Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Әзiрше, сүйiп құшақтадым – Смағұл



бет30/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   273
Әзiрше, сүйiп құшақтадым – Смағұл.

Келесi хатты Қызылордадан жазамын. Смағұл».

Хаттың мазмұны айтып тұрғанындай, бұл Смағұлдың Қазақстандағы саяси сахнадан мүлдем қудалануының басы едi. Онымен күресуге ешқандай шарасы қалмаған Голощекин өзiнiң қолындағы ең соңғы мүмкiндiктi пайдаланып, Смағұл Сәдуақасовты барлық қызметтен алып тастады. Соншама күш шығарып, жанын салып жүрген тұңғыш жоғары оқу орынының ректорлығынан да ысырды. Оған Смағұлдың «коммунистiк колонизаторлыққа» қарсы жазылған «ұлттар мен ұлтжандылар» туралы мақаласы себеп болды. «Буржуазиялық демократиялық көзқарастың көсемi ретiнде әшкерелеген» К.Таболовтың мақаласынан кейiн, Ташкенттегi жоғары педагогикалық институттың партия ұйымының жауапты хатшысы I. Қабылов:

«Бұл ұлт мәселесi жөнiндегi большевиктiк, лениндiк танымға қарсы әрекет... Сондықтан да Сәдуақасов жолдасты бұдан әрi қарай қазақ педагогикалық жоғары оқу орынының ректоры мiндетiнде қалдырудың ешқандай қажетi жоқ әрi мүмкiн емес»,– деп өрекпiдi.

Соның нәтижесiнде, әлi жоғары бiлiм алып көрмеген I.Қабылов партияның атын жамылып, өзi ұйымдастырған институттан Смағұлдың өзiн шеттеттi. Смағұл Сәдуақасов Қызылордаға барған соң да марқадам таппады. Ақыры Мәскеуге жол тартты. Онда Халық Комиссариатының салааралық жауапты маманы ретiнде қызмет атқара жүрiп, темiр жол институтын тәмамдады. 1933 жылы «Днепростройдың» құрлыс басқармасының орынбасары болып жүрген кезiнде «күкiрт қышқылы газымен» уланып, Кремльдiң ауруханасында қайтыс болды. «Бүкiлодақтық ақсақал» М.И.Калининнiң өзi қоштасу азасына қатысты. Смағұлдың қазасын дәрiгерлер «өндiрiстiк уланудың» қатарына жатқызды.

Алайда, оны сол күндерi Мәскеуде көрген, әңгiмелескен, Кремльге шығарып салған адамдардың естелiгiне жүгiнсек, Смағұл өзiнiң денсаулығы туралы ешкiмге ештеңе деп шағымданбаған. Ол Кремльге киiммен кiрiп, кебiнге оранып шыққан. Егерде, тура сол кездегi Кремльдiң iшiндегi «өндiрiстiк уланумен» қаза тапқандардың қасақана уланып өлтiрiлгенi туралы құпиялардың ашылып жатқанын ескерсек; сондай-ақ С. Сәдуақасовтың жиырма екiншi жылы Семей облысын Сiбiр ревкомынан Қазақ АССР-нiң құрамына кiргiзгенiн, оны қалпына келтіруге «Кененің» – Ежовтың атсалысқанын қаперге алсақ, ал сол «кененiң» өрмелей-өрмелей Кремльге келiп, НКВД-ның «көсемiне» айналғанын айтсақ, Смағұлдың кiмнiң қолынан қаза тапқанын аңғару қиын емес. Рас, «күкiрт қышқылы газымен» Смағұлдың улануы мүмкiн. Бiрақ, «өндiрiстiк улану» болса, онда Смғұл Сәдуақасов «Днепростройдың» ауруханасында дүние салуы керек едi ғой. Ал Смағұлдың таңертең Кремльге аман кiргенi, кешке қарай өлгенi анық. Әрине, бұл дербес әңгiме. Түптiң-түбiнде шындықтың ашылатыны кәмiл. Өзiнiң зерттеушiсiн күтiп тұрған, ұрпаққа парыз мiндеттiң бiрi осы.

Мiне, тұлғалы тұқыртудың құрбаны болған осындай азамат жазықсыздан жазықсыз заман өртiне шалынды. Ол өрт Мұхтарды да қамтыды. Жұбанышты бiр жай сол: осындай қарбалас шақта Көкшетаудан баспаның бас редакторы болып келген орман қызметкерi Ғабит Мүсiрепов Мұхтардың «Қилы заманын» ешкiммен ақылдаспастан теруге жiбердi. Кiтап «Алаш iсi» ресми тергеуге алынып, Байтұрсыновтар қамауға алынғанша жарық көрiп үлгердi. «Сұғанақ сұр» повесi сол күйi «сұғанақтардың» шеңгелiне түсiп, iз-түзсiз кеттi. Ал, «Хан Кене» сахнаға қойылмады. Астана – Алматыға ауысты. Егер Мұхтар мұнда келсе, бiрден абақтының есiгiн ашар едi. Сондықтан да, Ташкенттегi Орта Азия университетiне жол тартты. «Қужақтың» құрығы онда да құтқармады. Сөйтiп, ол «Орта Азия басшыларының идеологиялық жетекшiсi» болып шықты да, түрмеге түстi.


6.
Тергеудiң айыптау қорытындысы үш айдан кейiн ғана дайын болған. Онда:

«ОГПУ-дiң 1924 жылғы № 172 бұйрығы бойынша бұл iс ОГПУ-дiң коллегиясының жанындағы Ерекше кеңестiң (әйгiлi үштiктiң – Т.Ж.) қарауына жiберiлiп, сотсыз үкiм шығаруға ұсынылуға тиiстi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет