Кіріспе АЛҒЫ СӨЗ Математикалық сауаттылықта кездесетін есептерді және шығарудың оңай жолдарын табу және терең зерттеу мақсатында осы оқу әдістемелік жинақ шығарылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2017 жылы жаңа форматқа ауысқанына байланысты, талапкер үш негізгі міндетті пәннен тестілеуден өтетіні белгілі. Соның ішінде міндетті үш пәннің бірі математикалық сауаттылық. Бұл кітапта математикалық сауаттылықта кеңінен қолданылатын тақырыптарды қарастырдық. Есептерді тақырыбы бойынша жинақтадық. Бұл кітапта алдымен тақырыптың анықтамасы жазылып, артынша мысалдар келтірілген, сол тақырыпқа байланысты есептер берілген. Есептердің кең ауқымды түрлері жинақталған бұл кітапта есеп шығарып жаттығуға, есептерді тиімді жолдармен шығаруға көп көмек береді.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын «Математикалық сауаттылық» шағын жинақталған кітабы, бірыңғай ұлттық тестілеуден табысты өту үшін, тестке өз бетінше дайындалуды мақсат еткен әрбір талапкерге, мұғалімдер мен репетиторларға арналған.
Бұл кітап жоғары оқу орнына түсушілерге өте пайдалы кітап болады деген сенімдеміз.
Негізгі бөлім Кітап беті Күнделікті өміріміздегі кітаптардың беттері цифрлармен нөмірленеді. Есеп шарты бойынша кітап бетін нөмірлеуге пайдаланылған цифрлар саны берілген болса, сол кітаптың неше беттен тұратынын табуға болады. Оның формулалары төмендегідей:
(n-кітаптың беттерін нөмірлеу үшін пайдаланылған цифр және 189 < n ≤ 2889).
Егер кітап 1-беттен басталса: