Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


жылы, 6-апрель күні Алматыда қ



бет190/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   273
1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі» деген Қайым Мухамедхановтың диссертациясына Әуезов мақтап пікіp айтады, соның ішінде де Тұрағұл мақталып жүр. Осы жылы баспаға берілген «Абайдың шәкірттері» деген өлеңдер жинағына Әуезов ұзақ кipicпe cөз жазады да, «Абайдың шәкірттepi» деген тізімге, Абай ауылында әр кезде молда боп, қадым жолымен бала оқытқан Мүрсейіт, Махмұд, Самарбай деген адамдарды кіргізеді. Сөйтіп Әуезовтің әр жылда жазған мақалаларында «Абай шәкірттері» деген адамдардың тізімдері кеңейе береді».

Бұдан кейін әрбір халық жауын бір-бірлеп санап, бас-басына мінездеме береді. Әрине тұздығы ащы, айыбы ауыр, үкімі өтімді. Оған қарап бұлардың, шындығында да, қарақшы екеніне еш күдігін қалмайды.

С.Мұқанов (жалғасы): «5) Бірінші – Шәкәрім Құдайбердин. Бұл адам революцияға дейінгі діншілдік-ұлтшылдық бағытта жазған адам. 1917 жылы pеволюцияға қарсы ұйымдасқан «Алашорда» партиясының Семейдегі Облыстық съезін «Алаш ақсақалы» боп ашқан адам, революцияға қарсы бағыттағы «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газетіне октябрь революциясына қарсы мақалалар жазған адам. 1929 жылы бай-кулактарды бастап, Шыңғыстау ауданында совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзi атыста оққа ұшқан адам. Бұндай бандитті, ол атылып өлгеннен кейін де, Мухтар Әуезов жолдастын 1934 жылы да, 1940 жылы да «Абай шәкірттерінің» тізіміне қосып мақтауы oйға сыймайды. Әуезов жолдастың, Шәкәрім бандит боп өлгеннен кейін де, оған мейрімді көзбен қарауы, ең жеңіл тілмен айтқанда – ұят».

Біздіңше, адамға қиянат жасамау үшін, оңаша тірлік кешкен, мына дүниенің ісін тәрк еткен әз Шәкәрімнің кінәсіздігін біле тұра, ал оны С.Мұқанов жақсы білген, жазықсыз жанның мойнына «жазықсыз талай адамды өлтіріп, атыста оққа ұщқан» деп жала арқалатуы, С.Мұқановтай тұлғаға «ең жеңіл тілмен айтқанда – ұят» еді. Бірақ, декбірсіз саясат оған дегбір бермеді



С.Мұқанов (жалғасы): «Әуезов жолдастың былтыр басылып шаққан «Ақын аға» деген романында, Абай шәкірттерінің бірі боп Шұбар деген жүреді. Оның Шәкәрім екені өзінен-өзі көрініп тұр, өйткені, ол, Мағауиямен жарысып, «Еңлік-Кебек» атты поэма жазып жүреді, сонда ол Шәкәрім болмағанда кім? Олай дейтініміз кітап боп шығып елге тараған «Еңлік-Кебек» – Шәкәрімдікі. Мағауия «Еңлік-Кебекті» жазыпты деген сөзі әлі дәлелденуі керек. Өйткені, Мағауияның өзге өлеңдері әртүрлі жазбаларда сақталғанда, ол «жазыпты» деген «Еңлік-Кебек» ешқайда сақталмай, тек, Мұхамедхановтың айтуынша, Мұхтардың Семейдегі архивынан табылыпты-мыс. Ол не қылған архив? Және ол архивті 1934 жылғы мақаласына дейін Әуезов жолдастың өзі неге білмеген?!. Одан бұрынғы мақалаларында неге атамаған?!. Бұндай бандиттың шығармаларын біз талқылап жатпаймыз.

6) Екінші – Тұрағұл. Жақсы көретіндердің еркелетіп қойған аты – Тұраш. Абайдан туған бала болғанымен, бұл да совет қоғамына жат, жау кісі. Ол да «Алашорда» партиясының ардақты адамының бірі боп, «Сарыарқа» газетіне cовет өкіметін жамандап мақала жазған. 1928 жылы cовет өкіметінің ерекше декретімен, қазақтың бес жүз бай-феодалдарының мал-мүліктері конфискацияға алынғанда, Тұрағұл да сол тізімде болған. Осындай жолда өлген адамды да 1951 жылға дейін Әуезов жолдастың, оны қуаттап Жиреншин, Мұхамедханов жолдастардың дәріптеуіне қайран қаламыз!

7) Үшінші – Нармамбет Ормамбетов. Бұл адамның да «Алашорда» партиясында болған сырлары ашылып, архив документтерімен дәлелденіп отыр. Сондықтан ол туралы да ешкіммен бұл жолы айтысқымыз келмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет