Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет23/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Регистрлер туралы жалпы мағлұмат.

  2. Регистрлердің түрлері және мақсаты.

  3. Регистр негізгі анықтаулар бойынша кодтық сөзбен орындайтын микрооперацияларды атаңыз.

  4. Регистрдің әртүрлі қалыпқа қарай классификациясы.

  5. Регистрлер функциясы.

  6. Параллельді, тізбекті және параллельді-тізбекті ренистрлер.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.
18-Дәріс
Тақырыбы: Параллельді регистрлер.
Жоспар:

    1. Параллельді регистрлер.

    2. Регистрлерде логикалык операциялардың орындалуы.



Дәрістің мазмұны
Параллельді регистрлер бір бірімен байланысы жоқ N триг­герлерден түрады, мұндағы N - регистр разрядтарының саны. 4.8-суретте, бірфазалық жазу және N разрядты сөзді парафазалық беру тізбектері бар, синхрондық RS-типті триггерлерде орындалған параллельді регистр сұлбасы көрсетілген.
Сөздің регистрге жазылуы екі сатыда (тактіде) орындалады. Бірінші сатыда С синхронизация шинасындағы тактілеуіш импульс арқылы регистрдегі ескі ақпарат өшіріледі, яғни барлық триггерлер логикалық нөл ("0") қалпына орнатылады. Ол үшін Қ қабылдау шинасьша "0" сигналы, ал "1" Орн өшіру шинасына бірлік сигнал ("1") беріледі.


Екінші сатыда Қ және "1" Орн шиналарына сәйкесінше "1" жөне "0" беріледі, содан кейін тактілеуіш импульспен А сөзі параллельдік кодпен жазылынады. Басқаша айтқанда, аi = 1 болатын разрядтардағы тригтерлерге бір жа-зылады, ал аi = О болатын разрядтардағы триггерлердің күйлері өзгермейді. N разрядты сөзді парафазалық кодада беру үшін Б беру (шығару) шинасына логикалық 1 сигналы беріледі.
Практикада ақпарат бір тактілік импульспенен жазылатын регистрлер кеңінен қолданылады.
М
4.8-сурет Ақпаратты бірфазаменен қабылдайтын КБ-триггерлер негізіндегі параллельді регистр
ысал ретінде
4.9- және 4.10-суреттерде, сәйкесінше RS және D типті синхрондық триггерлерде орындалған, ақпаратты қосфазамен және бірфазамен қабылдайтын регистр­лер сұлбалары келтірілген.
Бұл регистрлер ақпаратты параллельді жазу процесінің жеңіл ұйымдастырылуымен ерекшеленеді және, жоғарыда қарастырылған регистр сияқты, логикалық элементтердегі қосымша сұлбаны қажет етпейді.
Осы регистрлерге аппа­рат, 4.8-суретте көрсетілген регистрмен салыстырғанда, екі есе тез жазылынады. Сөздің параллельдік кодын жазу уақыты (іжаз) шамамен бір триггердің ауысып қосылу кідірісімен (tT) анықтала-

4.9-сурет. Ақпаратты қосфазаменен қабылдайтын параллельді регистр




4.10-сурет. Ақпаратты бірфазаменен қабылдайтын параллельді регистр
ды, яғни іжаз = tH > tT, мұндағы іи - синхронизациялайтын тактілік импульстің үзақтылығы.
Бірфазалық және қосфазалық параллельді регистрлерді салыстыра отырып, айту керек - бірфазалық регистрлер кірістері жағынан үнемдірек, ал бүл АҮИС-ті жобалау кезінде шығыстар санын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен, параллельді регистрлерде ақпаратты енгізу (жазу) және шығару (беру) параллельдік кодпен жүргізіледі. Ал шығару тікелей (оң) немесе кері кодтарда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет