Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет189/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   273
«1) Абайдың шәкірттері немесе жолын тұтушылар кімдер? Бұл сұрау бірінші рет бұдан 40 жыл бұрын туды. 1911 жылы Орынборда шығатын «Қазақ» газетіндегі мақалаларында байшыл- ұлтшылдар Абайды өздерінің рухани атасы ғып көрсетпек болды.

2) Екінші рет бұл сұрау 1918 жылы қайталанды. «Алашорда» партиясының Семейдегі облыстық комитеті сол жылы Семей қаласында «Абай» атты революцияға қарсы журнал шығарды... Журнал паназияттық ұран шақырып, шығыс атаулының алдына милитаристік Жапонияны үлгіге тартты. Осы шектен шыққан реакциялық журналдың бесінші санында бас мақала боп «Абайдан соңғы ақындар» деген мақала шықты, авторының псевдонимі – «Екеу». «Екеудің» кімдер екені бізге мәлімсіз, ал мақаланың мазмұны – революцияға қарсы, сонымен қатар, халқымыздың ардақты ақыны Абайға жапқан жала, жаққан күйе. Өйткені, бұл мақалада «Екеу» революцияға дейін ашықтан-ашық байшыл-ұлтшылдық бағытта болған, революция жылдары совет өкіметіне сөзбен ғана емес, іспен қарсы шығып, «Алаш полктарын» құрып, қызыл армиямен соғысқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты алашордашыларды Абайдың шәкірті еді – дейді».

«Абай» журналындағы «Абайдың ақындығы туралы» мақаланы жазған «Екеу» – Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов. Бұл туралы Әуезовтің өзінің сілтемесі өмірбаяндық анкетада жазылған. Ал «Абайдан соңғы ақындарға» қол қойған «Екеу» - Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов. Бұл жөніндегі дерек Ж.Аймауытовтың өмірбаяндық анықтамасында бар. С.Мұқанов оны біліп, орағытып отыр ма, жоқ білмей қосақабаттап отыр ма. Соңғысы дұрыс сияқты. Өйткені, Тұрағұлдың жазғанын білсе, келесі бапта оны елеусіз қалдырмай, міндетті түрде атаса керек еді.

С.Мұқанов (жалғасы): «3) «Абайдың шәкірттері кімдер?» деген сұрауға, үшінші рет, советтік дәуірде Ташкент қаласында шыққан «Шолпан» атты журнал жауап бермек болды. Журналдың 1923 жылы шыққан 2-3 және 4-5 сандарында «Қоңыр» атты псевдониммен біреу «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген мақала жазды. Мақаланың авторы, жоғарыда, «Абай» журналында жарияланған «Екеудің» пікіріне түгел қосылып, ондағы революцияға қарсы пікірді тереңдетті, Совет өкіметіне қарсы құралды күрес жүргізген Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан бастап, «Абайдың шәкірттері» деген тізімге он ақын, жазушының атын тіркеді, солардың жетеуі – Октябрь революциясына, Совет өкіметіне ашық қарсы боп, қазақ халқының тарихында қара тақтаға жазылғандар».

Оларды «Қара тақтаға жазған» адам – С.Мұқановтың өзі болатын.

С.Мұқанов (жалғасы): «4) Әуезов жолдастың Шәкәрім мен Көкбай туралы сөздері саяси қате пікір екендігіне, бұл айтылғандардың көпшілігі Абайдың таза бетіне күйе жағу болатындығына кейінірек толық ораламыз. Әзірге айтарымыз, осы пікірін Әуезов кейінгі мақалаларында да қолдап, халық жауы Шәкәрімнің атын 1940 жылы Москвада орыс тілінде шыққан «Абайдың өлеңдері мен поэмалары» деген кітапта да (18-бет) қайталайды. Абайдың 1940 жылы басылған Шығармаларының толық жинағына жазған мақаласында, Әуезов жолдас Абай «шәкірттерінің» тізімінен Шәкәрімді шығарады да, оның орнына саяси бетінде Шәкәрімнен түк айырмасы жоқ Тұрағұлды қосып, ол туралы: «Шынында да Абайдың уағыз-өсиет айтып, адам болсаң сен ғана боласың, үміт қылатын сендер ғана дейтін ет-бауыр, жақын жастары да осы Көкбай, Тұрағұл болатын»,– дейді (269-бет). Тұрағұл Абайдың 1948 жылы шыққан Толық жинағында өте сүйкімді сөздермен аталады, осы кітаптың 121-бетінде, Абаймен түскен фото-суреті басылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет