Түркі империясы көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі16,63 Kb.
#82218
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
document name



Автор: Злиха Сембаева Асқарқызы
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 10-сынып
Бөлім: Ұлы Дала көшпенділерінің империялары
Тақырып: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;
10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау

Сабақтың мақсаты:

 Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

 • VI-IX ғғ. кем дегенде 4 ортағасырлық мемлекеттерді, олардың өмір сүрген жылдарын, территориясын, негізін қалаушылары мен билеушілерін кестеде жүйелі түрде айқындай алады.
• Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының территориясы мен астанасын контур картада жүйелі айқындай алады.
• Бумын, Үшлік және Сұлу қағандарының сыртқы саясатына баға бере алады.
• Көне түркі жазбаларының тарихи маңыздылығын дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар:

 Пәнге қатысты лексика мен терминология
Халық
• Консолидация
• этносаяси бірлестік
• этнос
этноним
• ұлт
• миграция
• ассимиляция
әлеумет
• әлеуметтік топ
• ақсүйектер
• қара сүйектер
• мүліктік теңсіздік
• жер иелену түрлері
қағанат
• қаған
• «он-оқ бұдын» 
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Түркі тайпаларының миграциясының себептері... ...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...
Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/ экономикалық/ саяси/мәдени болып табылады.
Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.
Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы... Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені… Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…



Құндылықтарды дарыту:

 «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, Отан тарихы мен Түркі империясы саясатын талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар:

 География картамен жұмыс, қазақ әдебиеті ойын жинақтап эссе жазу.

АКТ қолдану дағдылары:

 Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім:

 Түрік тайпаларының миграциясының әсерін біледі. Баға береді. Ортағасырлық мемлекеттердің территориясын картадан көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет