Тұрсын ғабитов қайрат затов


Қазіргі ұлттық өркениет кеңістігіндегі мәдени



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
treatise14956

5.3. Қазіргі ұлттық өркениет кеңістігіндегі мәдени 
инновациялық үрдістер 
 
Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы келмейді. Бұл 
– әр ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Бұндай жан қалауының 
себебі – қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяларының 
(мемлекеттердің) индустриалды өндіріс салаларының қарқындылығы 
әлеуметтік, технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына, 
ұнамдылық-моралдық 
құндылықтардың 
дағдарысқа 
түсуіне, 
өркениеттік өмірдің күйзеліс күйінің қалыптасуына, идеологиялық, 
әскери, экологиялық «катаклизмдердің» болуына ықпал етіп отыр. 
Осы факторлардың барлығы берік болып табылатын адамзаттың 
дәстүрлі сенімдерін, адами құндылықтарын және ұнамдылық 
нормаларын іштей күйзеліске, барша адамзатты дағдарысқа ұшыратып 
отыр.
Демократияландыру 
процесінің 
эволюциясы 
қоғамдық 
құрылымның көптүрлілігін және шынайы күрделілігін тікелей 
анықтады. Сонымен қатар, плюрализм мен мультимәдениеттік 
идеалдарының көрсеткіштері өз-өздерін ақтаған және, тіпті, кері 
процесті-әсерді туғызды. Бұл жағдайларда қайта туған Қазақ елі үшін 
ұлтты сақтау, қоғамның тұрақтылығын, ұлт бірлігі және қоғам 
келісімділігін орнату үшін қазақтың бай тарихи және мәдени мұраны 
басты бағыт етіп алуы қажет. Және жаһандану процесінің қарқын 
алып жатқан үрдісінің өзі этникалық ерекшелік пен өзіндік 


344 
қайталанбас дүниені сақтайтын әмбебапты модельді қалыптастыру 
керектігіне мақсат-міндет етіп қойып отыр. 
Мәдениеттану саласында қайталанбас концепциялар, идеялар, 
жаңалықтар 
қалдырып 
кеткен 
мәдениеттанушы-ғалымдар 
О. 
Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби, Ф. Бродель, С. Хантингтон 
және тағы басқалары бірқатар өркениеттерді (мысырлық, еуропалық, 
антикалық, үнді, қытай, араб, батыстық, мексикалық, жапон, ислам, 
православалық, латын америкалық, африкалық, т.с.с.) көрсетіп кеткен 
болатын, өкінішке орай, олардың ішінде өзіндік ерекшелігімен 
айрықшаланатын және Әлем мәдениетінің, өркениетінің қатарында 
абыройлы орын алатын, Дала (көшпенділер) мәдениеті де, өркениеті 
де жоқ.
Ал қазіргі Қазақстан Республикасы аумағында мекендеген дала 
(көшпенді) мәдениеті болса, ол да бір ерекше мәдениет және 
өркениет. Отандық тарихшылардың зерттеу нәтижесінде қалыптасқан 
пікірлері бойынша, «Қазақстан территориясындағы көне өркениеттер 
қола дәуірінен өз бастауын алады». Тамғалыдағы, Қаратаудағы 
табылған петроглифтер б.з.д. екінші мыңжылдықта дүниеге келген 
болатын. Қола дәуірінде андроновтық мәдениеттің өкілдері Тасмола 
мәдениет ошағын (б.з.д. VII-VI ғасырларда) қалыптастырды.
Қазақстан аумағындағы шынайы өркениеттік өркендеу кезеңі 
номадалық кезеңге тұспа-тұс келеді. Осы кезеңде шынайы 
қайталанбас ерекшелікке ие – Дала (көшпенді) мәдениетін 
қалыптастыруы – бұл ерекше мәдениеттер мен өркениеттердің 
құндылықтар қатарын толықтырды. Көшпенділер мәдениетінде әлі де 
толықтай зерттелінбеген құпия-сырға толы мағлұматтар беттері бар. 
Және осы мағлұматтардың бетін аша отырып, олардың мәдени алғы 
шарттары терең зерттелініп, қарастырылуы қажет [216, 7-12 бб.]. 
Әрбір халықтың халық болып қалыптасуының өз тарихы бар. 
Халық, ұлт болып қалыптасу процесі аз уақыт ішінде қалыптаспайды.
Қазақ ұлттық мәдениетінің құрамдас элементтері – халық ауыз 
әдебиеті, күйлер, материалдық мәдениет туындылары және т.с.с. – 
уақыт заман талаптарына немесе сыртқы шет елдік ықпалдарға сай 
өзгеріп отырды және де мұндай жағдай қазіргі таңда да қайталанып 
отыр. Бірақ ұлт мәдениеті өзгеріске ұшыраса да, ол түбегейлі 
өзгермейді. Яғни әр уақытта әрбір ұлт мәдениеті үлкен Әлемдік 
аренада басқа да ұлт мәдениеттерімен бәсекелесіп отырады және 
бұндай жағдай ұлт мәдениетінің иммунитетін қалыптастырады
бәсекелесу қабілетін арттырады, ұлт мәдениеті кемшіліктерін 
позитивке айналдыра отырып дамытады. 
Қазақ мәдениеті, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан 
Еуразия қалыптасқан мистикалық дүние мен шынайы дүниені шебер 
тоғыстырған құрылымы дәйекті жүйе болып табылады.


345 
Қазіргі Қазақ елінің (Қазақстан Республикасы) территориясында 
бірнеше ру-тайпа және мемлекеттер өмір сүрген болатын. Ал бұл 
болса қазақ ұлтының мәдениетінің тек ірге тасын қалап қана қоймай, 
сонымен қатар басқа Әлемдік ұлттық мәдениеттер сияқты өзіндік 
ерекшелігі бар мәдениет ретінде қалыптастырды. Қазақ ұлттық 
мәдениетінің құрамдас элементтері – халық ауыз әдебиеті, күйлер, 
материалдық мәдениет туындылары және т.с.с. – уақыт заман 
талаптарына немесе сыртқы шет елдік ықпалдарға сай өзгеріп отырды 
және де мұндай жағдай қазіргі таңда да қайталанып отыр. Бірақ ұлт 
мәдениеті өзгеріске ұшыраса да, ол түбегейлі өзгерген жоқ. Яғни әр 
уақытта ұлт мәдениеті үлкен Әлемдік аренада басқа да ұлт 
мәдениеттерімен бәсекелесіп отырады. 
Қазақ мәдениеті, түптеп қарағанда, бірнеше ру-тайпалар мен 
этностардың мәдениетінен қалыптасқан тарихи асыл мұра болып 
табылады. Яғни, құрмында сонау сақ дәуірінен келе жатқан уақыт 
даналығы, заман заңы, өмірлік рухани және материалды қазыналар 
жатыр.
Ұлттың институт болып қалыптасуына халық зор еңбек етеді, 
ықпал жасайды. Ұлттық ерекшеліктер халықтың мінез-құлқына, 
тарихына (шежіресіне), өмір сүру салтына, дүниетанымына, дәстүр 
жүйесіне, тіліне, діліне, наным-сеніміне, өнеріне негізделеді.
Қандай да бір халықтың, ұлттың мәдениеті Әлемдік мәдени 
кеңістіктің бір ғана бөлігі болып табылатыны белгілі. Ал осы Әлемдік 
мәдениет шеңберінде, өзіндік ерекшеліктері бар кез келген этностың, 
ұлттың рухани және материалды болмысының қайнар көзі және негізі 
ретінде әр түрлі мәдениеттер арасындағы сұхбаттың құндылығы мен 
маңыздылығын 
мойындайтын, 
ұнамдылық-этикалық 
және 
эстетикалық негіздерге негізделген әртүрлі этнос мәдениеттері 
арасында байланыстар мен қарым-қатынастар қалыптасады.
Қазақ көне замандардан байтақ даламызда, алып аймағымызда 
қоныстанған этникалық тарихы аса күрделі байырғы тайпалық 
бірлестіктер қауымдасуының: сонау Сақ, Үйсін, Ғұн мемлекеттері, 
Түрік, Түркеш, Қарлық дәулеттерінің, Қыпшақ ұлысы, кейінгі Алтын 
Орда, Көк Орда, Ноғай Ордаларының құрамына кірген түркі тілдес 
елдер мен жұрттардың топтасқан одағының ортақ атауы. 
Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі кездегі 
жағдайын түсіну және оны болашақта қандай болмақ туралы мәселе – 
бұл қазіргі уақытта қазақ ғалымдарын толғандырып жүрген маңызды 
мәселелердің 
бірі. 
Қазақ 
мәдениеті 
еуразиялық 
Ұлы 
дала 
көшпеліліерінің мұрагері болып табылады.
Әрбір ұлт сияқты қазақ ұлтының алдында кем дегенде екі міндет 
тұр: 
a) жаһандану үдерісі салдарынан бөтен ұлтқа сіңіп кетпеу; 


346 
b) әлемдік төре халықтардың табанында тапталмау. 
Жаһандану 
кеңістігінде 
ұлтаралық, 
халықаралық 
және 
мемлекетаралық өзара әсер ету үдерісі жүріп жатқан кезеңде қазақ 
мәдениетінің жағдайы не болмақ деген көкейтесті мәселе 
барлығымызды толғандырып жүргені – бұл шындық дүние. Қазақ 
халқы бірнеше ғасыр бойы өзге ұлт, халық, мемлекет бодандығынан 
арылып, енді өз тәуелсіздігін алып, есін енді жинап келе жатқан 
шақта, бұрынғы бодандықтан күшті экспансиялық кеңістік, уақыт, 
процесс ареалында екенімізді түсіндік. 
Жылдан-жылға ақпарат ағымдары мен қорларының қарыштап өсуі 
адамзат баласын табиғаттан алшақтатып, “өлі табиғатпен” қатынасын 
нығайта түсті десе де болады. Репродуктивті-педагогикалық өркениет 
шеңберінде білім беру өлшемдері мен оның мазмұнына қойылатын 
талаптарды, шарттарды өзгерту туралы сөз қозғалды. Ғалымдар 
адамның космо-био-әлеуметтік феномен ретіндегі қасиеттерінің 
сақталуына, оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне көңіл аудару қажеттігіне 
тоқталады.
Дегенмен, табиғи, әсіресе, космостық бастаулардың кейінгі 
жоспарға қалдырылуы, білім беру мазмұнының тереңдігінен адамда 
қорғаныш тетіктерінің пайда болуы көрініс берді. Бұл репродуктивті-
педагогикалық өркениеттің ішкі ресурстары таусылып, алға қарай 
креативті-педагогикалық өркениетке қадам жасау қажеттілігін көрсетеді. 
Демек, «Адам-Ғарыш» жүйесіндегі біртұтас ақпараттық-энергетикалық 
механизмдерді игеру қажеттілігіне орай, рефлексивті мәдениеттің 
дамитындығын болжауға болады. Мұның нәтижесінде «Адам-Адам» 
жүйесіндегі түрлі деңгейдегі қайшылықтар шешіліп, «Адам-Табиғат» 
жүйесінің экологиялық жайлы формалары түзіледі. 
Әлеуметтік жағдайды, жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік 
педагогикалық тәжірибені қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау білім
беруді дамытудың жаңа бағдары – жаңару стратегиясын таңдауға 
себепші болды.
Қоғамды гуманизациялау – ХХІ ғасыр басындағы ғылыми мәселе 
десек те болады. Қазірдің өзінде, оның дамуының бүгінгі кезеңінде бұл 
тенденция адамдық фактордың анықтаушы рөлімен көрсетіліп отыр. 
Осы фактор феноменологиясында шығармашылық қызығушылық басым 
және оның негізгі құраушысы болып табылады. 
Жаһандану үдерісі белгілі бір ықпалдармен қарқынды адым алып 
отырған табиғи үдеріс болып табылады. Бұл үдерістен тыс қала 
алмаймыз, өйткені бұл үдеріске белгілі бір деңгейде барлық адамзат 
қатысып отыр. Және ұлттың басты мақсаты өзгенің құрамына сіңіп 
кетпей, өз мүддесін өзгеге таптатпау болып табылады. Адамзат 
баласының түбірі бір болғандықтан бір-бірін танып, (ортақтылығы) 
ортақтастықтары бар мега-қоғамды қалыптастыруға талпынуы ғажап 


347 
құбылыс емес. Жоғарыда айтып кеткендей, алғашқы адамзат 
қауымдастығынан кейін бірнеше мың ғасыр өтті, адамзат Әлемнің әр 
түкпіріне таралып, сол жер климатына бейімделіп нәсілдік, бет 
әлпеттік, физиологиялық, тілдік, ділдік және т.б. өзгерістерге 
ұшырап, өзіндік бір ерекшеліктерге ие болды. Яғни әр этнос, әр халық 
өзіндік жеке-дара қоғамдық институттар жүйесін құрап, эволюцияға 
ұшырады. Әрине, ескерілетін бір жағдай – халық, этнос, ұлт 
мәдениеттері 
бір-бірінен 
ерекшеленседе, 
олардың 
арасында 
айтарлықтай ортақ ұстындар, мәдениет белгілері бар.
Қазақ – сырлы сөздің, өлең, жырдың қадірін жақсы білген халық. 
М. Әуезов былай дейді: «Өлеңмен айтқан билік, жырмен айтқан өсиет, 
тақпақпен айтқан дау бір кезде «татуды араз, жақынды жат қылуға 
жараса», бір кезде іріген елді біріктіріп, ірікшінің шіріген сөзін саф 
қылуға жараған. Хан, қара, би, төре, аламаншыл батыр, жетекшіл 
қарақшы, бәрі де айырымсыз сырлы сөздің қадірін білімге ұстарып 
зейіні ашылған еуропалықтан кем білмеген» [217, 569 б.]. 
Қазақ сахарасының шешендері мен билерінің аталы сөздері, 
өнегелі өсиеттері мақал-мәтелдердің тууына себепші болған. Халық 
даналығынан туған мұндай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ескірмей, 
тозбай жұртшылық зердесінде ерте замандардан бері сақталып келеді. 
Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. «Күн түспеген жер 
көгермес, көсемі жоқ ел көгермес», «Қарын ойлаған қаралықтың 
белгісі, халық қамын ойлаған даналықтың белгісі», «Ақылы аздың 
ашуы көп, таяз судың тасуы көп», «Ақылы жоқтың арманы жоқ», 
«Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті қызартады» – деген сияқты 
халқымыздыңданалығы мен шешендігінің үлгісі болып табылатын 
мақал-мәтелдер мен аталы сөздерге қазақ жері кенде емес. 
Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып, бірыңғай халық 
болып даралануы оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені 
санасына орнықтырып, тұрмыс-тіршілігіне пайдалана білуі арқасында 
іске асты. Ал бұл тәжірибенің негізі, болашақ қазақ қоғамының, оның 
материалдық және рухани мәдениетінің іргетасы тым ерте, адам адам 
болып, олар қоғам болып қалыптасқан кездерде қаланды.
Жалпы, қазақ халқының қалыптасуы ұзақ мерзімді тарихи 
үрдістер нәтижесінде ортақ территория, тіл, материалды және рухани 
орталықтардың қалыптасуымен қатар орындалады. Осы орайда айта 
кету керек, қазақ халқы осындай көптеген ортақ құндылықтарға ие 
түрлі тайпалардың бірігуі нәтижесінде ғана емес, сондай-ақ араб, 
иран, монғол, сияқты дәстүрі өзгеше, этникалық элементтерді де 
өздеріне сіңіре қалыптасқанына тарих куә. Бұл мемлекеттердің 
этникалық негізі белгілі бір этникалық территорияда орналасқан 
жергілікті түркі тайпаларының төңірегіне күрделі этникалық 
байланыстар нәтижесінде жергілікті және келімсек, туыс және бөгде, 


348 
тұтас және шашыраңқы, түркі және түркіленген тайпалар, рулар мен 
олардың тармақтары топтасуы арқылы қалыптасты.
Сайып келгенде, мұның бәрі – ұлттық мәдениетіміз. Ал ұлттық 
мәдениетіміздің қалыптасуының негізі қазақ хандығының құрылуы 
болып табылады».
Мұхамедияр Орынбековтың айтуы бойынша, «мәдениет пен 
қоғамның руханилығын зерттеу өндірістік қатынастарды зерттеумен 
бірге, ұлттық менталитетті зерттеуді қажет етеді. Бұл ұғым қоғамның әр 
мүшесінің бойында кездесетін, қоршаған әртүрлі ортада бағыт беріп 
отыратын және алынған ақпараттарды жүйелей отырып, бар 
мүмкіндіктер спекторын пайдалану нәтижесінде іс-қимылдар жасаудың 
мәдениеттегі коды» [218, 51 б.].
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен, 
риясыз тазалығымен, зерделі мән-мазмұнымен, пайымдылығымен 
адамзат мәдениетімен ежелден сабақтас болады. Ғасырлар бойы 
қалыптасқан рухани-мәдени сабақтастық өз дәстүрін осы күнге дейін 
жалғастыруға талпынып келеді. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт 
ретінде сақтап қалатын және оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын 
дәлелдейтін императив. 
Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі 
тиіс: 

Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін 
анықтауы тиіс. 

Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және 
инновациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу 
беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс 
[219, 45-46 бб.]. 
Демократияландыру үдерісінің эволюциясы қоғамдық құрылымның 
көптүрлілігін және шынайы күрделілігін тікелей анықтады. Сонымен 
қатар, плюрализм мен мультимәдениеттік мұраттарының көрсеткіштері 
өз-өздерін ақтаған және тіпті, кері үдеріс-әсерді туғызды. Бұл 
жағдайларда қайта туған Қазақ елі үшін ұлтты сақтау, қоғамның 
тұрақтылығын, ұлт бірлігі және қоғам келісімділігін орнату үшін 
қазақтың бай тарихи және мәдени мұраны басты бағыт етіп алуы қажет. 
Және жаһанданудың қарқын алып жатқан үрдісі этникалық ерекшелік 
пен өзіндік қайталанбас дүниені сақтайтын әмбебапты модельді 
қалыптастыру керектігіне мақсат етіп қойып отыр. 
Қазақ ұлттық мәдениетінің құрамдас элементтері – халық ауыз 
әдебиеті, күйлер, материалдық мәдениет туындылары және т.с.с. – уақыт 
заман талаптарына немесе сыртқы шет елдік ықпалдарға сай өзгеріп 
отырды және де мұндай жағдай қазіргі таңда да қайталанып отыр. Бірақ, 
ұлт мәдениеті өзгеріске ұшыраса да, ол түбегейлі өзгермейді. Яғни, әр 
уақытта әрбір ұлт мәдениеті үлкен Әлемдік аренада басқа да ұлт 


349 
мәдениеттерімен бәсекелесіп отырады және бұндай жағдай ұлт 
мәдениетінің иммунитетін қалыптастырады, бәсекелесу қабілетін 
арттырады, ұлт мәдениеті кемшіліктерін позитивке айналдыра отырып 
дамытады. 
Қазақ мәдениеті, түптеп қарағанда, бірнеше ру-тайпалар мен 
этностардың мәдениетінен қалыптасқан тарихи асыл мұра болып 
табылады. Ұлттық материалдық және рухани мәдениет географиялық 
орта, шаруашылық бағыт, халықтың әлеуметтік құрылымы, этникалық 
бірлігі мен тарихы, көрші елдермен байланысы және қарым-қатынас 
дәрежесі, т.б. факторларға тәуелді болады. Осы ретте қазақ халқының 
кейбір ерекшеліктерінен тоқтала кеткен дұрыс. Оған бірінші кезекте, 
қазақтың жерінде кең аймақта орнығып, XVII-XVIII ғасырларға дейін 
таза шығыс ділі шеңберінде қалыптасып дамығаны жатады. Ділдің 
бастамасы діни көзқарас десек, шығыс діндерінің пантеистік сипатқа 
жақындығы, табиғатты құдайдай дәріптеуі, оның әрбір затын тірі заттай 
қастерлеп, тек қажетті мөлшерін пайдалануы қазақ халқының қанына 
сіңген қасиеті деуге болады. Мұны шығыс даналығы (шолақ 
рационалдық тұтынымдармен шектелмей, сезім мен ой көріпкелділігіне 
сүйену, жан-жақты пікірлерді үйлестіре қарап байсалдылыққа, 
келісімділікке ұмтылу) және шығыс ұжымдылығымен (қоғам мүддесін 
алдыңғы қатарға қоюы) толықтырсақ ешбір қателігі болмайды. 
Егер өркениеттендіру үдерісі кезінде ұлттың ұлттылығына қауіп-
қатер туып отыр деп өзімізден өзіміз оқшаулансақ, көштің-заманның 
соңына да ілесе алмай қаламыз. 
Ал басқа бір елдердің саяси институтын, экономика жүйесін 
немесе өмір сүру әдет-ғұрпын өмірлік бағыт ретінде пайдаланған ел өз 
тұғыры мен ерекшелігін жоғалтып нағыз маргиналды елге айналуы 
мүмкін, ал егер осы үрдісті (өз бойына талғамсыз көшіру, сіңіру) 
ұстанса, ол таза мәңгүрт елге айналып, «көрінгеннің қолында, 
тістегеннің аузында» деген күйде болады.
Осы жағдай қазақ халқына да қатысты, өйткені Батыстық 
модельді демократия жүйесін басшылыққа алған қазақ халқы өзіндік, 
ата-бабадан мұра болып келе жатқан шынайы қазақи демократия 
жүйесі ұмытып бара жатыр. Әрине, қазіргі уақытта қоғам өзіндік 
ерекшелігі бар қазақы дәстүрлі мәдениетті, қазылар алқасын және 
т.с.с. жүйелерді ендіруді көздеп отыр. Бірақ, осы жерде ескеретін жай 
– бұл 300 жылдан астам уақыт бойы қазақ халқы орыс патшалығының 
бодандығы болды, одан кейін әлемдік демократиялық (Батыстық 
сипаттағы) жүйелерді, яғни қоғамдық өмірдің әр саласын, өз қоғамдық 
институттар функциялар қатарына қосты. Осыдан кейін өз 
ұлттылығымызды табу қиынға соғып, ол қасиетте мүлдем жоғалтып 
алмаймыз ба деген күдік, қорқыныш-үрей сезімдері ұялайтыны 
шындық.


350 
Бірақ осы шақта А. Тойнбидің мына қағидасын еске түсіре 
отырып, яғни еш нәрседен, еш жағдайдан қорықпай, «шешінген судан 
тайынбас» дегендей алға, ерік-жігерді жинау қажет. 
Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы 
заңдылықты баспасы. Әлемдік мәдениет – бұл, алдымен, ұлтық 
мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық 
идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері жәнеоларды бүкіл Әлем 
мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді.
Ұлттық 
мәдениеттер 
мәселелері, 
мән-мағыналары 
және 
құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта 
жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз 
байланысты. 
Яғни, 
қазіргі 
кездегі 
өркениетті, 
ақпаратты, 
постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп 
отырады.
Ежелден 
келе 
жатқан 
және 
жаңадан 
қалыптастасқан 
құндылықтарды қалыптастырудың өзі қазіргі кезде жаһандану 
илегінен өткізіп, қарастырмау сол құндылықтардың шынайы бағасын 
анықтауға талпынбаумен теңбе-тең.
Бүгiнде шекарасыз, бiртұтас мәдениет туралы айту мүмкiн емес. 
Әлемде қаншама халық өмiр сүрсе, соншалықты мәдениеттер бар 
екендiгi мойындалып жатыр. Сондықтан, жалпыадамзаттық өркениет 
туралы сөз болғанда, әркiм де оны бiр-бiрiне ұқсамайтын, ерекше, 
жеке ұлттық мәдениеттердiң жиынтығы деп ойлайтыны анық. 
Өркениетке қатысты осындай көзқарас дұрыс та. Бұны өзiмiз өмiр 
сүрiп отырған заманның даналығы десек те болады. Себебi, жаңа 
заманда қайталанбас мәдениеттердiң құндылығы мен тарих 
алдындағы тең дәрежесi мойындалып, бұған дейiнгi қалыптасқан еуро 
не азия центристiк дейтiндей антогонизм бiртiндеп әлсiреуде. Соңғы 
ғасырдағы жоғарғы технологияның (ал ол, әзiрге, ғылым-бiлiм- 
мәдениеттiң басты көрсеткiшi болып тұр) дамуы батыс пен шығыстың 
шегарасын шатастырып жiбердi. Мысалы, Жапон елi, Үнді, Қытай, 
Шығыс Азия елдерiндегi даму дүмпуi осыған дәлел. Сондықтан 
мәдениетке деген қазiргi көзқарасты «алуан пiкiрлердiң тоғысуы» деп 
санауға болады. Әлем тарапынан әрбiр жеке мәдениетке деген 
қызығушылық артқан сайын, сол ұлт өкiлдерiнiң де өз мәдениетiне 
деген қатынасы өзгеруде. Ендi, әрбiр ұлт үлкен-кiшiсiне қарамай, 
өздерiнiң «адамзат өркениетiне қосқан үлесi қандай?» деген сұрақты 
ашық қоя бастады. Олардың әрқайсысы, өз тарихын жаңаша зерделей 
келе, бұрындары, әртүрлi саяси жағдайларға байланысты «табынып» 
келген мәдениеттердiң көпшiлiгi «жаңалық» емес екенiн байқады. 
Мысалы, революцияға дейiн жаппай сауатсыз саналған қазақ халқы да 
өз бабалары - көне түркiлердiң жазуын паш еттi. Тiптi, түркiтанушы 
М. Әджi көне түркi жазуы грек алфавитiнiң, содан барып 


351 
кириллицаның негiзi болғанын дәлелдеп те бердi. Бұл мысалдан бiз, 
бұрынғыдай емес, әлемдiк мәдениеттану ғылымында аса iрi мәдени 
ошақтар деп саналып келген ежелгi грек, рим, қытай, араб, парсы 
және басқа мәдениеттерге шексiз табынудың тоқтағанын көремiз.
Әркiм тарихтан өзiндiк мәдени келбетiн iздеудi қолға ала 
бастады. Әрине, бұл дегенiмiз, әрбiр халықтың тек өз мәдениетiн 
жоғары қоюға деген ұмтылысы емес, керiсiнше, олардың мәдениетке 
деген бiр жақты көзқарастан арылып, оның жан-жақты екенi түсiне 
бастағанын бiлдiредi. Яғни, қазiргi адам белгiлi бiр мемлекетте, 
ұлттық ортада өмiр сүре отырып, өз мәдениетi мен тарихын игеру 
арқылы өзге мәдениеттерге жол аша алады. Басқаша болуы мүмкiн 
емес. Мәдениетке деген сұраныс қоғамның экономикалық дамуымен 
тығыз байланысты. Бiздiң елiмiздегi экономикалық өрлеудi әлемнiң 
бiршама бөлiгi мойындап отыр: экспорт-импорт көлемi жылдан-жылға 
еселене түсуде. Осы тұрғыда, импорт дегенiмiз ағып келiп жатқан 
тауарлар легi ғана емес, оны әлемдiк өркениет жетiстiктерiнiң, әртүрлi 
мәдениеттердiң бiздiң рухани дүниемiзге құйылып жатқан жылғалары 
деп қабылдауымыз керек.
Мәдениет – бұл күрделі тарихи құбылыс, әрбір нақтылы тарихи 
кезеңдерде ол ерекше тіршілік формасына ие болып отырады. Әр 
халықтың өз мәдениетінің тамыры мен қайнар көзіне деген ынтасы 
жай ғана әлеуметтік құбылыс емес, бұл процесс бүгінгі күнгі өмірді 
ұғынудың алғышарты және болашақты болжаудың амалы. 
Мәдениет тек іс-әрекеттің нәтижесі болып қана қоймайды, 
сондай-ақ іс-әрекеттің өзі де мәдениет болып табылады. Мәдениет 
жалпы адамзаттық құбылыс (феномен) ретінде, алдымен, әр уақытта 
ұлттық-этникалық формаларда жүзеге асады. Сөйтіп, мәдениет ядросы 
ұлттық діл (менталитет), сана-сезім, белгілі бір этносқа тән «өмірді 
түйсінудің» ерекше тәсілі. Егер де бұл ядро белгілі бір тарихи 
оқиғалардың ықпалына байланысты басқа мәдениет ядросының 
құрамына сіңіп кетсе немесе өзгерсе, тіпті болмаса жоғалып кетсе, 
онда, сәйкесінше, мәдениеттің өзі де жоғалады я болмаса өзгеріп 
кетеді. Мұндай, яғни көпшілік қабылдаған, орталық ядросы жоқ 
мәдениет өмірі көп уақытқа созылмайды. Ұлттық сана-сезімнің 
корреляторы (ағыл. correlate – сәйкестікке келтіру немесе келтіретін) 
ұлттық тіл болып табылады.
Мәдениеттің ауысуына, өзге халықтарға ықпал етуіне себептер 
көп. Мұнда халықтың саны, мемлекеттің қуаттылығы, экономикалық 
дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі сияқты жағдайлар бар. 
Бірақ, мұндай әсердің сипаты мен бағытын әрбір мемлекет өзі реттеп 
отыруына болады. Тіпті бұл қазіргі заманның басты қажеттілігі. 
Әлемдік мәдениеттің мұхитында ескексіз қайықтай мақсатсыз жүзе 
берудің аяғы мәдениеттілікке емес, тексіздікке әкеліп соқтыратынына 


352 
еш дау жоқ. Бұл орайда, мәдениетке деген қоғамдық пікір өз-өзінен, 
болған жағдайдың соңынан қалыптасуы керек, мұндай пікір әрбір 
мәдени құбылыстың дер кезінде, тіптен оның алдында жүргені абзал.
Қазіргі таңда, қазақ тілі өзіндік ерекшелігі бар стиль бағытынан 
ауытқып бара жатыр. Өкінішке орай, мұндай жағдай қазақ жастары 
арасында орын алуда. Бұндай жағдайдың болуының себебі неде? Көп 
себептердің бірі – қазақ тілінде әдеби және ғылыми еңбектердің аз 
болуы, тіпті бар болғанның өзінде сын көтермейді. Яғни жоғарғы оқу 
орындары студенттері сабаққа дайындалғанда бар әдебиеттерді 
пайдаланады, ал олар болса – бұрынғы Кеңес Үкіметі кезінде 
жазылған дүниелер қайта өңделіп, толықтырылып жазылған немесе 
қазіргі уақыт ағымының талаптарына сәйкес жазылған әдебиеттерді 
түсіну көп уақытты және шыдамдылықты талап етеді. Ал Жаһандану-
нарық уақытында, әр уақыт – ақша. Сондықтанда, жастар көп уақытты 
өткізбей сол «сапасыз» әдебиеттерді оқып немесе жаттап, балл (баға) 
алады. Өйткені, олар өмірдің барлық қызығын көргісі келеді, олардың 
жастық кездік мақсаты сол. Олардың, былай қарасақ, еш кінәсі жоқ. 
Өйткені мұндай мақсат-мұрат қазіргі кездің өмірлік үрдісі болып 
отыр.
Қазақ мәдениеті басқа да ұлттық мәдениеттер тәрізді екі 
кезеңдерден – дәстүрлі және қазіргі заманғы – өтеді. Біріншісі – 
дәстүрлі (этникалық) мәдениет – Канттың «өзіндік заты» сияқты 
өзіндік мәдениет, яғни этнос мүдделерінің шегінен шықпайды, өйткені 
бүкіл адамзаттың мәдениеті алғашқы кезде жергілікті (локальды) 
қоғамның мәдениеті ретінде болған еді. Екіншісі – қазіргі заманғы 
мәдениет. Бұл кезеңде мәдениет өзін танып, сезініп әлемдік деңгейдегі 
аренаға шығып, сұхбаттық қарым-қатынаста болады.
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы отырықшылық тарихы Ресей 
патшалығының дөрекі саясатымен және орыс халқының мәдениетінің 
ықпалымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
ағартушылары мына факторға аса мән берген – орыс мәдениетін 
танып-білу. Осының негізінде этнос мәдениетіне новациялық үрдіс 
енді. Бұл процесс бірнеше кезеңдерден өтеді (яғни техникалық ғылым 
және ауылшаруашылық ғылым тілмен айтқанда): 
1. Селекция – бір импульстардан бас тартып және екінші бір 
импульстарды таңдап оны игеру немесе оны қайта жаңғырту; 
2. Қайта өндіру – сырттан қабылданып алынған немесе жаңашыл-
дықтың (орыс тілінде – новация) ішінен туындаған дүниелерді сана 
мен сүйекке сіңірудің алғашқы кезеңі және оларды тасымалдаудың 
маңыз-дылығын арттырмай, жай ғана көшіріп алу ғана; 
3. Модификация, бұл процесс инновацияны біртіндеп игере 
бастап, оны ақырындап белгілі бір этнос мәдениетінің ерекшелігіне 


353 
бейімдейді. Бұл кезеңде кей жағдайларда жаңашылдықпен араласқан 
дәстүрлі мәдениеттің кейбір элементтері өзгеріске ұшырайды; 
4. Құрылымдық интеграция; бұл кезеңде инновация жат дүние 
деп қабылданбай, этникалық дәстүрдің жаңа бір органикалық бөлігіне 
айналады.
Қазақ халқы фольклорлық шығармашылық синкретизмінен 
қазіргі кездегі көпсалалы кәсіпқойлық өнерге өту кезеңінде. 
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан 
әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және 
күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көп 
этникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға 
мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. 
Қазақтардың 
рухани 
өмірі, 
қаншама 
ұлттық 
құндылықтар 
бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие 
болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және 
қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту 
тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір 
сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін 
білдіруінің 
алғышарты 
мен 
жағдайы, 
қазақстандық 
ұлт 
институционализациясының жүйе құрастырушы факторы болып 
табылады. 
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық 
мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі 
ұлттық 
мемлекеттің 
модернизациялық 
және 
өркениеттік 
тәжірибесінде 
ұлттық 
сана 
мәдениет 
универсалийлеріне 
(әмбебаптарына) қатысты ерекше бір сарапшы рөлін атқарады: мәселе 
жалпыадамдық 
құндылықтардың 
этностың 
дүниетүйсінуіндегі 
жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды сынақтан өткізу де 
ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер барған сайын 
ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық 
типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму 
кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің 
адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру 
керек. Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени 
формаларды 
ассмиляциялауға 
қабілетті, 
«қуатты» 
ұлттық 
мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық 
мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы 
ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі. 
Белгілі бір қоғамның көптеген мүшелері ұстанатын құндылықтар, 
сенімдер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің жиынтығын үстемдік 
етуші немесе доминанты мәдениет деп атайды. Доминанты мәдениет 
осы қоғам қаншалықты күрделі ұйымдасуына және осы мемлекеттің 
халық санына байланысты ұлттық немесе этникалық болып табылады. 


354 
Этникалық мәдениет – бұл күнделікті өмір іс-әрекеттеріне, күнделікті 
мәдениетке көп сан жағынан қатысты мәдениет белгілерінің 
жиынтығы. Этникалық мәдениеттің ядросы (орталық) және 
«перифериясы» (шеткі аймақ) болады. Этникалық мәдениет құрамына 
еңбек құралдары, мінез-құлық, күнделікті құқықтың ережелері, 
құндылықтар, киім-кешек, көліктер, үйлер, білім, сенім,халық 
өнерінің түрлері кіреді. Мамандар этникалық мәдениетте екі қабат бар 
деп есептейді: 

Тарихи ерте (төменгі), бұл қабат өткен уақыттан мұра етіп 
алған мәдени элементтерден құралған; 

Тарихи соңғы (жоғарғы), бұл қабат қазіргі жаңа мәдени 
элементтерден тұрады. 
Төменгі қабат құрамына бірнеше ғасырлардан келе жатқан 
дәстүрдің тұрақты, табанды элементтері кіреді. Сондықтанда, олар 
этникалық мәдениеттің «қаңқасы» болып есептелінеді. Бұндай ыңғай 
кезінде этникалық мәденит мұрагерлік (преемственность) пен 
жаңарудың бірлігі ретінде көрінеді. Мәдениеттің жаңару процесі екі 
бағытта жүруі мүмкін: бірі – экзогенді (басқа бір мәдениеттің 
элементтерін қабылдап алу), екіншісі – эндогенді (сыртқы әсерсіз 
мәдениеттің 
өзінде 
пайда 
болған). 
Этникалық 
мәдениеттің 
мұрагерлігі, табандылығы, тұрақтылығы дәстүрді тасымалдау 
механизмдерінің екі түріне негізделеді: бірнеше жылдар немесе 
онжылдықтар аралығында әрекет ететін және этносты бір ғана бөлігін 
қамтитын (жас мөлшері жағынан аралас топтар), ұрпақ ішіндегі 
дәстүрлер; тарихилығы жағынан бірнеше кезеңдерді қамтитын 
уақытта өмір сүретін және құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа 
тасымалдау механизмін атқаратын ұрпақ аралық дәстүрлер. 
Этникалық мәдениет – бұл генезисі жағынан (қандас туыстар) 
ортақтығы бар өзара байланысқан және шаруашылықты бірге 
жүргізетін адамдар мәдениеті. Территориялық ерекшелік бойынша 
оқшаулану, тұрғылықты жерді қатаң сақтау, әлеуметтік кеңістік 
жағынан (ру-тайпа, қауымдастық, этникалық топ) салыстырмалы 
түрде оқшауланушылық – бұл мәдениеттің негізгі ерекшеліктерінің 
бірі. Мұнда жанұя немесе көршілес деңгейінде ұрпақтан ұрпаққа 
беріліп отыратын дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың күші үстемдік етеді.
Егер 
этнос адамдардың әлеуметтік-мәдени ортақтылығын 
көрсетсе, ұлт әлеуметтік құрылымы мен саяси ұйымдары бар 
адамдардың территориялды, экономикалық және лингвистикалық 
бірлестігін көрсетеді [220, 352-353 бб.].
Қазақ мәдениетінің қазіргі таңдағы жаһандану кеңістігіндегі 
инновациялық үрдістері дегенде алдымен оның ұлттық мәдениетінің 
бет-келбеті соншалықты неге ақын емес деген мәселенің басын ашып 


355 
алуымыз 
керек. 
Сонымен 
негізгі 
қиындықтарды 
туғызып 
отырғандығы мыналар: 

Батыстық бұқаралық мәдениеттің үстемдік етуі (яғни кең 
таралуы); 

Мемлекеттік ұлттық саясаттың әлсіздігі; 

Ұлттық мәдениеттің, әсіресе жастар арасында, үлкен де 
тұрақты беделге ие болмауы; 

Ұлттық мәдениетті дәріптейтін абыройлы азаматтардың 
болмауы (болған жағдайда, ол азаматтардың қоғам өмірінің өзге 
салаларына бет бұруы – саясат, сауда-саттық әрекет, т.б.); 
Біздің өмір сүріп отырған кезеңіміз жалпы мәдениетке қауіп-
қатер төндіріп отыр, соның ішінде, біздің ата-бабамыздың дәстүрлі 
көшпелі мәдениетіне қауіп-қатер төндіріп отыр. Шындығына 
келгенде, қазіргі уақытта ұлттың көп бөлігі дәстүрлі мәдениеттен тыс 
тіршілік етіп отыр. Егер біз дамыған әлемнің қалған құтқан және 
қоқыстары жиналған орынға-ұлтқа айналғымыз келмесе, онда біз 
өзіміздің еркіндігімізді және рух еркіндігін сақтап, әлпештеп қана 
қоймай, дамытуымыз қажет. Ата-баба мұрасы – шаң басқан мұражай 
экспонаты емес. Бірақ, өмірден өткен, мән-мазмұны және тірі рухы 
жоқ дәстүрлі мәдениеттің формасын дәл сол күйде қайта жаңғыртуға 
тырыспау қажет. Дәстүрлі өркениеттің әлемінде абыройлы орынға ие 
болған дүниелер қарама-қайшылыққа толы қазіргі уақыт әлемінде 
өзінің байырғы абыройлы орынына ие болып, өмір сүруге қабілетті 
болуы мүмкін бе екен?! Кезінде біздің ата-бабамыздың соғыстағы 
ұраны мынадай болған еді: «Өлім жоқ, өмір әр уақытта бар!» Яғни, 
олар адам баласының денесі өлгенімен, оның жаны еш уақытта 
өлмейді деп сенген болатын. ХХ ғасырда қазақ мәдениеті ажал 
құрсауында бірнеше рет болған болатын, бірақ оның рухы өлген жоқ. 
Біздің борышымыз – оның қайта-қайта жаңғыруына мүмкіндік жасап 
отыру.
Сондықтанда, жаһандану кеңістігінде қазақ ұлты өз мәдениетін 
қастерлеп, қадірлеп өзге ұлт мәдениеттермен еш қорқыныш-үрейсіз 
абыроймен өз бойын және негізгі принциптерін көрсетуі қажет.
Ұлт әлеуметтік организм, әлеуметтік қауымдастық бола отырып 
өзінің мәдени даму жолдарын жеке өзі анықтайды, бірақ, сонымен қатар, 
өте маңызды факторды да, яғни әлемдік мәдениетті (осы даму жолына 
әсер ететін) ұмытпаған жөн. Ұлттық мәдениетті (оның құрамындағы 
құнарлы және көпмағыналы бояуларын) әлемдік мәдениет дамуындағы 
заңды қадам ретінде және жалпы адамзат өркениетінің қажетті үлесі 
ретінде қарастыра отырып, оны ұлттық ерекшелік, өзге ұлттан ерекше 
және әлемдіктің (жалпы адамзаттықтың) синтезі ретінде анықтауға 
болады. Бұл жерде әрбір ұлттық мәдениеттің екі түрі байқалады: 
біріншіден, өзіндік ерекшелікке ие қалып ретінде; екіншіден, әлемдік 


356 
мәдениеттің бір бөлігі ретінде сезінуі және көрсетуі. Қалай десек те, 
ұлттық мәдениет осы екі түрде өзінің ерекшелігін айқындайды және 
көрсетеді.
Әр ұлттық мәдениеттің өзінің жемістері болады: рухани ізденістер, 
қайғы-қасіреттер, өмірді көрудің, оны түйсінуі. Мәдениеттің дамуы 
әлеуметтік қарама-қайшылықтар, прогрессивті дәстүрлердің артта 
қалған және консервативті жағдайлармен күресі негізінде болады. 
Қазіргі уақытта әр халықтың болашағы ұлттық мәдениетпен байланысты 
болуы керек, өйткені ұлттық мәдениет абыройлы өмірдің және жалпы 
әлемдік мәдениетпен байланыста болудың басты кепілі болып 
табылады.
Әрбір ұлттық мәдениет бүкіл адамзатқа тиесілі, сондықтанда ол 
бүкіл Әлем алдында өз-өзін жүзеге асыруы тиіс. Әр ұлт мәдениетті 
қайталанбас, таңғажайып, рухани және материалды дүниелерге толы, 
бұл адамзатты таң қалдыратын табиғаттың тамаша туындыларының бірі 
– кемпірқосақ тәріздес. Егер сол ұлттық мәдениеттердің бірі жойылса, 
онда сол кемпірқосақтың бір бояуының жоғалғаны деген сөз. 
Қоғамдағы ұлттық мәдениеттің элементтерінің кең қолданысқа ие 
болмауының себептерінің бірі – белгілі бір топтардың немесе атақ-
абыройға ие болып қалғысы келетін кейбір «азаматтардың» саяси немесе 
экономикалық іс-әрекеттері. (Кей жағдайларда, олар «ұлт азаттығы» 
деген ұрандармен бірнеше ұлт өкілдері арасына іріткі салып қояды). 
Тағы бір себебі – бұл экономикалық және әлеуметтік дағдарыс. 
Күнделікті қарапайым күн көріспен жүрген адам баласы қайдан ұлттық 
мәдениетті ескерсін.
Сұхбатсыз және ашық кеңістіксіз ұлт шекті мәдени өмірге душар 
болады, яғни, ашықтан ашық айтқанда мәдени күйзеліске, дағдарысқа 
ұшырайды. Өйткені, әр мәдениеттің даму негізінде өз-өзін жетілдіру 
жатыр. 
Белгілі бір қоғамның бірқатар көптеген мүшелері ұстанатын 
құндылықтар, сенімділік, салт-дәстүрлер жиынтығын үстемдік етуші 
мәдениет деп атайды. 
Үстемдік етуші мәдениет ұлттық немесе этникалық болуы мүмкін, 
ол мынадай жағдайларға байланысты – белгілі бір күрделі 
ұйымдастырылған; және белгілі бір мемлекет азаматтарының санына 
байланысты. 
Этникалық мәдениет – қарапайым өмір сүру салтына және 
тұрмыстың мәдениетіне қатысты мәдениет белгіліерінің жиынтығы. 
Этникалық мәдениет жақын – орталық ядроға және алыс – шалғайлыққа 
ие. Мамандар этникалық мәдениеттің екі деңгейін бөліп қарастырады: 

Алғашқы тарихи (астыңғы деңгей) – мұра болып қалған мәдени 
элементтерден құрылған құрылым; 


357 

Кейінгі тарихи (үстіңгі деңгей) – жаңашылдықтан тұратын қазіргі 
мәдени деңгейлер. 
Астыңғы деңгей құрамына бірнеше ғасырлық дәстүрлермен 
бекітілген тұрақты элементтерден тұрады. Сондықтанда, оларды 
этникалық мәдениеттің тірегі деп есептейді. Мұндай ыңғайда этникалық 
мәдениет жалғастырушылық пен жаңарудың бірлігі ретінде 
елестетіледі. Мәдениеттің жаңаруы экзогендік (сыртқы әлемнен алып 
пайдалану) және эндогендік (мәдениеттің ішінен туындайды, сыртқы 
әсер еш ықпал етпейді) болуы әбден мүмкін. Этникалық мәдениеттің 
жалғастырушылдығы және тұрақтылығы дәстүрдің берілу механизмінің 
екі түрлерінің әрекеттеріне негізделеді:

ұрпақ ішіндегі дәстүр (бірнеше жылдар бойы қызмет етеді және 
этностың жартысын ғана қамтиды; 

ұлтаралық дәстүр (тарихи ұзақ мерзім аралығында өмір сүретін 
және ұрпақтан ұрпаққа құндылықтарды беру механизм қызметін 
атқарады). 
Этникалық мәдениеттің біртектілікпен өзара байланысқан (немесе 
қандас) және шаруашылық-тұрмыстық өмірі ұқсас адамдар мәдениеті 
болып табылады. Тұрғылықты жер шектеулігі, қатаң жергіліктік 
(локализация – орыс тілінде), салыстырмалы түрдегі шектеулі әлеуметтік 
шоғырлану (тайпа, ру, қауымдастық, этникалық топ) – осылардың бәрі 
бұл мәдениеттің негізгі белгілері болып табылады. Бұл мәдениетте 
дәстүрлер күші, әдеттер жәнежанұяның немесе көршілік деңгейде 
ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптар үстемдік етеді.
Егер этнос адамдардың әлеуметтік жалпылығын, тұтастығын 
көрсетсе, онда ұлт территориялық, экономикалық және лингвистикалық 
деңгейдегі әлеуметтік құрылымға және саяси ұғымдарға ие адамдардың 
топталуын көрсетеді.
Ұлттық мәдениет құрылымы этникалық мәдениет құрылымына 
қарағанда анағұрлым күрделірек. Ұлттық мәдениет құрамында дәстүрлі-
тұрмыстық, кәсіпқой және қарапайым мәдениет салаларымен қатар 
мамандандырылған арнаулы мәдениеттер бар. 
Ұлт қоғамды қамтитын болғандықтан, қоғам көп қабаттылыққа 
(ағыл. тіл. – stratification) және әлеуметтік құрылымға ие, ұлттық 
мәдениет этникалық мәдениетте жоқ барлық үлкен топтың 
субмәдениеттерін қамтиды. Сонымен қатар, этникалық мәдениет ұлттық 
мәдениеттің құрамына кіреді. Мысалға АҚШ немесе Бразилия елін алсақ 
болады. Оларды ел арасында этникалық қазан деп атайды. 
Американдық ұлттық мәдениет гетерогендік болып табылады, яғни 
құрамында ирландтық, итальяндық, немістік, қытайлық, жапондық, 
мексикандық, орыс, еврейлік және басқа этникалық мәдениеттер бар. 
Қазіргі ұлттық мәдениеттердің көбі полиэтникалық болып келеді. 


358 
Ұлттық мәдениет, шын мәнісінде, этникалық мәдениеттердің жай 
қосындысы емес. Табиғатынан ұлттық мәдениет этностық мәдениет 
табиғатына қарағанда күрделірек. Онда өзіндік ұлттық нышанасы бар 
мәдениет бар, ал бұл мәдениет жаңа ұлтқа қатысы бар екенін сезінген 
барлық этнос өкілдерінің қауымдастығы. 
Біздің мәдени әртүрлілігіміз құнды мұра болып табылады және әр
мәдениет тұрақты өмір сүру процесі барысында жеке өзіне тиесілі 
жолдармен өз дүниесін және құндылықтарын жүзеге асырады.
Біз жаһанды, аумақты сұхбатты кеңейтуіміз қажет, себебі бізге 
ақиқатты және даналықты табу, тану барысында бір-бірімізден 
үйренетін дүниеміз көп. Біз әртүрлілік пен бірлік арасында, жеке адам 
баласына тиесілі еркіндік пен қоғамға тиесілі құндылық арасында, 
қысқа мерзімді жоспар мен ұзақ мерзімді мақсаттар арсында 
үйлесімділікті табуымыз қажет.
Жаһанды сұхбатта пайымдау қажет, өйткені Жаһанды Әлем – 
көпжақты руханилықтың жалпы кеңістігі, ол әр уақытта ашық және 
өзгені түсіну барысында үздіксіз жетіліп отырады. 
Мәдениет пен жаһандану арасындағы қарым-қатынасты қарастыру 
барысында, экономикалық жаһандану әртүрлі мәдениеттерге, яғни 
оларды 
Батыста 
қалыптасқан 
пайдаланушылық 
капитализм 
модельдеріне итермелеу, сөйтіп, біржақты ықпал етеді деп есептеу 
қателік болады. Әрине, жаһанды капитализм ғаламат күшке ие. Бірақ, 
адамзат саяси және экономикалық байланыстар тәрізді мәдени 
байланыстар жаһандану процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 
Тіпті, күнделікті өмірде адамдар әруақытта таңдау жасайды: нені 
сатып алу, қай мамандықты таңдау, жаңалықты қалай қабылдау, т.с.с., –
бұл барлық іс-әрекеттер және эмоционалды әсер алушылықтар, 
нәтижесінде, саяси институттар, бұқаралық ақпарат құралдары және бар 
нарықтар арқылы адамдар арасындағы күрделі ғаламдық торда 
құрмаласады. Осы мағынада мәдениет жаһандану процесінің бағытын 
алдын ала айқындап алады.
«Жапон рухы, батыс білімі» деген қағидамен өмір сүріп отырған 
Жапон елі қазіргі таңда алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылады. 
Яғни өз негізін-дәстүрін және экономикалық дербестікке қол жеткізетін 
модернистік ұстаным-батыстық білімді шебер ұштастыра білу 
арқасында экономикалық, саяси, мәдени жетістіктерге жетіп отыр.
Батыстандыру (әлеуметтік-мәдени) процесі – бұл батыс христиан 
мәдениетіне тектік негіз бойынша кірмейтін қауымдастықтың батыс 
Еуропаның дамыған елдер үлгілері бойынша әлеуметтік-мәдени 
дамуына толықтай (немесе жартылай) бейімделуі немесе қауымдастық-
реципиенттің әлеуметтік-мәдени процестерінде маңызды роль атқара 
бастайтын Батыс мәдениетінің жеке-жеке элементтерін қабылдауы. Бұл 
жерде батыс державаларының өздерінің отары болған елдерге өз 


359 
мәдениетін немесе Шығыс мемлекеттеріне саяси-экономикалық 
принциптерін күштеу арқылы ендіру процесі емес, керісінше, дамушы 
мемлекеттер элиталарының жүргізіп отырған ерікті процесс туралы сөз 
болып отыр.
Батыстандыру деп тек қазіргі заманғы батыс технологияларын, 
экономикалық өндірісті ұйымдастыру түрлері және әскери-техникалық 
мәдениетті игеру деп түсуну дұрыс емес, ол алдымен, әлеуметтік 
реттеудің әлеуметтік-мәдени заңдар жиынтығын (демократиялық саяси 
құрылым, адам баласы құқығының басты орында болуы, жеке тұлғаның 
өз-өзін жүзеге асыру үшін әлеуметтік жағдайлардың либералды түрінің 
болуы, дін мен ұлттық толерантылықтың болуы, ақпаратты алу немесе 
тарату еркіндігі және тағы да басқалары) игеру болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет