Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бәрінен асып туған батыр Баян



бет168/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   273
Бәрінен асып туған батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян,– десе, Қалижан:

Бәрінен айбыны артық батыр Науан,

Қазақта батыр бар ма жеткен оған,–

деп Мағжан Жұмабаевті жол ма жол, сөз бе сөз қайталайды.

Мағжанда батыр Баян қалмақтарға қарсы: «Абылай! Абылай» – деп шапса, Қалижан Бекхожинде Науан орыстарға осылай әскери ұранмен аттанады. Абылай мен Кенесарыны «құдайдың ерекше жаратқаны» туралы сөзді де Жұмабаев Бекхожинге өсиет етіп қалдырыпты. Арызданушының атынан Қалижан Бекхожин Кенесарыға: «Сорлаған ел-жұртыңды сақта өзің, Самсаған албастыдай сонау жаудан»,– дейді. Сөйтіп, орыстарды қазақ халқының жауы ретінде көрсетіп, оларды «албастыдай басып келе жатыр» деп Бекхожин тағы да орыс пролетариаты мен октябрь социалистік революциясына шабыт беруші адамдарды «албастыға», тағы да басқа «жын, шайтанға» теңеген контрреволюционер Жұмабаевтің теңеулерін тірілтеді. Мұндай мысалдарды өте көп кездестіруге болады. Тіпті, шелтиген, шатырайған, сұмдық, ел талаған деген сияқты тағы да басқа теңеулер арқылы орыс солдатын сондай бір сүйкімсіз етіп көрсеткен. Ең соңында «Науан батырдағы»: «Құдая, кер заманға кез келтірдің!»,– деген сөз дәл ме дәл – қазақ халқының жауы, Аманкелдіні өлтірген Міржақып Дулатовтан алынған.

1944 жылы шыққан «Шеру» атты жинаққа енген «Қол бастаған батырға» атты өзінің өлеңінде Бекхожин кеңес армиясының қазақ офицерімен әңгімесіндегі :



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет