Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет236/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   273
«Біздің мақсатымыз буржуазиялық ұлтшылдыққа қарсы күресті ақырына дейін жеткізуге» ұмтылды.

Яғни, Мұхтар Әуезовті түрмеге қамап, жер аударту. Мұхтар Әуезовтің өз тілімен айтсақ, бұдан артық «тірідей теріңді сыпырудың өзге жолын табудың өзі қиямет».

«Ақырына дейін, тамырына балта шабылғанға дейін күресуге» ант берген Нұрышевтің мақаласына М.Әуезов .

«Бір адамның 30 жыл бойғы еңбегін тұтастай талақ етіп, дөрекі сыңар езулей мазақ етудің сорақы нұсқасын елестету үшін «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабаршысының» №4 санында басылған С.Нұрышевтың мақаласындағыдан артық тірідей теріңді сыпырудың өзге жолын табудың өзі қиямет. Ғылыми мекеменің көшбасшысы бола тұра, алдына «Абай творчествосын зерттеудегі буржуазиялық-ұлтшыл бұрмалаушылықтың тамырына балта шабайық» – мыс-деп байсалды ғылыми міндеттер қоя отырып және өзінің деректерінің нақтылығы мен пікірінің дұрыстығына еш күдіксіз сендіре сөйлесе де, бұл мақала Абайдың еңбектері мен өмірін зерттеу жолындағы ең сенімді, тарихи тұрғыдан мойын бұрғызбастай дәлелдермен дәйектелген маңызды деректерді қасақана бұрмалау және қасақана теріс пікір туғызу пиғылы мен арандатуды көздеген»,– деп баға берді.

Үзіндісі ғана алынып отырған «Литературная газетаның» редакциясына жолданған бұл «Ашық хат» маусым айының 2-жұлдызында өткен СССР Жазушылар Одағының басқарма жиналысында арнайы талқыланды. Оған Қазақстаннан Ә.Жаймурзин ресми шақырылды және Ә.Әбішев қатысты.



Ә.Жаймұрзин: «1953 жылдың май айында мен Орталық партия Комитетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясына емтихан беруге Москваға бардым. Жазушылар Одағы бастығы жұмысынан босанғаным жоқ. Егер емтихан беріп түссем, Жазушылар Одағының пленумын шақырып, сонда босанатын болып келіскенбіз. Алматыдан шығарда Москваға Жазушылар Одағының қонақ үйінен номер сұрап телеграмма бергенмін. Келсем «Москва» қонақ үйінен номер даяр екен. Соған келіп тоқтадым. Таңертең тоғыздан аса бергенде телефон соғылды. Алсам Жазушылар Одағынан екен: қазір К.Симонов жолдаспен сөйлесесіз деді. Амандасып, хал-жай сұрасқаннан кейін, мен оған емтихан тапсыруға келгенімді айтып, одаққа кейін келемін деп едім: жоқ сіз маған қазір керексіз, сондықтан алдымен бізге соғыңыз деді. Көп кешікпей К. Симоновтың хатшысы маған қандай номерлі машина кеткенін хабарлады.

Мен келгеннен кейін Симонов Қазақстан Жазушылар Одағындағы хал-жағдайды сұрады. Мен қысқаша баяндап айтқаннан кейін өзінің мені неге шақырғанын айтып, бір кішкене парақ қағазды көрсетті. Онда: Сурков пен Симонов жолдасқа! Мына Әуезовтің арызын секретариаттың кеңейтілген мәжілісінде қарап, содан кейін менің қолыммен Орталық партия Комитетіне хат даярлаңыздар деп тапсырыпты А.Фадеев жолдас. Сәрсенбі күніне секретариат мәжілісін шақырып отырмыз, соған сіздің қатысуыңыз қажет деді. Мен келістім. Келісілген мезгілге секретариат мүшелері мен шақырылған адамдар жиналды. Қазақстан Жазушылар Одағынан Әуезов, Әбішев және мен болдым.

Секретариатты А.Сурков басқарды. Ол Әуезовтің Фадеевтің атына хат жазып, өзіне кейбір адамдардың ауыр-ауыр айып қоятынын, оның шындыққа жанаспайтынын, өзінің совет әдебиетіне шын ақ ниетімен қызмет істеп жүргенін, оған өзінің шығармаларының дәлел болатынын айтыпты. Өзінің атына тағылып жүрген орынсыз жалалардан қорғауды Жазушылар Одағынан сұрапты. Секретариаттың осы мәселеге арналып отырғанын айтқаннан кейін, Сурков жолдас бірінші сөзді маған берді.

Мен он минут шамасында Қазақстан Жазушылар Одағындағы жағдайды айтып, республиканың партия, үкімет орындарында да, Жазушылар Одағында да Әуезов жөнінде жаман пікір жоқ екендігін, оны аса көрнекті совет жазушысы деп санайтынын айттым. Сонымен қатар кейбір адамдардың Әуезов жөнінде жаңсақ, біржакты теріс пікірлерінің барлығын, олардың кейде баспасөз беттерінде жарық көргенін де баяндадым. Ашық болмағанымен кейбір жазушылардың іштей оны қолдайтыны да жоқ емес дедім. Қазақстан жазушыларының бір мәжілісінде Сәбит Мұқанов алдында отырған Әуезовке көзінше оны «халық жауы Әуезов» дегенін, мен оның бұл сөзінің дұрыс еместігін айтып ескерту жасауға мәжбүр болғанымды да жасырғаным жоқ.

Бұдан кейін Сурков сөзді Әуезовке берді. Секретариатта Н.Тихонов, Л.Леонов, В.Кожевников, СССР Ғылым академиясындағы Әлем әдебиеті институты партия ұйымының хатшысы, ғылым кандидаты А. Петросян қатынасып отырды.

Мен Әуезовтің талай сөйлегенін де, жасаған баяндамаларын да тыңдаған адаммын. Бірақ оның мұндай көсіліп терең де тебірене сөйлегенін бірінші рет естідім. Сөзі 30-35 минутқа созылды, отырған жұрт ұйып, мейлінше зер салып тыңдады.

Мұхаң сөзін өзін Россия империясы отарының шеттегі түкпірінен шыққан қазақ халқының жас интеллигенциясы қатарына жатқызатынын айтты. Ұлы Октябрь революциясын олардың қуана қарсы алғанын, бірақ оны алғашында жете түсіне алмаушылықтың болғанын да айта келіп: біз бірнеше есіктерді қақтық, одан түрліше дүбір-дауыс естідік, кейбіреулер дұрыс есікке тап болып, дұрыс жолға түсті, ал кейбіреулері жаңсақ дүбірге ілесіп кетіп қателесті де деп күлді. Мен солардың бірімін деді де, әлеуметтік революция сияқты ұлы өзгерісті бірден түсіне қою оңайға түспейтін мәселе екендігі қайсымызға болса да түсінікті ғой. Шынымды айтсам, достарым-ау В.И.Лениндей көсемдерің бола тұрып, М.Горькийдей ұстаздарың бола тұрып, сіздер де сол кезде шатаспап па едіңіздер дегенде, жұрт ду күліп жіберді. Өмірде сөзге сараң Л.Леонов Н. Тихоновқа карай қолын нұсқап:соның біреуі міне алдыңызда отырдеп рахаттана күлді.

Бұдан кейін Мұхаң өзінің жазушылық жолына шолу жасады: Социалистік реализмге мен тура жолмен келгенім жок. Менің жолым соқпағы көп жол. Мен бір кезде романтизммен әуестендім. Шын мәнінде оны меңгергім келіп өзімнің жазушылық мүмкіншілігімді байқап бақтым, шынын айтқанда мен натурализмді де теріс көргенім жоқдей келіп, жалпы жазушы өзінің творчествосында қандай жолмен жүруге де ерікті деп есептеймін деді де, бұл кезеңді өзінің жазушылық шеберлігін жетілдіре түсуге ұмтылу жолым деп білемін деді. Социалистік реализмнің теория жақтарында әлі де ойланатын проблемалар жеткілікті дей келіп, шын мәнінде социалистік реализмді жазушы өзінің шығармалары арқылы іске асыра алады, осыны бірден бір дұрыс жол деп есептеймін деді.

Мен өзімді социалистік реализм жолына шын ниетіммен келдім деп айта аламын. Оны мен қалай меңгере алдым, өз шығармаларымда іске асыра алдым ба, жоқ па, оған әділ төреші өздеріңсіңдер, соны ашық айтуларынды сұрар едім деді. Сіздерден сұрайтын бір-ақ тілегім бар – кемшіліктерімді жасырмай тура айтыңыздар, мен оған түк ренжімеймін деп барып тоқтады.



Мұхаңның сөзі аяқталған бойда А.Сурков орнынан атып тұрып (өзі өте бір шапшаң адам болатын) сөйлеп кеп кетті. Ең алдымен ол қазақ әдебиеті туысқан республикалар әдебиеттерінің ішінде ең жедел өсіп келе жатқан, келешегінен үлкен үміт күттіретін әдебиет екенін айтты. Қазір онда барлық жанрда өз қолтаңбасы бар шығармалар көптеп шыға бастады. Ең үлкен мақтаныш – ондағы қалыптасқан жазушы кадрлары. Бұл әдебиет бізге Жамбылды берді, Мұхтарды, Сәбитті, Ғабитті, Ғабиденді берді. Бұлардың аты одаққа ғана емес, шет елдерге де белгілі болып отыр. Біз мұндай әдебиетті кім көрінгеннің қолжаулығына бере алмаймыз, қазақ әдебиетінің кадрларын орынсыз қаралаудан, жаладан қорғау біздің азаматтық борышымыз деді.

Біздің бүгінгі мәжілісіміздің тақырыбы Мұхтар Омархановичтің хаты болғандықтан, бұл мәселе жөнінде комиссия құру дұрыс болар деп ойлаймын, қарсы болмасаңыздар оның құрамына мына жолдастардан болсын: бастығы Н.Тихонов, құрамы – К.Симонов, Л.Леонов, В.Кожевников, Ә.Жаймурзин, А.Петросян, М.Әуезовтің өзі кірсін,деді.



Секретариат мәжілісінен кейін Н.Тихонов жолдас комиссия мүшелерін қалдырып қысқаша пікір алысты. «Жаңа мен кішкене кешігіп келіп сөз сұрай алмай қалдым, сондықтан маған сөйлеуге рұхсат беріңіз», деп Вадим Кожевников сөз алды. Ол өте қызу сөйледі. Ең алдымен «Знамя» журналы редакциясының Әуезовтің романын жариялау үстінде автормен бірігіп тізе қоса отырып істеген жүмыстарын баяндады. Алматыдан Әуезовті екі рет арнайы шақырып алып, істескен жұмыстарын талдап айта келіп, автордың редколлегия мүшелерінің ескертулеріне құлақ асып, шығармасын көп жөндегенін мәлімдеді. Роман жарияланғаннан кейін оқушылардан көп хат алғандарын, оның қашан жеке кітап болып шығуын күтуде екенін баяндады. Сөзінің аяғында: егер осы романда саяси қате бар дейтін болса, ұлтшылдық бар дейтін болса мен оған Әуезовпен бірдей жауаптымын, мені де ұлтшыл деулеріңе болады,деп жұртты бір күлдірді.

Комиссия мүшелері пікір алысқаннан кейін Тихонов жолдас: Орталық комитетке жазылатын хаттың жобасын жазуды Симонов пен Петросянга тапсыралық, келесі мәжілісте сол жоба айналасында сөйлесетін болалық, деп қорытты.

Келесі мәжіліс «Литературная газетаның» редакторы Симонов жолдастың кабинетінде өтті. Хаттың жобасына комиссия мүшелерінің ұсыныстарын енгізгеннен кейін, хат толық кабылданып, секретариатқа берілсін деп келісілді. Секретариаттың бұдан кейінгі мәжілісін Симонов жолдас басқарып, хатты қабылдап, А. Фадеев жолдасқа қол қоюға жіберді».

К.Симонов: «Секретариаттың тапсырмасы бойынша құрылған комиссия мүшелері, құрамында Тихонов, Кожевников және мен бар, Әуезовтің өтінішіне байланысты барлық маетриалдармен танысып шықтық, Әуезовтің өзімен әңгімелестік, бұл іске Жаймурзинді де тарттық, сөйтіп, бір пікірге келіп, мынадай Қаулыны секретариаттың бекітуіне ұсындық».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет