Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет7/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
y0 = x1 + x3 + x5 + x7 + x9,
y1 = x2 +x3 +x6 +x7,
У2 =x4+x5+x6+x7, (3.1)
y3=X8+X7.'
Бұл теңдеулер төменде көрсетілген ақиқаттық (шындық) кестесі (3.1-кесте) негізінде құрылады. Логикалық теңдеулерге (3.1.) сәйкес құрастырылған
3.1. кестесі Шифрлеуіштің ақиқаттық кестесі

X0

X8

X7

x6

х5

Х4

X3

x2

x1

x0

Y3

У2

У1

y0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

1

1

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

1

0

1

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

1

1

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

0

1

1

1

0

1

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

1



шифрлеуіштің сұлбасы және оның графикалық шартты белгісі 3.1-суретте келтірілген.
3.1, б-суретте көрсетілінгендей, қарастырылып отырған шифрлеуіштің бұл түрінде, х0 кірісіне берілетін сигнал қолданылмайды.

а) б)
3.1-сурет. Шифрлеуіштің графикалық шартты белгісі (а) және логикалық сұлбасы (б)
Шифрлеуішті кейде "кодер" (ағылшынша coder) деп атайды және ол батырмалы басқару пультінің пернетақтасынан (клавиа­тура кнопочного пульта управления) терілген ондық сандарды екілік сандарға айналдыру үшін қолданылады. Перне тақтасының кез-келген батырмасын басқанда соған сәйкес шифрлеуіштің кірісіне логикалық бір (лог.1) сигналы беріледі, ол шығысында екілік-ондық кодқа түрлендіріледі. Сонымен қатар, лог. 1 сигна­лы әрбір уақыт мезетінде тек бір кіріске беріледі. Оны белсендірілген кіріс деп атайды. Мұндай бір кірісі белсендірілген шифрлеуіштер екілік шифрлеуіштер деп аталады. Екілік шифрлеуіштерден басқа тәжірибеде артықшылықты (приоритетгі) шифрлеуіштер кең пайдаланады. Артықшылықты шифрлеуіштерде белсенді сигналдар (лог. 1 немесе лог. 0) бірден бірнеше кіріске беріледі. Мұндай жағдайда, олардың шығысында, белсендірілген кіріс нөмірлерінің үлкеніне сәйкес санның, екілік коды алынады. Бір ғана кірісі белсендірілген артықшылықты шифрлеуішті жұмысы екілік шифрлеуіштікіне сәйкес болады. Артықшылықты шифрлеуіштер өте күрделі операцияларды орындау үшін, мысалы, бірінші кезекте қызмет етілуіне (қандай да бір ресурсты пайдалануға) хұқы бар сұрату көзін таңдау үшін қолданылады.
Артықшылықты шифрлеуіштердің шығыстарына дешифрлеуіштерді қоссақ, онда кіріс саны шығыс санына тең болатын "үлкен бірдің" нұсқағышын (лог.1 сигналы берілген-активтелінген кірістер номерлерінің үлкенін көрсететін сұлбаны) алуға бо­лады. Егер "үлкен бірді" көрсететін сұлбаның бірнеше кірісіне активті логикалық сигналдар берілсе, онда ең үлкен сұратуға сәйкес тек бір шығыс белсендіріледі. Сөйтіп, "үлкен бірдің" нұсқағыштары, артықшылықты шифрлеуіштер шешетін есептерді шешетінімен қатар, шығысында екілік кодты басқа түрде -"m-нен 1" (m<2n) түріндегі кодта қалыптастырады. "Үлкен бірдің" нұсқағыштары, мысалы сұратуларды артықшылықпен орындайтын жүйедегі жылжымалы үтірлі сандарды нормализациялайтын құрылғыларда қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Белсендірілген кіріс дегеніміз не?

  2. Шифрлеуіштің графикалық шартты белгісі және логикалық сұлбасының жұмыс істеу принципі.

  3. Шифратордың сандық ақпаратты түрлендіру элементі ретінде тағайындалуы.

  4. Шифратордың ақиқат кестесін функционалдау үрдісі.

  5. НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисіндегі шифраторлардың сұлбаларын талдау.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014 г.
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.


6-Дәріс
Тақырыбы: Дешифраторлар.
Жоспар:

  1. Дешифраторлардың сандық ақпаратты түрлендіру элементі ретінде тағайындалуы.

  2. Дешифратордың ақиқат кестесін функционалдау үрдісі.

  3. НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисіндегі дешифраторлардың сұлбаларын талдау.



Дәрістің мазмұны
Дешифрлеуіш немесе декодер деп, кірістеріндегі n-разрядты екілік кодты шығысынтарындағы "m-нен 1" коды түріндегі комбинациялық сигналдарға түрлендіретін, комбинациялық тіпті функционалдық түйінді айтады, мүндагы n және m - сәйкесінше, дешифрлеуіштің кірістер және шығыстар саны. Дешифрлеуіштің әрбір шығыс функциясы кіріс сигналдардың m мүмкін комбинациясының біреуіне сәйкес келеді. Басқа сөзбен айтқанда, кіріс сигналдардың әрбір нақты комбинациясына сәйкес келетін шығыс функция белгілі бір мәнді қабылдайды, мысалы, логикалық 1 (немесе 0)-ді, ал сол уақытта қалған функциялардың мәні логикалық 0 (немесе 1 )-ге тең болады. Егер дешифрлеуіштің n кірістер саны m шығыстар санымен m = 2 қатынасы арқылы байланысқан болса, онда дешифрлеуіш толық деп аталады. Ал егер m < 2n болса, яғни дешифрлеуіштің шығысында кіріс сигналдардың барлық мүмкін комбинацияларының кейбіреулері орындалмаса, онда мұндай дешифрлеуіш толық емес деп аталады. Мысалы, толық емес деп 4 кірісі және 10 шығысы бар дешифрлеуішті айтады. Мұндай дешифрлеуішті екілік кодты екілік-ондық кодқа түрлендіру үшін пайдаланады. Дешифрлеуіштің жүмысы ақиқаттық кестемен анықталады, ол шифрлеуіштің ақиқаттық кестесіне (3.1 кестесіне) ұқсас, бірақ онда кіріс және шығыс сигналдардың орындары ауыстырылады.
Сұлбатехникалық түрде дешифрлеуіштер ЖӘНЕ немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтер арқылы іске асады. Соңғы дешифрлеуішті теріс шығысты дешифрлеуіш деп атайды.
Дешифрлеуіштің сызықты деп аталатын ең қарапайым сұлбасында әрбір шығыс функцияны алу үшін бөлек n-кірісті ЖӘНЕ немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтер қолданылады. ЖӘНЕ (немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС) логикалық элементтердің (ЛЭ) кірістеріне кіріс сигналдар мәндерінің сәйкес (әртүрлі) комбинациялары беріледі. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерден құрылған сызықты дешифрлеуіштің сұлбасы және графикалық шартты белгісі 3.2-суретінде көрсетілген. 3.2, а-суретіндегі дешифрлеуіштің сұлбасында дешифрлеуіштің кірістеріне берілетін бірфазалы (түзу) сигналдардан қосфазалы сигналдарды алу үшін қосымша ЖӘНЕ-ЕМЕС (үш) логикалық элементтер қолданылған.
ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтердің шығыстарында пайда болатын m шығыс функциялардың мәндері терістелінген. Әдетте, шартты белгінің негізгі өрісінде (3.2, б-сурет) DC (ағыл. Decoder) әріптері көрсетіледі. Дешифрлеуіштің кірістері олардың екілік салмағымен белгіленеді.
Әдетте дешифрлеуіштер микросхемаларының стробтау кірістері болады, ондағы активті логикалық сигналдар дешифрлеуіштердің жүмыс істеуіне б)
3.2-сурет. Теріс шығыстары бар дешифрлеуіштің сұлбасы (а) және оның графикалық шарт таңбасы (б)

рұқсат береді. Егер 3.2, а-суреттегі сұлбаның стробтау Е кірісіне логикалық 1 (Е = 1) сигналы берілсе, онда дешифрлеуіштің шығыс функциялары оның кіріс сигналдарынан тәуелсіз болады және олардың барлығы логикалық 1-ге тең мәнді қабылдайды; қарсы жағдайда, яғни стробтау Е сигналы логикалық 0-ге (Е = 0) тең болса, онда дешифрлеуіш қалыпты жұмыс істейді.


Мысалы, егер барлық кірістерге логикалық 0-ді берсек, онда у0 шығысында логикалық 0, ал қалған шығыстарда логикалық 1 болады. Егер х2 кірісінде - логикалық 1, ал қалған кірістерде логикалық 0 болса, онда у4 шығысында -логикалық 0, ал қалғандарында - логикалық 1 болады және т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет