Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет6/28
Дата07.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#106420
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ОЖ-Дарис конспек-Ет-18

Ядро режимінде жұмыс істейтін бөлік executive Windows NT – орындалатын бөлік деп аталады. Ол виртуальды жадыны, объектілерді (ресурстарды), енгізу-шығаруды, файлдық жүйені (желілік драйверлерді қосқанда), процесстердің қарым-қатынасы және жүйелік қауіпсіздік бөлігін басқаратын бірнеше компоненттерді кіргізеді. Әрбір компонент басқаларды, мұқият ерекшеленген ішкі процедура жиынының көмегімен шақырады.
Қолданушылар режимінде жұмыс істеітін екінші бөлікті серверлер құрайды, ол - Windows NT қорғалған ішкі жүйесі. Windows NT серверлері қорғалған деп аталады, ендеше олардың әр қайсысының жадысы басқа процесстерден виртуальды жадыны басқаратын жүйемен NT executive бөлінген жеке процессте орындалады. Сонымен ішкі жүйелер автоматты түрде жадыны бірігіп пайдалана алмағандықтан, олар бір бірімен хабарды беру арқылы байланыс жасайды.
Қорғалған жүйені қолдауды Windows NT executive микроядро кеңістігінде жұмыс істейтін және ешқашан дискке түсірілмей орындалатын бөлім қамтамасыз етеді. Оның құрамды бөлігі болып төмендегілер аталады:
1. Құратын, жоятын және NT executive объектілерін басқаратын жүйе ресурстарын көрсету үшін пайдаланылатын абстракты деректер түрі – объекттер менеджері;
2. Жергілікті компьютерде қорғау ережесін орнататын қауіпсіздік мониторы, ол ОЖ ресурстарын қорғайды, қорғауды орындайды және орындалатын объекттерді тіркейді.
3. Процесстердің тоқталуын және қайтадан басталуын, құрылуын және аяқталуын, сонымен қатар олар туралы ақпараттарды сақтайтын процесстер менеджері;
4. Виртуальды жады менеджері, яғни, өзіне келесі компоненттерді енгізетін енгізу-шығару ішкі жүйесі:
- енгізу-шығару менеджері;
- файлдық жүйелер;
- желілік редиректор;
- NT құрылғысының драйвері;
- Кэш менеджері.
Өз кезінде орындалатын блім №1 микроядроның төменгі деңгейінің қызметіне негізделеді. Микроядро функцияларына төмендегілер кіреді:
- процесстерді жоспарлау;
- төтенше оқиғаларды және үзуді өңдеу;
- көп процессорлы жүйелер үшін процессорларды синхронизациялау;
- жаңылысудан кейін жүйені қалпына келтіру.
Микроядро жеңілдікпен пайдаланушы режимінде жұмыс істейді және ешқашан жадыдан кетпейді. Оған тек үзіліс арқылы қатынау мүмкін.
Сигналдар өңдеу жабдықтары. Сигналдар бір үрдістен екінші үрдіске өткенде немесе ОЖ ядросында қандайда бір жағдайдың анықталуына байланысты түзіледі. Үрдістер арасындағы қарым –қатынасын сигналды жіберу және қабылдау арқылы қарастырайық.
Үзілістердін пайда болуы сияқты сигналдардың пайда болуы келесі себептерге байланысты:
- программа ішіндегі кейбір жағдайлар, мысалы аса толу болғанда немесе нольге бөлгенде;
- құрылғыдан келген кейбір ақпараттарға байланысты, мысалы пернетақтадан «Ctrl+C» комбинациясын беруге байланысты;

Жүйеде тиянақталған жағдай жиыны бар, олар жүйде пайда болуы мүмкін. Әр жағдайдың өзінің ерекше аты болады: бұл аттар әдетте Unix версиясы үшін бірдей. Бұл аттарды сигналдар деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет