Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


) Енді «Октябрьге» келген түрі, мына «Дос – бедел дос». Бүйтіп карикатуралық түрде келгені құрысын!



бет258/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

3) Енді «Октябрьге» келген түрі, мына «Дос – бедел дос». Бүйтіп карикатуралық түрде келгені құрысын!..

Бұдан не шығайын деп тұр енді?

Соғыстан кейінгі бір жиналыста: «Жеті томды роман жазам, төртеуі – Абай туралы, үшеуі Қазақстандағы Октябрьдің іске асып, социализмнің құрылуы туралы» – деуі есіңде ме? Әнеукүні «Қазақ әдебиетінде» Мұхтардың венгер жазушысымен әңгімесі басылды, сонда Мұхтар жазам деген үш томды романының желісі, мына пьеса боп шықты. Бұның қай жері Октябрь? Шығармалық алжу, шығармалық сандырақ деген осы емес пе? Көзге баттия көрініп тұрған осы кемшілікті орыс жолдастар (Москвадан келген) ашып айтқанда, Әбділдә, Ахмет, Тахауи, Гольдблат сияқты қазақстандықтар неге сырттан күңкілдейді? Ішіне өзіңді қоса бірталай адам көрмеуге мүмкін емес мына мінді көре тұра, ап-айқын сандыраққа неге қол шапалақтайды? Біреуді сыйлау, осырса да «жәрәкім-алда» дей беру ме екен? Мынау сол ғой!..

Мұхтардың көзге бадырайған шығармашылық кемшіліктерін бетіне айтудан қалғанымызға көп болды, жолдас. Мысалы: «Абай» романның төртінші томына сенің оңашада берер бағаң: «Ең биігі – бірінші кітап, екінші – одан төмен, үшінші одан да – төмен, төртіншісінде – құлаған» (деген еді ғой). Жұрттың бәрінің де пікірі осы. Ендеше неге бұны үйде сыбырлап айтамыз да, неге көпке айтпаймыз?

Мұхтар жазған пьесаның ең тәуірі – «Еңілік-Кебек». Бірақ шындыққа жақыны қазіргісі емес, бұрынғысы. Қазіргісі – «зарлы заман». Жарты мың жыл бұрын жасаған Асан қайғыны, екі жүз жыл бұрын жасаған Бұқарды, жүз жыл бұрын жасаған Шортанбайды үмітсіздікке салындың деп, көрдегі сүйегін тепкілейміз де, бүгінгі сахнадан: «Бәріңнің де нәрің жоқ, елім қайтіп күн көрер» – деп отырған Мұхтарға үндемейміз. Әділеттілік қайда? Большевиктік принцип қайда?

Мұхтардың бір пьесасында «қуғынды көп көріп, құйрығы бурылданған түлкі» деген сөз бар. Бұл оның өз образы. Талай «қуғынды» көрген ол, жалтарудың, құтылудың да әдісін ерте және алыстан болжайды. Өзге әріптестері түгел өртенгенде бұның бір топ көдедей қалып қоюы да, жалтара қаша білуінен. «Осы пьесасынан қорқулы» – деген сөзді өзің айтып жүрсің. Мені алғашқы оқуына шақырмауы да содан.

Мұхтар қорықпаса сыйламайтын да, ұялмайтын да адам. Оны алпыс жылдық юбилейінің үстінде де көрсетіп, сонша құрмет көрсеткен, абырой әперген партия мен үкімет, халық алдында рахмет айтудың орнына, әлдеқайдағы мифтік «парнасына» шығып, тәсілқой «пегасына» мініп, еш жерде құйрығын ұстатпай, әлдене жұмбақтарды айтып кетті. «Құйрығы буырылдық» осы. Бұны мен өзім, жақсылыққа түкіру деп санаймын. Сонда осыны Ахмет айтқандай «алжығандықтан» істеп тұрған жоқ. Алжыса, ертеңінде академияда кеше күрмелген тілі неге шешіліп, «сүйікті елім», «алтын бесігім!» – деп ағылып кетті?! Ішін бермеуге, ең қатты адамның біреуі екен бұл. Ауа райыңа қарайтындарға осыдан үйрену керек екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет