Тұрсын Жұртбай «Бір уыс жусан»



Дата10.04.2023
өлшемі15,91 Kb.
#80793
Байланысты:
әдебиет қосымша тапсырма 10апта


Қосымша тапсырма
10апта:
Тұрсын Жұртбай «Бір уыс жусан»
Тақырыбы: «Бір уыс жусан» – елес арқылы өмірлік шындықты, яғни, атом бомбасын сынайтын Дегелең полигонында тұрған, ақ қанның кесірінен 1979 жылы ерте солған туған қарындасы Төлеу марқұмның қыршын тағдырын шіміркендіре толғаған әңгіме.
Идеясы: «Бір уыс жусан» элегиясындағы қамқор ағаның аяулы қарындастың рухымен, елес-бейнесімен сырласуы адам жүрегіне бәрі сыятынын айшықтау
Стильдік ерекшелігі:Әңгіменің формасы өзгеше, бірақ жазушы дәл осындай қалыпта жазуды мақсат етпегені байқалады. Көңілді тербеп, қалам ұшынан төгілген ой ағынымен өткен шақ пен осы шақты жалғап, ерекше қимас сезіммен қарындас бейнесін жарқырата ашқан. Асыл жанның шыр етіп жарық дүниеге келген сәтінен бастап, келместің кемесіне мінген сәтіне дейін аға­ның көз алдында, көңілінде сақ­таулы. Аурухана төсегінде жа­тып алдыртқан бір уыс жусан ке­йіпкерді рухтар әлемімен байланыстыра алады. Бір уыс жусан дәл осы әңгімеде өткеніміз бен бүгінімізді жалғап тұр, ол қазақы болмысымыздың коды сияқты.

Мархаббат Байғұт «Жоғалған Жұрнақ»


Тақырыбы: Әңгіме желісінде осыдан 36 жыл бұрын сарышұнақ аязда азаттық үшін Желтоқсан оқиғасының бел ортасынан табылған жас жігіттің өмір жолы баяндалған.
Идеясы: Шығарма сол жылдардағы алматылық студенттердің ғана емес, бүкіл бір ұлттың қасіреті болған Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Жұрнақтың, оның сүйген қызы Алманың және олардың замандастарының тағдыры арқылы ұлттың тағдыры тәлкекке түскен қайғы-қасіретті баяндау.
.Сонымен қатар Тәуелсіздік жолында Жұрнақ секілді жас өмірін қиған ұлт мақтаныштарына тағзым ету.
Стильдік ерекшелігі: Әрбір қазақ баласына патриоттық сезім ұялататын шығарманың тілі жатық.Әңгімені оқитын оқырман үшін көңілге қонымды. Негізінен, шығарма желісінде бала күнінен білім қуған Жұрнақ есімді жігіттің аянышты тағдыры суреттелген. Яғни, жазушы кейіпкерінің болмысын жан-жақты аша түседі.
Композициялық құрылымы:
Оқиғаның басталуы: Ауыл адамдарының «Жұрнақ көке жынданып кетіпті» деген жайсыз хабарды естуі.
Оқиғаның байланысуы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін Қонақбайдың шаңырағында егіз ұлдың дүниеге келіп,Жұрнақ пен Жалғау деп есімдерін қоюуы.Жалғаудың кішкентайынан шетінеп кетуі.
Оқиғаның дамуы:Жұрнақтың мектеп бітіріп,Мәскеуге оқуға түсіп,сүйген қызына Алмаға қол жеткізу үшін Алматыға барды. Сүйгенімен қосылу үшін бар­ған Жұрнақ Желтоқсан оқиғасына белсенді қатысушы ретінде айыпталуы.
Оқиғаның шиеленісуі:Жұрнақтың Қарағанды қаласындағы жындыханадан табылып,ешбір зиян келтірмейтін Жұрнақтың ауылына қайтуы.Көпшіліктің ықылысына бөленген жігітке кейіннен қырың қарайтын жандар көбейген. Ақшаның түр-түсін танымайтын оған қара жұмыс жасататын ауылдастардың зұлымдығы.
Оқиғаның шарықтау шегі:Өзбек азаматының үйін тұрғызуға жәрдемдесуі.Өзімнің ауылымда үй тұрғызамын деп еңбектенген Жұрнақтың,мейірімі жоқ адамдардан көрген азабы.
Оқиғаның шешімі: Жұрнақ қайтыс болыпты деген ақпарат Қазығұрт етегіндегі ағайынға түгел жетеді. Өзі армандаған үйді салатын мекен жайда аязды күні үсіп қалған күйі табылған Жұрнақтың өлімі.Жерлестердің онымен қимай қоштасуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет