Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет24/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Р егистрлерде логикалык операциялардың орындалуы
Бір регистрден екінші регистрге ақпаратты беру процесі кезінде регистрлерде келесі операцияларды орындауға болады:
- логикалық қосу (ЛҚ);
- логикалық көбейту (ЛК);
- 2 mod бойынша қосу (2 Қос).
Логикалық қосу “ЛҚ”басқару
сигналы берілгенде орындалады
(4.11-сурет). Бұл жағдайда
б
4.11-сурет. Регистрде логикалық операциялардың орындалуы
ірінші қосылғыш регистрде бар
деп, ал екінші қосылғыш, ЛЭ-1
логикалық элементтері арқылы, әр тригердің
S кірісіне беріледі деп есептелінеді. Регистрдің і-разряды бірлік күйде болады, егер ондағы екі қосылғыштың ең болмағанда біреуі бірге тең болса.
Осылайша, "ЛК" басқарушы сигналдың әсерімен, логикалық көбейту операциясы орындалады. Мұнда екінші көбейткіш, ЛЭ-2 элементі арқылы, R кіріске беріледі. Сондықтан, регистрдің і-разряды 0-дік күйде болады, егер ондағы екі айнымалының ең болмағанда біреуі 0-ге тең болса.
"2 Қос", 2-лік модулі бойынша қосу операциясы орындалғанда, екінші қосылғыш регистрдің әр разрядтарындағы триггерлердің есептік (санау) кірістеріне беріледі. Бірінші қосылғыш, басқарушы сигналдардың көмегімен, регистрге келесі тәртіппен жазылады:
- х1, х2, ..., хn кірістерінде "1" сигналы орнатылады;
- ЛК басқарушы сигналдың көмегімен регистрдің барлық разрядтарындағы тригтерлер 0-дік жағдайға ауыстырылады;
- ЛҚ басқарушы сигналымен ақпаратты енгізу жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:

    1. Параллельді регистрлер.

    2. Регистрлерде логикалык операциялардың орындалуы.

    3. Ақпаратты бірфазаменен қабылдайтын КБ-триггерлер негізіндегі параллельді регистр.

    4. Ақпаратты қосфазаменен қабылдайтын параллельді регистр.

    5. Ақпаратты бірфазаменен қабылдайтын параллельді регистр.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет