Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет26/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Тізбекті регистрлер туралы мәлімет.

  2. Синхронизациялануы біртактілі бірфазалық ығыстырушы регистрдің жұмысы.

  3. Синхронизациялануы біртактілі қосфазалық ығыстырушы регистрдің жұмыс істеу принципі.

  4. Ығыстырушы екітактілік бірфазалық тізбекті регистр.

  5. Регистр жадысының көлемін бірнеше ИС жады блоктарын құру арқылы ұлғайту жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.


20-Дәріс
Тақырыбы: Параллельді-тізбекті регистрлер.
Жоспар:

  1. Параллельді - тізбекті регистрлер.

  2. Реверсивті регистрлер. Әмбебап регистрлер.



Дәрістің мазмұны
Параллельді-тізбекті регистрлер ақпаратты параллельді және тізбектеп қабылдау мүмкіндіктері бар. Осындай регистрдің бір сұлбасын қарастырайық. Бұл регистрде ішкі кідірісі бар біртактілі D триггерлер және қосымша ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтері пайдаланылған. С1 и С2 шиналардағы сигналдар регистрге ақпарат жазу тәртібін анықтайды.

А санның кодын тізбектеп жазу үшін С1 шинада логикалық 1 сигналын, ал С2 шинасында логикалық 0 сигналын орнату керек. Бұл кезде В саны кодының параллельді жазылуына тосқауыл қойылады. Регистрдің С кірісіне тізбектеліп берілетін тактілеуші импульстердің көмегімен А санның кодын жазу жүзеге асырылады. Осы кезде, саны жазылынатын сөздің разрядтардың санына тең, әрбір тактілеуші импульстен кейін регистр бір разриядқа оңға жылжиды.


В санның кодын параллельді жазу үшін С1 , С2 шиналарына сәйкесінше 0 және 1 сигналдарын орнату және С синхронизациялау кірісіне біртактілеуші импульсті беру керек. Бұл тактілуіш импульстің әсері біткен кезде регистрге В санның коды жазылады. Бұл кезде А саны кодының жазылуына және разрядтар арасындағы жылжытуларға тосқауыл қойылады.
ЭЕМ-нің цифрлық құрылғыларында кеңінен қолданылатын параллельді-тізбекті регистрлер параллельдік кодты тізбекті кодқа немесе керісінше түрлендірулер үшін де қолданылады. Параллельді-тізбекті регистрден реверсивтік регистрді алуға болады. Ол үшін әрбір і-ші разрядты триггердің шығысын bі+1 кірісімен қосу керек, ал b1 кірісін- үлкен разрядтан басталып тізбектеп берілетін В санның коды үшін пайдалану керек. Бұл кезде С1 және С2 шиналарына оңға немесе солға жылжытуға рұқсат беретін игналдар беріледі.
Реверсивті регистрлерде басқарудың логикалық сұлбалары болуы керек, олкодтың оңға қарай ығысуын туғызу үшін і – ші триггердің Q шығысынан і-1 ші триггердің Р кірісіне сигналдың берілуін, ал солға қарай ығысуды жүзеге асыру үшін осы сигналдың і+1 – триггердің D кірісіне өтуін қамтамасыз етеді. Реверсивті регистрдің құрылу сұлбасы 1.7-суретте көрсетілген.


Сурет - 1.7 реверсивті регистр
Кодтың ығсу бағыты талап етілетін сигналдардың сәйкес кірістерге берілуімен анықталады. Осылайша S0 кірісіне логикалық бірліктің кернеуі берілгенде ығысу солға қарай бағытталады (үлкен разриядқа қарай), 1.8-сурет, басқарудың логикалық схемалары сигналдың і-ші триггер Q шығысынан осы триггер D кірісіне және керісінше өтуін (рұқсат етсе) қамтамасыз етсе, S1 кірісіне логикалық бірліктің кернеуі берілгенде сигналдың і – ші триггердің Q шығысынан і-1 ші триггердің D кірісіне өтуін қамтамасыз етеді , яғни кодтың оңға қарай ығысуы орындалады (кіші разрядқа қарай).
Параллель, ығыструшы және реверсивті триггерлердің шартты графикалық белгіленуі 1.8-суретте келтірілген.
1.8-суретте көрсетілген микросұлбала шықпасы мынадай: ақпаратты параллель код түрінде жазу кезіндегі D триггердің сәйкес разриядтарының D1 - DИ кірістері; Q1 - QИ – Q триггердің тура шығыстары; С тактілі импульс кірісі; R нөлдік кіріс; S0, S1 ығысу бағытын басқару кірісі; VR оңға қарай ығыструдағы тізбекті код кірісі; VL белгісі колданылады.
Әмбебап немесе көпрежимді (көпфункционалды) регистрлер микрооперациялар жиынтығын орындауға қабілетті. Көпрежимділікті бір сұлбада әртүрлі операцияларды орындауға қажетті бөлшектердің композициясының болуымен аламыз. басқарушы сигналдар берілген уақытта орындалып жатқан операцияға қажетті сұлба бөлігіннің іске кірісуін қамтамасыз етеді.
Көпрежимді регистрдің КР1533 сериялы ИР13 микросұлбасы 1.2-суретте көрсетілген. Бұл ырғақтың жиілігі 25 МГц-ке дейін және тұтыну тогы 40мА болатын екіжақты ығыстыру мүмкіндігі бар сегізразрядты регистр. Параллельді кірісі және шығысы бар, R асинхронды істен шығу кірісі және төрт режимді (параллель жүктеу, екі ығыстыру және сақтау) белгілейтін S мен S режимдерін таңдау кірісі.1.1-кестеде регистрдің функциялануы анықталған.1.3-суретте ИР13 регистрінің шартты белгіленуі берілген.
Әр типті кірістен және шығыстан тұратын регистрлер параллель кодты тізбектіге және керісінше түрлендіруді жүзеге асыратын негізгі блок ретінде қызмет етеді. 1.4-суретте параллель кодты тізбектіге түрлендіретін SI/PI/SO типті сегізразрядты регистр негізіндегі түрлендіргіш сұлбасы көрсетілген. Бұл сұлбада 1 элементінің жоғарғы кірісіне логикалық ноль деңгейін беретін теріс бастапқы St импульсі L(Load – жүктеу) кірісіне мәліметті параллель қабылдайтын бірлік сигнал туғызады, осы арқылы RG регистрдің 1...7 разрядтарына түрленуге ұшырайтын D сөз жүктеледі, ал нөлдік разрядқа – 0 константасы. DSR тізбекті кірісіне 1 константасы берілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет