Пайдаланылған әдебиеттер 1. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2017 ж.
2. Кейлингерт П. Элементы ОС. Пер. с.англ. –М.:Мир, 2015
3. Гордеев А.В. Операционные системы. Учебник для вузов. –СПб.:Питер, 2014
4. Дейтл Г. Введение в операционные системы. В 2-х томах. Пер. с.англ. –М.: Мир, 2077 г.
5. Операционные системы-от РС до PS/2/ ж: Фодор, Д. Бонифас, Ж. Танги. Пер. с. франц.-М.:Мир,2019 г.
5-Дәріс Тақырыбы: Үрдістерді басқару және ұйымдастыру. Жоспар: 1. Үрдістің біресепті және көпесепті орындалуы.
2. Есепті көппроцессорлық шешуді басқару тәсілдері.
3. Үрдістер әрекеттестігі. Үзу жүйелері.
Дәрістің мазмұны Процесс бір күйден екіншісіне өз еркімен ауыса алмайды. Процесс күйін өзгерту қызметін ОЖ атқарады. Мұндай операциялартүрлері жоғарыдағы біздің модельде бағыттаушы (стрелка) санымен сәйкес келеді. Оларды үш топқа жұптастырып қарастырған өте қолайлы:
-процесстің құрылуы – процесстің аяқталуы;
-процессті тоқтату («орындалу» күйінен «дайындық» күйіне ауысуы) – процессті жүктеу («дайындық» күйінен «орындау» күйіне ауысуы);
-процессті матау (блокировка) («орындау» күйінен «күту» күйіне ауысуы) – процессті матаудан құтқару (разблокировка) («күту» күйінен «дайындық» күйіне ауысу).
Процессті құру және аяқтау операциясы бір тер қана болады (одноразовый), яғни процесске бірден көп қолданбайды (кейбір жүйелік процесстер есептеу жүйесі жұмысы кезінде ешуақытта аяқталмайды, аяқсыз қалады). Ал қалған операциялардың бәрі процесс күйінің өзгеруімен байланысты, яғни олар көп (многоразовый) түрлі.
Бір-ақ рет қолдануға болатын (одноразовые) операциялар. Күрделі ОЖ өзінің қажеттілігіне қарай динамикалық процесстерді тудырады. Жаңа процессті тудырушы ОЖ-ні жүктегеннен кейін арнайы жүйелік шақыруды орындаған қолданушы процессін немесе ОЖ-нің өзі, аяғында кез-келген процессті шығара алады. Жаңа процессті тудырушы процессті ата-ана процессі (parent process), ал қайтадан тағы пайда болған процессті бала-процесс (child process) деп атау қабылданған. Бала-процесс өзінің кезегінде тағы да жаңа бала-процесс туғызуы керек және т.с.с., осылайша жүйе ішінде процесстің генеалогикалық бұтақ жиыны «генеалогикалық орман» пайда болады. Көп қолдануға болатын (многоразовые) операциялар. Көп қолдануға болатын операциялар ОЖ-дегі процесстер санын өзгертпейді және ресурстарды босатуға немесе бөліп беруге байланысты болуы міндетті емес.
Процесстің жүктелуі. Әрі қарай орындау үшін бірнеше процесстердің ішіндегі дайын күйде тұрған процесстің біреуін ОЖ таңдап алады. Таңдап алған прцесс үшін, ОЖ оперативті жадыда ақпараттың бар болуын және оның ары қарай жұмыс істеу қажеттіліктерін қамтамасыздандырады.
Процесстің тоқтатылуы. «Орындау» күйінде тұрған процесс жұмысы қандай да бір үзілудің нәтижесінде тоқтатылады. Процессор команда санауышын автоматты түрде сақтайды және орындау процессі стектің бір немесе бірнеше регистрін сақтайды, одан кейін басқаруды берілген үзілуді өңдейтін арнайы адреске береді. Осылайша үзілуді өңдеуге арналған hardware жұмысы аяқталады. Көрсетілген адресте әдетте ОЖ-нің бір бөлігі ғана болады. Ол PCB-ғы процесстің жүйелік және регистрлік жанамасының динамикалық бөлігін сақтайды, процессті «дайындық» күйінде ауыстырады және ол үзілуді өңдеуге кіріседі, яғни, үзілу кезінде пайда болатын белгілі бір әрекеттерді орындауға кіріседі.
Процесстің қоршалып қалуы (блокирование). Жұмысты әрі қарай жалғастыра алмаған кезде немесе есептеу жүйесіндегі кез-келген бір оқиғаның пайда болуын күтпей әрекет жасаған кезде процесс қоршалып қалады. Бұл жағдайдан шығу үшін ол арнайы жүйелік шақырудың көмегімен ОЖ-ден көмек сұрайды. ОЖ жүйелік шақыруды өңдейді (енгізу-шығару операциясын реттейді, процесс кезінде процессті қосады, құрылғының босауын және оқиғаның болуын күтеді, және т.б.) және РСВ-ға қажетінше процесс жанамасының керек бөлігін сақтайды, процессті «орындалу» күйінен «күту» күйіне ауыстырады.