Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Ненi сүйдiм, дүниеде неден күйдiм



бет27/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   273
Ненi сүйдiм, дүниеде неден күйдiм,

Қазысы оның – арым мен бiр-ақ құдай,–

деп Абай айтқандай түбiрлi мәселе.

Сонда да, әдебиет тарихы дәлелдеген шындыққа жүгiнсек, Мұхтардың Қызылордаға жолдаған шығармалары нағыз «қырсықты қызыл көздiң» өз қолына түстi. Аталмыш хатта аты аталған «Ғаббас» деген адам Ғаббас Тоғжанов болатын. Аса ауқатты шаңырақтан шыққан, оқуы терең, бастапқыда «Алаш» туының астындағы белсендi жастың қатарында жүрген Ғаббас Тоғжанов жиырма екi – жиырма бесiншi жылдардың арасында Әбдiрахман Байдiлдин мен Сәбит Мұқановқа қосылып, «кеңесшiл кедейдiң» шоқпытын киiп шыға келдi. Қазақтың тұңғыш маманданған әдебиет сыншысы ретiнде аты тарихта қалатыны анық. Алайда, парасат пайымына салсаң, Ғаббас Тоғжановтың ақылға салып шайқағаны – көркем ой емес, саясаттың «сары суы» едi. Сол кезде әдебиеттiң сойылын оңды-солды сiлтеп, Мағжан мен Жүсiпбектi, Мұхтарды былай қойып Абайдың өзiн «сiлейтiп» тастаған болатын. Мұхтардың:

«Тапсырған нәрсенiң бәрi Ғаббасқа берiлсе, әрине, оның ешқайсысының да тезiрекпен аяғы жерге тимейдi. Өйткенi бәрiн жинағанда ол көп материал болмақ және жазу – менiң жазуым. Оқып шығу қиын. Көп уақытты алады. Ғаббас үнемi соған қарап отырған кiсi емес. Басқа да қызмет алаңы бар. Сондықтан, бұл менiң сөздерiме жасаған «құрметтi айдау» есептi болуға керек»,– деп емеуiрiн танытуы да сондықтан болатын.

Мұхтардың бұл күдiгi орынды едi және «қаупiң неден болса – қатерiң содан» дегеннiң керi нақты келдi. Қужақ – Голощекин қазақ ұлтының үстiнен «кiшi октябрьдiң» үлкен дуалын соқтырды да, мұқым халықты ойлағанындай етiп «есiнен тандырды». Соның нәтижесiнде ғылымның әлiппесiн ендi ғана ашқан, бiлiмнiң буы етiнен өтiп, сүйегiне жетпеген «жұмысшы интеллигенттер» шықты. Бұрын Әлихан мен Ахметке сөзiн ұстатқан қазақ елi, ендi Сағыр Камалов, Ғаббас Тоғжанов, Ораз Исаев, Әбдiрахман Байдiлдин iспеттi шала қарпылған «идеологтардың» аузына қарады. Ленинградта кiтабiм қашан шығады деп үмiттенiп жүрген Мұхтардың қолжазбасын олар Қызылордада отырып қағып алып:



«Шығарманың саяси бағыты оның авторының қандай ағымды ұстанатынына тiкелей байланысты. Алдын-ала шығарылған есеп бойынша, ұлтшыл-жазушылар 14, КазАПП-тықтар – 16 және жолбикелер 9 кiтап шығарды... Соның iшiнде ұлтшылдардың өкiлдерi әр саланы қамтыған (Байтұрсынов, Әуезов, Кемеңгеров, Омаров, Абай (!!!), Жұмабаев). Ұлтшылдар дала мен қазақ халқының өмiрiн таптық мүддеден тыс, бояуын сiңiре жырлайды, сөйтiп, өзiнiң қаламын кеңес өкiметiне қарсы бағыттайды »,– деп идеологиялық қақпақылға түсiрдi, яғни, қолжазба халықтың қолына тимей жатып, оның маңдайына қарғыс таңбасын басты.

Сол жылдары Қужақ – Голощекиннiң үкiм шығаратын мiнбесiне айналған «Советская степь» газетiндегi бұл мақаланың авторы Сағыр Камалов едi. Ол нағыз кеңестiк және голощекиндiк «естен тандыру» рухында тәрбиеленген «ақ жүректiң» өзi болды. Таптық күрес идеясы көзiн тұмандатқаны сондай, «Алашорда» үкiметiнiң көсемдерiнiң қатарына Абайды да қосып жiбердi. Мұхтар дайындаған Абайдың екi томдық шығармалар жинағының жарық көрмей қалуына бiрден-бiр кесiрiн тигiзген осы Сағыр Камаловтың аталмыш газетте жарияланған «Абайдың буржуазиялық күл-қоқысын ысырып тастау керек» – деген мақаласы-тын. Ел-жұртты «естен тандырамыз» деп жүрiп өздерiнiң «естерiнен танып», «есiрiкке» қалай айналғанын бiлмей қалды. Қолжазбалары Ғаббас Тоғжановқа тапсырылғанда Мұхтардың:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет