Тұрсын ғабитов қайрат затов


  5.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
treatise14956

 


324 
5.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет 
Басы ашық мәселе ретінде бұқаралық мәдениеттің ұлттық сипаты 
жоқ екенін айту керек. Дамушы елдерде көбінесе осы бұқаралық 
мәдениетке қарсылық белгілі бір мемлекетке қарсылыққа, белгілі бір 
ұлтты жек көрушілікке ұласып жатады. Сексуалды ұстамсыздық, содан 
шығып жататын отбасы проблемалары, дүниеқоңыздық сияқты 
жағымсыз қылықтар белгілі бір ұлттардың этникалық қасиеттері емес 
екені анық. Қазір, жергілікті мәдениеттердің менталитеті де капитализм 
заңдылықтарына бағына бастады. 1970-ші 80-ші жылдарға дейін 
нарықтық экономиканы дамытпаған Шығыс Еуропаның социалистік 
мемлекеттері, Ресей, Үндістан, Қытай, бұрынғы КСРО елдері, 
Азияның күнгей шығысы мен Африка мемлекеттері де қазір нарыққа 
бейімделе бастады. Нарық ұлттық мәдениеттің ішкі заңдылықтарын 
өзгертетін өте ықпалды фактор. Өйткені, нарық – фундаментальді, яғни 
қоғам өмірінің барлық саласын қамтитын тотальді құбылыс. Осындай 
нарықтық фундаментализм жағдайында ұлттық мәдениеттің бірте-бірте 
әдепсіз бұқаралық мәдениетке айналуы мүмкін. Себебі, нарықтық 
экономикалы мемлекеттерде ұлттық мәдениет туындылары да халық 
тарапынан болатын сұранысқа байланысты жазыла бастады. Ал, 
көпшілік тарапынан сұранысқа ие болатын мәдени туындылар көбінесе 
имандылық, ар-ождан талаптарына сәйкес келмеуі де мүмкін. Әсіресе, 
ақша табуға тырысқан шығармашыл бірлестіктер жастардың бойындағы 
сексуалды әуесқойлықты пайдаланады. Нарық жағдайында дәстүрлі 
қоғамдағы мұраттарды жырлайтын, таза ұлттық нақыштағы әдеби 
туынды, кино өнімі немесе театр қойылымы, газет-жорнал, ән-жыр 
ақырындап 
халық 
талғамынан, 
сұранысынан 
тыс 
қалып,
өндірушілердің де назарынан кете бастайды. Психология қисыны 
бойынша жеке тұлғаға әлеуметтік бақылау әлсіресе, адам баласының 
бойындағы бейсана болмысы оның жүріс-тұрысын, санасын билеп 
алады. Зигмунд Фрейд бойынша, адамның сексуалды бейсана болмысы 
(либидо) оның барлық әрекетіне қуат беріп тұрады. Яғни, дәстүрлі 
қоғамдағы жеке тұлғаның өміріне қойылатын қауымдық талаптар 
әлсіреген кезде, қоғамда құмарлықтың барлық түрін қанағаттандыру 
белең алады. Әрине, бұл дәстүрлі, аграрлы немесе көшпелі қоғамның 
өмірінде болмайтын құбылыс. Бірін-бірі танитын адамдар арасында 
тұрақты әлеуметтік қарым-қатынастар орнаған дәстүрлі қоғамның 
(мысалы, қазақ ауылдарында, орыстардың земстволарында) ұжымдық 
менталитеті талаптар адамдардың сексуалды құштарлығын, өзімшілдігін 
ауыздықтайды. Бұқаралық мәдениетке тән ұстамсыздық адамдар бірін-
бірі танымайтын қала мәдениетінде, индустриалды қоғамда ғана 
дамиды. Адамдардың жүріс-тұрысы рухани тыйым-талаптардың 
шеңберінен шығып кетеді. Индустриалды қала қоғамында адамдар 


325 
өздерінің интеллектуалды сұраныстарын сексуалды ұстамсыздық, 
затшылдық жағына бейімдеп қалыптастырады. Сондықтан, қазір ұлттық 
мәдениет туындыларының ішінде де жұртшылықтың сұранысына сәйкес 
сексуалды ұстамсыздықты, қатыгездікті, затшылдық көзқарасты 
уағыздайтын, яғни тауар ретінде жұрттың назарын аударып, өзін-өзі 
ақтайтын туындылар, мысалға ұлттық театрдағы комедиялар, ұлттық 
нақыштағы балет-мюзикл, ұлттық тілде шығатын эротикалық газеттер, 
ұлттық дүниетанымға сәйкес келмейтін, бірақ сол елдің әртістері 
түсірген түрлі сериалдар көбейді. Нарыққа алдымен өткен және 
қоғамдық санасы секуляризацияға мейлінше ерте ұшыраған Еуропада 
рухани құлдырау тереңдей келе ХХ ғасырдың басындағы декаденс 
кезеңіне ұласты, 1960-шы 70-ші жылдары бұл сексуалды революцияға 
асқынды. Десек те, нарықты Еуропа мәдениетінен шыққан, адамды 
рухани құлдыратып жіберетін Шығысқа жат құбылыс ретінде санауға 
болмайды. Мысалға, Жапония мен Қытайда нарыққа қарамастан 
ұлттық-этикалық нормалар сақталып келеді, отбасы құндылығы 
санаттан шыққан жоқ. Жалпы адамгершілік, отанға адалдық, үлгілі 
отбасын құру, арақ пен нашақорлықтан, пара алудан аулақ болу, 
жомарттық, әдептілік нарықтық елдерде де қазақ немесе ислам 
мәдениетіндегі моральдық өсиеттерден кем қадірленбейді. Сондықтан, 
ұлттық мәдениеттің қағидаларын кейбір елдерде өзгертіп жататын, 
кейбір елдерде керісінше орнықтырып жататын нарық пен 
демократияны бейтарап құбылыстар деп қараған да жөн. Ал, бұқаралық 
мәдениет дәл осы нарық пен демократиядан шығып жатыр деген қасаң 
түсінікпен ислам нормаларын елде күшпен заңдастырып, немесе ұлттың 
тазалығын сақтау үшін жабық қоғам құру қазіргі әлемдік нарық орнап 
жатқан тұста ұлтты әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа зорлап 
көндіргенмен бірдей.
Демократиялық мемлекет құра отырып, халықтардың өз келбетін 
сақтауы – ұлттық мәдениеттердің қарулы қақтығысымен, біреуінің 
жеңуімен емес, азаматтардың адамның парасатымен ғана шешілетін 
мәселе. Рухани тазалық қай қоғамда болсын жоғары бағаланады. 
Дегенмен, нарық пен әсіре демократияның бұқаралық мәдениеттің 
жайылуына ептеп жағдай жасайтынын да ұмытпаған жөн. 
Осындай жағдайда өмірдің балама нұсқасын, яғни ешқандай 
моральдық 
тыйымдарсыз, 
жеке 
адамның 
барлық 
қалауын 
қанағаттандыратын тұтынушы қоғамның «қызықтарын» әлемдік 
коммуникациялық жүйе (теледидар, видеотаспалар, интернет) арқылы 
күнделікті көре бастаған жастарға жаһанданудың мәдени ықпалы күшті 
болып отыр. Кей уақыт жастардың дамушы мемлекеттің 
(Қазақстанның) азаматы болғанына қорланатындары да білініп қалады. 
Советтік-атеистік модернизациядан кейін рухани құндылықтарды 
бұзудан көңілі селт етпейтін ұрпақтың интеллектуалды сұранысына ие 


326 
болатын ұстамсыз фильмдерді елге толассыз тасу, сол фильмдерді көріп, 
ондағы мінез-құлық пен жүріс-тұрысты үлгі көріп, өз өмірлеріне енгізу 
жастардың мінезін, талғамы мен аңсарын, дүниетанымын қатты өзгертіп 
жатыр. 
Әсіресе, 
жастардың 
«рокерларға», 
«байкерларға», 
«буддисттерге», «хиппиге» еліктеуі, тіпті субмәдениет үлгілерін 
таңдамаған 
күнде 
рухани 
тыйым-талаптарға, 
адамгершілік 
құндылықтарына ескіліктің сарқыншағы деп қарауы демократиялық 
елдерде жұрт санасына бұқаралық мәдениеттің орнығып жатқанын 
білдіреді [206, 12-20 бб.]. Бұл бұқаралық мәдениет үлгілері сол айтылған 
интернет, теледидар, кинопрокат, CD, audio disk, MD, DVD сияқты 
ақпарат сақтау құралдары, жердің жасанды серіктері және басқа да 
хабар-ошар тарату технологиялары, саржағал газет-жорналдар арқылы 
адамдарды төрт құбыласынан қоршап алды.
Жаһанданудан туындайтын екінші бір жағдай – дамушы елдерде 
жастардың жаппай маргиналдануы. Бұл әлемнің оңтүстік бөлігіндегі 
тұрмыстың ауырлығынан да етек алып барады. 1997 жылғы 
социологтардың әлемдік форумында «адамзаттың ендігі қаупі – 
жаһандану процесінен бұрін маргиналдану процесі болуы мүмкін» деген 
қортынды жасалды. Маргинал – тұрмысы нашар және өзінің ұлттық 
мәдениетінен жеріген, сондықтан дүниетанымы, рухани құндылықтары 
қалыптаспаған адам. Адамзат өмірінде жоқшылықтың соңы қашанда 
рухани қайыршылыққа ұласып отырған. Жоқшылық басталған кезеңде 
ұлттың рухани құндылықтары да, интеллектуалдық ізденіс дәстүрлері 
жұрт жадынан көшіп, радикалды ұрандар алға шығады. Ал, жаһандану 
заманында әсіре ұлтшылдық пен діни догмадан айыға алмаған елдер 
саяси-экономикалық модернизацияға бара алмай, кедейленген үстіне 
қайыршылана түсуі мүмкін. Осы кезде ел ішін кеулейтін бұл 
маргиналданудың қаупі – адамның сана сезімін әрі-сәрі, өтпелі күйде 
ұзақ ұстап тұратынында. Яғни, оның өмірге деген жүйелі көзқарастары, 
құндылықтары 
мен 
сенімдері, 
жүріс-тұрыс 
әдеттері 
нақты 
айқындалмайды. Маргиналдың ерекшелігі – бұқаралық мәдениет пен 
рухани құндылықтардың арасында айқын таңдау жасамауы. Мұндай 
адамдар бірде қоғаммен қақтығысқа түсіп, бірде рухани талаптарға бет 
бұрып, құбылған күйі күн кешеді. Сондықтан, маргиналдар белгілі бір 
идеологиялық ықпалға тез түседі. Осы ретте саясаттану теориясында 
мемлекетте орта тап қанша көп болса сонша мемлекеттің тұрақтылығы 
нығаяды деген тұжырым бар екенін айтамыз.
Біз капитализмді жаһанданудың қозғаушы қуаты ретінде белгілей 
келіп, бұл ғаламдық процесстің үш түрлі салдарын анықтадық. Бірі, 
әлемдік нарықтың қалыптасуы. Ғаламдық қаржы жүйесіне дамушы 
мемлекеттердің тәуелді болуы. Екіншісі, технологиялық өндіріс пен 
электрониканың жаһандану процесінің қаңқасына, әлемдік нарықтың 
тұтастандырып тұратын торабына айналуы. Үшінші, бұқаралық және 


327 
ұлттық мәдениет арасындағы қақтығыс. Бұл қақтығыстағы бұқаралық 
мәдениеттің 
үстемдігі. 
Бұқаралық 
мәдениеттің 
салауатты 
құндылықтарды жойып, маргиналдар қауымын көбейтуі, қоғамның 
әлеуметтік ұйымдасу (отбасы құндылығы, бейбітшілік идеологиясы) 
потенциялын әлсіретуі. Және осының салдарынан болатын жеке бас 
және ұлттық идентификацияның жойылуы. Жаһанданудың осы үш 
заңдылығын қорыта келгенде жаһандану процесінің негізгі салдары 
шығады. Ол – бес ғасыр бойы адамзат өмірінің сүйеніші, өркениет 
тарихының ең ұлы жемісі болған ұлттық мемлекеттің, ұлттық саяси 
егемендіктің маңызының төмендеуі. Ұлттық мемлекеттің осы кезге 
дейін атқарып келген саяси-әлеуметтік, экономикалық функцияларынан, 
қоғамдық өмір салаларын басқару, реттеу өкілеттіктерінен айрылуы. 
Ұлттық мәдениеттердің қамқоршысы болып келген мемлекет 
институтының 
әлеуметтік-саяси, 
экономикалық 
маңыздылығы 
төмендесе, ұлттардың да қайталанбас мәдени болмыстарының, дербес 
дүниетанымдарының сақталып қалуы екіталай. Ендігі заманда ұлттық 
мемлекет дербес үкіметі бар саяси құрылым ретінде сақталғанымен 
қоғам дамуында шешуші фактор болудан қалуы деген ғажап емес.
Бұл үдеріс, әрине, ұлттық институттардың мәніне, функцияларына
құрылымдарына, институттарына әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық 
технологиялар мен коммуникацияның компьютерлік тораптары 
мемлекеттік адамдар арасындағы ымыраластырушы рөлін төменге 
түсіріп жіберетініне күмән жоқ. Жаhанданудың, әлемдік нарықтың 
нақты қалыптасуының салдары трансұлттық азаматтық қоғамның пайда 
болуы болып табылады және мұның барысында дәстүрлі мемлекеттік-
саяси функцияларды барған сайын халықаралық ұйымдар, ғаламдық 
трансұлттық 
корпорациялар 
атқара 
бастайды. 
Капиталдардың, 
тауарлардың, ақпараттың, мәдениет бейнелерінің, идеялардың ағымы 
үшін ұлттық шекаралар бұлдырлана түседі және тіпті қазіргі еуропалық 
қауымдастықтағы сияқты номиналды, рәміздік кейіпке ғана ие болады. 
Әлеуметтік үдерістердің мейлінше үлкен көлемі мемлекеттік 
институттардың бақылауының астынан шығып кетеді. Мемлекеттік 
егемендік «жойылып бара жатқан кіші шамаға» айналады (Миттеран).
Ұлттық мемлекеттердің, оның ішінле Қазақстанның саяси өзіндік 
бекітілуінің даму сценарийлерінің кез-келген барысында, ол жаhандық 
өзара тәуелділік жағдайында жүзеге асады. Әлемдік экономика бір бүтін 
тұтастыққа интеграцияланады. Өзара тәуелді экономика мен жаhандық 
экономиканың арасындағы айырмашылық – сапалы. Ғаламдастырылған 
әлемдік нарық біртұтас мемлекет нарығының құрылымына ие болады. 
Мұндай интеграцияланған нарықтық кеңістікте партикуляризм аяусыз 
жазаланады. 
Ұлттық 
экономикалық 
саясат 
серіктестер 
мен 
бәсекелестердің мүдделерімен сәйкестікке келтірілуі тиіс. Іс жүзінде 
мемлкеттің саяси және экономикалық ұйымдасуының батыстық үлгілері 


328 
болып табылатын «әмбебаптылық» барған сайын тиімділік пен 
баламасыздыққа ие болады. Ұлттық мемлекеттер өз территориясында 
егеменділігін сақтағанымен, трансұлттық сауда-қаржылық және 
өндірістік тораптардың жағдайындағы экономиканы ұлтсыздандыру 
нақтылыққа айналады. Және тек осы факторды ескергенде ғана реурстар 
шынайы бағаланып, стратегия анықталып, үлгілер таңдала алады және 
ұлттық-мемлекеттік құрылыстардың сценарийлері есептеліне алады.
Жекешелендірудің бірінші, яғни ұлттық кезеңінде бір-бірімен жең 
ұшымен жалғасқан жергілікті элита барлық ұлттық игілікті мардымсыз 
ғана құралға сатып алады. Екінші кезеңде ғаламдық байлықтың басты 
«сатып алушысы» нарықтық емес, саяси бағаны қоя отырып, жаңа 
түзілген туземдік меншік иелерінен құнсызданған ұлттық байлықты 
сатып алады. Мұның бағасының шамасы мынадай пропорциялармен 
анықталады: жекешелендіру барысында ұлттық меншік қаншалықты 
әділетсіз бағаланса, ғаламдық нарықта ол соншалықты құнсызданады.
Ұлттық жекешелендіру дөрекі жүргізілген сайын және жаңа піскен 
олигархтардың меншігі заңсыз болған сайын, олардың өз халқының 
есіркеуіне үміттенуіне негіз аз болады. Батыстың елдері болса бүгінгі 
күні жекешеленген байлықты заңсыз деп мойындаудың науқаны айқын 
жүргізіп отыр: сондықтан ол өзінен-өзі құнсызданып бара жатыр, 
өйткені ұрлықы нәрсе арзан өтеді емес пе? «Осылайша, жаhандық ашық 
(протекциясыз) қоғам деп аталатын қоғам іс жүзінде қорғаусыз қалған 
және құнсызданған ұлттық байлықты тек доллар ағымдарын ғана емес, 
өркениеттің бүкіл қазіргі инфрақұрылымын қадағалап отырғандардың 
қолына өтуін қамтамасыз ететін экспроприаторлық жүйе болып шығады. 
Жаhандану үдерістерінің ұлттық-мемлекеттік құрылысқа ықпал 
етуінің анықтаушы үрдістері төмендегі негізгі бағыттарда дамиды. 
Ұлттық 
экономиканың жаңа әлемдік тәртіпке, ғаламдық 
экономиканың нақтылықтарына бейімделуі ұлттық шекаралардың 
өшірілуіне және басқару, бақылау мен жоспарлау саласындағы 
мемлекеттік прерогативасының экспоненциалды құлауына әкеледі. 
Сонымен бір уақытта анағұрлым дамыған елдер өздерінің дербес ұлттық 
мүдделерін көздеу рахатына батады, тәуелсіз ұлттық стратегия құрудың 
кең шоғырына және жеткілікті мүмкіндігіне ие болады. Экономикасы 
қуатты мемлекеттердің өкіметтері өздерінің бақылауынан тыс ғаламдық 
экономикалық үдерістердің тікелей бағыныштылығының қол астына 
түсіп қалуға мүмкіндік бермейді. Дамыған елдердің экономикасы басым 
түрде ішкі рынокқа бағдарланғанын ескере кету қажет. Мысалы, АҚШ-
да, Жапония мен ЕО елдерінде ҰІӨ-нің тек 12%-ы ғана экспортқа 
шығарылады. Оның үстіне ТҰК-ң космополиттігі туралы тезистің көпе-
көрінеу бүркеме екендігі анық. Тіпті ірі трансұлттық корпорациялардың 
өздері айқын ұлттық реңге ие және белгілі бір мемлекеттерге емеуірін 


329 
танытып отырады. «Нарықтың көрінбейтін қолы» мүлдем өз-өзінен, 
ұлттық өкіметтердің бақылауы мен реттеуінсіз әрекет етпейді.
Жаhандану 
мәдени-өркениеттік өзіндік бірегейліктің жаңа, 
күрделіленген типін, өз бойына дәстүрлі этномәдени құндылықтардың 
тартымдылығы мен модерндеудің космополиттік құндылықтарының 
пәрменділігін үйлесімді түрде немесе, ең болмағанда, қақтығыссыз 
күйінде араластыра енгізетін топтық етенелілікті іздестіру мәселесін 
көлденеңінен қойды. 
Еркін нарықтың, консьюмеризмнің, «мақдональдандырудың» (Дж. 
Ритцер) және т.б. жүріп жатқан әмбебаптандырылуының салдары, 
ұлттық және мәдени бірегейліктің өзгешелігін жоғалту мемлекеттік 
бірегейліктің де жоғалуына әкеледі. Ұлттық-мемлекеттік бірлестіктер 
үшін күйретуші ықпалы бір де кем түспейтін қарама-қарсы бағыттағы 
үрдіс те – мәдени-өркениеттік айрықшалықтарды абсолюттендіруге 
әкеледі. С. Хантингтон мынадай болжам айтады: «Ұлттық мемлекеттер 
халықаралық сахнада анағұрлым маңызды ойыншылар болған және 
болып қала береді де, бірақ олардың мүдделері, араларындағы одақтар 
мен қақтығыстар қомақты деңгейде мәдени және өркениеттік 
ықпалдармен анықталатын болады» [207, 43 б.]. Осылайша, болашақта 
дезинтеграция мен қақтығыстардың түбірлі қайнары идеология да, 
экономика да емес, мәдениет болады. Өркениеттердің мәдени 
айырушылық сызаттары болашақ майданының сызықтарына айналады 
және бұл сызаттар полиэтностық, мультимәдени мемлекеттердің 
территориясынан өтетін болады.
Жаhандану, оның ішінде трансұлттық телекоммуникациялық 
тораптардың, 
қаржылық 
ағымдардың 
дамуы, 
технологиялық 
жаңашылдықтармен алмасу және т.б. әлемдік теңсіздікті жойған жоқ, 
керісінше күшейтті, байлық пен кедейліктің, күштілік пен әлсіздіктің, 
орталық пен шеткерінің диспропорциясын ұлғайтты. БҰҰ-ң ресми 
статистикасының кейбір мәліметтерін келтіре кетейік. Соңғы 15 жылда 
АҚШ тұрғындарының экономикалық қуаты мен тұрмыс жағдайының 
таң қалатындай өсуі барысында, Батыс Европа мен Шығыс Азияның 
дамыған елдері экономикасының қалыпты өсуі барысында жүзден астам 
елдердің жан басына шаққандағы кірісі төмендеді, ал 60-қа жуық 
елдерде тұтыну деңгейі бәсеңдеді. АҚШ-да тойып тамақ ішудің (күпті 
болудың) салдарларымен күреске жыл сайын 100 млрд. доллардан астам 
шығын жұмсалады. Сонымен бір мезгілде жер бетінің жартысына жуық 
тұрғындары тойып тамақ ішпейді, ал 1,2 млрд. адам ашаршылық күй 
кешуде. Жыл сайын жер шарында 5 млн. бала өлім құшып жатыр. 
Ғаламшар тұрғындарының «алтын миллиард» елдерінде өмір сүретін 
бестен бір бөлігіне әлемдік ішкі өнімнің 86 %-ы тиесілі, сол мезгілде 
планетаның төменгі жиырма бес пайызына 1%-ы ғана тура келіп отыр. 
1,3 млрд. астам адам күніне 1 доллар жұмсап қана өмір сүреді. Көріп 


330 
отырғанымыздай, әлем елдері мен халықтарының басым бөлігі үшін 
жаhандану, қазіргі заманғы саяси лексиканың қысыр тілімен айтқанда, 
«гуманитарлық апат» әкеліп отыр.
Ресейдің, Бразилияның, Индонезияның және көптеген өзге 
елдердің экономикасын шайқалтқан қаржылық дағдарыс капитал 
нарығының ұлттан тыс реттеушілері ретіндегі Әлемдік банктың, ХВҚ, 
ӘСҰ 
саясаттарының 
мемлекеттік 
бақылауды 
алмастыра 
алмайтындықтарын көрсетті. Сондықтан көптеген дамушы елдер «алтын 
миллиард» пен адамзаттың қалған бөлігі арасындағы алшақ құзды 
ұлғайтуға бағытталған жобаларға балама, өзіндік бекітілудің өз 
жолдарын іздестіруде.
Әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерін қысымның астына 
қойған жаhандану ұлттық егеменділік пен ұлттық мүдделерді жоюға 
негізделген әлемдік тәртіп идеясын сынға ұшырататын мейлінше әр 
алуан әлеуметтік-саяси күштердің – діншіл фундаменталистердің, 
мәдени дәстүршілдердің, ұлтшыл радикалдардың, кәсіподақтардың, 
гуманитарлық интеллигенцияның, қоршаған орта қорғаушыларының, 
азаматтық құқық үшін қозғалыстың белсенділерінің тарапынан жан 
аямас қарсылыққа тап келіп отыр.
Өйткені олар үшін дәл осы мемлекет ұлттық бірегейліктің 
конструкциясын тасымалдаушы қалпында қалып отыр.
Жаhандануға 
қарсы әрекет ету халықаралық терроризмнің, 
этноұлттық қақтығыстардың орын алуының бір формасына айналды. 
Тарихи сахнаға анабиоз жағдайында қалып қойған тайпалық 
инстинкттер – этникалық өзіндік бекітілуге ұмтылу және мемлекеттік 
деңгейде этникалық шекараларды ашу ұмтылыстары шықты. Мұның 
барысында созылмалы этникалық қақтығыстар іс жүзінде аймақтық 
және халықаралық реттелуге көнбей отыр.
Қазіргі мемлекеттердің үштен бірін әртүрлі тектегі көтерілістік 
сепаратистік қозғалыстар шайқалтуда. Осының барлығының жиынтығы 
болашақта мемлекеттер емес, саяси тұрғыда өз-өздерін анықтаған, оның 
ішінде, скецессия негізінде анықтаған ұлттар жаңа әлемдік тәртіптің 
негізгі элементтеріне айналатынын аңғартатын тәрізді. Жаhандану 
үдерістері инверсияның өзіндік заңына бағынады: жаhандастыру 
этноцентризмге, жоғарғы ұлтшылдық субұлтшылдыққа, космополитизм 
тайпалық сепаратизмге айналады. 
Ғаламдық 
меганарық жүйесінде дәстүрлі экономикалық 
жүйелердің ыдырауынан, экономикаға ықпал ету мен оны басқарудың 
мемлекеттік мүмкіндіктерінің аймағының тарылуынан индустрия мен 
ауыл шаруашылығының, оның ішінде жаhанданудың жүлдегер-
елдерінде де көптеген салалары зардап шегеді. Капиталдың жұмыс күші 
арзан аймақтарға ағылуы, жергілікті рыноктың демпингтік бағалар 


331 
бойынша шетелдік тауарларға толуы дамыған елдердің ұлттық 
экономикасының негіздеріне қатер төндіреді.
Жаhандану үдерістері объективті түрде еңбек пен капиталдың 
қарама-қарсылығының шиеленісуіне әкеледі. Дәл осы қарама-қарсылық 
трансұлтт корпорациялар мен ірі капитал иелері үшін жұмыс күшінің 
бағасы арзан, мемлекеттік араласуы мен салықтары төмен және т.б. 
елдер мен аймақтарды табу мүмкіндігінің шарты болып табылады. Бұл 
тұрғыдан алғанда жаhандану әлемдік капитализмнің корпоративті 
кәсіпорны болып табылады. Және бұл кәсіпорынның әрекеті, 
ғаламдастыру 
идеологтарының 
либералды-демократиялық 
фундаментализмінде ұйғарылатындай, тәуелсіз кәсіподақтары жоқ, 
жұмысшылар кәсіпкерлермен күресінде мемлекеттің қолдауынсыз 
қалған, институционалдық-құқықтық қорғаудан жұрдай елдерде 
барынша күйретуші сипатта болады. «Көптеген өкіметтердің саяси және 
экономикалық таңдауы әлемде жалғыз күшті державаның өмір 
сүретіндігімен және әлемде капиталдың үстемдік етуімен шектеледі» 
[208, б.], – деп жазады Т. Фридман. Оның үстіне дамыған елдердегі 
әлеуметтік үйлесімділік те идеологиялық машинаның қайта өндіріп 
шығарған аңызынан басқа ештеңе де емес. Бұл елдерде жоғарғы тап 
өкілдерінің кірісі орташа жұмысшының табысынан 416 есе асып түседі.
Ұлттық мемлекеттердің егемендігі принципінің қасиеттілігіне 
күмән келтірілді, тіпті ол өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында 
БҰҰ-ң сол кездегі Бас хатшысы Перес де Куэльярдің жариялаған 
доктринасына сәйкес лақтырылып тасталды деуге де болады: «Жоғарғы 
мораль үшін шекаралар мен заңды құжаттарды жоқшылықты бастан 
кешіп жатқандарға деген қамқорлықтан төмен қою керек». 
Араласпаушылық 
пен 
территориалдық 
тұтастық 
принципінен 
гуманитарлық ақыл-ойды жоғары қою (абстракциялық тұрғыдан 
алғанда, жаман естілмейді) доктринасы ең игі сылтаулар мен ең жоғары 
моральдық негіздерді желеу етумен егеменді мемлекеттердің ішкі 
істеріне араласуға жол ашылды, интервенцияға деген құқық 
заңдастырылды. Бұл «құқықты» өзінің әскери акцияларын БҰҰ 
Хартиясында жазылғандай, Қауіпсіздік Кеңесімен формальды болса да 
санкциялауға тіпті ұмтылуды да қойған АҚШ кеңінен пайдалануда.
Кедей елдерден өмір деңгейі жоғары елдерге эмиграция 
батысевропалық 
мемлекеттерде 
африкалық 
және 
азиаттық 
тұрғындардың кең анклавтарының құрылуына әкелді. Осыған орай 
мемлекеттік билік органдарының алдында туындайтын мәселелердің 
өткірлігі сондай, ал әлеуметтік қақтығыстардың қауіптілігі сондай, олар 
демократиялық саяси жүйесі қаншалықты жақсы жетілген болып 
көрінгенімен, тұрақтылыққа үнемі қатер төндіріп отырады [209].
Мемлекеттік құрылыс стратегиясы алдына жаhандану үдерістерінің 
қойған мейлінше принципиалды мәселелері төмендегіше сипатталады: 


332 
1) экономикалық тұрақтылыққа және әлемдік прогреске қатысуға билет 
алуға бола, ұлттық-мемлекеттік егеменділіктен жаппай бас тартып, 
мемлекеттердің әлемдік геополитика көшбасшыларының билеп-төстеу 
нысанына айналуы тарихи қажеттілік пе еді; 2) жаhандану үдерістері 
негіздерінің мемлекеттік егеменділігі мен ұлттық экономикасы 
қорғалатын, тұрғылықты халықтарының менталитетінің, дәстүрлерінің, 
мәдениетінің өзгешелігіне, ұлттық мүдделеріне бағдарланған ұлттық-
мемлекеттік жүйелердің шынайы ғаламдық, үйлесімді дамитын одағы 
бағытына қарай түбірлі өзгеруі мүмкін бе? 
Адамзат жеке меншікті сүйетін табиғатын тастап, индустриалды 
қоғам ағысынан шығып кете алмайтынын жоғарыда айттық. Және 
мұның әзірге көзге көрініп, ойға білініп тұрған салдарлары - 
трансұлттық мемлекеттердің пайда болуы, яғни ұлттық мемлекеттердің 
жойылуы, ұлттық мемлекеттердің жойылуымен бірге ұлттардың, 
этностардың дербес мәдениетінің жойылуы.
Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетуімен ресми экспансиялық 
метамәдени геноцидтік саясат тоқтатылды. Алайда мәңгүрттену процесі 
осымен тоқтап қалған жоқ. «Өркениетті әлеммен» танысу және мәдени 
ақпарат алмасудың аудиовизуалды жолдары арқылы тұтынушылық 
мәдениет «үнсіз агрессиясын» іске асыруда. Бұл бұқаралық ағым ұлттық 
мәдениеттің қайта жандануына жол бермей, жезөкшелік, нашақорлық, 
маскүнемдік сияқты жат құбылыстарды санаға сіңіре отырып, 
мәңгүрттіктің қанат жаюына ықпал етуде. 
Өз заңдылықтарын өмірге еңгізген нарықтың жолы болмағандарға 
қарсы жүргізген «мәдени репрессиясы» оларды қалыпты жолдардан 
тайдырып, қоғамда «бөлектену», «азаматтық нигилизм», «апатия» 
құбылыстарын тудырды, келеңсіз қылықтар мен қылмыс белең алды. 
Құндылықтардың 
қақтығысымен 
әлеуметтік 
төменгі 
ахуал 
«пауперлену», «люмпендену», «әлеуметтік-шизофрения» т.с.с. тосын 
жағдайларды үйреншікті нәрсеге айналдырды. 
Ұлттық белгі дегенді тек экзотикаға, музейге айналдырып, тығып, 
әлемдік деңгейге шыққан – «американдану» деп, түсінетіндер, ұлттық 
нигилист, технократтар да бар. Әлемдік философияның өзі (батыс 
ойшылдарының жетекшілігінде) әлі өз шыңына жете қоймады
дүниежүзілік интеграция, жаћандану енді ғана жаңа басталды. 
Сондықтан Батыста өзінің рационализм, тіпті тұрпайы материализм, 
өзінің капиталистік даму үлгісін тек прогреске әкеледі деп оптимистік 
бағалау, Шығысқа менсінбей қарау, сол сияқты дін, мистика, 
парапсихология 
мәселелеріне 
«ертегі», 
«кертартпалық», 
«ортағасырлық» деп қарау кең тараған. Паровоз, телеграф ойлап 
шығарғанына, табиғатты, нақты (дүнияуи) ғылымдарды меңгергеніне 
мәз болып, Азия мен Африкаға «цивилизатормыз» деп кеуде керу 
болды. Ол кезде Батыс өзінің өркениетінің болашағы жоқ екенін, жер 


333 
бетін экологиялық, рухани катастрофаға жетелейтін саяси, әлеуметтік 
жүйесінің осалды боп шыққанын әлі мойындамаған еді, О. Шпенглер, 
Н. Ясперс, Тойнби әлі жоқ еді. Этикалық, нәсілдік фактордың санасуға 
тұрарлық екенін, адам және ұлт психикасы күрделі, ондай бейсаналық 
қабаттар бар екенін, дін мен мифология, мистика – әсіресе шығыс 
руханият дәстүрінде үлкен даналық бар екенін "цивилизатор" – Батыс 
әлі ашқан жоқ еді. 
Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге 
«орыстілді қазақтарға» ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ қазақтың 
қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан тыс қалған, қазақ тілін 
білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана түсінбейді 
емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-түсінігін де 
білмейді. Жалпы оларға қазақ стихиясы жат. Ал түсінбейтін нәрсе 
әрқашан қорқынышты, құбыжық болып көрінеді. Ауыл қазақтарын олар 
«артта қалған, ескішіл» деп түсінеді.
Осы топ, яғни ана тілін білмейтін қазақтар тобы бизнесте де біраз 
табыстарға жетті, мемлекет басқару ісінде де лауазымды орындарға 
қолы жетті. Оған себеп олардың халықтың басқа топтарына қарағанда 
нарық экономикасын терең түсінуі, арнайы білімдерінің жоғары болуы, 
әрі біздің елімізде мемлекетті басқарудың, іс қағаздарының, өндірістің 
орыс тілінде жүргізілуінен болып отыр. Әліге дейін жоғары оқу 
орындарында дәріс берудің 40 пайызы орыс тілінде. Арнайы оқулықтар 
да сол тілде. Бұның өзі қазақтың экономикалық, техникалық ойын 
қатты тежеп отыр.
Ал іс қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуі осы қазақша 
білмейтін қазақтардың экономикадан және мемлекет басқарудан 
шеттелуіне алып келуі мүмкін деген пікір бар. Міне, олардың қостілдік, 
қазақ мемлекеттілігінің ұлттық сипатын жою үшін жанталаса күресуінің 
негізгі себебі де осы – қара бастың, топтық мүдденің қамы ғана.
Осындай топтық мүдде үшін қазақ халқының ұлттық мақсат-
мүддесі, ары мен ұяты, болашағы саудаға салынып отыр. Осы 
ұлтсызданған қазақтар тобының кейбір өкілдері өздерін «прогресшіл, 
ойы озық жаңашыл, нарық экономикасын қолдаушы, реформаторлар» 
деп біледі. Ал ауылдан шыққан қазақтарды «артта қалған ескішіл, 
ұлтшыл, коммунистер, экономикада бұрынғы іске аспай қалған 
жоспарлы, әкімшілдік әдісті қолдаушылыр» деп есептейді. Дегенмен 
қазақ тілінің экономикалық, техникалық мемлекет басқару аспектілерін 
барынша тез дамыту, ұлттық қаны бар басқарушы элитаны тәрбиелеу 
қажеттігі айдан анық. Өткенге жармаса беруіміз жетер. Бүкіл ақыл-
ойды, парасат пен білімді келешекке бағыттайық.
Дегенмен, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуден 
аулақпын. Олардың негізгі бөлігі саяси жағдайды дұрыс ұғынып, қазақ 
мемлекетінің бекуі, нығаюы үшін адал қызмет етуде. Осы бір ұлт 


334 
тағдыры үшін өте күрделі мәселенің екінші қырынан қарайықшы. Қалың 
көпшіліктің миына кез келген идеологияны сіңіруге болады. Тарихты 
алып қарасаңыз, миллиондардың миына кезінде коммунистік, фашистік, 
христиандық, либерал-демократиялық идеялар сіңірілді. Миллиондар 
осы идеяларға кезінде жан-тәнімен сенді, соған қызмет етті. Ал қазақша 
білмейтін қазақтардың санасына біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? 
Олар қазақша газет оқымайды. Қазақтың ұлттық идеологиясын 
білмейді. Қазақ өмірін қараңғы әрі қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия 
ретінде ғана қабылдайды.
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси процестерді бағыттап 
отыру туралы газетімізде қадау-қадау идеялар ұсынылды. Оған құлақ 
түрген жан шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады. Қажетті идея 
заңға немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына әсер етеді. 
Ал сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, біз саяси 
процесті басқарып емес, оны стихияның еркіне беріп, соңына ілесіп қана 
жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп ұлтты еліміз үшін қаншалықты 
қауіпті [210, 114 6.]. 
Еуразиялық мәдениеттің ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың 
ішінен Л. Гумилевтің, Н. Бердяевтің, В. Соловьевтің есімдерін атап 
өткен жөн. Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар да еуразиялық ділді 
зерттеуде айтарлықтай табыстарға жетті (М. Хасанов, А. Хамидов, Н. 
Құрманбаева, М. Орынбеков, Ғ. Есім, Ғ. Ақмамбетов, Қ.Ш. 
Нұрланова, Н. Масанов, Д. Кішібеков, Т. Бурбаев).
Еуразиялық мәдени типтің менталитетін айқындау үшін шығыстық, 
батыстық және қазақи дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың 
ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет