бірақ осы тұста поэзия мүлде болмады десек, тарихқа қиянат болар. Соқыр шырақтай жалп-

жалп еткен киелі өлең әлі біржола сөнген жоқ еді. Әр тұстан, әркімнен, әр жылдары әрқалай қылаң 

беріп қалып жүрді. Шындықты айту оңайға түскен жоқ. Қадыр ақынның «Өткізу үшін шындықты, 

өтірік қостым ішіне», - деуі осындай қиындықты бастан кешіргендіктен болар. 

Үш  жүз  жыл  отарлау  саясатының  қанды  шеңгелінде  күн  кешкен,  «жан  менікі  дей  алмай, 

мал менікі дей алмай» тілін, дінін, ділін ұмыта бастаған халқымыздың зарын айту – басты бәйгеге 

тігумен бірдей еді. 

Бұл  күнге  азаматтығын,  поэзиясын  күллі  әлем  мойындаған  Мұхтар  Шаханов  –  осындай 

басын бәйгеге тіккен ақындардың бірі. 

Қоғам  тіршілігін  майданға  теңесек,  Мұхтар  ең  алдыңғы  шепте,  оқтың  өтінде,  өлімге  бас 

тіккен жанкешті жауынгер секілді. 

Ұлтының  өр  рухты  ұлдарының  бірі  М.Шаханов  жайлы  сыр  шертпеген,  ой  толғамаған 

қаламгерлер  кемде-кем  шығар.  Шабыты  дария,  шығармалары  сан-саланы  қамтыған  Мұхтар  аға 

жайлы қанша мадақ сөздер айтсаң да, жыр шумақтарын арнасаң да аздық етері сөзсіз. 

М.Шаханов  халқы  үшін  түймедағы  өсімдігі  секілді.  Өткені  түймедағы  өте  шипалы,  емдік 

қасиеті  көп  өсімдік.  Ол  бір  жылдық,  көп  жылдық  болып  өседі.  Түсі  ақ,  сары,  қызғылт.  Гүл 

шоғырын  жасап  сыйлауға  да  болады.  Дәрілік  қасиеті  де  өте  жоғары:  тер  шығарады,  сіреспе, 

асқазан, бас ауруларына мың да бір ем. Бұл гүлді тектен-тек Мұхтар ағаға теңеп отырған жоқпын. 



121 

 

Мұхтар  да  елдің  қай  жері  ауырады,  қай  жағы  ақсап  жатыр,  сол  жерден  табылады.  Емші  ауруды 



емдесе, Мұхтар аға – халық толғандырған мәселені дөп басып, елдің мұңын емдейді [2] 

М.Шаханов  орта  ғасырда  өмір  сүрген  Әмір-Темірдің  пендешілік  істерін,  алты  ай  бойы 

Отырарды  ала  алмай  қаһарына  мінген  Шыңғысханның  зорлық-зомбылығын,  1941-1945 

жылдардағы Ұлы Отан соғысының халқымызға тигізген орасан зор зардабын, кешегі 1986 жылғы 

қазақ  жастары  бас  көтерген  Желтоқсан  көтерілісінің  тарихи  мән-мазмұнын  көптеген 

шығармаларына  арқау  етті.  Оқырман  қауымға  тарих  беттерін  парақтай  отырып,  дұрыс  жолды 

көрсетіп тарихи тұлғалардың шынайы бет-пердесін отты жырларымен суреттеп берді. 

Дарын  танылды.  Адал  күш  танылды.  Ар-намыс  танылды.  Бұл  ақынымыздың  әрбір 

шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсың... Ой мен сезімге недәуір жүк 

түседі... Тек автобуста келе жатып оқыма, шай ішіп отырып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп 

оқыма, өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» - деп өз кезінде айтып өткен Ғабит 

Мүсіреповтың даналық сөзі бүгінгі күнмен де үндесіп жатқандай. 

Мұхтар Шаханов поэзиясының арқауы - ана тілінің тағдыры, ұлтының, халқының тағдыры. 

Ақынның: 

«Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 

Өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап. 

Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер, 

Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. 

Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. 

Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бас құрдық. 

Бас құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. 

Өз тіліңді жерсінбеудің, өз анаңды менсінбеудің, 

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? 

Ол – рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық»  -деген жолдарын әлемнің жиырмаға тарта 

елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдап, қуаттаған [3]. 

Шындығында  да,  «Сейхундария»,  «Күретамырды  іздеу»,  «Нарынқұм  трагедиясы», 

«Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» поэмаларының 

қай-қайсының  да  негізгі  идеясы,  өзегі  –  халқының  тарихын  қорғау,  ұлыларын  ұлықтау, 

адамшылық қасиеттерден арылмау. Мұхтар Шахановтың сөзімен айтсақ: «Өйткені қай елде болса 

да,  ана  тілін,  туған  тарихын  сыйлау  –  туған  анасының  жүрегіне  жол  табумен  бірдей». 

М.Шахановтың  заманымыздың  өр  рухты,  қайсар  да  батыл  ұлы  ақын  екендігіне  көз  жеткізе 

отырып,  оның  шығармаларымен  үнемі  сырлас  болуға  деген  құштарлық  сезімін  дарыту  арқылы 

ғылыми тұрғыда жүргізген ізденісіме алып келуге болады.  

М.Шаханов  –  сан  қырлы  талант,  елінің  ардақтысы,  тарихының  жанашыры,  нағыз  «сегіз 

қырлы, бір сырлының» өзі.  Демек, жылылықты сезінген жер ана, тылсым дүние, тіршілік иелері 

дарынды мойындап, поэзия тілінің тәлімін еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін сезінгені 

шындық. 

Еңбекпен  келген  даңқ  –  ақын  үшін  үлкен  бақ.  Бірақ  нағыз  ақын  қашанда  халқы  бақытты 

болғанда ғана өзін бақыттымын деп ойлайды. 

Ақын болу оңай деймісің қарағым, 

Аузында  жүру  бұл  өзі  сыздаған  барлық  жараның  –  деп  оның  үзеңгілес  ағасы  Төлеген 

Айбергенов айтқандай Мұтар Шаханов өз халқының барлық сыздаған жарасының аузында жүрген 

ақын.  Қалың  қауымның  ол  дегенде  ішкен  асын  жерге  қоятыны  да  сондықтан.  Қаламгер  үшін  де 

бұдан үлкен бақыт болуы мүмкін емес. 

Сонымен  қатар  Ақиық  ақын,  Қазақстанның  Халық  жазушысы  Мұхтар  Шахановқа  «Түркі 

әлеміне  сіңірген  еңбегі  үшін»  сыйлығы берілді.   Өткен  аптада  АҚШ-тың  Нью-Йорк  қаласында 

«Түркі  күні»  атты  халықаралық  ғылыми-мәдени  іс-шара  өткен  болатын.  Осы  жиында  аталған 

сыйлық қазақ ақынына салтанатты түрде табыс етілді. 

«Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығы, аты айтып тұрғандай, түркі халықтарының 

әдебиеті мен мәдениетіне, өнері мен ғылымына сіңірілген еңбек үшін беріледі. 

Оның  әлемдік  деңгейде  үлкен  мәні  бар.  Ал  бұл  сыйлықты  тағайындаушы  –  Түркі  әлемі 

жазушылары мен өнер қайраткерлерінің қоры [1]. 




122 

 

Мұхтар  Шаханов  кезінде  «Түркі  әлеміне  сіңірген  еңбегі  үшін»  алтын  медалімен 



марапатталған  болатын.Медаль  ақынға  Әзірбайжан  республикасындағы  «Вектор»  халықаралық 

академиясында  өткен  жиын  кезінде  тапсырылған.  Сонда  Мұхаң  аталған  академияның  құрметті 

докторы  атағын  да  иеленген  еді.  Енді,  міне,  ол  кісіге  Түркі  әлеміндегі  мәдениет  пен  ғылымға 

қызмет көрсететін ең беделді ұйым «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын беріп отыр. 

Қорыта келе,ұлтқа қымбат қоғам қайраткері, Түркі әлемінің дара тұлғасы Мұхтар Шаханов  

атамызды Қазақ жұртының баға жетпес байлығы десек артық болмас. Мұхтар Шахановты Қазақ 

елінде  білмейтін,  танымайтын  жан  жоқ.  Оның  туындыларының  қазақ  әдебиетінің  баға  жетпес 

жаһарына айналғанына көзіміз анық жетеді. Ақындығын мойындадық, ал азаматтығын тани алдық 

па?  Шығармашылығы  өз  алдына,  қайраткерлігі  мен  қайсарлығы  туралы  айтар  әңгіме  бір,  жоқ, 

бірнеше  ғылыми  еңбектің  өзегі  болар  еді.  Мінберлерде  ойын  тайсалмай  жеткізіп,  дәлелдеп 

жүретін азаматтың сыртынан қарап, оның көңілінің баладай аңғал, жүрегінің кең, жанының терең 

екенін бірден ұғыну мүмкін емес.  Бірақ шындығы солай. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Б.Ағыбаев, Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді//  

2.  Қ.Біләл, Шыншыл шығармаға әдісетсіз, рухсыз шабуыл//  

3.  М. Шаханов, Төрт ана. 2014 жыл 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет