CD – R (CD – Recordable) жинақтауышы Verbatim фирмасынан
Сырт жағынан ол CD – ROM – ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу форматы жағынан бір – біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір реттік жазуды орындауға мүмкіндік береді және оны бәрнеше рет оқуға болады. Мәліметтерді жазу арнайы программалық жабдықтау көмегімен жүзеге асырылады. CD – R жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х – 52х – ті құрап отыр.
CD – RW (CD – ReWritable) жинақтауышы Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді және бұл жерде ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды толықтай қайта жазуға мүмкіндік бар (алдыңғы мәліметтер өшіріліп қалады). CD – RW жылдамдығы 4х – 52х, ал қайта жазу, жылдамдығы – 24х.
DVD (Digital Video Disk) жинақтауышы Бұл цифрлік жазуларды оқу құрылғысы. Сырт жағынан DVD – диск кәдімгі CD – ROM – ға (диаметрі – 120 см, қалыңдығы – 1.2 мм) ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD – дискінің бір жағына 4.7 Гбайтқа дейін жететін мәліметтерді жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдансаңыз, онда дискінің бір жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD – дискілері ақпараттарды қайта жазу мүмкіндігіне ие.
Жазу әдістері: Track – at – Once, Disc – at – Once және Packet Writing Track – at – Once тәртібінде әр жолдар жазылғаннан кейін жазушы лазер қосылады. Осы тәртіпте жазылған жолдар аралықтармен бөлінеді (gaps). Егер музыкалды жолдардан кейін мәліметтері бар жолдары келетін болса, онда аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар арасындағы аралық әдетте 2 секунд.
Disc – at – Once тәртібінде жазуда бір немесе одан да көп жолдар лазердің өшпеуінсіз жүзеге асырылады және бұл жерде диск жабылады. Disc – at – Once – та жазу үшін жаңа диск қажет және ол multisession дисктер үшін мүмкін емес. Packet Writing. CD – ға жазудың жаңа әдісі. Бұл жерде мәліметтер кіші позициялармен жазылады және бұл көптеген шектеулерді шешеді. Adaptec Direct CDпрограммасы стандартты UDF спецификасына сәйкес тәртібінде жасалады. Бірақ барлық CD – рекодерлерде Packet Writing мүмкіндігі бола бермейді.