Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Батырлар сүюші еді Кене ағасын



бет166/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   273
Батырлар сүюші еді Кене ағасын,

Кененің кең пейіштей Сарыарқасын,– дейді. Немесе:

Қазақ ек ала киіз туырлықты,

Такаббар, менсінбеуші ек басқа жұртты,–

деп Бекхожин бұл сөзді Кенесарының бауыры Науанның ойымен жеткізеді.

1944 жылғы «Шеру» жинағына енген қазақ жауынгеріне арналған өлеңінде:

Мен сүйдім елдің ұлы ер екен деп,

Кешегі Кенекеме тартып туған,– дейді.

Ол қазақ жауынгерлеріне осылай бағыт береді.

1948 жылы Бекхожин өзінің жинағында колхоздың шопаны туралы: «Отарлы қой итарқада жатыр күйсеп»,– деп жазды. Ақын Бекхожин – кеңес азаматы, ұлы отан соғысының қызған кезінде бір жауынгерді өзінің өлеңінде Кенесарыға ұқсаңдар деп үгіттейді, ал екінші өлеңінде колхоздың қойшысын «софыға» теңеп, әулие жасағысы келеді. Сөйтіп ол қазақ даласын қалай сүйсе де, Бекхожин сүйген дала – революцияға дейінгі кейбір ақындар суреттеген дала, міне, Бекхожиннің бұл туындысы осындай бояу арқылы ұлтшылдықпен үндесіп жатыр. Бұл туындылар еліміздің қоғамдық өмірімен, өндіріспен, колхоз құрылысымен байланыспайды, керісінше, революцияға дейінгі Қазақстандағы өлеңдерде айтылатын қайдағы бір діни ағымдағы софымен жалғасып жатады.

Мұның барлығы бізге, Бекхожин жолдастың дұрыс жолмен жүрмегенін, Қазақстанның тарихын бұрмалап, Кенесарыны дәріптегенін, өзінің соңғы туындыларында бүгінгі күннің шындығын боямалағанын айтуға мәжбүр етеді. Бекхожин «Мариям Жагорқызы» дастанында да өрескел қателер жіберді. Алайда, кейбір жолдастар, орыс қызының тағдырын мұсылмандықты қабылдаумен аяқтайды – дейді, ондай жағдай бұл дастанда жоқ, ондай өрескел ұлтшылдық та жоқ!

Бекхожиннің ақын замандасының бірі Аманжолов, оның да фамилиясы ҚК(б)П Орталық комитетінің шешімінде аталып өтеді. 1951 жылы 14-тамыздағы осы қаулыда Қасым Аманжоловтың фамилиясы ұлтшыл қателіктер жібергендердің қатарында аталады... Қасым Аманжолов «Жалған дүниеге менің де бабам кетті»,− деп өкінеді. Бұған автор ғана емес, оны қарап шыққан адам да кінәлі. Ал 1951 жылы жазған өлеңінде бұрынғы азиялық шығыстың аңызға айналған құдіретін жоқтады. Сондықтан да Аманжолов БК(б)П-ның қаулысына тегін аталып отырған жоқ. 1940 жылы ол Кенесары туралы дастан жазды. Оның жарияланбағаны жақсы болды. Бұл арада ол өзінің сол кездегі жанқияр досы Бекхожиннан кем түскен жоқ, дастан жарияланбағанымен, егер жаны, миы елжіреп тұрмаса, былай жазбас еді. «Сарыарқа» жинағында қазақ даласы орыс жерінен, қазақ халқы орыс халқынан бөлек алынып көрсетілген. Бұл мәселеге С.Мұқанов жолдас тиянақты түрде тоқталғандықтан да, назар аударып жатпаймын. Сол жинаққа кірген «Ертіс» атты өлеңінде: «ол өзен менің кеудемде толқын атып жатыр» – дейді. Егер Ертіс өзені болмаса, сол Арқа болмаса, социалистік құрылысты орнатып жатқан қазақ халқы өзінің батырларын, ғалымдарын, жігіттерін тудырмас па еді? Бұл арада ол Сосюра сияқты қазақ даласын біздің Отанымыздан бөліп алу арқылы саяси қателік жіберген (уақытыңыз бітті),− деп айып таққан.

Иә, туған жеріңді жырлаудың өзі де «саяси қателік» болған заманды біз де бастан өткіздік-ау! Артында отаны, жері, туған елі туралы бір шумақ өлеңі қалмаған талантты ақынның тегеуіріні осындай үрейдің салдарынан еш кетті.

Бұл науқаннан партияда жоқ жазушы, бірақ сол кезде оны мүшелікке қайтадан қабылдау мәселесі көтеріліп жатқан, сөйтіп уақытша алдарқатуға түскен Ғ.Мүсірепов те қалыс қалмады.1932-1937 жылдары Мирзоянның тұсында М.Әуезовтің «жеке рецензенті» (бұл міндет кейін Қ.Жұмалиевке жүктелді) болған Ғабит Мүсірепов «қолына қалам алды». 1947 – 1953 жылдардың арасындағы Ғ.Мүсірепов араласқан сөздері үнемі төмендегі сипатта өтті және осындағы аталған шығармаларға қарап әңгіме қай тақырыпта қозғалып отырғаны (проза, драма, эпос, т.б.) туралы бірден аңғаруға болады. Біз сол пікірлердің бір парасын ғана берумен шектелеміз.

Ғ.Мүсірепов: «Қазақстан К(б)П партиясы Орталық комитетінің кеңестік Жазушылар Одағының жұмысы туралы соңғы шешімінде: біздің әдебиет майданымыздағы буржуазиялық ұлтшылдықтың қалдықтарын түбірімен жойып, тазалауды және оның жаңадан өршуіне мүмкіндік бермеуді заңды талап етіп, қатаң ескерту жасады. Қазақ әдебиетінің даму жолы – жас әдебиетті артқа тартып, кеңес әдебиетінің революциялық жолынан бөлектенуге жетектеген осынау бір басты зиянкестікке қарсы күресумен қалыптасты. БК(б)П және Қазақстан К(б)П Орталық комитеттерінің соңғы жылдардағы идеология саласындағы көптеген мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері, бізге, Қазақстан жазушыларына, көпшілігіміздің көптеген зиянды, идеясыз, буржуазиялық-ұлтшыл шығармаларымызды әшкерелеуге көмектесті».

Партиядан тысқары қалса да, ол кімді қолдаса, сол жақтың пікірі басым түсетін Ғабит Мүсірепов өзінің қашанғы әдетімен тура осы науқанда да тұлғалардың сілкілесуін сырттан бақылап, миығын тартып, соңында өзі де араласқансып сыздықтай сөйледі. Бұл – мысқыл емес, нақты өмір көрінісі. Соның нәтижесінде бейбіт өмірде – батыл, саяси науқанда – баспақ, Мұқанов пен Әуезовті теңшей салмақтаған «талқы таразысы» қалпын 1947 – 1953 жылдар арасындағы аласапыранда да сақтап қалды. Мысалы, 1952 жылғы 11-сәуірдегі драматургия туралы мәжіліс те сілкілесусіз өткен жоқ.

Ғ.Мүсірепов: «Алайда, Жазушылар одағы тарапынан ұлтшылдықпен күресу барысында кеткен өрескел қателер мен үлкен кемшіліктерді Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің соңғы шешімі орынды көрсетіп отыр. Егерде, біз өзімізге өзіміз сын көзімен есеп берсек, өкінішке орай, біз ұлтшылдықпен күресе отырып, сол ұлтшылдықтың жандануына жағдай жасаппыз. Бұған, ең бірінші Одақтың төрағасы ретінде Мұқанов кінәлі, сонымен қатар, коллегиялды түрде басқаруға атсалысуға тиісті Төралқаның мүшелері – біздің де кінәміз аз емес».

Ол М.Әуезовке қосып С.Мұқановтың өзін де қармаққа іле кетті. Әр сөзін есептеп, терең саяси астар беріп, нығызданып тұрып, нығыздап сөйледі.

Ғ.Мүсірепов: «Қазақстан Жазушылар одағы бір уақытта ұлтшылдықпен күресе отырып, оның жандануына жағдай жасауы кездейсоқтық па? Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл біздің күресіміздің әлсіздігін, қатаң партиялық тәртіпті сақтай отырып жүйелі түрде, батыл және ашық күресе алмағанымызды танытады... Ұлтшыл қателікті сынаудың орынына сынды мещандық күрестің құралына айналдыру дегеніміз, біріншіден, сынның бүкіл саяси мәнін жою болып табылады, екіншіден, бұл пайда болып келе жатқан топшылдықтың отын қоздырудың жасырын амалы, егерде топшылдық жоқ болса, оны қолдан жасайды!»,– деді.

Бұл жолы да екі арыстанның жұлқысуын қостамағандай көрінгенімен, «партияны және көпшілік бұқараны» жаңа қауіптен «сақтандырды».

Ғ.Мүсірепов: «Өткеннің мәдени мұраларын игеру мәселесін әлі қозғағамыз жоқ. Соған қарамастан, өткен күн мен фольклор тақырыбына арналған біздің біраз туындыларымыздағы идеялық жағымсыздықтар туралы хабарлар одаққа түсіп жатқан сыңайлы. Біз, бұл тұрғыдан алғанда Мүсіреповтің – «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері», Әуезовтің – «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Айман – Шолпан», «Бекет», «Ақан сері – Зайра», «Қобыланды», Хұсайыновтың – «Шаншарлар», «Алдар Көсе», Тәжібаевтің «Ұшқыш кілем», «Біз – қазақпыз», «Күмбез», Жұмалиевтің – «Едіге» сияқты тағы да басқа пьесаларды қайта қарап, қайта бағалауға міндеттіміз. Өткеннің мұрасын сыни көзбен игеру тұрғысынан қарағанда бұл туындылардың бәрінің де кінәраттары бары анық. Мысалы, «Қозы Көрпештің» Мәскеу драма театрындағы қойылымы барысында маған Қодар бейнесін жаңаша шешу керек болды, оның санасы оянып, белгілі бір дәрежеде өзінің кінәсін жуғысы келеді. Сонымен қатар, осы жанрдағы біраз туындыларда эпосты қайта қорытуда ұлтшылдықтың тиірменіне су құятын тұстардың бары анық. Осы орайдан алғанда, менің ойымша, Тәжібаев жолдастың шығармашылығы ерекше көмек күтіп тұрғандай»,– деп келер күндерде алдарынан тосып тұрған эпос пен фольклор туралы талқылы жаңа науқанды емеуірін ете сөйледі.

Бұл – Ғабит Мүсіреповтің жеке басының ғана «көрегендігі» емес, кеңес өкіметінің партияның басшылығымен қақпайлап әкеле жатқан идеологиялық арандату саясаты еді.

Ғ.Мүсірепов: «Мұндай жайсыз жағдайға душар болудың басты себебі, одақтың басында отырған жетекші жазушылардың өздерінің біразының ұлтшылдық пен идеясыздықтың дертіне ұшырап келуі және қазір де сонымен ауырып жүр. Сондықтан да бізде принципті-партиялық біртұтас ұстаным жетіспеді, қазір де жетісіп отырған жоқ, соның кесірінен сын мен өзара сынға үрке қараймыз. Осыған орай ұйымның алдына бір сұрақ қойғым келеді: осындай жағдайсыз жағдайға олар тосқауыл қоя ала ма? Қазақстан Орталық комитетінің соңғы қарарында көрсетілгеніндей, әдебиет майданын ұлтшылдықтан және одан басқа да идеясыздықтың қоқсығынан тазалау қолдарынан келе ме? Әрине, сөзсіз қолдарынан келетіні даусыз. Алайда ол үшін біздің одағымыз, оның ішінде басшылар, кеңес әдебиетінің жоғары идеялық-көркемдік талабының деңгейіне көтерілуі тиіс. Ол үшін, бірінші, партиялық сын мен өзара сынды принципі түрде жүзеге асырып, іс жүзінде төзіп болмайтын ақсақалдық өктемдікті доғару қажет.



Большевиктік сын қазір ұлтшылдық пен идеясыздықтың түп-төркінін терең ашып беріп отыр. Бұған тек осы дертке ұшырағандар ғана емес, сонымен қатар өзге де өзімшілдік пен тағы да басқа қасақаналықты мақсат еткендер ғана таласуы мүмкін. Партиялық сын мен өзара сын біздің көпшілігіміздің бойымыздағы ұлтшылдық пен өзге де қателіктеріміздің қыртысын ашып беді. Мұны жоюға бағытталған сынның аса пәрменді күшінің орыны үлкен. Біздің уақытымыздың көпшілігі бұрыннан белгілі, дәлелденген, таптауырын болған нәрселерді мыжғылаумен өтеді, ал одан шығудың жолы аз айтылады.

Большевиктік сын нені ашып берді? Большевиктік сын кейбір жазушылардың пікірі Кенесары Қасымовты дәріптеуде буржуазияшыл-ұлтшыл Бекмахановтың пікірлерімен ұштасып жатқандығын көрсетті. М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында, қазақ әдебиеті тарихының бірінші томында, С.Мұқановтың «Балуан шолақ» повестінде, «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерінде», Жұмалиев пен Исмаиловтың оқу құралдарында, Бекхожиннің шығармаларында Кенесары халықтың көсемі ретінде, ал, оның көтерілісі прогрессивті болып көрсетілді. Олардың бұл еңбектерінде ұлтшылдықтың екінші беті − орыс халқына қарсылық көп орын алды. Бұл Исмаиылов пен Бекхожиннің ұстанымы ғана емес, сонымен қатар олардың ондаған жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жүйелі әрекеті. Әуезов жолдастың соңғы жылдардағы ұлтшылдық сарындағы қателері, сөз жоқ, оның өткендегі идеялық тұрақсыздығымен, адасуларымен тығыз байланысты. Ол аз десеңіз, жазушы ретінде, ғалым ретінде жинаған барлық беделін әдебиеттің жас мамандарын тура сондай ғылыми ұстанымда дайындап келгені де даусыз. Басқа ешкім емес, тура Әуезов жолдастың өзі әдебиетшілеріміз бен ғалымдарымыздың ішінде ең бірінші рет халықтың зұлым жауы Кенесарыны жер-көкке сыйғызбай дәріптеп, аспанға көтерді. Мұқанов жолдастың өрескел қатесі де бұдан кем соқпайды. Ол өзінің «Очерктерінде» Едіге мен Қобландының, Кенесары мен Наурызбайдың, Көтібар мен Есеттің арманы Аманкелді Имановтың Октябрь революциясындағы күресі арқылы жүзеге асты деп жазды. Бұдан большевик комиссар Аманкелді Иманов, Едіге мен Кенесарының арманы мен мақсаты үшін күрескен болып шығады. Сөйтіп, Сталин жолдас қазақтың Чапаевы деп атаған Аманкелді Иманов Социалистік Октябрь революциясының жемісі емес, Едігеден бері келе жатқан феодалдық қоғам батырларының ұрпағы болып қана қалады»,− деп бұларға тарихшылар Толыбеков пен Қыстауовты да қосақтап қойды.

Сөзінің соңында «ақсақалдықтың дертіне» қайтып оралып, сын мен өзара сынның «үлгісі» ретінде өзінде іліктіріп:



«Ең соңғы жазылмай келе жатқан дертіміз, біздің барлық таластарымыз бен шығармашылық талқылауларымыздың шылауына оралып қалмай келе жатқан ауруымыз, ол − жекелеген жазушы жолдастардың ұлтшылдық қателіктерді өзінің әдебиеттегі бірінші орында екенін дәлелдеуге ұмтылған күрес құралына айналдырып отыр. Жолдас Тәжібаевтың пайымдауынша: Мұқанов қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы деген атқа ие болуы үшін Әуезовпен бақталастырып жүрген көрінеді, ал Саин болса, Орталық комитеттің отырысында ешқандай шімірікпестен: Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов үшеуі әдебиеттің ақсақалы атану үшін өзара бақталастырады − деді. Сын мен өзара сынды өрістету барысында топшылдықтың көрініс беретінін жоққа шығармаймын, керісінше, өзімді де, өзгені де осы бір ұлттық дерттен сақтануға шақырамын. Бұл − ондай дерт менде жоқ дегендік емес»,− деп ойын қорытты.

Бұл да сол қызылөңеш кезеңге тән тақыс тәсіл. Мұндай қыздырмадан қалыс қалу, еруліге қарулы көрсетпеу өзіңнің «жаулығыңды мойындаумен» пара-пар. Сондықтан да «жанр заңына байланысты» М.Әуезов те мінбеге көтерілді. Ол ұлтшылдық деген не және оны қалай тану керектігі жайлы ұзақ толғап, айтарын әріден бастады:



М.Әуезов: «Осында қатысып отырған жолдастардың бәріне де белгілі, соңғы он күнде, соңғы бір айда мерзімді басылымдар мен республикалық газеттерде БК(б)П Орталық комитетінің «Звезда» мен «Ленинград» журналдарындағы қателіктер туралы тарихи қарарының қабылданғанына бес жыл толуы аталып өтіп жатыр. Соған орай осы біз талқылап отырған мәселе бойынша одақтас республикаларда да мәжіліс өтіп жатыр. Мұның үстіне «Правда» газетінде «Әдебиеттегі идеологиялыық бұрмалаушылықтар» жөнінде мақала да жарияланды. Біздің әдебиетімізге қатысты үлкен жиналыстар өзімізде де өтті. Бұл өзіміздің Орталық комитеттің 1951жылғы 14-тамыздағы қаулысынан да көрініс тапты. Қазір барлық жерде және бәрінің алдына бір ғана өте үлкен, өте маңызды, өмірлік мәні зор идеология майданын тазалау, соның ішінде, әдебиеттегі ең үлкен олқылық – бүкіл бір ұйымды, жекелеген жағдайда – көптеген жетекші жазушыларды – ұлтшылдықтан арылту мәселесі қойылып отыр. Буржуазиялық ұлтшылдық дегеніміз – тарихи, саяси тұрғыдан алғанда да оның сүлдесін ысырып тастап, мәңгілік бас тартқаннан соң да, жекелеген жазушылар мен ғылым қайраткерлерінің санасынан оңайшылықпен кетпейтін өміршең құбылыс. Ұлтшылдық дегеніміз – саналы түрде болсын, не санасыз түйсік арқылы болсын, бүкіл қоғамның ағзасына зиян келтіретін күйдіргі болып табылады.

Буржуазияшыл ұлтшылдар, әдебиеттің қазіргі жағдайын талдау барысында анықталып жатқанындай, Украинада, Әзірбайжанда, Белоруссияда, Өзбекстанда да бар, не ана халықтың, не мына халықтың өткен тарихының ұзақтығына, мәдениеті мен тарихының жоғары деңгейде дамығанына, оның көпсанды, не азсанды халық екеніне қарамастан, ұлтшылдықтың бет-бейнесі барлық жерде бірдей. Ұлтшылдықтың барлық көрінісі көптеген жағдайда бір-бірімен өзектесіп жатады, БК(б)П ОК-нің қаулысы мен ұлттық компартиялардың қаулыларында аталған ұлтшылдықты алатын болсақ, олардың жалпы бағыты да, кейпі де бірбеткей екенін байқаймыз.

Мен осы арада, біздің жағдайымыздағы пролетарлық интернационализмге және кеңестік патриотизмге, халықтар достығы жөніндегі лениндік-сталиндік ілімге қарсы тұрушы буржуазиялық ұлтшылдықтың ішкі мағынасын айта кетейін. Буржуазиялық ұлтшылдық – тарихи өркениет атаулының барлығына, біздің халқымыздың өткендегі тарихына, барлық құтқарушы тарихи өркениетке қарсы тұрады. Егерде мұны қазақ халқының тарихына байланыстырып айтсақ, бұл тарих бізге не береді? Өткен уақытта біз Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин және Абай сияқты бірнеше жарқын есімдерді ғана білдік. Біздің халқымыздың бақытына қарай, бұл адамдар ұлтшылдықтың шырмауына түспеді, оған тосқауыл қоя білді, өзінің халқының болашағын құтқарушы орыс мәдениетін бағдарға ұстады.

Егерде көзқарастары панисламизммен, пантүркизммен ұштасып, алашордашылармен астасып жатқан ұлтшылдарды алатын болсақ, кеңес өкіметінің шындығы жағдайында қазіргі ұлтшылдардың жолы тарихи өркениетке қайшы келеді. Өткеніміздегі қара түнекті жеңе білген біздің халқымыздың жалғыз-ақ даму жолы бар. Шоқан, Алтынсарин және Абай ту етіп ұстағанның бәрін де ұлтшылдықты жоққа шығарады.

Сонымен, ұлтшылдықтың белгілері қандай? Буржуазиялық ұлтшылдықтың (ұстанымы бойынша) – кеңес одағындағы туысқан республикалардың мәдениет тарихы өзіне орыс мәдениетін сіңірмеуі тиіс, бұдан біз олардың өзінің өткеніне сүйіспеншілікпен қарайтынын, таптық күресті, таптық қайшылықты ескермейтінін, ұлтшылдықтың керітартпашылығын, тарихи қылмысты оқиғаларды жағымды етіп көрсетіп, қасақана теріс баға беретінін байқаймыз. Ұлтшылдық – бір халықтың, дәл қазіргі жағдайда кеңес одағы халықтарының томаға тұйық, өз бетінше дербес тарихи дамуын қалауы арқылы ол көп жағдайда пантүркизммен, панисламизммен ұштасып жатуы мүмкін. Сонымен қатар, Россияның құрамына кірген халықтардың тарихи тағдырына әсер ететін Россияның ықпалына қарсы шығу оқиғаларының бірнеше рет қайталанып отырғанына қарағанда, олардың орыс халқының мәдениетін бағалай білмейтіні және оның ықпалының маңызын жоққа шығаратыны аңғарылады.

Міне, олардың осындай жалпы жағдайдан біздің қателіктерімізге ауысатын болсақ, онда әрқайсымыздың жіберген үлкенді, кішілі қателіктеріміз, осы мәселелердің нақты көрініс табуынан туындап отыр, ол ең алдымен – біздің халқымыздың тарихын оның өзін (құрып кетуден) құтқарушыға қарсы қойып, маңызын жоққа шығарудан, ұлы октябрь революциясынан бастап социалистік мәдениеттің біздің халқымызға бергенінің бәріне қарсы тұрудан көрінеді. Екінші жағынан алғанда, біз бұл арада буржуазиялық ұстаныммен тікелей астасып жатқан орыстардың барлық ықпалына қарсы тар шеңбердегі ұлттық элементтерді көреміз. Егерде осы көзқарас тұрғысынан қарап, өзіміздің қателерімізді сараласақ, өкінішке орай, одан біз жоғарыда аталған өте жағымсыз, өте кірпияз жайлардың біразын табамыз.

Сондықтан да мен бұл сөзімді біздің мекемемізді осындай дерттен тазарту үшін, әр жазушының толық ағаруы үшін ешкімнің бетіне қарамайтын сын, өзара сын тілімен сөйлесу керек. Бұл туралы өткендегі және қазіргі қателіктерге бірдей маңыз бере отырып айту керек. Ескі қателерге жаңа қате деп қарау керек, көркем шығармашылық тұрғысындағы қателіктерді ғана емес, ғылыми-зерттеу саласындағы орын алып отырған қателіктерді де қайта қарау қажет. Соның ішінде, әсіресе, Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов сияқты жетекші жазушылардың жіберіп отырған қателіктері баса көрсетілуі тиіс. Ең бірінші біздің атымызды атап, сынағандар әділдік жасаған. Өйткені, бізге деген халықтың үлкен сенімі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бізге жұртшылық үлкен сенім артқандықтан да талап та күшті болуы тиіс, өйткені, олар біздің табыстарымызға қуана білді, енді біздің қателіктерімізді көріп қабағын түйіп, біздің қателеріміз үшін жапа шегіп жүрмеуі керек. Бізді сондай ықыласпен қоршаған халықтың сүйіспеншілігі мен сенімі бізді көп нәрсеге міндеттейді. Бұл арада мен, Кенесарының феодалдық-монархиялық қозғалысы туралы талқылауда осыдан 25 жыл бұрын жазылғанына қарамастан өзімнің «Хан Кене» пьесамның зиянды ықпалын айтқамын. Егерде осындай жекелеген әдеби қателіктеріне Әуезов жауап қайтара алмаса, онысы теріс болар еді.

Жекелеген жазушылардың жетістіктеріне бәрімізге ортақ жетістік ретінде халықтың қуана білуі, біздің өз қателіктерімізге батыл қарауымызды қажет етеді. «Жас гвардиядағы» қателігіне қатысты Фадеевке және Симоновтың, Катаевтің, сондай-ақ Корнейчуктың, Ванда Василевскаяның қателіктеріне байланысты көп айтылды, осыдан кейін әрқайсымыз өзіміздің жауапкершілігімізді терең түсінетінімізге сенемін және бұл орайда біздің одақтық мекеменің жетекші міндет атқаруы тиіс деп білемін. СССР Жазушылар Одағының ХІІІ пленумы кезінде атап көрсетілген әрбір қателіктерінің әрбіреуіне сондай салқынқандылық танытып, байыпты сынға байсалды қараған Фадеевтің, Симоновтың мінезіне өте ризашылықпен қарадым. Бұл жолдастарға мен: «Сіздердің бұл байсалды мінездеріңіз бізге де сабақ болады, сіздер – халықтың аса зор ықпалына ие орыс кеңес әдебиетінің жетекші екі жазушысы, кеңес жазушысына қаратылған сынды қалай қабылдау керектігіне үлгі көрсеттіңіздер. Біз мұның лирикалық сүйсініс емес екенін ескерте кетеміз.

Бұл арада үлкен жауапкершілік, саған сенген халықтың алдындағы үлкен жауапкершілік туындайды. Олар сенің сынға ұшырап, газетке шыққаның үшін – жұртшылықтың саған қатты сеніп қалғаны үшін, сенің кейбір шығармаларыңда адасқаның үшін ұялмайды, бұл арадағы ұяттың мағынасы одан көрі тереңде. Олар: өзіңнің халқың мен жұртшылықтың сенімін дұрыс пайдаланбағаның үшін, ол сенімді зиянды іске жұмсағаның үшін ұялады. Міне, бұл ең ащы, ең ауыр түңіліс.

Сондықтан да мен «Хан Кене» туралы айтып отырмын, мен мұны 1934 жылы сахнаға ұсынбауым керек еді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдықтың ұстанымындағы және пролетарлық бауырластыққа қарсы келетін пьеса болатын. Өйткені оның ұстанғаны – ұлтшылдық болғандықтан да оның орыс халқына да, қазақ халқына да керегі жоқ еді. Кенесары халықтар достығының тамырын отауға ұмтылды, пьеса орысқа қарсы бағыт ұстанды. Кенесары патшаға ғана қарсы күресіп қойған жоқ, мұқым орысқа, сол кезде Россиядан келген нәрсенің барлығына қарсы тұрды.

Халқымыздың бақытына қарай Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты ұлдары өздерінің де қазақ халқының феодалдық үстем табының арасынан шыққанына қарамастан, олар ұлтшылдық адасудан аулақ болды, өздерінің қысқа немесе ұзақ өмір жолында олар өзінің табын ысырып тастап, келешектің иелері еңбекші шаруалардың мүддесін қорғады, олар қырдағы феодалдық-патриархалдық түсініктен бастап орыс мәдениетінің маңызын түсінуге, өзінің артта қалған қараңғы халқының күйінен бастап ұлы орыс халқының озық мәдениетінің тарихи маңызын түсінуге дейінгі күрделі жолдан өтті.

Кенесарыны дәріптеу арқылы, мен, осының бәріне қарсы тұрдым. Сонымен қатар осындай ұлтшылдық қате жіберу арқылы әрқайсымыз жеке өзінің шындығына ғана емес, өзінің өмір шындығына да қарсы тұрды. Мұның барлығын мен осы уақытқа дейін мойындауым керек еді, менің бүгінгі күнге дейінгі жетістігімнің бәрі үшін де орыс мәдениетіне қарыздармын. Маған әліпбидің алғашқы әрпін танытқан, орыс әдебиетіне деген сүйіспеншілігімді оятқан орыс мұғаліміне қарыздармын. Филология ғылымының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі, Сталиндік сыйлықтың лауреаты дәрежесіне жеткенім үшін, тіпті бүкіл өмірдегі жетістігім үшін, өткені қараңғы, артта қалған халқымыздың барлық ұрпақтары барлық қазақ жазушылары сияқты, мен де ұлы октябрь социалистік революциясы бәрімізге ортақ қол жеткізген ұлы орыс мәдениетіне қарыздармын.

Біздің бәріміз де осы ұлтшылдық неге орын алып отыр, біздің еңбегімізге және өзімізге қалай сіңіп кетіп жүр, соның барлығына ой жіберуіміз керек. Мен өзімнің өмірлік және шығармашылық жолыма көз сала отырып, қазақ халқының қазіргі жаңа мәдениеті – біздің бүкілодақтық социалистік мәдениет тарихының бір бөлшегі деп мақтанышпен мәлімдей аламын. Мен сонымен қатар, өзімнің екі тілде жазатын жазушы екенімді, екінші ана тілім – орыс тілі екенін ерекше мақтаныш тұтамын. Мен өзімнің бойымдағы барлық парасат мәдениетін ең алдымен орыстың қайнарынан алдым. Соңғы 10-12 жылдағы өзімнің жазушылық, шығармашылық өміріме көз жіберсем, онда қазақ әдебиеті мен тарихының белгілі бір даму кезеңін қамтитын етене бой үйреткен жұмысым, яғни, Абай – біздің идеялық-тарихи мәселелерді, тарихи процесті түсіну барысындағы қатемізді ашуға көмектесіпті. Менің жұмысымда – жазушы-суреткердің және ғылыми зерттеуші қызметкердің міндеттері аталған жайлар бойынша шығармашылық тұрғыдан тоғысып жатады. Менің кейіпкерім ұлтшылдыққа қарсы жүрді, ал мен сол кейіпкеріммен өмір сүре отырып, ұлтшыл қателікке ұрынуым мүмкін. Сол кемшіліктерімді шынымен мойындай отырып, кейде өткен күндердің идеологиясының қалдықтары мен қателіктері бәріміздің де сезім иірімінде қалып қоятынын да жасырғым келмейді. Сондықтан да ол қателіктер туралы бізді қатал сынап, бізге қатаң талап қойып отыру керек.

«Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томында кеткен қателіктерге келетін болсақ, оған редактор ретінде қаншалықты дәрежеде жауапты екендігімді айтып өткен болатынмын. Оның ішінде Кенесары туралы тарау қатты сыналды. Бұл еңбекті біз қайтадан қарап жатырмыз, авторлардың жаңа құрамының көмегімен ол қателікті жөндейміз деп ойлаймын.

Енді Жазушылар одағы тарапынан кеткен қателікке байланысты екі ескерту айтқым келеді. Ол драматургия, оның ішінде жеке бір пьесаға қатысты пікір. Мүсірепов дұрыс айтты, бәрі де, оның ішінде Әуезовтің де, Мүсіреповтің де эпостық фольклордың негізінде жазылған тарихи пьесалары да қайта қаралуы тиіс. Бұл өзгертулер біздің халқымыздың бүгіні мен өткеніне қатысты бүгінгі күннің дәл қазіргі талабына сай жүргізілуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда біздің жағымды кейіпкерлеріміздің бейнесін қайтадан қарауға тура келеді».

Әңгіме – қазақ ішіндегі әңгімеге ойысқанда жоғарыдағы өршіл идея бәсең тартып, кілт бұзылады. Өзін-өзі әшкерелегенінің есесін қайырғысы келгендей, біздің ойымызша өзінің «жалғыз салт атты көрінбеуі үшін» ұлтшыл-идеясыз жазушылардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің өзін де «қыстырып» жіберді. Бұрынғы айтылған пікірінің негізге ала отырып, оны үстемелете жеткізді. М.Әуезов:

«Бұл ретте драматург Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасына тоқталғым келеді. Бұл пьеса кәнігі ұлтшыл, орыс халқына жаны қас болған панисламист ақын Ақан серінің өмірінен алынған. Ол – Ақан сері Россиядан келген орыс шаруалары мен қоныс аударушылардың қазақ жеріне орналасуына саналы түрде қарсы күрес жүргізген. Патша өкіметі тентіреткен, жерсіз және панасыз қалған шаруалардың шарасыздығын ол білген. Қазақ кедейлерінің олармен араласуына барынша қарсы болған... Ол көзінің жасын көл етіп төккен қазақтың ауызымен: «Біз оның (патшаның – Т.Ж.) мұжықтарға бауыздап беретін лағы сияқтымыз!.. Патшаның сүйікті ұлдары келген соң бізді өлексе сияқты лақтырып тастай салды», – деген сөз айтқызады. Байқап отырғандарыңыздай, бұл арада орысқа қарсылық анық байқалады және бұл: Россияда қазаққа орын жоқ – деген түжырымға әкеп тірейді. Ақан сері патшадан үміт күтіп, түңілгенде Бұқараға, Түркияға көшуді аңсайды, халықты исламияның жетегінде жүруге, панисламизмге үгіттейді. Міне, Ақан серінің насихаты қайда бағытталған? Мен Ақан серінің әндері мен музыкалық әуендері болған жоқ деп тұрғамын жоқ, олар бар, бірақ ол қалдырған сол мұралар несімен тамаша? Ақан сері өзінің творчествосында, поэзиясында, музыкада жекелік сарында, эстетизм бағытында болды, ол халыққа мүлдем жат, оңаша өмір сүрді. Ол ақын ретінде «Құлагер» деген атының өлімін, қыранының ажалын, жас кезіндегі қыздарға ғашықтығын, өзінің кешігіп келген басқа кезекті үшінші, төртінші қызға махаббатын жырлады. Осы қайшылықтардың барлығын ашып, мұндай адамдардың творчествосын, өмірін таптық тұрғыдан қарап бағалау қажет. Алайда бізде ол жұмыс істелмеді. Керісінше, Ғ.Мүсірепов жолдастың бұл пьесасы 10 жыл бойы барлық театрларда, соның ішінде академиялық театрда үзбей қойылып, бұл адам тұрақты түрде насихатталып келеді. Осы сияқты тарихи тұлғаларды бағалау мен жалған трактовка арқылы оларды сахнада насихаттаудың, тіпті Кенесары туралы жалған трактовкадан айырмашылығы қандай? Міне, осыны да ойластырған дұрыс» »,–деп Ғ.Мүсіреповтің орнына Ақан серіні жазғыруға дейін барды.

Әрине бұл «суға кеткен тал қармайдының» жанталасы. Тағы да қайталап айтамыз, Сәбит пен Ғабит қатар шығып, екеуінің өзін ортаға тықсырғанына көрсеткен азуы, батырған тісі еді. Сондай-ақ, осы тұста Ғ.Мүсірепов партиялық топтың жағына шығып (Орталық комитеттің хатшысы І.Омаровтың ұсынысымен партиялылығын қалпына келтірудің шаралары қарастырылып жатқан), Н.Н.Поспеловтың, Сәрсековтің баяндамаларына сырттай кеңес бермеді ме екен деген күдік те ұялайды. М.Әуезов 1950 жылы Мәскеуден Ысқақ Дүйсенбаевқа жазған хатында:



«Бұл қалпында Ғалиге (Әбетовке) қайтадан бірталай жұмыс істеу қажет. Ең әуелі Ақан туралы бұндай ұзақ жазбасын. Мен Ақанның әлеуметтік тақырыптардағы өлеңдерін түгел көргенім осы еді...»,– деп жазған болатын.

Сол жолы Ақанның жапандағы жалғыздығы «Құлагердің» қасіреті емес, дүниеден баз кешкен софылықтың салты екенін, тәркі дүниелік философияға бой ұрғанын терең сезінген сияқты. Мүмкін, Мағжанның мақаласы да жадында жаңғыруы мүмкін. Қалай дегенмен де сол әсердің таты осы пікірге жұғып қалғаны анық.

М.Әуезов (жалғасы): «Біздің алдымызда тұрған жауапты міндеттің бірі – қазақ әдебиеті тарихының бағдарламасын жасау. Біздің бағдарламамызда бір тосаңсу белгісі бар. Ол қазақ кеңес әдебиетінің жолын орыс кеңес әдебиетінен бөліп тастап отыр. Орталық баспасөзде көптеген мақалалар басылады, бірақ біз оны насихаттамаймыз, аударып баспаймыз.

СССР Жазушылар Одағының ХІІ пленумында қазақ әдебиетінің жағдайы талқыланды, онда бізді сынады да, мақтады да. Бірақ біз пленумнан қайтып оралғаннан кейін біз жағдайды өзгерттік пе, орыс жазушылары айтқан сол пікірлерді біз насихаттадық па? Жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда бізде томаға тұйықтық анық байқалады, қазақ әдебиетінің дамуы бағыты орыс әдебиетінен бөлініп қарастырылады. Қазір өре жайылуға мүмкіндік жоқ, алайда мұның барлығы, қордаланып қалған шығармашылық жүк кейде бізге зиянын тигізді, әдеби процестің жалпы жағдайына әсер етті, бұдан былайғы шығармашылық жұмысымызды қатал, принципті және тура сын мен өзара сын арқылы қайта құруымыз керек. БК(б)П Орталық комитетінің соңғы шешімін мен әділетті, нақты мақсаттарға жұмылдырылған шешім деп қабылдаймын»,– деп сөзін аяқтады.

Ғ.Мұстафин: «Жазушылардың ұжымын біріктіре түсудің орынына, жазушылардың шығармашылық қуатын партия мен үкіметтің жазушылардың алдына қойған міндетті орындауға бағыттаудың есесіне, Жазушылар Одағының төрағасы С.Мұқанов жолдас қажетсіз іспен айналысты. Әуезовке деген жеке басының жеккөрініші оны шектен шығарып жіберді. Мұқанов жолдас буржуазияшыл-ұлтшылдықтың барлық көрінісін тек Әуезовтің шығармасынан табады және мұндай өрескел бұрмалаушылықтар С.Мұқановтың өзінің де шығармаларында аз кездеспейді. Осы уақытқа дейін өзінің қателігін мойындамақ түгілі, ол қателіктерін түзеген де жоқ, керісінше, дәл осындай қателіктерді талдау барысында Жұмалиев пен Бекхожин жолдастар сияқты өзінің жақтастарын қолдап отырды. Жолдас Әуезов өзінің қателіктерін бірнеше рет мойындады, алайда ол қатені түзетуді қолына алмады. Мұндай ауыр идеологиялық бұрмалаушылықтың оған қарсы сөйлеген басқа жазушылардан да кездесетіндігіне көңілі тоғайып қалды».

Партияның оқшантайындағы үмітті тұлғалар ғана емес, ғылыммен, шығармашылықпен айналысатын зиялылар да мінез көрсетіп қалды. Беймәлім әрі тұрпайы көрінетін жайлардың астарын кейінгі оқырман дұрыс түсінсін деген ниетпен, сол айтыста басты айыпкерлердің қатарына қосылған және өзара пікірлес, айтар сөзін алдын ала келісіп алған Е.Исмаиылов пен Қ.Бекхожиннің, Қ.Аманжолов пен Қ.Бекхожиннің арасындағы мына оқиғаның көрінісін әдейі алдын-ала келтіреміз.

Е.Исмаиылов (осы талқыдағы сөйлеген сөзінен): «Мына бір жай еріксіз есіме түсіп тұр. Бірде Бекхожин маған: «Сен ЦК-ның қаулысына ілінген адамсың, сондықтан да үндеме. Сен соғылған (битый, мәселесі шешілген) адамсың, ешқашанда оларды сынап қарсы шықпа, күйіп кетесің. Сені кінәлау оңай, өйткені сенің атың қаулының барлық жерінде көрсетілген»,– деді»

Кенесары мен Наурызбайды ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, тәуелсіздіктің туы, намыстың көк семсері ретінде арғы атасы – Шыңғыс хан мен Жошыдан, бергі атасы – Абылай мен Қасымнан бастап жырлаған, «Ақсақ құлан», «Қаз оты», «Наурызбай – Қаншайым» атты дастандардың авторы, Кенесары көтерілісі туралы қазақ ақындарына тікелей тапсырма берген Х.Бекхожинді Ә.Тәжібаев өзінің сөзінде «төрелердің толғаушысы» атандырып, Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Е.Исмаиыловтан кейінгі төртінші орынды алатын халық жауы ретінде айыптады. Ол сөздің астарында саяси астармен қоса ақындық бақас бәсеке де қылтиып тұрды.

Ә.Тәжібаев (мазмұндама): «Өкінішке орай, жұмсартып айтқанда, мұндай «ауытқушылықтар» әлі де көзін жойған жоқ. Қазақ кеңес ақыны, партия мүшесі Қалижан Бекхожиннің «шығармашылық жолын» айтсақ та жеткілікті. Ол өзінің «Әдебиет және искусство» журналының 1939 жылғы № 4-5 сандарында жарияланған «Ақсақ құлан» дастанында Шыңғысханды:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет