Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет55/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   218
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


123 

 

2-СЕКЦИЯ  



«ТҮРКІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТАНЫМ» 

 

ӘОЖ 101 



 

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ТҮРКІЛІК 

НЕГІЗДЕРІ 

 

Каттыгарин Ж.Н. 

Рудный Индустриалық Институты, Қазақстан 

 

Андатпа.  Бұл  ғылыми  жұмыста  Шығыс  халқының  рухани  игілігіне  айналған  кемеңгер 

тұлғалар  дүниетанымындағы  түркілік  негіздеріне  жан-жақты  талдау  жасалынады.  Қос  ойшыл 

мұрасындағы гуманитарлық ұғымдар өзінің қайталанбас болмысымен маңызды зерделеуден өтті. 

Ғылыми  еңбекте  ойшылдар  мұрасының  қоғамдық  ойды  жетілдірудегі  үлесін  пайымдай  білуге, 

яғни солар арқылы қазіргі мәдениет пен өркениет деңгейі туралы баға беруге болады. 



Түйінді сөздер: дүниетаным, өркениет, көшпенділер, жер-ана, тәңіршілдік 

 

Әл-Фараби  мен  Жүсіп  Баласағұн  өмір  сүрген  дәуірді  қарастырғанда,  біз  қазақ  халқының 



арғы  ата-бабалары,  түркі  тайпаларына  қатысты  мәліметтерге  тоқталамыз,  бізді  ойшылдардың 

Отырар  мен  Баласағұнда  дүниеге  келуінің  дерегі  ғана  емес,  бұл  тайпалар  тарихында  болған 

шынайы байланыс және Орта Азия, Таяу Шығыс халықтары мен басқа этникалық топтардың өзара 

қатынасы  қызықтырады.  Ғаламдық  діндердің  көшпенді  далаға  келіп  орнығуы,  монотеистік 

сипаттағы  тәңіршілікпен  сұхбатынан  туындаған  дүниетаным  философиясы  Әбу  Наср  әл-Фараби 

мен  Жүсіп  Хас  Қажыб  Баласағұнның  шығармашылығының  қалыптасуындағы  ең  алғашқы  іргелі 

бастама.  Діни  көзқарастар  мен  мәдениеттер  синтезінің  нәтижелері  мен  енгізген  толықтырулары 

қос  ғұлама  дүниетанымының  негізін  құрайды.  Дала  өркениеті,–  дейді  А.Қасымжанов,–  әлемдік 

өркениеттің  негізгі  тармағы,      құрамдас  бөлімі.  Оның  түп  тамырлары  өте  тереңде,  б.э.д.  екінші 

мыңжылдықты қамтиды. Б.э.д.  ІІ ғасыр  мен б.э. ХІҮ ғасыр аралығында жазық далада «көшпенді 

өркениет қарқынды дамыды». Олардың ішіндегі ең мәшһүрлері: ғұндар өркениеті (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. 

ІІ  ғ),  түрктік  өркениет  (ҮІ-ҮІІғғ),шыңғысхандық  өркениет  (ХІІІХІҮ  ғғ)  [1,6].  Жалпы  ғылыми 

жұмысымыздың бастамасы  ре-тінде  өткенге  шегініп,  тарихи  тетіктерімізді  түгендеп  алуға  ниет 

етіп  отырмыз.  Тарихқа  үңілетін  болсақ  Азия  мен  Еуропа  халықтары,  әсіресе  Орталық  Азия 

халықтары бір аймақта өмір сүріп, бір тілде сөйлеген. Бірнеше мыңжылдықтан кейін ғана тілдер 

өзгеріске  ұшырап,  Шумер  мен  Вавилон  мемлекеттері  кезінде  парсылар,  арабтар,  еврейлер, 

ассириялықтар және басқа да халықтар сақтардың арғы аталарымен іштесіп, араласып өмір сүріп, 

кешірек бұл халықтардың ұлы қоныс аударуы басталды. Ежелгі парсылар мен арабтар өз орнында 

қалады.  Ал  Израиль  ғалымы  В.Шнейдердің  айтуынша  еврейлер  біздің  даламызға  скифтермен, 

яғни ашкеназдармен (сақтар) б.э.д. 612 жылы бірге көшкен. Ал бұрын арийлер деп аталып келген 

сақтар Ұлы дала мен Алтайға қайта оралады. Ал арийліктер туралы  «Авеста» дерегіне жүгінсек, 

Орталық  Азия  көптеген  ұлттар  мен  ұлыстардың  біріккен  жері  болатын.  Оларды  жалпы  арийлер 

деп  атаған.  Парсылар  мен  сақтар  мекендеген  Орталық  Азияда  Бактрия,  Кушан,  Хорезм,  Қанглы 

патшалықтары болды. Бұл мемлекеттердің құрылуында массагеттер, кассактар, арсактардың рөлі 

зор.  Мысалы  Трансоксанияның  аз  бөлігі  Ұлы  Ескендірдің  қолында  болғанымен,  ондағы  негізгі 

саяси билік сақтар мен массагеттердің түрлі тайпаларына қараған. Л.Н.Гумилев былай деп жазады: 

«Көшпенділер  өркениеті  Жерорта  теңізі  халықтарымен  салыстырғанда  шығармашылық 

эволюцияны  бастан  кешірді.  Еуразия  сахарасының  көшпенділері  өз  өркениеттерін  б.э.д.  ҮІ 

ғасырдан  ХҮІІІ  ғасырға  дейін  алып  келе  алды».  Оның  ойынша  көшпенділер  өркениеті  әлемдік 

өркениеттің құрамдас бөлімі. Қазақ өркениетінің түп тамырлар Ұлы дала мен Қос өзен арасында 

көшіп-қонып  жүрген  арийлерден  бастау  алады.  Олар  күнге  табынған.  Бүгінгі  Қазақстан 

Республикасының  жалауында  да  күннің  суреті  бар.  Арийлердің  жаңа  жылы  –  наурыз,  ар,  ару, 

аруақ  сөздері  де  арий  ұғымымен  төркіндес.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  этика 

арийліктерден  басталады.  Ғарыштың  моральды-этикалық  заңдылықтары  түріндегі  сезімтал  ең 




124 

 

ежелгі  монотеистік  дін  зороастризмнің  бастамасы  да  осы  кезеңге  борыштар.  Қазақша  пайғамбар 



Заратуштра «Жаратушы» деп естіледі. Арийліктер доғаны 360 градусқа, күнді сағаттарға, жылды 

12 айға, аптаны 7 күнге бөлді, картаны, шахматты, доминоны ойлап тапты, 108 қоспадан тұратын 

дәрі жасаған. Мұны айтып отырғанымыз арийліктердің ілімі өздерінен кейінгі иуддаизм, буддизм, 

даосизм,  христиндық,  ислам  және  де  басқа  діндердің  бастау  көзі  болған.  Грек  өркениеті  мен 

полистік  демократияның  өзі  арийліктерден  шыңдалды.  Орталық  Азияны  Ескендір  Зұлқарнайын 

басып  алған  соң  бұл  жерлердің  рухани  элитасы  (мысалы  әл-  Фараби)  грек  өркениетін  құшақ 

жайып  қарсы  алып,  философия  мен  ғылымды  одан  әрі  іліп  әкетті.  Келтіре  берсек  мысалдар  өте 

көп.  Соңында  айтарымыз  арийліктер  қасиетті  «Авеста»  кітабында  өздерінің  тарихи  отаны  деп 

Қазақстан мен оңтүстік Сібірді көрсеткен [2, 520]. 

«Көшпелінің қозғалысы уақытпен үндес. Ал философияда уақыт дегеніміз – қозғалыс. Бұл 

қозғалыс – кеңістік ішінде ритммен жүйелі қайталанып отыратын қозғалыс. Кеңістіктегі қозғалыс 

–  уақытты  мәдени-  тарихи  мазмұнмен  толықтыратын,  дала  өркениетінің  бастауы.  Дала 

өркениетінде  төзімділік  пен  рух,  мал  мен  егін  шаруашылығы  бірін-бірі  толықтырды,  өздерінің 

тиімді  деңгейін  қалыптастырды.  Топтаса  бірлесіп  өмір  сүрудің  тәсілдері  мен  жолдары 

жетілдірілді. Дүниеге, адамға деген осындай кең көзқарас, тартымды түсінік, төзімді мінез-құлық 

–  халықтық  туыстық  сезімталдығын  ұштады,  оның  дәстүрлі  мәдениетінің  түп-тамырын 

құрастырды» [3-45]. Ұрпақтан ұрпақ жалғасып келеді. «Ұрпақты табиғатпен тілдесе, үндесе білуге 

тәрбиеледі.  Тәрбие  адамның  атамекеніндегі  адамгершілгін  арттыратын  мәртебе  тұрғысынан 

жүргізілді. Туған жерін жүрегімен қабылдаған жан, оның қайталанбас жақтарын дәріптесе, туған 

жердің парқын парасатқа салған ойшылдар табиғи кереметтің түп негізін қазбалады, өз ортасының 

ортақ  ережелерін  саралады»  [3-45].  Ұлы  дала  небір  кемеңгерлерді  өмірге  әкелді,  оларды  жіктеп 

айтар  болсақ  әлеуметтік  ұйымдастырушы  реформаторлар  Атилла,  Шыңғыс  хан,  Ақсақ  Темір, 

Индияда  билік  құрған  Бабур  мен  Акбар,  Қытайда  –  Құбылай  (Юань  династиясының  негізін 

салған), беріш Бейбарыс (мамлюк деңгейінен Египеттің билеушісі дәрежесіне көтерілген, Шыңғыс 

хан әскерлерін тоқтатып, кресшілер мен ассасиндерді күйреткен), қазақтың Солоны атанған Тәуке 

және  Абылай  хан.  Бүгінгі  өз  уақытымызға  келсек  бұлардың  жалғасы  Қонаев,  Назарбаев,  Аман 

Төлеев (Ресейде президенттік сайлауда үшінші орында болған). Дарынды философтар, ғалымдар, 

діни көшбасшылар  мен ақындарға келсек, олар Орталық Азияда өмір сүрген Заратуштра, элиндік 

әлемнің  философы  скиф  Анарыс  (Платон  оны  таңдаулы  тоғыз  ғалымның  қатарына  жатқызған. 

Аты  аңызға  айналған  скиф,  Грекияға  саяхат  жасағанда  Солонмен  кездесіп  соның  ықпалында 

болып  данышпандығымен  аты  шыққан),  «ортағасырлық  Аристотель  және  кемеңгер  ұстаз»  әл-

Фараби,  дала  түрктері  үшін  ислам  тұжырымдамасын  енгізген  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Қорқыт  Ата 

(мәңгілік  өмірді  аңсаған,  әдемілік  шығармашылығындағы  «Нирвананы»  көксеген),  біліктің 

құттылығына сапар шеккен Жүсіп  Баласағұн,  Асан  қайғы  – жер жаннаты Жер Ұйықты іздеген 

алғашқы  ізденімпаз,  ұлт  жол  басшылары  Бұқар  Жырау,  Махамбет,  Шыңғыс  Айтматов,  Олжас 

Сүлейменов  және  т.б.  Бұған  қоса  дала  өркениеті  әлемге  рухани  кең  пейілділікті,  мырзалықты, 

әлемді ұғынудағы биіктік пен тұтастықты сыйға тартты. Көшпенділер жоғарғы мәдениетті халық 

болған,  әйелдер  мен  ерлердің  қоғамдағы  рөлі  мен  орнын  анықтай  алған.  Жер-Ана,  Жер-Ұмай 

Аспан Тәңірісінің екінші жартысы саналған. Ол отбасының, бала-шағаның, өнердің ұйтқысы деп 

танылған.  Ұмай  анамызды  монғолдардың  Этугенімен,  ежелгі  үнділердің  Умасымен  салыстыруға 

болады.  «Ұмай»  сөзі  «жатыр»,  яғни  баланың  ана  құрсағындағы  мекені  дегенді  білдіреді.  «Кім 

Ұмайға қызмет етсе, сол ұлды болады» деген нақыл сөз содан қалған. Көшпенділер Ұмайды қатты 

дәріптеген. Бүгінгі Жамбыл облысының Билийкөл өзенінен түрк әскерлерінің Тәңірі мен Ұмайға 

табынып тұрған бейнесі бар тас плиталар табылған. Керек кезінде әйелдер ерлермен бірге жауға 

қарсы  соғысқа  аттанған.  Жауынгер  амазонкалар,  мысалы  аты  аңызға  айналған  патшайым  Тұмар 

(оның бір беткейлігі сонша, садақ атуға қолайлы болсын деп, оң жақ көкірегін кесіп тастаған, бір 

омырауы  жоқ  әйелдерден  өзінің  гвардия  құрған  екен)  және  қазақтың  соңғы  ханы  Кенесарының 

қарындасы  Бопай  сияқтылар  көшпенді  халықтың  туындысы.  Көшпенділердің  діни  ұғымы  да 

барынша  дамыды,  құдай  деп  Аспанды  таныды,  өздерін  Көк  түркілеріміз  деп  атаған.  Мысалы, 

Шыңғыс хан өзін сәуле мен нұрдан жаралған Аспанның ұлымын деп есептеген. Күлтегін – оттан 

жаралған, Атилла – күн тәріздес немесе күн халқы деген ұғымды білдіреді. Көшпенділік өркениет 

небір  осындай  философияны  өздерімен  алып  жүрді.  Әсіресе  олар  қоғамның  табиғи 




125 

 

ұйымдастырылуын,  монғолдар  мен  бертін  келе  дала  қазақтары  қандық-  туысқандық 



құндылықтарды, әсіресе «Жеті ата» принципін керемет сақтады. Этика мен саясат бірлігі, Ар мен 

қанағат  көшпенділіктің  негізгі  нысаны  мен  мұраты  болатын.  Олардың  өмір  сүру  ерекшелігін 

Д.Кішібеков  былай  суреттейді:  «Көшпелілер  ұзақ  уақыт  бір  орнында  тұра  алмайды,  олар 

отырықшы,  немесе  жартылай  отырықшы  өмір  салтын  ұстанбайды,  егіншілікпен  айналыспайды, 

сондықтан  көшпелі  аталады.  Бірақ  олар  егіншілік  және  қала  қол  өнерлерінің  өнімдерін  айналып 

өте  алмайды.  Мұның  бәрі  сауда  арқылы  табылды»  [4-32].  Көшпенді  өркениет  белгілі  бір 

шектеулер мен заңдылықтарға бағынбайтын өзіне ғана тән философиямен өмір сүрді. Олар нағыз 

ғаламдық  демократтар,  соны  тудырушылар,  тереңдей  айтсақ  еркіндік  пен  егемендік  рыцарлары 

еді.  Содан  да  болар  Кир  да,  Зұлқарнайын  да,  жоңғарлар  да  тістерін  батыра  алмады.  Олардың 

сенімдері  соншалықты  мықты  болған,  оған  дәлел  Аспан  Тәңіріне  деген  сенім.  Көшпенділер 

өлімнен қорықпайтын, өйткені өлім туралы ойланбайтын да. Әлем олар үшін мәңгі айналма мен 

ұласу сияқты көрінетін: Құдай Тәңірі – Күн – Жер – өсімдік әлемі – жануарлар әлемі – адам және 

отбасылық-туыстық  социум  –  ата-баба  рухы  –  Құдай  Тәңірі.  Осы  диалектика,  ғарыштық 

күштердің  баспалдағы  түрктердің  рухында  «малым  Жан  үшін,  Жаным  Ар  үшін»  деумен 

сипатталды.  Түрк  адамының  ұғымында  ол  Аспан  Тәңірісі  мен  Жер  Ұмайдың  арасында  дүниеге 

келген  Жердің  қонағы.  Ол  құл  емес,  Қайырымдылық  үшін  жұмыс  істейтін  құдайдың  көмекшісі, 

серіктесі, әскері. Бұл жерде түрктер пайымы жағынан қатігездік құдайы Ариманға қарсы күресетін 

қайырымдылық  құдайы  Ормуздың  серіктесі  адам  дейтін  қағиданы  ұстанатын  сопылар  мен 

жауынгер-парсыларға жақын. Көшпенді философтар сопылар мен буддистер секілді өмір сүрген. 

Ахмет Яссауи, Жиренше Шешен, Алдар Көсе, Насреддин молда, Абай  – барлығы дана тұлғалар, 

қауымдық  қарбаласқа  сырттай  кекесінмен  қарағандар.  Ежелгі  қазақтар  үнемі  аспанға  қарап 

отыратын болған. Малшылар азанғы Шолпан жұлдызына, Темір Қазыққа, Жеті Қарақшыға үлкен 

таңданыспен  қарайтын.  Олар  Шолпан  жұлдызында  әлі  туылмаған  жандардың  жаны  бар  деп 

есептеген. Ай ғарыштың қожайыны болып танылған. Мұндай халық қиялы жазба ескеркіштерде 

жақсы көрінеді. «Қорқыт ата кітабы»  мен «Оғызнамада» Дерсе хан баласын тәңіріден тілеп алса, 

Оғыз  қағанның  балалары  аспаннан  түскен  нұрдан  жаратылған  әйелден  туады.  Сондықтан  да 

олардың  атын  Ай,  Күн,  Жұлдыз  қояды.  Көктің  құдіретімен  түркілер  біресе  жеңістерге  жетті, 

біресе  жеңілістерге  ұшырады.  Басқа  қиыншылық  түскен  сәттерде  қоршаған  табиғатты  көмекке 

шақырып отырған. Түркі билеушілері туралы жазба деректерге сүйенсек үнемі Аспаннан соларға 

қайырымды болуды өтінеді. Кімнің болса да тағдыры тәңірдің қолында. Ол үкім шығарады. Бұдан 

шығаратын  түйін  дәл  осы  жерде  біртәңіршілік  айқын  сезілгендей,  әйтсе  де  тәңірлік  туралы  ой 

қорытатын  ғалым  Н.Ғ.Аюповтың  өте  әділдікпен  көрсеткеніндей,  «діни  түсініктер  пайда  болған 

екен,  енді  ол  адамдар  санасынан  ұзақ  уақыт  шыға  қоймайды,  сол  себепті  бұл  жүйеде  одан  ары 

қарай  дамыған  табиғат  діні  түсінігі  сақталған.  Себебі,  жазба  деректерде  жоғарғы  биік  құдай 

Тәңірге  сиыну  өз  алдына,  ертедегі  түркілердің  табынған  басқа  да  тәірлері  болғаны  туралы 

мәліметтер  келтіріледі.  Жақсылық  тәңіріне  Йер-Су  (Жер  Су)  –  жауын-шашын  жіберетін, 

өсімдіктер мен жан- жануарларға өмір беретін молшылық тәңірі жатады...».[5-331].  

Біздің  даналарымздың  аспанға  қарап  ғарышты  көксегендері  сонша,  ол  бүгінге  дейін 

ұласып,  дәлірек  айтсақ  Байқоңырдан  басталған  ғарыш  жолы  адамзатты  аспанмен  түйістірді, 

бүгінгі дала ғарышкерлері галлактиканы игеруде. 

Монотеистік сипаттағы діни жүйе саналатын Тәңіршілік (Тенгрианство) өз бойына ертедегі 

түркілердің  діни-мифологиялық  байлықтарының  барлығын  сіңірген.  Тәңіршілік  –  ол  бүткіл 

ғаламды  жаратқан  Тәңірге  илану,  яғни  Құдайға  бас  ию,  алайда  ғаламнан  аулақ  тысқары,  оның 

төбесінде  орын  теппеген  Құдайға  емес,  болуға  тиісті  нәрселердің  барылығына,  солардың 

арасында  адамның  ішкі  рухына,  оның  жаны  бар  тәніндегі  барлық  қатысты  әрекеттерге  ұйтқы 

болатын Құдайға сену; ал бұл дегеніңіз – қоршаған табиғат ғажайыптарына өмір сүрудің тұтастай 

тіршілік  көзі  деп  сыйыну;  бұл  ең  аяғында,  өмірлік  талпынысқа,  сергектікке  илану;  бұл  – 

барлығымызға бірдей, алдыға ынталандыратын белсенді алғашқы бастама, яки кез-келген тұлғаға 

барынша  ілтипатты  тән  бастама,  бұдан  о  дүниелік  өмірге,  ажалсыздыққа  сену  келіп  шығады. 

«Түрктердің  дүниеге  көзқарасының  ерекшелігі  Аспанға  табынуында,  түрктер  аспанға  жоғары 

Құдай  ретінде  қарады,  одан  Жоғары  ешкім  болмайды  деп  есептеді.  Сондықтан  да  олар  таудың 

шыңын  Хан-Тәңірі  деп  атады.  Біз  бұл  жерде  шынайылықтан  Аспанға  бас  июге  өтуді  және  оны 




126 

 

рухани  рәмізге  айналдыруды  көрудеміз.  Көшпелі  түрктер  мен  малшылар  өмірінің  ерекшелігі 



олардың  әр  кезде  өзінің  құдайы  аспанды  бақылауының  арқасында,  дала  тұрғындары  өздеріне 

ыңғайлы көшу бағытын біле алатын болды.  Аспан денелерінің орналасуын білуі, оларға  болмыс 

тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. Тәңір-Аспан – әрі құдай, әрі шындық және бірліктегі рәміз» 

деген пікір айтады М.Орынбеков [6-372].  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Касымжанов А.Х. Стелы Кошо Цайдама. – Алматы, 1998. – 112 б. 

2. Амрекулов Н. Арманжер – мечта человечества. – Алматы. Издательство «Галым», 2004. –

732 б. 


3.  Қазақ  феномені  және  қазақтық  болмыс  //  Қазақтың халық  философиясы.  –  7-т.  Астана, 

2006. –544 б. 

4. Кішібеков Д. Көшпелі қоғам // Әлеуметтік философия. – Т.17. – Астана, 2006. – 480 б. 

5.  Аюпов  Н.Г.,  Нысанбаев  Ә.Н.  Түркі  фәлсафасы  және  мәдениеттер  мен  өркениеттердің 

қазіргі  заманғы  сұхбаты  //  Философиялық  антропология.  Мәдениет    философиясы.  Дін 

философиясы. Астана, 2006.– 19 т. – 536 б. 

6. Орынбеков М.С. Қазақ дүниетанымындағы тәңіршілдік // Философия тарихы.  – Астана, 

2006. – 14 т. – 488 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет