Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар (2-ші суретке қарңыз). Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары – төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайда ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды.
Оптикалық дискілердегі жинақтауыш
Жинақтаушы дискілер
CD – ROM жинақтауыш
Samsung SC-152L 52x CD-ROM жинақтауыш Соңғы уақыттағы компьютерлердің негізгі конфигурациясына CD – ROM дискжетек енгізген болатын. CD – ROM – ның (Compact Disk Read Only Memory) абервиатурасы компакт – дискілер негізіндегі тұрақты еске сақтаушы құрылғы деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск бетінде орналасқан лазерлік сәулелер арқылы цифрлік мәліметтерді оқу болып табылады. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде қарапайым компакт – дискіні қарастыруға болады. компакт – дискідегі цифрлік жазу өте жоғарғы тығыздығы бар магниттік дискілерден ерекшелінеді, сол себептен стандартты CD 650 – 700 Мбайтты сыйдыра алады.
Пластикалық бетке алюминий немесе алтын қабаты жағылады. Дискіге ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып жазу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты екі ретті жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (pit), ал оның беті лэнд (land) деп аталады. Логикалық нөл пит ретінде немесе лэнд ретінде болуы мүмкін. Логикалық бірлік питтен лэндқа өту кезінде кодталады.
Компакт – дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі бір жолдар болады. диск беті 3 облысқа бөлінеді. Бастапқы (Lead – In) дискінің ортасында орналасады. Және бірінші оқылады. Онда диск мазмұны жазылады, барлық жазулардың адрестерінің кестесі, диск белгісі және т.б. көмекші ақпарат. Ортаңғы облыс дискідегі үлкен орын алатын негізгі ақпараттары бар. Соңғы облыс (Lead – Out) дискінің соңғы белгісі болады.
CD – ROM жинақтауышы дискіні айналдыратын электродвигателі болады; лазерлік сәулешашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға арналған датчиктер мен линзалардан құралған оптикалық жүйесі; әкелеу механикасын басқаратын микропроцессорлардан құралады.
CD – ROM – ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы – 150 Кбайт/сек; компьютердің жедел жадысына мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының сипаттамалары: 2 жылдамдықты CD – ROM(2х), 50 жылдамдықты (50х CD – ROM); қолдану уақыты, яғни дискідегі ақпаратты іздестіру үшін миллисекундамен есептейді. Бір ретті жазу CD – R және CD – RW құрылғылары болады.