Бақылау сұрақтары: Енгізу-шығаруды басқару режимдері.
Ортақ енгізу-шығару құрылғылары, құрылғыларды жалғау.
Енгізу-шығару үрдісін басқару.
Синхронды және асинхронды енгізу-шығару.
Бірінші сұраныста деректерді оқу операциясына нұсқау беру.
Деректерді оқу/жазу операцияларына сұраныс кезегін қайта құру жолдары.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011
14-Дәріс Тақырыбы: Файылдық жүйе. Жоспар: Файылдық жүйенің негізгі функциялары
Әр бір операциялық жүйе бір түсініктемеге қолданылады оның бірі болып үрдіс табылады. Ал екінші түсінік, олда өте маңызды – ол файл түсінігі.
Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Файлдың негізгі қасиеттері.
1. Файл – бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты – ол тізбекті бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге байланысты.
2. Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.
3. Енгізу-шығару функцияларының жиынтығы. Әр бір операциялық жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады:
Файлды жұмыс жасау үшін ашу. Бар немесе жаңа файлды ашуға болады.
2. Оқу/жазу. Көбінесе файлдармен алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін. Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол программалы – аппаратты мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы реалды алмасу кезінде программистермен өзгертілуі мүмкін.
3. Файлдық нұсқағышпен басқару. Әр бір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.
4. Файлды жабу. Бұл операция екі функция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
ағымдағы файл мазмұнын сақтау және жабу
файлды жою.
Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс тоқтатылады.
3. Деректерді қорғау. Көп стратегиялық шешімдер апараттық деңгейде және операциялық жүйе деңгейінде қайталанады. Егер мультипрограммалық режимді еске алсақ, онда бір қажет болып табылатын ол жадыны және деректерді қорғау. Файлдық жүйені қарастыратын болсақ, олда операциялық жүйе сияқты бірқолданбалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда деректерді қорғау проблемалары болмайды, өйткені операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған адам барлық файлдардың иесі болып табылады.
Негізінде қорғау проблемасы тек қана файлдық жүйемен байланысты емес. Реалды операциялық жүйе деректердің қорғанысын барлық аймақтарда қамтиды: бұл файлдар, үрдістер және қорлар.
HPFS файлдық жүйесінің компоненттері. Бұл файлдық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі ол ұзын аттарды қолдану. (FAT – форматында 8.3, ал HPFS - жоқ). Бұл файлдық жүйе FAT жүйесінің барлық атрибуттарын қолдайды. Каталогтарды дискілік кеңістіктің орта жолдарына орналастырады және осы арқылы жүйенің шапшаңдылығы көтеріледі.
Үлестіру кестесінде картада әр секторға бір бит бөлінеді. Картадағы позициялық орны дискідегі позициялық орынды анықтайды. Бұнда 1- сектор бос емес екенін білдіретін жағдай, ал 0- бос. Бір лентада бір файл емес, каталогпен бірнеше файл орналасады.
Файлдық жүйелердің негізгі қасиеттері. Файлдық жүйе файлдар үшін аталған қасиеттердің бәріне ие және бірнешеулерін қосады. Бұл қасиеттер файлдық жүйенің құрылымдық ұйымдастырылуымен байланысты.
Сыртқы есте сақтау құрылғылардың кейбір кеңістіктерін осы кеңістік ауқымды файлдардың ұйымдастырылуын қалай ұйымдастыруды қарастырамыз.
Үздіксіз сегментті файлдарды бір деңгейде ұйымдастыру. “Бірдеңгейде” термині – жүйе ерекше аталған файлдармен жұмыс істеуді қамтамассыз етеді. Кеңістік шегінде сырқы есте сақтау құрылғысы кталог деп аталатын мәліметтерді сақтау үшін арналған кейбір аумақтарға бөлінеді.
Аты
Бастапқы блок
Соңғы блок
“Бастапқы блок” берілген атпен басталған файлдағы сырқы есте сақтау құрылғысы кеңістігіндегі салыстырмалы орынға жіберіледі. “Соңғы блок” осы файлдың соңғы болатынын анықтайды. Файлды ашу функциясы каталогтағы файл атын табуға, оның басын және соңын табады ( бұл мәліметтер аз орын алуы мүмкін, бұл туралы кейінірек айтылыды). Бұл әрекет өте қарапайым және де каталогты операциялық жүйе жадына сақтауға болады, сонымен қатар ауыстырулар санын азайтуға болады. Егер жаңа файл құрылса, онда ол бос орынға жазылады. Каталогтар атына ұқсас бос кеңістікті кесте болуы мүмкін.
Блокты файлдарды ұйымдастырудың файлдық жүйесі. Сыртқы есте сақтау кеңістіге блоктарға бөлінген (ауыстырулар үшін тиімді блоктар). Файлдық жүйеде мұндай типті ақпараттарды орналастыру беттік ұйымдастырылуы жедел жадыға үрдістер ақпараттарын орналастыруға ұқсас жүреді. Жалпы жағдайда әрбір файл атымен осы файл мәліметтері орналасқан блоктар санының жинағымен байланысты. Бұл блоктар саны реттелген, яғни блоктар барлық қондырғы бойынша таратылуы мүмкін. Мұндай ұйымдастыруда фрагментациялау болмайды, дегенмен блоктардың жойылуы мүмкін (егер файл блокта бір байттықорын алса, онда блок бос емес болып есептеледі).
3. Иерархиялық файлдық жүйе. Файлдық жүйенің барлық файлдары бағана деп аталатын құрылымда тұрғызылған. Бағана түбінде файлдық жүйенің түбі болады. Егер бағана түйіндері беттік болса, онда бұл файл каталогты файл болып табылады. Мұндай иерархиялық файлдық жүйеге ат қою әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.
Бірінші түрі – файлға ат қою, жақын каталогқа сай болады, яғни біз F0 каталогына жақын болатын файлды қарастырсақ-бұл файл 1 немесе F2 файлы болады. Мұндай жүйеде ат қойғанда аттар бір деңгейде қайталана бермейді. Басқа жағынан барлық файлдар бағана көмегімен байланысты болғандықтан, біз файлдық жүйеден нақты нақты файлға жол ашатын, барлық файл аттарынан тұратын файлдың толық аты туралы айта аламыз. F3 файлының толық аты мына түрде белгіленеді: /F0/ F1/ F3/.
Персонификация және операциялық жүйедегі мәліметтерді қорғау. Бұл нюанс қарапайым, сонымен қатар күрделі. Қарапайымдылығы- ол туралы бірнеше сөз ғана айтамыз, күрделігі – ұзақ айтылатын мәселелері бар.
Персонификация – бұл нақты қолдану идентификациялаудағы операциялық жүйе мүмкіндігі және осыған сәйкес мәліметтерді сақтау бойынша әрекеттер қабылдай аламыз.
Құрылымдық ұйымдастыру тәсілдері. Құрылымдық ұйымдастыру – файлдық ақпараттарды орналастыру ережелерін анықтайды.
Құрылымдық ұйымдастыруды былай ажыратады: