Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет4/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Логиқалық схемалар және логиқалық машиналар.

  2. Базалық интегралды ТТЛ – сұлбасы.

  3. Транзисторлы-транзисторлық логикалық элементтер.

  4. К155 сериялы ТТЛ базалық логикалық элементті сұлбасының жұмыс істеу принципі.

  5. НЕМЕСЕ бойынша логикалық кеңейткіштің сұлбасының жұмыс істеу принципі.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016г.
3-Дәріс
Тақырыбы: Комбинациялық сұлбалар.
Жоспар:

  1. Комбинациялық сұлба түрлері.

  2. Комбинациялық логика құрылғылары.

  3. Аналогтық интегралдық сұлбалар.



Дәрістің мазмұны
Комбинациялық типті функционалдық түйіндер
Цифрлық логикалық құрылғылардың функционалдық түйіндері комбинациялық және тізбектелген болып бөлінеді. Комбинациялық функционалдық түйіндер деп, шығыс сигналдары кез келген уақыттың дискреттік бөлігінде дәл сол уақыттағы кірісіндегі логикалық сигналдармен анықталатын, логикалық құрылғыларды айтады.
Цифрлық құрылғылардың тізбектелген функционалдық түйіндерінің құрамында жады элементтері болады. Сондықтан оларды кейде жадылы автоматтар немесе жәй цифрлық автоматтар (ЦА) деп атайды. Тізбектелген құрылғылардың шығыс сиг­налдары қарастырылған уақыттағы ЦА-тың кірісіндегі сигнал­дармен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге жады элементтерінің сол мезеттегі (бастапқы) күйіне де байланысты болады.
Комбинациялық құрылғылардың ішінен тәжірибе жүзінде кең таралғандары келесі функционалдық тораптар: шифрлеуіштер, дешифрлеуіштер, мультиплексорлар, демультиплексорлар, компараторлар, кодтарды түрлендіргіштер, бақылау сұлбалары, қосындылауыштар және т. б.
Аналогтық интегралдық схемалар
Жартылай өтгізгішті технологиялар негізінде құрылатын интегралдық сұлбалар қазіргі заманғы электрондық құрылғыларда әр түрлі функцияларды орындау үшін кеңінен қолданылады. Интегралдық микросхемеалар деп те аталатын интегралдық сұлбалардың (ИС) орындайтын негізгі функциялары, кернеу немесе тоқ түрінде берілетін, электірлік сигналдарды өңдеу және түрлендіру болып табылады. Электірлік сигналдар аналогтық немесе цифрлық түріндегі ақпаратты бейнелей алады. Осы ақпаратты өңдеуді орындайтын интегралдық сұлбалар сәйкесінше аналогтық және цифрлық деп аталады.
Интегралдық сұлбалар, негізгі активті құрауыштың түріне сәйкес, биполярлық (биполярлық транзисторлардағы) ИС және МДЖ ( МДЖ - металл – диэлектрик - жартылайөткізгіш) танзисторлардағы ИС болып бөлінеді. Биполярлық ИС әдете жоғарғы жылдамдығымен және пайдалану қуатының көптігімен сипатталады. Оларды істеп шығару процесі аса күрделі және көлемі үлкен кристаллдарды қолдануды қажет етеді. Бұл жағынан МДЖ- құрылымдар олармен салыстырған да тиімді болып табылады. Сондықтан аса үлкен ИС (АҮИС)-терде МДЖ- транзисторлар кеңінен қолданылады. Сонымен, жоғарғы жылдамдылық, яғни жұмыстың жоғарғы жиілікте жасалуы, керек болған жағдайда биполярлық транзисторлар негізіндегі ИС-тер, ал шапшаңдылыққа ерекше талаптар қойылмаған кезде, басқа сұлбалармен салыстырғанда, қуатты аз пайдаланатын және бағасы төмен МДЖ ИС-тер қолданылады.
Аналогтық ИС, үздіксіз функциялар заңымен өзгеретін сиг-налдарды күшейту, салыстыру, өндеу, түрлендіру және т.б. үшін арналған, әр түрлі аналогтық электрондық қүрылғыларды жасап шығару үшін қолданылады. Қазіргі уақьпта аналогтық микро-схемалардың жалпы жағдайда қолданылатын және арнайы тағайындалынған түрлері көп көлемде жасалынған. Оларға, бірінші кезекте, операциондық күшейткіштердің, компараторлар мен аналогтық сигналдарды түрлендіргіштердің, қөректену тізбегінде қолданылатын кернеуді тұрақтандырғыштардың аналогтық микросхемалары жатады. Олар, аналогтық көбейткіштердің, мысалы амплитудалық және фазалық модулятор мен демодуля-торлардьщ (детекторлардың), негізінде әр түрлі радиотехникалық түрлендірулерді орындау үшін, сонымен қатар түрмыстық аппаратураларды қүрастыру үшін пайдаланады. Бірақ, пайдалы-натын аналогтық ИС-тердің функционалдық қызметтерінің және жасалу технологиясының айырмашылығтарына қарамастан, олардың көбісінің негізін, түрақты тоқтың дифференциалдық күшейткіштерде жүзеге асатын, операциялық күшейткіштердің (ОК) сұлбатехникасы құрайды. Операциялық күшейткіштер қазіргі замандағы интегралдық аналогтық электрониканың негізгі сұлба-техникалық элементтері болып табылады. Сондықтан, аналогтық электрондық құрылғылардың көбінің сипаттамалары ОК-ның негізгі параметрлерімен анықталады. Бұл параметрлерге мыналар жатады:
-кернеу бойынша күшейту коэффициенті;
-кіріс кедергісі;
-шығыс кедергісі;
-күшейтілетін жиіліктердің жолағы.
Аналогтық ИС-терді қолдану айтарлықтай ерекше және жасаушының шығармашылығына үлкен кеңшілік береді. Жасаушы аналогтық ИС-тердің ішкі сұлбатехникасын және құрылымын, типтік сұлбалардьщ қасиеттері мен қолдану шарттарын, сонымен бірге жасалынатын қүрылғының негізгі сипаттамаларын жылдам бағалайтын әдістерін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет